КЕҢЕС
Мұрағатты тексере отырып, ақпаратта кеткен “ақауларды” белгiлеу керек. Кейiн
сұхбат кезiнде керектi ақпарат кездессе жиналыстан кейiн осы “ақаулардың”
орнын толтыруға тырысыңыз.
Шындық əәрқашан нақты дəәлелдермен нақтылануы керек. Журналистiң шын деп
санағаны жеткiлiксiз. Нақты статистикалық деректер шындыққа жақсы дəәлел
бола алады. Бiрақ нақты, дəәл деректер алу оңай емес. Кейде олар мүлдем
болмайды немесе ескiрген жəәне бiрiне-бiрi қарама-қайшы келуi мүмкiн. Мұндай
деректердi бiр-бiрiнен ажырату үшiн, журналистер қайта-қайта тексеру жəәне
қателiк жiберу жолдары арқылы өтедi. Нақты жəәне сапалы деректер алу үшiн
мұрағаттар мен дерек базасына жүгiну қажет.
Құқық қорғау орындары мен адвокаттық кеңселерiнен алынған ақпараттарға
сақтықпен қараған жөн. Мұндай мекемелер өз жайғасымдары тұрғысынан
алғанда ақпаратты дұрыс бермеуi мүмкiн немесе олар берген ақпараттан өз
пайдасы жағына өзгертiлген болуы мүмкiн. Мысалы орман дайындау ұйымы
орманды қорғау жайында дəәл ақпарат; ал айналаны қорғау компаниясы
орманды дайындау өндiрiсi туралы дəәл деректер бере алмауы мүмкiн.
Журналист өз мақаласында екi жақтан да алған мағлұматтарды қолдануы
мүмкiн, бiрақ нəәтижесiнде оқырманның шатасуы ықтимал. Ең дұрысы, толық,
дəәл ақпарат беретiн бейтарап ақпарат көзiн табу. Халықаралық ұйымдардың
көпшiлiгi, мысалы БҰҰ, олар қандай бағдарлама мен идеяны насихаттағанына
қарамастан, дəәл статистика деректерiн жинап, жариялауға мəәжбүр.
Интернет — журналистер үшiн жаңа зерттеу материалы болып табылады. Iздеу
сайттары бiртiндеп өсiп келедi жəәне одан өте көп ақпарат алуға болады.
Интернет бүкiл кеңiстiктi қамтитындықтан, журналист жергiлiктi жағдайды
əәлемдiк жағдайлармен салыстыруға мүмкiншiлiк алады. Өз елiндегi
жұмыссыздар жайлы мақаланы дайындай отырып, басқа елдегi жұмыссыздық
деректерiн Халықаралық еңбек ұйымынынң (ХЕҰ) сайтынан табуға болады.
Интернет бетiндегi ақпарат əәрқашанда дұрыс деуге болмайды. Интернетте
неше түрлi адамдар, беттер де бар. Сондықтан деректердi тексерген жөн.
Журналистердiң ойынша БҰҰ-дан алған деректер əәрқашан толық болады. Бiрақ
БҰҰ бұл деректердi мемлекет ұйымдарынан алған статистика арқылы
ақпараттайтынын есте сақтау жөн.
Мемлекеттiк сайтта өздерiнiң iс-шарасы жөнiнде, олардың өтетiн күнi, онда
болатын əәңгiме туралы əәр уақытта дəәл ақпарат берiледi. Мұндай ақпарат
жасырын немесе даулы болмаса енгiзiледi. Талдаулық сұрыптау орталығы мен
31
университеттер сайты — жоғары деңгейдегi сараптама жасай алатын жəәне
сапалы деректер ұсына алатын ақпарат көзi болып табылады. Ресми емес
оқиғалардың болжамын табу үшiн (Human Rights Watch — адам құқығын қорғау
ұйымы, Transparency International — жемқорлықты бақылайтын т.б.), ұйымдар
сайттарына кiруге болады.
Өз елiңiздегi кез келген тақырыпқа толық, шын деректер таба алмасаңыз
қайтесiз? Ондай деректер ешуақытта жиналмаған болмаса олар құпия деректер
болуы мүмкiн. Алдымен бұл кемшiлiк туралы мақалаңызда айтып өтiңiз.
Қоғамдағы адамдар қоғам туралы негiзгi ақпаратты бiлуге құқығы бар. Сiздiң
мақалаңыз өкiметтiң жағдайды өзгертуiне себеп болады.
КЕҢЕС
Егер сiз өз елiңiз бойынша белгiлi бiр статистиканы немесе экономикалық
көрсеткiштi таба алмасаңыз, интернеттен басқа елдiң осындай статистикасын
табыңыз. Осыдан кейiн өкiмет өкiлдерiнен көрсеткiштiң басқа елдiң
көрсеткiшiнен айырмашылығы бар ма, жоқ па деп сұраңыз. Осылай белгiсiз
ақпаратты бiле аласыз.
Демократиясы əәлсiз дамыған қоғамда ресми ақпарат өте шектеулi, журналистер
бұл ақпаратқа есiк мүлде жабық деп ойлайды, алайда олар қателеседi.
Баспасөз жəәне оның оқырмандары үшiн егжей-тегжей зерттеуден өткен қандай
ресми құжат олар үшiн ашық, қайсысы жабық екенiн бiлу маңызды.
Журналистер өздерiнiң ақпаратына бөгеусiз кiруге құқығы барын пайдалана
отырып, өздерiне қарсы келген өкiмет өкiлдерiнiң естерiне заңдылықты,
мемлекет ұйымдарының ашық болуы керек екенiн түсiндiру қажет. АҚШ-тағы
ресми құжаттарға “жарық құятын” заңдарды басқа елдер үшiн үлгi ретiнде
қолдануға болады.
Сұхбат
Сұхбат — бейтарап журналистиканың негiзi, оқырман ақпаратты адамның өз
аузынан естидi. Бiрақ сұхбат бос сөз емес. Сұхбатты қызықты, пайымды өткiзу
үшiн дайындық керек.
Сұхбат алу нағыз шеберлiктi қажет етедi, өйткенi сұхбат нəәтижесiне кез келген
жайттар, қозғалыстар əәсер етедi. Репортердiң өзiн ұстауы сұхбат берушiнiң
реакциясымен байланысты. Егер журналист сұрақты жалынышты дауыспен
қойса, онда сұхбат берушi оны көзге iлмей, қорқыта сөйлеуi мүмкiн. Керiсiнше,
32
журналист адуын болса, онда сұхбат берушi жалтақтап, жасқынып, тiптi
үндемей қалуы да мүмкiн. Сұрақтардың қойылу ретi де өте маңызды. Егер
журналист сұхбатты кiнəәлаудан бастаса, сұхбат берушi əәңгiме барысында
сақтық сақтап отырады.
Сұхбатта қойылатын бас талаптардың бiрi, журналист пен сұхбат берушiнiң
арасындағы алдын-ала келiсiмге келулерi. Сұхбатта ақпараттың қандайын
мақалаға қосатынын жəәне қандайын қоспайтыны жайында алдын-ала
талқылауы қажет. Сұхбат кезiнде алынатын ақпарат үш стандартты дəәрежеге
бөлiнедi: (1) «баспа үшiн», (2) «баспаға арналмаған» жəәне (3) «ақпарат көзiн
көрсетпеу».
Кiсiлердiң көпшiлiгi соңғы екi категорияны шатастырады. “Баспаға арналмаған”
деген атау сөзiнiң ғылыми мағынасы: мұндай жолмен алынған ақпарат еш
жағдайда қолданыла алмайды жəәне оның көзiн көрсету тiптi мүмкiн емес.
Ақпарат берушi журналистке: “Бұл баспаға арналмаған” десе, онда ақпаратты
оның көзiн көрсетпей қолдануға болады.
Сұхбат беру кезiнде жиi мынандай жағдайлар кездеседi. Сұхбат берушi
журналистпен сұхбатында бiр мəәлiметтердi айтып қойып, аяғында “бұл баспаға
арналмаған” деп керi кетедi. Мұндай жағдайда не iстеу керек? Айтылған нəәрсе
айтылып қалды, бiрнеше нұсқаларды қарастырайық:
… келiсу, бiрақ сұхбат берушi ол кезде цензор ретiнде қалуға құқылы;
… келiспеу, онда сұхбат берушi əәрi қарай жұмыс iстеуден бас тартуы мүмкiн;
… өтiнiшке жауап бермей, бұл ақпаратты қолдану немесе қолданбау туралы
ойланып, кейiн шешу;
немесе:
… бұл ақпаратты басқаша айтуға сұхбат берушiмен келiсу.
Кейбiр журналистер “баспаға арналмаған” деген ұстанымға назар аудармайды.
Ал кейбiреулерi сұхбат берушi рұқсат бермегенше ақпаратты жабық деп
санайды. Баспаға арналмаған деп екi жақ келiсiмге келмейiнше бүкiл
ақпаратты ашық деп санау қажет.
Сұхбат алғанда диктофон қолдану бұл үрдiстi ресми етедi. Сұхбат үн
жазылымы ақпараттың барлығын дəәл берiп, журналистi де сұхбат берушiнi де
жалған айыптаушылықтан сақтайды.
9
Репортердiң сұхбатты қағазға сөзбе-сөз
жазуынан диктофон босатады. Бiрақ кiтапшаны ашық ұстау əәр уақытта пайдалы
— сұхбат берушiнiң маңызды ақпаратын жазып алу, алдын-ала дайындаған
сұрақ тiзбесiне қарап қоюы қажет.
9
Сақтандыру: сот үн жазылымын дəәлел ретiнде қарастырмауы мүмкiн. Өйткенi жаңа
технологияның пайда болуымен, дауысты өзгерту, жазылымды бұрмалау мүмкiн болды.
33
Сұхбат беру кезiнде сұхбат берушi құпия ақпаратты айтқысы келсе, ол
журналистi диктофонын өшiрудi сұрайды. (ƏӘдетте мұндай өтiнiш қолма-қол
орындалады, өйткенi қандай да құпияны бiлу мүмкiндiгiн журналист қалт
жiбермейдi).
КЕҢЕС
Кез келген диктофонда таспаның счетчигi бар. Маңызды ақпарат жазуда
счетчиктiң көрсеткiшiн жаза қойыңыз, сонда сұхбаттың осы тұсын тез тауып
аласыз.
Төменде сұхбатты сапалы ету үшiн қолданылатын “реттелген” ереже
көрсетiледi:
Сұхбат алдында…
- Сұхбат берушi туралы мəәлiмет жинаңыз.
- Сұрақтарды қай ретте қоясыз, сол ретте жазып алыңыз.
- Алдын-ала берiлетiн жауаптар туралы ойланыңыз, осындай жауап
берсе сiз оған қалай қараушы едiңiз.
Сұхбат кезiнде…
- Өзiңiздi таныстырыңыз жəәне сұхбат мақсатын айтыңыз
- Айналаңызға қарап шығыңыз (сiз байқаған заттар əәңгiмеге арқау болуы
мүмкiн).
- Сұхбат берушiнiң өзiн ыңғайлы сезiнуiн ойластырыңыз, бiрақ ол бұны
қате түсiнiп қалмасын.
- Егер диктофон қолдаңғыңыз келсе, оны жасырмаңыз
10
- Сұхбат берушiмен алдын-ала қай ақпарат “баспаға арналған”, қайсысы
“баспаға арналмаған” екенi жайында келiсiп алыңыз
10
Сұрақ: Репортерлердiң диктофон қолдануларында жiберетiн кеңге жайылған қателiгi қандай?
Жауап: сұхбаттың алдында диктофонның кассетасын, батарейларын тексермеуi.
34
- Сұрақ қойғанда, жай ғана “жоқ” немесе “иəә” деп сұхбат берушi жауап
бермейтiн болсын
- Жауапты зер салып тыңдаңыз, бар көңiлiңiздi келесi қоятын сұрағыңызға
аударып, өзiңiзбен-өзiңiз отырмаңыз.
- Сұхбат пленкаға жазылып жатса да, маңызды ақпаратты кiтапшаға жазып
отырыңыз
- Ауыр сұрақтарды сұхбат соңында қойыңыз
- Өзiңiздiң бiлiмiңiзбен немесе маңызды кiсiлермен таныспын деп
мақтанбаңыз, көптеген сұхбат берушiлер бұны жаратпайды.
Сұхбат соңында…
- Ақпаратты тағы бiр тексерiңiз
- «Мен сiзге тағы да сұрақ қоюым керек шығар, сiз қалай ойлайсыз?», деп
сұраңыз
- Телефон нөмiрлерiңiзбен алмасыңыз
- Сұхбат берушiге мақала жарыққа шыққанша “бекiту” құқығын бермеңiз
Мəәселенiң барлығы журналистердiң жоғарыда аталып кеткен ережелердi
ретiмен қолдана алмауында. Сұхбат басталар алдында жақсы сұхбат аламын
деп журналист сұхбат берушiнiң ырқында кетiп қалуы мүмкiн. Журналист пен
сұхбат берушiнiң ортасындағы келiсiм, ол мақала шығудан бұрын сұхбат
берушiнiң онымен танысуы. Мұндай жағдайда сұхбат беру кезiнде журналист
ретiн тауып, алдын-ала айтылған келiсiмдi жұмсартады.
Бiрқатар елдерде жалақысы аз өкiмет өкiлдерi сұхбат үшiн ақы талап етедi.
Керiсiнше де болады, сұхбат алғаны үшiн журналист ақы сұрайды. Өйткенi
сұхбат берушi жарнамаға мұқтаж. Екi жағдайда əәдептiлiк ұстаным шарттары
бұзылады, баспасөз абыройы түседi. Неге?
Егер бұқаралық ақпарат құралдары сұхбат үшiн ақы төлесе (Америкада мұндай
тəәжiрибенi “чек кiтапшасы арқылы өткен журналистика” деп немқұрайлы
атайды), шындық ақшаның кепiлдiгiнде қалады. Сондықтан еңбектерi үшiн ақы
алатын ақпараттандырушыларға сот онша сенiңкiремейдi. Егер журналист ақша
үшiн сұхбат өткiзсе, бұл журналистың емес, ақпараттандырушының жарнамасы
болып табылады.
35
«Сарапшылар»
Сарапшылар мен мамандардың көзқарасы, журналистермен салыстырғанда
мүлдем басқа. Сарапшылар өздерiнiң бiлiм саласына айырықша бiр киелi, құпия
нəәрсе ретiнде қарайды. Олар өздерi ғана түсiнетiн мамандандырылған тiлде
сөйлейдi, оларды кəәдiмгi қарапайым адам түсiнбейдi. Сарапшылардың
назарынан кез келген ұсақ-түйек тыс қалмайды, журналистiң бұған мəән бермеуi
мүмкiн. Сонымен бiрге, сарапшыларды көпшiлiк қызықтырмайды.
Осыны бiлетiн журналист алдын-ала жақсылап дайындалуы керек. Кейде
сарапшының журналистпен жай əәңгiмелесуi талап етiледi.
11
Журналистiң
сарапшыға əәдiлдiкпен, түсiнушiлiкпен қарайтындығына сарапшыны сендiру
керек. Сұхбат берушi туралы алдын-ала жиналған ақпарат жəәне талқыланатын
тақырып туралы ақпарат зор сенiмге ие болады.
Ғалымдар, сарапшы-финансистер, инженерлер, техниктер сияқты мамандар
бұқаралық ақпарат құралдарының көпшiлiкке жұмыс iстейтiнiн түсiнулерi қажет.
Сондықтан олардың беретiн ақпараты қарапайым халыққа түсiнiктi де ұғымды
болуы керек. Бұл жағдайда журналистiң рөлi сарапшылар мен аудитория
ортасында делдал болу, яғни “аудармашы” қызметiн атқару. Қиын бейтаныс
терминдi түсiндiрудiң алдында журналист оны өзi түсiнуi қажет. Көптеген
мақалаларда журналист сарапшының айтқанын жаза салады, қарапайым
оқырманға оның түсiнiксiз екенiн ойламайды. Кейде бұл журналистiң терминдер
мағынасын түсiнбеушiлiктен болады. Кейде ақпарат мағынасын жойып алу
қорқынышынан болады. Бұл екi жағдайда да журналистиканың маңызды
ұстанымдарының бiрi — айқындылық, анықтылық бұзылады.
КЕҢЕС
Егер сарапшының айтқанын аяғына дейiн түсiнбесеңiз одан сұраңыз:
“Оқырмандар түсiнетiндей етiп өз сөзiңiзбен айтып бере аласыз ба?” Мұндай
мүмкiндiктi сарапшы бағалай алады.
Журналист барлық салада сарапшы болу үшiн оның көп оқуы керек. “Мен
бiлмеймiн” деген кең таралған қорқынышты жеңу керек.
11
Ғылыми зерттеулер мемлекеттiк қаржыландырудан тəәуелдi болғаны үшiн ғалымдардың
бұқаралық ақпарат құралдары алдында сөйлеуi, мемлекеттiң өкiлдерi мен заңгерлерден қолдау
табуында маңызы зор.
36
Ақпаратты тексеру
Мəәлiметтер мен сыбыстар тексерiлгеннен кейiн ғана нақты дерек бола алады.
Мəәртебесiн жоғары ұстайтын газеттер ақпаратты бiр жерден ғана алып қоймай,
бейтарап көздерден алған ақпаратпен салыстырып тексередi. Содан кейiн
газетке басылымға жiбередi. Мұндай ережелердiң қолданылуы тегiн емес.
Кейбiр журналистер эксклюзив ақпарат алуға ынтығатыны сонша, бұндай аты
шулы ақпаратты тексерiп жатпайды.
12
ƏӘрине екi не болмаса он көзден алған
ақпарат та жеткiлiксiз, егер олардың бəәрi жалған айтса. Соңында барлығы
репортердiң адалдығы мен адамгершiлiгiне байланысты болады.
Ақпараттың екi көзi жайындағы ережесiне жатпайтындардың iшiнде:
- Оқиғаға өзiңiз куəә болдыңыз (Болған iстi бұлжытпай түсiрiп алыңыз).
- Бiрнеше ресми құжаттар, мысалы, полициядан тұтқындалғандардың тiзiмi
(мұндай тiзiмдер өте мұқият жазылады).
- Кез келген атақты тарихи оқиға (Энциклопедиядан немесе альманахтан
тексеруге болады).
- Жаңалық негiзiнiң атын дұрыс жазу (ақпарат негiзiн жақсы бiлу керек).
- Мейрамға түсетiн аптаның күнi. (Кез келген күнтiзбеден тексеруге
болады).
Сыбысты тексеруге репортер келесi сұрақтар төңiрегiнде ойлануы керек:
• Осы тақырыпты бiлгенiме негiзделе отырып алынған ақпаратқа сенуге
бола ма?
• Осы ақпаратты таратушы өз мақсатына қолданып отырған жоқ па? Оның
беделi қандай?
• Осы ақпаратты жақсы бiлетiн сенiмдi кiсi бар ма? Болса тағы бiр рет
тексерген жөн.
• Осы ақпаратты дəәлелдей алатын құжат бар ма? (Есептеме, хат, iс-
қағаздары, электрондық пошта).
Жақсы репортер еш уақытта болжауға сенбейдi.
**
Өкiнiшке орай мұндай
қателiктер көп кездеседi.
Мысалы Қырғыз Республикасының газетiнде саяси белсендi адам туралы
мақала шықты. Осы оппозициялық парламент депутатының бiр жұмадай жоқ
болуын өкiметтiң iсi деп көрсетiлдi. Осы жағдайды телефон шалып анықтауға
болатын едi, бiрақ газет өз бағытын ұстауды жөн көрдi.
12
Бұл ереженi бұзудың классикалық мысалы: «Вашингтон Пост» газетiнiң жетпiсiншi жылдар
басында уотергейт жанжалын əәшкерелеуi. Алдыңғы қатарлы репортердiң осы материалды
жарыққа шығарғысы келгенi сонша, екi жақтың ақпаратын сапырылыстырып ереженi бұзды.
Мақала газетте басылды, бiрақ ақпарат өтiрiк болып шықты.
** Скептиктiң ұраны: егер анаң сенi жақсы көремiн десе, оны тексеру қажет.
37
КЕҢЕС
Арызды не кiнəәлауды тексеруге мүмкiндiк болмаса ақпаратты сөзбе-сөз жазып
шығып, “ақпарат тəәуелсiз ақпарат көздерiнен дəәлелденбедi” деген қосымша
ақпарат берiңiз.
Журналистке ақпаратты тексеруiне көмектесетiн əәр түрлi «қулықтар» бар.
Олардың кейбiрi əәдептен тыс кете жаздайды. Қоғамның əәл-ауқаты үшiн
маңызды ақпарат болса ғана соның өзiнде өте сирек жағдайда кейбiр “қулықты”
пайдалануға болады.
МЫСАЛ
Қала əәкiмшiлiгiнiң өкiлдерi құпия жиналыс өткiзедi. Жиналыста жергiлiктi
химиялық зауыт улы қалдықтарын қалалық су қоймасына төгiп жатқаны сөз
болды. Журналист бұл жаңалықты естiп бiлдi, бiрақ оның қолында нақты
материал жоқ. Жиналысқа қатысқан өкiмет өкiлдерi жиналыстың болғанын
ешқашан мойындамайды. Журналист жиналысқа қатысқан заңгерге телефон
шалады: “Мен кешегi жиналыста болған ақпаратты тексергiм келiп едi…”.
Таң қалған жауап естуiңiз мүмкiн: “Сiз бұл жиналыс туралы қайдан естiдiңiз? Бұл
құпия жиналыс”. Ендi журналистiң қолында жiп бар, оны ары қарай тарту керек.
Келесi жиналысқа қатысушыға телефон шалғанда: “Мен осы тақырып жайында
жаңа ғана заңгермен сөйлестiм…” деп айтуына болады.
Түсiнiк: ƏӘрине қала басшылары жиналысты құпия өткiзулерiне құқығы бар.
Мүмкiн олар кезектi ақпарат жиналғанша, қала халқын дүрлiктiргiлерi келмеген
шығар. Керегi жоқ дүбiрдi жарыққа шығару керек пе, жоқ па? — деген таңдау
газет пен журналистiң алдына келiп тiреледi.
Ақпаратты тексеруде ғажайып əәмбебап əәдiс жоқ. Сыбыстар тез тарайды.
Оларды тексеру көп еңбек пен бiрбеткейлiктi керек етедi. Бiрақ кеткен күштен
көпшiлiк, əәсiресе қоғам жəәне журналист мамандығы ұтады.
Ақпарат көздерiн дамыту
Көптеген жағдайда журналист оқиғаның басы-қасында бола алмайды.
Сондықтан оның жұмысына жақсы ақпараттандырылған көздер болғаны өте
маңызды. Мұндай көздер соңғы жаңалықтар туралы ақпарат берiп отырады.
38
Журналистер өзiнiң жұмысында көздердiң екi түрiмен кездеседi: көпшiлiктiк, бұл
тақырыппен бəәрi пайдалана алады жəәне жеке көз, бұл тек журналист өзi бiлетiн
жеке адам.
Көпшiлiктiк көздер — баспасөз-хатшылары, бұлардың мiндетiне баспасөзбен
байланыста болу кiредi немесе өкiмет өкiлдерi — бұлар ұйымының болмаса
бөлiмiнiң атынан сөйлеуге құқығы бар. Жеке көздер — бұл ақпаратшы, əәртүрлi
ұйымда iстейтiн, ақпаратты өзiнiң сенетiн журналистiне құпия жеткiзедi.
13
Сенiмнiң маңызы өте зор, жеке көздер журналистпен байланыса отырып
тəәуекелге бел байлайды. Жақсы деген жағдайда ол басшылығының қаһарына
ұшырайды, болмаса оның арты тiптi жаман аяқталуы мүмкiн. Iс жүзiнде мұндай
көздер аноним болып қалуды қалайды, егер де ары қарай одан ақпарат алғысы
келсе журналист уəәделескендей оның аты-жөнiн жарияламауы керек. Көздердiң
жаңалыққа жəәне оқиғаға ықпал ету мүмкiндiгi үшiн мұндай тəәуекелге барады.
Жүйе жақсы iстеген жағдайда журналист пен ақпаратшы бiр-бiрiнiң қызметiн
тиiмдi пайдаланады. Бiрақ екеулерi де сақ болулары керек. Оларды ойыншық
қылып немесе жалған ақпаратпен адастыруына жол бермеулерi керек.
Орта Азияда, iскерлiк ықылас жеке бастың ықыласымен тығыз байланысты.
Журналистiң қолында сенiмдi, бiрақ аз ақпарат көздерi бар. Бұл əәдетте жоғары
лауазымды немесе өкiмет құрылымына ықпал ете алатын, газетке “достық”
қарым-қатынастағы адамдар. Ең бастысы олар журналистi жай танысы немесе
серiктесi деп қана емес, досым деп санайды. Журналист пен ақпаратшы
арасында осындай “iскерлiк” қарым-қатынас орын алады. Жалпы жаулары мен
журналист жəәне ақпаратшының арасында “қызыл жiп” болады.
Нақты деректерге сүйенген журналистикада репортерлер ақпаратшыларды
өздерiнен алыста ұстайды. Ассошиэйтед Пресстiң бұрынғы директоры Уэс
Галлагхер журналистерге былай дейтiн: “Бұл iсте сiздердiң “достарыңыз” жоқ,
тек қана iскерлiк қатынас бар”. Жүйенiң iс-əәрекетiн жұртшылыққа жеткiзетiн,
осы жүйенiң бiр бөлiгi болып табылатын да — журналист. Яғни журналист
қоғамда өмiр сүрушiлерге жалған ақпарат бере алмайды. Журналист сырттай
бақылаушы, iш-құрылысына үңiлетiн, ақпараттың тамырын ұстай алатын цитат
болуы керек.
Ақпарат көздерiн табу оны əәрi қарай дамытуды қалай пайдалану жөнiнде
бiрнеше кеңес:
• Өзiңiздiң ақпаратшыңызға қаншалықты сенсеңiз де, ол берген ақпаратты
қайта тексеруге тырысыңыз. Ақпаратшы өз ойлағанынан кем бiлуi мүмкiн
немесе сiздi алдағысы келедi. Сенбеңiз. Ақпаратшы берген ақпаратта
қарама-қайшылықты iздеңiз. Ақпаратшыдан дəәлел берудi талап етiңiз.
13
Ақпаратшылар өз ұйымдарының негiзгi тұлғасы болып табылмайды. Мысалы тəәжiрибелi
журналистер, полиция қызметiн айтатын, қарапайым адамдармен жақсы қарым-қатынаста
болады. Бұл адамдар журналистiң қосымша қуаты мен көзi болып табылады. Аты аңызға
айналған Шерлок Холмс көшедегi балалардың қызметiн ақпарат жинау саласында пайдалануды
жақсы көрдi.
39
• Ақпаратшының атын айтпауға уəәде берсеңiз, сiздi қанша мəәжбүрлесе де
бұл уəәденi бұзбаңыз.
• Аноним көздер өзiңiздi ойыншық қылатын жағдайды болдырмаңыз.
Олардың сыбысы, өтiрiгi мен өсегiн ажырата бiлiңiз. Ақпаратшылар
өздерi берген ақпаратқа жауап берулерi керек. Егер олар сiзге сапасыз
ақпарат беретiн болса, олардың қызметiнен сiз де бас тартасыз, сiзден
естiген басқа журналистер де бас тартады. Осыны ақпаратшылар жақсы
бiлуi керек.
• Телефон немесе электрондық пошта арқылы сөйлескеннен гөрi бетпе-бет
жүздескен əәлдеқайда артық. Өйткенi жеке əәңгiмеде ақпаратшыға
жауаптан қашу қиынға түседi.
• Тек қана жоғары лауазымды өкiмет өкiлдерi арасынан ақпарат көздерiн
iздеуге тырыспаңыз. Хатшылар, жүргiзушiлер, кеңсе қызметкерлерiмен
байланыста болыңыз. Олар əәр уақытта маңызды ақпараттан хабардар
болады.
• Сiзге ақпарат берушi адамдардың көңiлiне, қиындықтарына көңiл бөлiңiз.
Оларды бiр нəәрсе керек болғанда ғана iздемеңiз. Хал-жағдайын бiлiп,
олардың өз əәңгiмесiн де тыңдай алыңыз.
• Сөйлесу əәр қилы көздер мен əәр қандай əәдiс-амалды талап етедi. Бұны
олардың журналистика жөнiнде қаншама хабардар екендiгi жəәне
журналистиканың оларға қаншама керектiгi анықтайды. Мысалы,
бизнесмендi сөйлету оңайға түспейдi, ал керiсiнше саясатшымен əәңгiме
құру оңайға түседi. Өйткенi оның баспасөзбен тiлдесуде көпжылдық
тəәжiрибесi бар. Жоғары бiлiмдi мамандар — мұғалiмдер, дəәрiгерлер,
бухгалтерлер, əәлеуметтiк орта қызметкерлерi жақсы ақпарат көздерi
болып табылады. Өйткенi олар — басшылықтарынан гөрi өз
мамандықтарына жете берiлген қызмет иелерi. Бiрақ көптеген
саясатшылар мен мемлекет қызметкерлерiнен айырмашылығы мұндай
мамандар журналистерге сенiмсiздiкпен қарайды. Сондықтан бұл ақпарат
көздерiне айырықша көңiл бөлу керек.
• Жұмыстан шығарылған, беделдi адамдар жақсы ақпарат көзi болып
табылады. Бiрақ репортерлер бұл адамдарға сақтықпен қарағаны жөн,
өйткенi олардың көзқарасы өз басының қамында жатыр. ƏӘрбiр
кiнəәлаудың дəәлелiн талап етiңiз.
• Жеке көздермен жұмыс iстегенде қай уақытта қай жерде кездесудiң
маңызды болуы мүмкiн екенiн ойлаңыз. Кейбiр көздер жұмыстан кейiн
кездескендi қалайды, бiреулерi үйлерiне телефон шалғанды жаратады.
Сондықтан əәр көзбен бөлек-бөлек, ерте бастан келiсiп алған жөн.
40
• Сұхбаттасқысы келмеген өкiмет өкiлдерiмен жəәне бизнесмендермен
жұмыс iстеудi журналистер керек мағлұматтар алу үшiн екiжүздiлiк,
мақтаушылыққа барады. «Сiздi мазалағаным үшiн кешiрiңiз, менi
редактор мəәжбүрлеп отыр». Немесе: «Бұл iсте сiз ғана маған көмектесе
аласыз, мен сiздiң жұмысыңызды өте сыйлаймын». «Ана кiсi осылай да
осылай айтып едi, мен осы ақпараттың анығын сiзден бiлейiн деп едiм».
Бiрақ өтiрiк пен жалғандықтың құйрығы бiр-ақ тұтам, келесi ретте ол —
бұл ақпаратшыға қайтадан баруға бетi жоқ болады.
• Бiрқатар елдерде ақпаратқа ақы төлеу кеңiнен таралғаны соншалық,
қалтасы тесiк репортерлер кеменiң ар жағында қалады. Бұндай жағдайда
əәдiл журналистикаға қауiп төнедi. Солардың iшiнде атап өтетiн: ақы
алатын көздер ақшаға құнығып, жоқ ақпаратты ойдан шығаруы мүмкiн.
Ақысы төленген жиырма ақпарат көзiне қарағанда, қоғамның əәл-ауқатына
көмектерi ниетiне көзi жеткен екi жақсы ақпарат көзiмен жұмыс iстеген
əәлдеқайда артық. Ешқандай аргумент көмектеспеген жағдайда
ақпаратшыны былай деп ұялтуға болады: “Шындық тек қана байлардың
қалтасына байланысты ма?”
Бiр кеңседе iстесе де журналистер басқа журналистермен өздерiнiң ақпарат
көздерiмен бөлiскiсi келмейдi. Бұның себебi мамандандырылған бəәсеке немесе
қызғаныш ғана емес, əәрбiр ақпарат көзiн мұқият iздеумен, бiрiне-бiрi сену
арқылы табылады. Себептiң тағы бiрi — көздер өздерiн басқа журналистермен
бөлуге қарсы болуы. Жаңадан жұмыс бастаған журналист пен тəәжiрибелi
журналистiң бiрнеше аттармен, телефон нөмiрлерiмен бөлiскенiнде тұрған
ештеңе жоқ. Бұл мамандар арасындағы жай ғана сыпайылыққа жатады.
Ақпарат көздерiне мұндай айырықша көңiл бөлу — бұлардың
журналистикадағы аса маңызды рөл атқаратындығында жатыр. Ақпарат
көздерiне жəәне аноним көздерiне жүгiну келесi бөлiмде анығырақ
қарастырылады.
# # #
|