Түйiндеме
•
Газеттiң тəәуелсiздiгi қоғамға қызмет ету мен қаржы жетiстiгi тепе-тең
болуын талап етедi.
•
ƏӘдеп — бұл журналистердiң өз еркiмен бағынатын бiрқатар реттеу
стандарттары мен ұстанымдары.
•
Екi бiрдей дұрыс шешiлетiн ең дұрысын қабылдауда əәдептiк
дилеммалар журналистикада жиi кездеседi. Мұндай дилеммалар
ымыраға келу арқылы шешiледi.
•
Аудиторияның сенiмiне арқа тұтқан баспасөз, жаңалық, талдау жəәне
пiкiр сияқты ұғымдарға анықтама беру үшiн бөледi:
Жаңалық
=
Не болып қалды?
Талдау
=
Бұл неге маңызды?
Пiкiр =
Автордың көзқарасы қандай?
•
Сапалы жаңалықтың айырмашылығы, оның дəәлдiгi, анықтығы, ең
бастысын көрсету, дер кезiнде материалды жарыққа шығару болып
табылады.
# # #
19
Сұрақтар мен жаттығулар
1) ƏӘдептiң заңнан айырмашылығы неде?
2) Елiңiзде жоғарыда айтылып кеткендей 10 əәдептi терiс пайдалану баспасөзде
кездесе ме? Бар болса, қайсысы?
3) Бiр кедей аймақта орналасқан тiгiн фабрикасының еңбек туралы заңды
бұзғаны, еңбекке қауiпсiздiк жағдайдың жасалмағаны, балалар еңбегiн
қолданғаны туралы сiзге мəәлiм болды дейiк. Егер сiз осы тiгiн фабрикасы
туралы мақала жазатын болсаңыз, мемлекет фабрика қожайынын жазалаумен
қатар фабриканы жауып тастауы мүмкiн. Сонда осы аймақта тұратын жəәне
фабрикада жұмыс iстейтiн көптеген адам жұмыссыз қалады. Бұл жерде қалай
“дұрыс” iстеуге болады?
4) Мақалаңыздан оның тақырыбы туралы оқырман сiздiң ой-пiкiрiңiздi көре
алады ма?
5) Дəәл, ұғымды, ақылды, дер кезiнде мақала жазу жолындағы өз басыңыздан
өткен қиындықтарды айтып берiңiз.
20
6) Төменде көрсетiлген деректердiң қайсысын өзiңiздiң жаңалық мақалаңыздың
бiрiншi екi абзацына пайдаланар едiңiз? (мақаланы тегiс жазудың керегi жоқ,
тек негiзгi сəәттерiн атап өтiңiз).
ДЕРЕКТЕР ТIЗБЕСI:
Бүгiн сағат 10-да қалалық əәкiмшiлiкте пресс-конференция жоспарланған.
Шетелдiк көлiк шығарушы “Тандор Мотор” жергiлiктi əәкiмшiлiк қаланың
шетiнен жүк көлiктерiн құрастыратын зауыт салуға келiсiмге қол қойылғаны
туралы пресс-конференцияда жарияланды. ƏӘкiм мен “Тандордың” басшылығы
келесiнi жеткiздi:
-
Зауыт құрылысы 10 миллион долларға түседi, оны толығымен
“Тандор” төлейдi. Зауыттың пайдалануға берiлуi жоспар бойынша 18
айдан кейiн күтiлуде. Құрылысты компанияның бақылауымен жергiлiктi
жұмысшылар жүргiзедi.
-
Зауыттың жобалық қуаты — жылына 3 мың шағын жүк көлiгi. Жүк
көлiктерi Орта Азияда сатылатын болады.
-
Зауыт қаланың орталығынан шығысына қарай 15 шақырым
қашықтықта, 20 гектарлық аймақта орналасқан. Келiсiм бойынша
“Тандор” жердi жалға алып, 20 жылдан кейiн зауытты қала меншiгiне
тапсырады. Бiрақ жүк көлiгiн сатудан түскен пайданың тең жартысын
“Тандор” алып отырады.
Пресс-конферецияда əәкiм келесiнi айтты: “Бұл зауыт ең үлкен құрылыс
болып саналады, осыдан 42 жыл бұрын салынған ғарышқа ұшу орталығының
басқармасын есептемегенде… Жаңадан салынатын зауыт жергiлiктi
тұрғындардың 1500-iн жұмыспен қамтамасыз етедi жəәне осында тұрып,
жұмыс iстейтiн жүздеген шетелдiк сарапшыларды тартады. Бiз бұған өте
қуаныштымыз”.
Сiз де репортер болып пресс-конференцияға қатысуыңыздың арқасында
басқа ақпараттарға ие болдыңыз:
-
Екi айдан кейiн əәкiм үшiншi рет сайлану науқанын бастайды.
-
Зауыттың жалға алатын жерi, əәкiмнiң күйеу баласының жерi болып
шықты.
22
Екiншi бөлiм
ЖАРИЯЛАМА
23
Деректер көңiлiңiзден шықса да деректер
болып қала бередi.
Джевахарлал Неру (1889-1964)
Алғашқы мағлұмат
Репортерлер — бұлар БАҚ əәскерiнiң жаяу жүретiн жауынгерлерi. Олардың
мақсаты — жаңа ақпарат жинау жəәне өмiрде болып жатқан оқиғалардың
алдыңғы шебiнде жүру. Басқаша айтқанда, олар бар ынтасымен деректердi
iздеуi қажет.
Зиялы демократиялық қоғамда халық көптеген ақпарат көздерiне қол жеткiздi.
Бұл елдерде журналистер салық төлеушiлердiң арқасында қаражатталатын
керектi өкiмет өкiлдерi жəәне құжаттар, саясатшылар жəәне полиция, сот жəәне iрi
ұйымдардан басқа елдiң журналистерiмен салыстырғанда оңай мүмкiншiлiкпен
ақпарат ала алады. Бұл қоғамның ақпарат алуы үшiн баспасөз бiрден-бiр
құралы болғандықтан iске асады. Орта Азия мен басқа аймақтарда жағдай
басқа, мұнда ақпарат мемлекет тарапынан қатал бақыланады. Бiрақ бұл
елдерде жақсы жариялама жасау мүмкiн емес дегеннен аулақпыз, оларды тек
жасау ғана қиынға түседi.
Жарияламаны жасауда табандылық көрсету мен тəәртiп сақтау, уақыт өте келе
бұрын жабық болған ақпараттарға жол ашады. Баспасөде əәшкерелену
нəәтижесiнде қоғамның мемлекеттен көбiрек ақпаратты талап етуiне көптеген
мысалдар келтiруге болады. Осындай мысалдардың бiрi — 2000 жылы “Курск”
су асты қайығының апатқа ұшырауы. Баспасөздегi сыншыл мақалалардың
кейбiреуi мемлекетке пайда əәкелетiнi де бар. Қазақстанның қаржы министрлiгi
бюджет бойынша есептемедегi алшақтықты көрсеткенi үшiн журналистерге
алғыс айтты. (Журналистер бұл ақпаратты қайдан алды? Интернеттегi қаржы
министрлiгiнiң сайтынан тапқан).
Барлық үкiмет баспасөзден ақпаратты жасыруға тырысады. Бұл өз
кемшiлiктерiн ғана жасыру емес, ол ұлттық қауiпсiздiкке де байланысты. Кейде
өте маңызды келiссөздiң нəәтижесiн алдын-ала жарияғылары келмейдi, өйткенi
оның ақыры белгiсiз. Болмаса мемлекет кейде баспасөздiң ақпаратты халыққа
толық жеткiзуiне күмəәнданады. Кейiнгi себеп Орта Азияда орын алған ТМД газет
редакторлары арасында жиi кездесетiн шағым, ол журналистердiң
мамандандырылған жариялама жасауда оның негiзiн бiлмеуi.
Журналистер тарихты өз көзiмен көрген, басы-қасында болған адамдар болып
саналады. Шындығында олай емес, бəәрi басқаша. Журналистиканың ең бiр
үлкен құпиясы, ол репортерлер ақпарат негiзiн байқау, қадағалау емес, тыңдау
жəәне оқу арқылы жинайтындығы.
24
Сонымен қатар, көптеген журналистер ақпараттының басым көпшiлiгi “екiншi
қолдан” немесе басқа адамдардан жиналатындығын көпшiлiк бiле бермейдi.
Министрдi президенттiң қызметтен босатуы, келiсiмге қол қоюы немесе тiк
ұшақтың құлауына журналистiң куəәгер болуы мүмкiн емес. Осындай оқиғаларды
олар сырт көзден, сырт ауыздан естидi. Яғни сенiмдi, дəәл жүйелiк сырт көздерi
бар журналистердiң жұмысы алға басады.
ƏӘрине кез келген маңызды тақырыбы бар əәңгiменi, жазылымды жасауды
аяқталды деп есептей алмаймыз. Ол үшiн маңызды шешiм қабылданады.
Материалға ненi қосамыз, ненi қоспаймыз, көптеген журналистер осы үрдiстi өз-
өздiк сынаумен шатастырады. Бұл екi ұғымның арасында үлкен айырмашылық
бар. Бiрiншi жағдайда жиналған ақпарат журналистiң қалауы бойынша
қолданылады. Өз-өздiк сынау жою үрдiсi болып есептеледi.
Шындығында күмəәнi бар ресми статистиканы пайдаланғысы келмеген
журналистiң, бұл статистиканы берген министрдi ұнатпағаны үшiн немесе
бастығы бұл мақалаға қалай қарайды,деген журналистен үлкен айырмашылығы
бар.
Бақылаушылық
Ақпарат жинаудың тiкелей тəәсiлi — дербес бақылау. Бiрақ жалған ақпарат
бермеу үшiн журналист тiс қаққан болуы керек.
Кейбiр тəәжiрибелi журналистердiң өздерi де, мақаланы сапалы ететiн анық
оқиғаларды байқамайды. Осы оқулық авторы тəәжiрибелi журналистер тобынан,
төрт сағат бойы өз фермасында экскурсия жасатқан кiсiнiң галстугының түсi
қандай екенiн сұрады. Журналистер қызыл, көк, сары, қоңыр деп əәр түрлi түстi
айтты. Ал бұл кiсiде галстук тiптi жоқ болып шықты. Бұл журналистердiң көзбен
көргеннен гөрi, сөзге сенетiндiктерiн тағы бiр рет дəәлелдедi.
Галстуктың қандай түстi екенiн бiлудiң қажетi не? — деп тайталасуға болады.
Онда басқа қажеттiлiктердi қайтемiз, мысалы жануарлардың сыртқы пiшiнi,
олардың күйi, фермадағы құрал-жабдықтардың халi, егiннiң шығыны? Экскурсия
кезiнде галстуксыз адам, оның фермасы “Жаңа Ресейдiң ауыл
шаруашылығында көтерiлiс енгiзетiнiн” айтты. Осы кiсiнiң сөзiн растайтын, сол
фермадан көзге түсетiн дəәлелдер көрiндi ме?
Журналистiң бақылаушылық қабiлетiн тексеру үшiн ол өзiне-өзi келесi сұрақты
қоя алады: “Егер де мен жол көлiк апатының куəәгерi болсам, соттың алдында
апат болған жердi кəәдiмгi куəәгерден гөрi толығырақ сипаттай аламын ба?” Бұл
сұраққа нақты жауап бере алмаса, оған бақылаушылық қабiлетiн нығайту керек
болады.
25
Бұл үшiн жаңа жердiң өзiндiк бiр айырмашылықтарын аңғаруды əәдетке
айналдыру қажет. Айналаңыздағы заттардың пiшiнiн, ауа райын, адамдарды,
олардың iс-қозғалысын байқауға тырысыңыз. Осыдан кейiн көрген-бiлгенiңiздi
қағаз бетiне түсiрiңiз. Тағы бiр тексерiп шығыңыз, ұмытып қалған ешнəәрсе жоқ
па? Бұл жаттығуды екi кiсi болып жасаңыз, сонда оның құндылығы артады.
Өйткенi нəәтижелердi өзара салыстыруыңызға болады. Жаттыққаныңызға
байланысты бақылау қабiлетiңiз нығаяды.
КЕҢЕС
Жол жүргенде немесе қоғамдық iс шаралар кезiнде бақылаған нəәрселерiңiздi
кiтапшаға жаза берiңiз. Жаза отырып оның маңыздылығына мəән бермеңiз. Ол
туралы кейiнiрек ойланасыз, материалды дайындағанда кiтапшаны жүргiзуге
болады.
Бақылаушылыққа əәдейiмен үйрететiн мамандықтың бiрi — ол полиция
мамандығы. Қылмыстың алдын алу полиция қызметiнiң басты бөлiгi, сондықтан
бақылау арқылы олар əәдеттегiден тыс заттардың бəәрiне көңiл аударады. Неге
анау адам дүкенде сауда жасамастан ерсiлi-қарсылы жүр? Неге мына
автокөлiк жай жүрiп келедi? Полицияның назарынан қылмыскерлер жиi
баратын мейрамхананың терезесiне орналасуы, есiгiнiң қай жаққа ашылатыны
да тыс қалмайды. Полиция сақтығының негiзгi ынтасы — ол өз басының
қауiпсiздiгiн сақтау.
Журналистерге өз басының қауiпсiздiгi үшiн уайымдамауларына болады, сонда
да бақылаушылық көптеген қауiп-қатерден сақтайды. Мысалы, журналист
көшедегi наразалық ереуiлiне қатысар алдында, егер ереуiлдiң ақыры ұрысқа
айналатын болса алдын-ала көшенiң қай жерiнен тез кетiп қалуға болатынын
бiлген жөн. ƏӘскердiң iс-əәрекетiн жүргiзетiн журналистер өте бақылаушы келедi.
Айналадағы жағдайды жақсылап жазу, суреттеу, бекiту қабiлеттiлiгi
жарияламаны құнды ете түседi. “Суреттi сөзбен жазу” мүмкiндiгiн қолдана
отырып, оқырман болып жатқан оқиғаның мiнез-құлқын сезiне алады.
6
ƏӘдебиет мұғалiмдерiнiң айтуынша оқырманға əәңгiмеден гөрi бiр рет жақсылап
“көрсету” мақаланы қызықты етедi.
6
Бақылауды жəәне суреттеудi журналистер əәлемдегi ең жақсы роман жазушылардан
үйренулерiне болады (мысалы, Иван Бунин, Марсель Проуст, Джеймс Джойс, Томас Вульф).
Олардың қарапайым күнделiктi өмiрдi бақылау қабiлетiнiң кереметi сондай шығармаларының
бетiне ұсақ-түйек нəәрселердi айта отырып, кiсi сезiмiн қоздыра алатын едi.
26
Жазылымды жазуда қолданылатын жазба мақалаларының егжей-тегжейi
осыдан ары қарай көрсетiледi.
Жазбаларды жүргiзу
Бiздiң көпшiлiгiмiзде суретке түсiргендей есте сақтап қалатын қабiлетiмiз жоқ.
Алынған ақпаратты ойда сақтап қалу үшiн көмек керек. Ең сенiмдi көмекшiлер
диктофон мен фотоаппарат болып табылады, бiрақ оларды кез келген жерде
қолдана алмауыңыз мүмкiн. Сол үшiн журналист жазба жүргiзу жүйесiн ылғи
дамытып отыруы керек. Жазбаны тез жəәне неғұрлым толық жазу керек.
Британ журналистерiнiң жазылым жүргiзуде өз дəәстүрлерi бар, ол —
стенография, сот пен ресми жағдайларда қолданылады. Стенография өте
сенiмдi, бiрақ оның кемшiлiктерi көп.
Стенографияны оқып үйренуге шет тiлдi үйренгендей көп уақыт кетедi. Бұдан
басқа стенография маңызды ақпараттан маңызды емесiн бөлмейдi.
Стенограмманы түсiнiп баламалауға көп уақыт кетедi.
Кез келген журналист тез жəәне дəәл жазылым жүргiзуге үйрену үшiн негiзгi
ұғымдарды қысқарту жəәне адамдардың толық атын жазбай бас əәрiптерiн
қолдануына болады. Мұндай жүйенi жүзеге асыру үшiн бiрiншi ұзақ сөздiң үн
жазылымын жасаңыз, бұл жазылымда неғұрлым ресми атау сөздерi көп болса
тiптi жақсы. Сосын сөздiң алғашқы 15 секундiн өзiңiзге таныс қысқартулармен
кiтапшаға жазуға тырысыңыз (мысалы, сөзден дауысты дыбыстарды алып
тастап жəәне жалғауды қысқарту арқылы жасаңыз). 15 секундтiң iшiнде айтылған
сөздi 15 секундте жазып жаттығыңыз. 15 секундтiк фрагменттi жеңгеннен кейiн
30 секундке, бiр минутке т.б. көшiңiз.
Өз жазуыңызды өзiңiз оқи алатындай болыңыз. Қағазға қарамай, журналист
жазылымды жүргiзсе өте жақсы. Бұл — бiр уақытта болып жатқан жағдайды
бақылауға жəәне сұхбат берушiнiң көзiне қарауға, кiтапшаға тұмсығымен тiрелiп
қалмауға мүмкiндiк бередi.
КЕҢЕС
Кiтапшаға жазылған жазылымның күшiн көрсетiңiз. Кiтапша таусылған сəәтте
жазылымның тақырыбын, күнiн көрсетiп белгiлi бiр жерге сақтап қойыңыз.
Қайсiбiр күндерде цитат немесе құнды деректер керек болуы мүмкiн.
Тəәжiрибелi журналистке сөйлеудiң немесе сұхбаттың əәрбiр сөзiн жазудың қажетi
жоқ, бiрнеше қызықтыратын сөйлемдi жазуына болады. Бiрақ бұл сөйлемдi
27
сөзбе-сөз жазып алу қажет, кейiн оны цитат түрiнде қолдануға болады. Дəәл
цитаттар — журналистикадағы маңызды элементтердiң бiрi, олар деректерге
негiзделген. Цитаттар туралы егжей-тегжейлi мəәлiметтi келесi бетте ала
аласыз.
Басты түйiндемелер
Жаңалықтардың екi түрi бар: “жедел” жəәне “ағымдағы” жаңалықтар. “Жедел”
жаңалықтарға қылмыс туралы немесе дəәл осы жағдайда болып жатқан
жаңалықтар кiредi. Бұл категорияға жанып жатқан өрт, су алып жатқан аймақтар
туралы қазiргi уақытта болып жатқан жаңалықтар да кiредi. “Ағымдағы”
жаңалықтарға: очерктер, егжей-тегжейлi мақалалар, болған жайтты түсiндiру,
журналистiк тергеу жүргiзу кiредi. Мұндай жаңалықтарды дайындауға жəәне
ақпарат жинауға көп уақыт кетедi.
Жаңалық материалы түрiне қарамастан, егер ол Кiм?,Не?, Қашан?, жəәне
Қайда? деген сұрақтарға жауап бермесе бiтпеген материал болып саналады .
Егер де Неге? жəәне Қалай? деген сұрақтарға жауап тапса, материал толыға
түседi.
ƏӘр сұраққа толығырақ тоқталсақ:
•
КIМ деп басты кейiкердi айтамыз
•
НЕ — бұл тiлге тиек болған оқиға немесе сұрақ
•
ҚАШАН — оқиға болған уақыты
•
ҚАЙДА оқиға орын алған жердi көрсетедi
•
НЕГЕ оқиғаның себептерiн түсiндiредi
•
ҚАЛАЙ оқиғаға дейiн болғанды көрсетедi.
Жаңалық жазғанда осындай тiзбе басшылыққа алынатын болса, ақпарат
жинауда оның маңызы зор. Журналист əәр сұраққа жауап алмай сұхбатты
аяқтамауға немесе пресс-конференцияны тастап кетпеуi тиiс.
Тапсырма
Жарияламаның басталуы əәдетте редактордың журналистке арнайы бiр тақырып
тапсыруынан басталады, болмаса журналист не iстеуiн өзi шешедi.
Баспасөз жүйесi дамыған мемлекеттердiң iрi газеттерiнде iстейтiн журналистер
екiге бөлiнедi: жалпы мазмұнды материалдармен iстейтiндер жəәне нақты
28
салада маманданушылар, мысалы, жергiлiктi мемлекеттiк құрылымының
жұмысы, полиция, сот, оқу жүйесi, қоршаған орта салаларында iстейтiндер.
7
Iрi газетерде мамандандырылған журналистер тобы да болады, олар очерктер
жазады. Мұндай журналистерге кең аудитория қызықты биографиялық очерктер
жазу əәсiресе қолайлы. Жақсы газеттерде бұдан басқа репортерлер тобы да бар,
олар тергеушiлiкпен айналысады. Олардың мақсаты — қоғам көзiнен сырт
қалған оқиғалар туралы бiлу жəәне бұл оқиғалардың заңсыздық əәрекетiн
əәшкерелеу.
Мамандандырылған репортерлер редактордың тапсырмасын күтiп тұрмайды,
өйткенi олар өздерiне тапсырған аймақта не болып жатқанын жақсы бiледi.
Редактор журналистен əәрқашан сұрайтын сұрағы: “Бүгiн қандай қызықты оқиғаң
бар?” Мамандандырылған журналистер бос уақыттарын өздерiнiң тақырыбын
талдауда өткiзедi.
Мұндай мамандандырудың басты артықшылығы, журналистер белгiлi бiр
аймақта сарапшы болып, тұрақты ақпарат көздерiн жандандырып отырады.
Басты кемшiлiгi, журналистер материалдың тақырыбы мен ақпарат көздерiн
жақындастырып,
бiте
қайнасып
кетуi
соншама
олардың
əәдiлдiгiне,
шыншылдығына қатер төнуi мүмкiн. Сондықтан кейбiр газеттер бiрнеше жылда
бiр рет журналистердiң мамандық салаларын өзгертiп отырады.
Экономикасы жаңа дамыған көптеген елдерде, саяси жаңалықтарды есепке
алмағанда, газеттер репортерлердiң саны жеткiлiктi болса да, мамандыру
жүйесiн қолданбайды.
8
Мамандырудың жоқ болуының басты себебi
журналистердiң редакция кеңсесiнен ұзаққа кетпейтiн дəәстүрге айналған əәдетi
болып табылады. Бұл дəәстүрдi мемлекеттiк ұйымдар да қолдап отыр, өйткенi
олар репортерлерге өз кеңселерiнде жұмыс iстеулерiне мүмкiндiк бергiсi
келмейдi жəәне ондай мүмкiндiктi бере алмайды. Мамандыру жүйесi тиiмдi
жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк ұйымдар өздерiнiң ғимараттарында баспасөз
үшiн арнайы бөлме ашуы қажет. Бөлме мебель, телефон жəәне компьютермен
жабдықталуы керек.
ТМД елдерiнiң iрi газеттерi барлық ынталарын, саяси жəәне мемлекет
жаңалықтарына аударады. Сұрақ: оқырманға осы ғана керек пе?
7
Мамандандырылған репортерлердi тəәжiрибелi журналистер арасынан iрiктеп алады, бiрақ
кейде жақсы авторлар жалпы мазмұнды материалдармен жұмыс iстегендi ұнатады, өйткенi
олардың тəәжiрибесi мен дарыны қарапайым жаңалықты қызықты етiп жiбередi.
8
Кей газеттерде журналистердiң саны керексiз көп, мұндай кезде газет оларға жалақы да төлей
алмайды. Қаржысы тұрақты газеттер жалпыға тəән ереженi қолданады: төленген таратылымның
мың данасына санағанда бiр журналистi жұмысқа алу.
29
КЕҢЕС
Оқырман санын көбейтуге қызығатын газеттер сауалдама арқылы оқырманның
газет бетiнен не оқығысы келетiнiн бiлу, олар үшiн күнделiктi iске айналды.
Репортерлер көшеде жүргiзiлген сауалдама арқылы қарапайым адамдардың,
ақпарат көздерiнiң газетте басылатын материал туралы пiкiрлерiн анықтайды.
Мұндай сауалдамадар болашақ материалдардың көзi болып табылады.
Сонымен қатар газет беделiн сақтауға көмектеседi.
Материалдың жазылуы репортердiң үстелiнде пресс-релиздiң пайда болуынан
басталады. Мұндай “өздiк жарнаманың” көбi қоқыс жəәшiгiнде табылады (бұл
дұрыс). Бiрақ кейде пресс-релиз редактордың назарын аударады.
Өте жиi көптеген журналистер мақала жазу үшiн пресс-конференцияға қатысу
не болмаса пресс-релиздi оқу жеткiлiктi деп санайды. Бiрақ пресс-релизден
немесе ресми хабардан Кiм?, Не?, Қашан?, Қайда?, Неге? жəәне Қалай? деген
басты сұрақтарына жауап табу қиын. Жақсы репортер ақпаратта кеткен
“ақауларды толтыруға” тырысады.
Зерттеулер
Жаңадан ақпарат жинау үрдiсi көп уақытты талап етедi, сондықтан көңiл
қалдыруы мүмкiн. Мысалы ақпарат көздерi баспасөзбен байланысқысы
келмейдi, мемлекеттiк ұйымдарда дəәл статистикалық ақпарат жоқ немесе
онымен бөлiскiсi келмейдi. Ал телефон нөмiрiн анықтауда жəәне мекен-жайды
бiлуге уақыт көп кетедi.
Бiрақ алдын-ала жоспарлау жəәне жинақылық жұмыс iстеудi əәлдеқайда
жеңiлдетедi. Мысалы жаңалықтар бөлiмiнде жаңадан шыққан анықтамалар
жəәне мақалалардың мұрағаты болуы керек. Жұмысы жақсы ұйымдастырылған
журналистер əәр қашан ақпарат көздерiнiң аттарын, мекен-жайын, телефон
нөмiрiн жазып, статистика жүргiзiп отырады. Олар өздерiнiң қызметтестерiмен
құпиялық материалдар мен басқасынан əәрқашанда бөлiсуге дайын болулары
қажет. Компьютердегi деректер базасы бұл салада құнды құрал болып
табылады. Бұл деректердi газеттiң барлық журналистерi қолдана алады.
Материалмен жұмыс iстеу, репортердiң “үй жұмысынан” немесе алдын-ала
жұмысынан басталады. Егер журналистке танымайтын кiсiден сұхбат алу
немесе белгiсiз тақырыпта болатын жиналысқа қатысу керек болса, онда уақыт
кетiрмей газет бұл туралы алдында жазды ма, жоқ па екенiн бiлуi қажет.
Ақылсыз сұрақ болмайды деп жиi айтады. Бiрақ журналистикада бұның бəәрi
кездеседi. Көпшiлiкке мəәлiм, жалпы ашық ақпарат көздерiнен алынған
ақпаратты журналист белгiлi бiр кiсiмен сұхбаттасқанда осы ақпаратты қайталап
сұрамауы шарт.
|