Жаратылыстану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі. Оқушының «Жаратылыстану» пәнінен пәндік компитенттілігін қалыптастыру


Жаратылыстану бағдарламасы бірнеше дидактиқалық принциптерді жүзеге асырады



бет3/3
Дата25.01.2023
өлшемі13,32 Mb.
#62880
1   2   3
Жаратылыстану бағдарламасы бірнеше дидактиқалық принциптерді жүзеге асырады:
Кіріктіру принципі
Жас ерекшелігін ескеру принципі
Мәдениеттендіру принципі
Экологиялық принцип
Өлкетану принципін
Білімнің ғылымилық принципін
І. Кіріктіру принципі - ғылыми жаратылыстанулық білім мен адам әрекетінің түрлері және қоғам туралы ұғымдар кіріктіріліп біртұтастылықта беріледі. Адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның іс-әрекеті үнемі табиғи ортада, қоғамда (отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта) бір-бірімен байланысты қаралады. Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезінде адам әрекеті солармен бірлікте, байланыста қаралады.
  • Жас ерекшелігін ескеру принципі қамтамасыз етіліп, бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңіл, психологиялық ерекшеліктеріне лайықты, өмір тәжірибесі мен білім деңгейлеріне сай материалдар қамтылады.

  • 3. Мәдениеттендіру принципі ескеріліп, оқушылардың жалпы мәдениетін көтеруге лайықты, жеке бас гигиенасын сақтауға, жергілікті мәдени орталықтармен таныстыруға, жалпы халықтық, ұлттық мәдениетті түсінуге лайыкты әдебиет, сәулет, өнер, ғылым адамдары туралы мәліметтер қамтылады.

4. Экологиялық принцип қамтамасыз етіліп, әр сынып сайын оқушының өзін-өзі бағалауы, өз әрекетін басқаның пайдалы әрекет өлшемдерімен салыстыруы, табиғатқа адамдарга, бүкіл қоршаған ортаға жағымды, мәдени, адами қатынастар жасауға икемділіктерін дамытуға бағытталған материалдар беріледі.
5. Өлкетану принципін жүзеге асыру үшін әр тарау және әр сыныпта оқылатын тақырыптар жергілікті материалдармен тығыз байланысты оқытуға мүмкіндік беретіндей құрылымда берілген.
6. Білімнің ғылымилық принципін жүзеге асыру мақсатымен жоғарғы сыныптарда оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізін калайтын ғылым жүйесі қамтылған.
Бағдарламалық талаптар негізінен басты мынандай мақсаттарды жүзеге асыруды қарастырады: білімдік, тәрбиелік, дамытушылық пәнаралық.
Әр пәннің бағдарламасына сол пәннің ғылыми мазмұнымен қатар ғылыми негізді меңгеру барысындағы оқушылардың оқу әрекеттері және жекебас дамуының, тәрбие беру нормалары да (қарым-қатынас, этиқалық. эстетиқалық, адамгершілік) енеді. М. А. Данилов мектептегі пән бағдарламалары қамтитын жалпы мәселелеріне тоқтала келіп, «Программа фиксирующая содержание учебного предмета, определяет методы преподавания, характер дидактических пособий, сроки обучения и другие моменты учебного процесса» - деп көрсетеді.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет