Бiрiншi бөлiм
Көзқарас пен стандарттар
8
Адалдық барлық мұрадан да артық.
Уильям Шекспир (1564-1616)
Алғашқы мағлұмат
Журналист жұмысының негiзi көзқарас немесе құндылықтардың жиынтығы
болады. Бұл жиынтықтың анық көрсетiлуi немесе жазбаша түрде бекiтiлуi
мiндеттi емес.
Түрлi жағдайда құндылық мен көзқарас арасында айырмашылық зор болуы
мүмкiн. Мемлекет бақылауындағы баспасөз насихат пен бағынушылық
құндылықтарына негiзделген. Бақыланбайтын «сары» баспасөзi оқырманның
көңiлiн қобалжытатын жəәне көңiлiн көтере алатынның барлығын жаңалық деп
атайды. Саяси партиямен байланысты газет тек сол партияның идеологиясын
қолдайды. Ал тəәуелсiз газеттердiң ең жақсыларының ойларынша олардың
басты мақсаты жаңалық материалдарға жəәне пiкiрге толы хабардың көмегiмен
қоғамды ақпараттандыру.
Азаматтардың өз ойларын ерiктi бiлдiрудi құрметтейтiн демократиялық саяси
жүйелерiмен қатар тəәуелсiз баспасөз дамыды. Мұндай демократиялық саяси
жүйелерi тəәртiп пен мiнсiздiктiң үлгiлерi ретiнде ешқашан табылмады. Бұл
жүйелерге жеке адам бостандығы мен жалпы қоғам ауқаттылығы арасындағы
тепе-теңдiктi табу қажет болады. Демократиясы ең күштi мемлекеттерде де
жұртқа толы театрда “Өрт” деп айқайлауға тыйым салынады.
Ерiктi баспасөз жұмыс iстеуi үшiн ымыраға келу қажет. Газеттiң қаржы жəәне
редакция тұрғысынан тəәуелсiз болуы үшiн iскерлiк те «қоғам қоры» ретiнде де
жұмыс iстеуi қажет. Коммерциялық жəәне қоғамдық күштерi, газеттiң журналистiк
жəәне коммерциялық бөлiмдерi тəәрiздi қарама-қайшы болса да, олардың
ұқсастығы: шындықты айтуға тырысатын газеттi қоғам қолдайды.
Мұндай əәдiстi қолдана алатын табысты газеттер шығындарынан көп пайда
тауып, бұл ақшаның бөлiгiн жаңалықтардың жəәне түсiнiктердiң жоғары
стандарттарына жұмсалады. Газет көбiрек журналистердi жалға алып, оларға
жақсы еңбекақыларын төлеп, құрал-жабдық алып, түрлi оқиғаларды жариялап,
қымбат журналистiк тергеудi жүргiзедi. Оның есесiне журналистерден ынталы
жұмыс пен жоғары мамандандырылған тəәртiптi талап етедi.
Жұмыс берушiмен немесе журналистер қауымдастығымен құрылған əәдеп
кодексiнде мамандандырылған тəәртiп стандарттары бекiтiледi. Экономикалық
тəәуелсiз баспасөз жүйесiнде мұндай кодекстiң басты мақсаты ұйымдағы
адамгершiлiк стандарттарын қолдау ғана емес, сонымен қатар нақтылығымен,
тепе-теңдiкпен, анықтығымен, жеделдiгiмен жəәне ойымен айқындалатын
жаңалық өнiмiн құру. Бұл жаңалықтарды жұрт көп мөлшерде сатып алады.
9
Мұндай жаңалық өнiмiн құратын журналистердiң үш көзқарасы болады:
1) Журналистер тақырып немесе оқиғаның бiр бөлшегi емес, оларды тек қана
жариялайды;
2) Ең бастысы журналистер қамқоршыға, саяси партияға немесе идеологияға
емес, жаңалықтарға жəәне өз мамандығына шын берiлгендiгi болып табылады.
3) Журналистердiң шындықты барлық жерден iздеу құқықтары бар.
Саяси өмiрде белсендi орын алу қажеттiлiгiне сенетiн Орта Азияның жəәне басқа
да мемлекеттердiң журналистерi батыстың шындық ұстанымын жеркенiштi де
шектеулi деп санайды. Бұл журналистер өз дегендерiнде тұрып, қарама-қайшы
көзқарасты хабарлауды қажет көрмейдi.
2
Мамандандырылған бақылаушының жаңалық туралы пiкiр құрастыру қабiлетiн
шектейтiн шындықты əәдетте еске алмайды. Көптеген пiкiрлер ұйым iшiнде емес,
ұйымдар арасында орын алады.
Журналистиканың бұл түрi көптеген елдерде гүлденуiне қарамастан оның
кемшiлiктерi де бар. ƏӘсiресе тəәуелсiз ойлау жəәне ерiктi нарық жағдайларында
жұмыс iстегенде атап аталған журналистика түрi қиындық туғызады. Өйткенi
бұнда басылымның жетiстiгi, көптеген түрлi көзқарасы бар, барынша көп
оқырмандарды тартуға тəәуелдi. Мұндай оқырмандар үшiн саяси бағдар
насихатынан гөрi анық та шыншыл ақпарат артық.
ƏӘдеп
ƏӘдеп — сенi ешкiм бақыламағандағы iс-əәрекетiң.
Бұл ең жақсы анықтамалардың бiрi шығар. ƏӘдеп — адамның iшкi дүние
ұстанымдары, олар мiндеттеген орындауға мəәжбүрлейтiн заңдар сияқты емес.
Сондықтан мемлекет тарапынан мойнына iлiнген түрлi журналистикалық əәдеп
кодекстерiнiң шынайы мəәнi «адамгершiлiк заңы» болып табылады.
Кейбiр мамандандырылған қауымдастықтар өз мүшелерi үшiн iшкi əәдеп
кодекстерiн қабылдап, оларды бұзушыларға айып салады. Бұл жайттар
демократиялық
мемлекеттердегi
дəәрiгерлер
мен
заңгерлер
қауымдастықтарында қолданылатын өзiн-өзi бақылауға ұқсас. Ерiктi мүшелiгi
болатын қауымдастықтар да бар. Мұнда жеке бас бостандығына кiрiспеу жəәне
плюрализмге негiзделген ұстанымдар арқылы мүшелердiң тəәртiптерiн
2
Бұл таратылған көзқарастың жақсы дəәлелi Орта Азияның бұқаралық ақпараттар
құралдарының Бiшкектегi (Қырғыз Республикасы) 2003 жылдың мамырында өткен
конференциясында атап өтiлген. Редакторларды олардың ойынша мiнсiз газет қандай деп
сұрағанда, жалпы жауап “объективтi болмағанымен деректерге негiзделген” жəәне “плюрализмдi
ұстанып теңгерiмдiлiктi ескертпеу”, -деп жауап бердi.
10
бақылайды. Кейбiр жұмыс берушiлер өз стандарттар мен кодекстерiн əәзiрлеп,
бақылау құралы ретiнде қызметкердi жұмыстан шығару мүмкiндiгiн қолданады.
АҚШ-тың мамандырылған журналистердiң ерiктi қауымының (SPJ) əәрбiр мүшесi
ұсталатын, бiрақ оны орындау мiндеттi емес, əәдеп кодексi бар. Бұл кодекс
негiзiнен төрт ұстанымнан тұрады:
1) Оқиғаларды шынайы жариялаңыз
2) Тəәуелсiз əәрекет етiңiз
3) Залалды барынша кемiтiңiз
4) Жауапты болыңыз
Берiлген кодекстiң үшiншi ұстанымы ең даулы болып саналады. Шындыққа берiлiп
сенетiн көптеген журналистер бұл шындық салдарларынан бiреу зиян шексе де
олар өз сөздерiнде тұрады. Олай болмаған жағдайда олардың сөзiне қарағанда
шындық «қақпанға» түседi.
Журналистикадағы əәдеп мəәселелерiнiң көпшiлiгi тəәртiптiң дұрыстығы туралы
келiспеушiлiктерден
шықпайды.
Бұл
келiспеушiлiктер
арасындағы
айырмашылықты бəәрi бiледi. Ең қиыны — қандай тəәртiп дұрыс болып, ал қандайы
дұрыс емес болып саналатындығын анықтағанда бұл екi нұсқаның дұрыс болуы.
ƏӘйгiлi əәдеп саласының маманы бұл мəәселенi «дұрыс пен дұрыстың дилеммасы»
деп атады».
3
Мұндай дилеммалар, шындық пен берiлгендiк, қысқа жəәне ұзақ мерзiмдi
мүдделер, жеке адам мен қоғам мəәселелерiнен пайда болады. Жиi жағдайда
мұндай дилеммалардың айқын шешiмдерi болмайды. Оларды шешу тəәсiлдерi
дербестiктi жəәне ымыраны талап етедi.
Мəәдени жəәне заңдық айырмашылықтарға қарамастан əәлемнiң барлық
журналистерi дұрыс, əәдептi жəәне мамандандырылған тəәртiп ұстанымдарын
бiрдей түсiнедi. Төменде журналистердiң тəәртiбiнде орын алуды рұқсат етпейтiн
10 əәрекеттен тұратын тiзiм берiлген:
•
Жалған хабарды жариялау немесе эфирге беру
•
Ақпарат көзiн алдау немесе оған қауiп төндiру
•
Өсек немесе басқа да тексерiлмеген ақпаратты жариялау
•
Келiспейтiн пiкiрдi жасыру немесе жарияламау
•
Жеке артықшылық пен əәуестiктердi мақалаларда көрсету
3
Рашворт Киддер (Rushworth Kidder), Глобалды əәдеп институтының президентi (Камден қаласы,
Мэн штаты, АҚШ).
11
•
Ақпарат алу үшiн алдау немесе өзiңдi басқа бiреу ретiнде көрсету
•
Бiреудiң сөзiн немесе идеяларын (оларды алған көзiн көрсетпей)
қолдану
•
ƏӘңгiмелердi (рұқсатсыз) тыңдау немесе жазу
•
Дербес мақсаттарға жүгiнiп қызметтiк жағдайды пайдалану
•
Журналист жұмысымен қарама-қайшылыққа тiрелетiн жұмысты жүргiзу
(«мүдделер келiспеушiлiгi»).
Журналистерге əәдеп мəәселелерiн шешуге көмектесетiн жылдар бойы қолданып
келе жатқан тəәсiлдер бар. Оларды егжей-тегжейлi түрде бұл оқулықтың
беттерiнде қарастырамыз.
Жаңалық пен пiкiр
Деректерге негiзделген журналистика, жаңалықты пiкiрден нақты айырады.
Жаңалық пен пiкiрдi бiрiнен-бiрiн айыру тəәсiлдерiнiң бiрi (бұл екi ұғым арасында
үлкен айырмашылық бар) жаңалықтарды сыртқы деп (жаңалық себебi болған
оқиғалар, мəәселелер немесе адамдар), ал пiкiрдi iшкi (бұл оқиғалар, мəәселелер
жəәне адамдар туралы бұқаралық ақпарат құралдарының пiкiрi) деп қабылдау.
ƏӘуелi жаңалықты бекiтiп, содан кейiн пiкiрге назар аудару қажет.
Журналист тiлiмен айтқанда, жаңалық — деректер мəәлiметi. Таза түрдегi
жаңалық материалы кездейсоқ немесе ниетпен жасалған оқиғаның шыншыл
суреттемесi. Ал пiкiр болғанда жаңалық жайлы пайымдау. Ол соттың шешiмiне
ұқсас. Жаңалық мақаласында пiкiрдiң болуы мүмкiн, бiрақ ол журналистiң жеке
пiкiрi емес жəәне ол пiкiрдiң алынған көзi көрсетiлуi қажет.
Басқа элементтер iшiнде ерекше орын алатын үшiншi элемент — талдау.
Талдаудың жұмыстық анықтамасы — жаңалықтар маңыздылығын көрсету.
Американ баспасөзiнде бұл үш элементтiң əәр бiрi бөлек “торда” орналасады,
яғни газеттiң бөлек бөлiмiнде немесе бөлек бетiнде орын алады. Үш элементтi
бөлу газеттер талқылаудан гөрi оқиғаларды жариялауға назар бөлген соң XX
ғасырда қолдана басталды. Уақыт өтiсiмен бұл бөлу əәдiсi адамгершiлiк
себептерiне негiзделсе де оның басты туғызушы себебi коммерциялық
қызығушылық болды. Жаңалық пен өз жайғасымды араластырудан бас тарту
арқылы түрлi саяси көзқарасты, оң қанатты, сол қанатты жəәне орталық қанатты,
оқырмандарды тарту мүмкiндiгiн туғызды. Болып жатқан оқиғалар жайында
газет пiкiрiн бөлмеуiне қарамастан оқырмандар газеттi (жаңалықтары пiкiрден
бөлек) жарияламалары үшiн сатып алды.Жақсы газеттердiң оқырмандары
мұндай бөлудi ұната бастады, себебi, бұл бөлу оқырманға деген
12
құрметтеушiлiктi көрсеттi. Литваның тəәуелсiздiк алғанынан кейiн оның бiр
газетiнiң баспашысы бұл бөлудi қолдануына мынандай себеп атады —
“оқырмандарға мидың керектiгiн” көрсеткiсi келдi.
Жаңалықтар мен пiкiрдi бөлетiн газеттердiң көбi негiзгi жаңалық бөлiмiнiң
соңында орын қалдырып, газеттiң пiкiрiн арнайы баспашы мақалаларында, ал
бөлек авторлардың пiкiрiн бағаналарға басады. Плюрализм идеясын ұстанған
газеттер онымен келiспейтiн бақылаушылар пiкiрлерiн де орналастырады.
«Уолл-Стрит Джорнэл» (Wall Street Journal) газетiнiң редакциялық жайғасымын
оқырмандардың көпшiлiгi бөлiспейтiндiктерiмен оны жаңалық жəәне талдау
материалдарына бола алады.
«Уолл-Стрит Джорнэл» газетiнiң кейбiр журналистерi iскерлiк мүдделерiн бiрiншi
орынға қоятын консервативтi көзқарасқа наразылығын ашық көрсетiп, оны
газеттiң редакциялық мақалаларында жариялайды. Бұл жанжалды реттеу үшiн
журналистер өз пiкiрлерiн көрсетпей, деректерге негiзделген жаңалық
материалдарын жазады.
«Вашингтон пост» (Washington Post) газетiнiң редакторы жаңалық туралы
пайымдауын өзгертпес үшiн өз газетiндегi редакциалық мақалаларды
оқымайтындығын айтты.
4
Редакциялық мақала — пiкiр деректерсiз мүмкiн емес деген ұстанымға
негiзделген болғандықтан газетте жарияланған жаңалық материалына
негiзделмеген редакциялық мақаланың кездесуi өте сирек кездеседi.
Пiкiр деректерсiз мүмкiн емес ұстанымын ұсталатын журналистердi жұмысқа
алу себебi олардың көзқарастары емес, ақпаратты тауып беру қабiлетi.
Журналистиканы оқыған адамдар материалда жаңалықты да талдауды көрсете
алып, материал тақырыбы туралы өз пiкiрiн бiлдiрмейдi. Мұндай материалды
айыру оңай: егер оны оқып автордың бұл материал тақырыбы жайында не
ойлайтындығын бiле алмасаңыз, əәуестiксiз де шын журналистика стандарттары
орындалды деп айтуға болады.
Болып жатқанның оқиғаның бөлiгi болмау үшiн ақпарат көзiн көрсетiп, цитат
келтiру қажет.
ƏӘлемдегi баспасөздiң көбi бұл стандартты iскерлiк жаңалықтар беттерiнде ғана
қолданады.
Жаңалық пен пiкiрдi бөлетiн қабырғалар салынған жерде бұзылады. Америка
Құрама Штаттарының журналистикасында басты орын алатын коммерциялық
тұрғыдан “ашқарақ” бұқаралық ақпарат құралдары құмарсыздық жəәне тепе-
теңдiктi жұмыстарының негiзгi стандарттары ретiнде қабылдамайды. Қазiргi күнi
американ газеттерiнiң бетiнен саяси артықшылықтар мен ұлтшылдық
мысалдары осыдан он жыл бұрын кезеңге қарағанда əәлдеқайда жиi кездеседi.
4
Леонард Дауни-кiшi (Leonard Downie Jr.)
13
Бұл оқулық жаңалықты пiкiрден бөлу ұстанымын ұстанып, бұл бөлудi жүзеге
асыратын тəәсiлдер туралы баяндайды.
Жаңалық сапасы
Жаңалық анықтамасы барлық журналисте де бар. Жақын арада Америка
газетiнiң редакторы былай деп айтушы едi: “Менi қызықтырса ғана жаңалықты
жаңалық деп атауға болады”. Қазiргi күнi редакторлар аудитория қалауларын
еске алады. Өйткенi газеттерiнiң өмiр сүруi аудитория қалауларына тəәуелдi.
Ағылшын тiлiнде сөйлейтiн мемлекеттердiң репортерлерi үшiн — “жақсы
материалды” тауып алу— маңызды. Бiр жағынан осындай бiрбеткейлiктiң
арқасында журналистер өте құнды ақпаратты тауып алып қоғамға қызмет етедi.
Басқа жақтан материалды жариялау үшiн шындықты бұрмалау қаупi де бар.
(Жиi жағдайда “газеттi сату” мақсатымен журналистердi сенсациялық
журналистиканы қолданды деп айыптайды. Шындыққа келсек, журналистердi
толғандыратын сату емес, олардың материалдарын бiрiншi бетте жариялай ма
екен деген сұрақ).
“Жаңалық” ұғымына анықтама берудiң бiр тəәсiлi оның болжанған əәсерiне
шоғырлану. Жаңалық оқырманды ақпараттандыра ма немесе жұбата ма,
қорқыта ма, бiлiмiн нығайта ма немесе əәрекетке ынталандыра ма? ƏӘр газеттiң
бұл салада өзiнiң басымдықтары бар. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттiк хатшысы,
Генри Киссинджер, баспасөз қоғамдастығының бақылаушысы (жəәне оны
қолданудағы маманы) болды. Оның айтуынша, бiр журналист ол туралы мақала
жазыпты, бұл мақаладан кейiн “бiреудi атқың келетiн” қалау пайда болады. Ал
басқа журналист жазған мақаланы оқығанда “өзiңдi-өзiң атқың келетiн” қалау
пайда болады. Өздерiнiң шеберлiктерiн əәйгiлi адамдарды сынап, “орындарына
қою” үшiн қолданатын журналистердi Киссинджер əәзiл-оспақтап суреттедi. Бiрақ
журналистиканың мақсаты журналистиканы қару ретiнде қолдану емес.
Қоғамға қызмет етуге шын берiлген газет өзiнiң əәр жаңалық материалына
бiрнеше ұстанымдар қолданады. Бұл ұстанымдар кiтапта қысқаша аталып
өтiлдi, ендi оларға егжей-тегжейлi тоқталайық.
Нақтылық. Бұл деректердiң нақты жиынтығы — адамның аты мен
қызметiнiң дұрыс жазылуынан бастап, нақты күндi, ақпарат көздерiн көрсетiп
барлық басқа егжей-тегжейлiктермен аяқтау. Өкiнiшке орай, адамдар
мақаладағы қатенi өтiрiктен жиi айыра алмайды. Алайда оқырман газетiңiзге
сенсе əәдейi жасалмаған қатенi кешiре алады. Түзетулер жариялау арқылы
сенiм артуға болатын газеттер қателерiн мойындайды.
Баланс. Журналистиканы оқитын студенттердi əәдiлдiк пен нақтылық үшiн
мəәселенiң “екi жағын” қамтып айтуды үйретедi. Тепе-теңдiк ұстанымының
негiзi — мəәселенiң бiр жағы ғана суреттелсе ол шыншылдықтың дұрыс
жарияламануына орын бергенмен тең. Тəәжiрибеде бұның мағынасы: бiр
саясатшы басқа саясатшыны, мысалы қызметтiк қылмыста айыптаса, бұл
14
туралы айтып отырған журналист айыпталушының да реакциясын суреттеуi
қажет. Алайда көптеген мəәселелердiң барлық жақтарын да қарастыру қажет.
Айқындылық. Газеттегi жаңалық материалы айқын да қысқа болып
жазылуы қажет. Бұған бiрнеше себеп бар. Бiрiншiден, қазiргi тұтынушының
ұзақ та түсiнiксiз мақалаларды оқуға уақыты жоқ. Екiншiден, сарапшылар
емес аудитория үшiн жазылған материал ғылыми еңбек емес, бұл материал
кең қоғам шеңберiне пайдалы да ақпаратты болуы керек. Үшiншiден,
барынша кең оқырман аудиториясын тартқысы келетiн газеттер,
мақалаларын бұл аудиторияның бiлiм деңгейi төмен өкiлi түсiнетiндей жазуы
қажет.
Бастыны көрсете бiлу қабiлетi. Газеттiң оңай оқылу қажеттiгi оны тым
оңайлату қажеттiгiн талап етпейдi. Материалдың тақырыбын түсiнбейтiн
журналист оны дұрыс жаза алмайды. Журналистiң басты мiндетi — күрделi
құбылыстың мəәнiн шығарып оны құрама бөлiктерге бөлу. Бұл мiндеттi
табысты орындау журналистикада шеберлiкпен тең. Журналистен əәуелi бiр
тақырыпқа алдын-ала ақпаратты жинап, одан кейiн қосымша тергеу өткiзу
сұралады. Кейде журналистiң жинаған ақпаратының көбi мақалада
жарияланбайды. Маңызды ақпаратты маңызсыз ақпараттан ажырату
“жаңалық туралы пайымдау” деп аталады. Бұл ұғымды өздiк цензурамен
шатастырмау қажет.
Контекст. Алғашқы ақпараты немесе тарихи контексi жоқ мақала
тақырыппен таныс емес оқырманды шатастыра алады. Оқырмандардың
нақты тақырыппен күн сайын жұмыс iстейтiн сарапшылар емес екендiгiн
журналистер жиi ұмытады. Контекске ақпаратты орналастырып, бұл
тақырыптың маңыздылығы жəәне кешегi күнмен салыстырғанда бүгiн не
өзгердi екендiгi туралы журналист түсiндiредi.
Қолма-қолдық. Жаңалықтар өте тез ескiредi. Анықтаманың бiрi
жаңалықтарды “тарихтың бiрiншi шимай қағазы” деп атайды, тарихтың iстелу
барысында жазылған бұл шимай қағаз, тарихтағы оқиғалар аяқталған соң
жазылған шимай қағазынан əәлдеқайда құнды. Сонымен қатар жаңалықтарды
“асыққан тарих” деп те атайды. Газеттер жеделдiктерiмен радио, телевизия
немесе Интернетпен жарыса алмайды, бiрақ оқырмандар алдыңғы нөмiр
шыққанынан кейiн əәлемдегi оқиғаларды бiлгiсi келедi.
Бiрақ жаңалық мiнезi туралы əәңгiме жеткiлiктi. Олардың мазмұны туралы
əәңгiмелесейiк? Газет риторикалық трактаттан ақпарат көзiне айналамын десе
мазмұндалған сандық ақпарат сирек жиналып, ал қоғамдық құжаттарға құпия
ретiнде қарайтын жағдайларда газет оқырмандарына жаңалықтың қандай жаңа
түрлерiн ұсына алады? Бұл сұрақ жауабы мəәндес болмайды. Бұл жауапты кез
келген мемлекетте жұмыс iстейтiн, қоғам мүдделерiн есте сақтайтын,
мамандандырылған журналист таба алады.
Орталық үкiмет барлық шешiмдердi қабылдаған бұрынғы Кеңес Одағы
елдерiнде қазiргi “салмақты” баспасөз үшiн əәр түрлi ресми оқиғаларды
15
жариялау жиi жағдайда өте маңызды болады. Тақырыптың маңыздылығы ол
үшiн мемлекет пресс-конференцияны ұйымдастырғанда ғана артатын сияқты.
Мемлекетке сүйiнбей азаматтар тағдырларын өздерi қалайтын тəәуелсiздiк
жағдайларына қарамастан бұл əәдет өмiршең. Жаңалық тұрғысынан саяси
орталықсыздандыру мен əәлеуметтiк көпшiлiк баспасөз үшiн көптеген
мүмкiндiктер туғызуда, бұл мүмкiндiктер əәлi де журналистермен толық
пайдаланған жоқ.
Қазiргi тəәуелсiз газеттер оларды сатып алушы қоғамды қажет етедi, ал олардың
журналистерi өз ой-өрiсiн кеңейтулерi үшiн жаңа жаңалықтарды iздеу үшiн
кеңселерiнен шығу қажет.
Ерекше мəәселелер:
Бұрынғы Кеңес Одағы елдерiнде батыл жəәне пайдалы журналистиканың
мысалдарын табуға болады. Солардың iшiнде — жоғарыдағы жемқорлықты
ашатын журналистiк тергеулер, қиын мəәселелер мен оқиғалардың анық
түсiнiктемелерi, əәдеби жəәне мəәдени салаларындағы жетiстiктi суреттейтiн
мақалалар. Мақалалардың көбi басқа елдiң (əәсiресе американдық) баспасөзiнде
сирек кездесетiн дүниетаным кеңдiгiн көрсетедi.
Бiрақ басқа да мысалдар бар. Бұл мамандандырылмаған, қоғам сенiмiн
бағаламайтын журналистиканы қамтиды. Мəәселен, төмендегi материалдардың
қандай байланысы бар?
•
Табысты қонақ үйi жайындағы “жаңалық” материал
•
Күйеулерi қорлайтын əәйелдердiң оларды тастауын мазақтайтын
тақырыптар
•
Қудалауға түскен министрге қарсы анонимдiк айыптар
•
Мемлекет тергеуiне негiзделген баспанасыздардың саны қысқартылу
жайындағы жариялама
Атап өтiлген оқиғалардың барлығында “бұрыштарды қиюды” қолданып, əәдеп
туралы күмəән туғызады. Қонақ үйi мақаласы жаңалық болып көрсетiлген
жарнама берушiмен төленген жарнама болып табылады. ƏӘйелдер туралы
тақырып — баспасөздiң өз мүдделерiн қуып, ықпалын терiс қолданудың
мысалы. Министрге қарсы айыптар — əәдiлсiз жəәне тексерiлмеген жала.
Мемелекет тергеуi — əәлеуметтiк мəәселенiң бiр жақты суреттемесi, ал ол көп
жақты зерттеудi талап етедi.
Мұндай мəәселелердiң шығуын алдын-ала алуын мүмкiн емес деп ешбiр
баспашы, редактор немесе журналист айтпайды. Бұл мəәселелердiң шығуының
алдын-ала алу үшiн тек адалдық пен əәдiлдiк қажет.
16
«Пиар»
«Пиáр» сөзiнiң шығу түбiрi ағылшын тiлiнен аударғанда public relations —
“қоғаммен байланыс” болғанымен, ТМД елдерiнде батысқа қарағанда мағынасы
басқа. Батыста қоғаммен байланыстың қызметi — БАҚ-ты сендiру болса, ал
бұрынғы Кеңес Одағы көлемiнде — БАҚ-тың жұмысын төлеу болып табылады.
Америка Құрама Штаттарында мемлекеттiк құрылымы, iрi фирмалар жəәне басқа
ұйымдар өзiнiң жұмысына көпшiлiктiң назарын аударғысы келгенде пиарды
ойлап тапты. Өз мақсаттарына жету үшiн олар қоғамға əәр түрлi шаралар
ұйымдастыруға жəәне БАҚ-ты өз жұмыстарын баспасөзден көрсетудi сендiруге
мамандар жалдады. Бұл мамандардың басты мақсаты бұқаралық ақпарат
құралдарына: “Бiзге көңiл аударыңыздар, бiзге сiздiң оқырмандарыңызға
айтатын қызықты материалдарымыз бар” — деген үндеу болды.
Батыста БАҚ əәр уақытта қызықты да жаңадан пайда болған жаңалықтармен
айналасқандықтан, уақыт өте келе пиар жаңалықтар саласының бөлiнбейтiн
бөлiгiне айналды. Бiрақ батыс журналистерi ақпарат iрiктеу барысында өте сақ
болады, өйткенi пиардың көбiнесе ақысыз жарнама екендiгiн аңғарған.
Орта Азия мен бұрынғы Кеңес өкiметiнiң басқа республикаларында пиар тегiн
жарнама емес, керiсiнше журналистерге жағымды материалдары үшiн ақы
төленедi. Кейде материалға ақы төленгенiн оқырманға бiлдiру үшiн мұндай
материалдар пиар ретiнде белгiленедi. Бiрақ көптеген басылымдар мұндай
материалдарды мүлдем белгiлемейдi. Сынақшылар бұны “жасырын жарнама”
деп атайды. Ендi саяси салада — “қара пиар” деген жаңадан ұғым пайда болды.
Бұл журналистке ақы төлеп өзiнiң қарсыласын бұқаралық ақпарат
құралдарында келемеждеп, жала жабу үшiн жасалады.
Осындай тəәжiрибе оқырман аудиториясын циниктерге айналдырды. Көптеген
адамдар олардың естiгенi, көргенiнiң барлығы ақысы төленген материал деп
есептейдi. Нəәтижесiнде қоғам мен баспасөз ортасындағы сенiмнiң шаңырағы
шайқалды.
5
Қоғамның баспасөзге деген сенiмi жойылса, демократия да жойылады, өйткенi
демократиялық қоғам құруда елдiң болашағы, таза, шыншыл, əәдiл ақпаратқа
сүйенедi.
# # #
5
Қазақстанда сайлауға түсушi кандидаттардың iс-əәрекетiн бұқаралық ақпарат құралдарында
тегiн жариялауға заң орындары тыйым салып отыр. Кандидаттар газет бетiнен көлем жəәне
электрондық БАҚ арқылы эфир уақытын сатып алуларына мемлекет тарапынан қаржы бөлiнедi.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы науқан жариялауға тыйым салынған.
Көптеген жағдайда ақысы төленген материалдар оқырмандарға күнделiктi жаңалық ретiнде
ұсынылады.
|