7. Сұраныс және оны беру уақыты. .....................................................................
22.4.2 Жарыстың сұранысы, оны дұрыс толтыра білу
Жарыс сұранысы, оның жарыс құжаттарының ішіндегі маңыздысы екеніне ешбір бапкер, жарысқа спортшылар бастап апарған жауапты адам дау айта алмайды. Өйткені жарысқа апарған кезде сұраныс дұрыс толтырылмай, мандаттық комиссия талаптарына сай келмей, спортшылар жарысқа жіберілмесе, егер ол оқиға басқа қалаға барған кезде болса, ол бапкер мен жауапты адамға көп шығындануына, мекеме басшысы алдында үлкен жауапкершілікпен жауап беруіне тура келеді. Сондықтан сұраныс және спортшының классификациялық куәлігінің (спорт дәрежесі туралы құжат) дұрыс, сауатты толтырылуына үлкен мән беру қажет.
Сұраныс толтырылғанда спортшының аты-жөні, туылған жылы, спорттық дәрежесі оның жеке және классификациялық куәлігіндегі мәліметтерге сай болуы керек. Міндетті түрде спортшыларды жарысқа жіберген мекеме басшысының аты-жөні жазылады, қолы қойылады, мекеменің мөрі басылады. Спортшының жарыс алдында дәрігерге тексерілуі, сұранысқа дәрігердің қолы қойылуы, белгісі (штампысы) басылуы керек болады. Сұраныстың үлгі түрі төменде көрсетілген.
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНІҢ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ СПОРТЫНАН ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ А. БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ № 20 МЕКТЕПТІҢ КОМАНДАСЫНЫҢ
Достарыңызбен бөлісу: |