Құл Қожа Ахмет, махаббаттың отын жақшы, Нәпсі – пәле! – Жер-көкті жеп сапырмақшы. Топырақ боп жатса да өлмес – кәпір-нәпсі, Нәпсісі өлген һүр мен ғылман құшар, достар. Жасыл құс
«Лә иләһа илл-Алла» – тағаты бар Құл аузынан жасыл құс шығады ұшып. Дүр жақұттан тоқылған қанаты бар, Қарсы алады ғаршылар құрақ ұшып.
Мың тіл берген ол құсқа әмірімен, Құлды тілер бар тілмен Тәңіріден. Дәргейіне жабысып, зар-үнімен: «Жарылқа!» – деп күндіз-түн қылады ышық.
Ұқпас сырын надандар – зая-күмән, Ей, достарым, сол құстың аянынан Мен айтайын, тыңдаңыз баянынан, Жәннатқа ертіп кірген соң табар тыныш.