Жаратылыстану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі. Оқушының «Жаратылыстану» пәнінен пәндік компитенттілігін қалыптастыру


Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану"



бет2/3
Дата25.01.2023
өлшемі13,32 Mb.
#62880
1   2   3

Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі курсы болашақ мамандарға балаларды қоршаған ортамен таныстырудың теориялық және әдістемелік мәселелерінен білім беруге арналған. Бұл курсты меңгерген мамандар мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әртүрлі жастағы топ балаларымен жұмыс істеуді үйренеді. Оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын меңгереді. Осы жастағы балаларға қоршаған ортадан беретін білім негізінде олардың ойлау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу шеберліктерін дамыта отырып, тіл дамыту, шығармашылыққа жетелеу талаптарын орындау да қамтамасыз етіледі.

Басқа пәндермен байланысы


Өсімдік
тану
Жануар
тану
Геогра
фия
Экология
Химия
Физика
Астрономия
Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.



Бөлімдер

Бөлімшелер

1

Мен - зерттеушімін

1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

1.2 Табиғатты тану әдістері

2

Тірі табиғат

2.1 Өсімдіктер

2.2 Жануарлар

2.3 Адам

3

Заттар және олардың қасиеттері

3.1 Заттардың типтері

3.2 Ауа

3.3 Су

3.4 Табиғат ресурстары

4

Жер және Ғарыш

4.1 Жер

4.2 Ғарыш

4.3 Кеңістік және уақыт

5

Табиғат физикасы

5.1 Күштер және қозғалыс

5.2 Жарық

5.3 Дыбыс

5.4 Жылу

5.5 Электрлік

5.6 Магниттілік

Бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
Қай пәнді оқытқанда да ең алдымен педагогиқалық негізде оқытудың принциптерін жүзеге асыру көзделеді. Оқыту принципі дегеніміз бұл дидактиқалық принциптер яғни білім беруге педагогиқалык тұрғыдан қойылатын талаптар. Дидактиқалық принциптер (ғылымилық, жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, саналы меңгеру, нақты мен абстракті ойдың бірлігі, түсініктілік, білімңің беріктігі, жеке және ұжымдык әрекеттердің бірлігі т. б. ) бірлікте, бірін-бірі толықтырып отырады.
Осы жоғарыда аталған принциптер тұрғысынан қарасақ, жаратылыстанудың жалпы негізі тек ғылыми деректер арқылы беріледі. Бұл пән әр зат пен құбылыстың ғылымда айкындалған тұстарын ғана оқушыларға ұсынады.
Пәннің ғылыми мазмұнын оқушыларға меңгерту мәселесіне байланысты бірнеше педагогиқалык талаптар қойылады. Ең басты талап, оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін дамытып, адам - табиғат - қоғам арасындағы байланысты нақты мысалдар мен деректерге сүйене отырып материалистік тұргыда ұғындыру. Осының негізінде оқушылардың коршаған ортаға деген дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеу, дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет