Сабақтың мақсаты: Студттерді центрифугалармен таныстыру Жұмыстың орындау реті



Дата29.11.2023
өлшемі259,02 Kb.
#131277
түріСабақ
Байланысты:
SADZTXTMAZXR02112023211944


10 Лабораториялық жұмыс


Тақырыбы: Центрифугалар


Сабақтың мақсаты: Студттерді центрифугалармен таныстыру


Жұмыстың орындау реті:

  1. Тұнбаны пышақпен түсіруге арналган автоматты тұндырғыш центрифугалар

  2. Жетегі жоғарыда орнатылган сүзгіш және тұндырғыш центрифуга



Қысқаша теориялық материал


Тұнбаны пышақпен түсіруге арналған автоматты тұндырғыш центрифугалар

Биотехнологияда центрифугалардың екі түрі пайдаланылады:


•ОГН-903К-1
•және ОГН-2003К-1.
Мұндай центрифугалардың тербеліс ұшы тіректеріне көлденең орнатылған роторы бар. Центрифугалар (9.5 сурет):
•кең роторлы,
•тар роторлы болып бөлінеді.



Центрифуганың алдыңғы қақпағында:
- қоректендіргіш түтік;
-тұнбаны кесу механизмі;
-түсіру шанағы;
-тиеу қабатының деңгейін реттегіш;
-пышақ жүрісін ауыстырғыш.
Тұнбаны кесу механизмі
-ротормен бірге аналамайтын яғни, қозғалмайтын қырғыштан немесе пышақтан тұрады (9.6, 9.7 суреттер).
Қырғыш немесе пышақ өс бойынша жоғары көтеріледі және тұнбаны кеседі.
Одан әрі тұнбаны төгеді, яғни түсіру шанағына бағытталады, одан кейін шнек орнатылған қабылдау науасына түседі. Бұл шнек тұнбаны сыртқа шығарады.
Фрунзе атындағы машина жасау зауытының тұнбаны пышақпен түсіруге арналған центрифугалар, сондай-ақ шет ел фирмаларының центрифугалары жетілдірілген.
Бұл центрифуганың тесікті роторы 1 бар, ол:
• цилиндрлік обечайкадан,
• білікке арналып саты болып жасалған жазық түптен
• бүйірлік сақинадан тұрады.
Қабықшаның ішкі бетіне:
• төсемді елек, мата
• және тор орнатылған.
Бұл тор:
- ротордың ішкі қабырғасына електің біркелкі жанастыруға, және олардың дұрыс бекітілмеуінің алдын алуға арналған.
-Тұнбаны пышақпен түсіру кезінде олардың дүрыс бекітілмеуі күрделі ақауларға соқтыруы мүмкін.
Түсіру механизмі:
•пышақтың жүзі 2 бекітілген болат корнштейннен;
•пышақ 6 көтеруге арналған гидроцилиндрден;
•және қабылдау науасынан 4 тұрады.
Бастапқы суспензия центрифугаға тиеу клапаны орнатылатын құбыр 5 арқылы беріледі.
Бекіткіш клапан:
-белгілі бір нақты уақыт аралығында суспензияның берілуін жүзеге асырады.




Центрифуга роторындағы құбырдың аяқ жағында саңылау сияқты канал болады. Тазаланған сұйық - фугат центрифуганың қаптамасына орнатылған 3 штуцері арқылы шығарылады.


Жетегі жоғарыда орнатылған сүзгіш және
тұндырғыш центрифуга

Мұндай центрифугаларды кейбір жағдайда аспалы центрифугалар деп те атайды. Олар (9.8 сурет):
тік орнатылған ротордан
• сыртқы қаптамадан, ұршық біліктен,
• қаңқа мен жетектен тұрады.
Мұндай центрифугалардың ерекшелігі:
- ұршық білік айналмалы жүйенің инерция центрінен жоғары орнатылған тірекке ілінген.



Осындай аспаның болуының арқасында мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
-жүйенің қатаңдығына
- өздігінен орталықтануына.
Ротордың үстіне тіректің және жетектің орнатылуы:
- өңделетін сұйықтықтың оған түсіп кетуін болдырмайды
-тұнбаны тусіруді жеңілдетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Ковецкий Г.Д., Васильев Б.В. Процессы и аппараты пищевой технологии. 2-е изд,перераб. и доц. –М.: Колос, 2000. – 551 с.


2 Ковецкий Г.Д. Короле А.В. Процессы и аппараты пищевых производств. –М.: Агропромиздат, 1991. – 432 с.
3 Липатов М.Н. Процессы и аппараты пищевых производств. -М.:Экономика, 1987. – 272 с.
4 Стабников В.Н., Попов В.Д., Лисянский В.Н. Процессы и аппараты пищевых производств. - М.: Легкая и пищевая промышленность, 1985.-623 с.
5 Расчет и задачи по процессам и аппаратам пищевых производств. /Гребенюк С.М., Михеев Н.С., Грачев Ю.П. и др. – М.: Агропромиздат, 1987. – 304 с.
6 Проектирование процессов и аппаратов пищевых производств. /под.ред. Стабникова В.Н. – Киев.: Вища школа, 1982.-198 с.
7 Гинзбург А.С., Гребенюк С.Н., Михеев Н.С. и др. Лабораторный практикум по процессам и аппаратам пищевых производствах. / пд.ред. Гребенюка С.М. - М.: Агропромиздат, 1990. – 256 с.
8 Акбердиев Ә. Ж.б. Химия технологиясының процесстері мен
аппараттары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет