A) Кiрiспе
Бiрiншi абзац ең маңызды ақпаратты қамтуда — не, қашан жəәне қайда
болғанын ашады. (Берiлген жағдайда “Кiм?” сұрағына жауап онша маңызды
емес, өйткенi оқиғаның басты кейiпкерi адам емес, стихиялы апат).
B) Көмекшi ақпарат
Келесi үш абзац қосымша ақпарат жəәне сəәйкес цитат арқылы кiрiспенi бекiтедi.
Жергiлiктi оқырман үшiн пайдасы аз жинақтаудың орнына нақты сандар
келтiрiлуде (мысалы, электр жарығын 14 сағатқа өшiру, Солтүстiк аймақтағы
адамдардың көшiрiлуi т.с.с.). Даладағы адамның көңiлiн бөлiсу қажет, мүмкiн
үйлерiнен көшiрiлген адамдардың iшiнде шешесiнiң болуын бiлгiсi келедi.
53
C) Екiншi қатарлы ақпарат пен алғашқы мағлұмат
Келесi бесiншi абзац онша шұғыл емес ақпаратты ал алтыншы абзацта
оқырман үшiн маңызды сұрақ: олай болса қайтедi? жауабы қамтылған. Бұл
абзац
мақаланы
контекске
орналастырып,
суреттелген
оқиғаның
маңыздылығын көрсетедi.
D) Оқиға туралы одан арғы ақпарат пен оған деген реакциялар
Жетiншi абзац оқиғаның алған орны туралы көбiрек баяндап, екiншi бiрақ ондай
маңызды емес тақырыпты көтередi (химиялық қалдықтарды сақтау ұсынысы).
Мақаланың бұл бөлiгiнде кейбiр сандық ақпарат пен мақалада суреттелген
оқиғаға реакция туралы жазуға болады.
E) Егжей-тегжейлiктерi
Мақаланың қалған бөлiгiнде бос орынды толтыру үшiн айтылған оқиғаның
маңызды немесе қызықты ақпараты көрсетiледi. Соңғы төрт абзацтың кез
келгенiн жоғары қоюға болады жəәне бiреудiң сейсмологтардың болжамын артық
көруi дұрыс. Такси жүргiзушiнiң сөздерi мақалаға “дəәм” берiп, оқиғаның
қайғысын сезiнуге мүмкiндiк бередi. Оқырман үшiн маңызды да қызықты ақпарат
қалмаған соң мақаланы аяқтау қажет. Кейде күрделi бiртiндеп дамитын оқиға,
қылмыс немесе жалғастырылған апат, туралы баяндап беру үшiн əәдеттегi
қолданатын оқиғаның дəәйектi мазмұнын пайдалануға болады. Осыдан кейiн
жаңа ақпаратты мақала басына қосуға болады.
Стихиялы апат немесе мереке жағдайлары тəәрiздi үлкен оқиғаларды бiрнеше
күн, апта жəәне ай бойы баспасөз жариялап, бұл оның қоғамға қызмет етуiн
көрсетедi.
Зiлзала күнiнде жазылған мақала көптеген сұрақтарға жауап бермейдi: ғимарат
қалдықтары арасында өлгендер табылды ма, Солтүстiк аймағының төрт
үйлерiнен көшiрiлген адамдарды не күтедi (олардың үйлерiн ше), эпицентрдiң
қасында химиялық қалдықтарды сақтай ма жəәне т.б. Баспасөз ақпараты бұл
“бос жерлерiн” толтыруы керек. Қоғам мүдделерiн есте сақтап, жұрт iшiндегi
өсек пен қорқынышты қысқарта алады. Өкiмет өкiлдерi бұны түсiнiп
журналистердi дер кезiндегi жəәне нақты ақпаратпен қамтамасыздандыру қажет.
“Ойымдар”
Үлкен де маңызды оқиға əәдетте бiр мақаладан көп мақалаларда жарияланады,
зiлзала оқиғасы бұның жақсы мысалы.
Сiлкiнiстен кейiн журналистер ақпаратты iздеу үшiн қаланы аралап кеттi жəәне өз
ақпарат көздерiмен телефон арқылы байланыса бастады деп ойлайық. Бұл
iспен айналысу барысында оларға негiзгi мақалаға қосуға қажет емес, бiрақ
бөлек материалға жазыла алатын, қызықты да назар аударуға болатын ақпарат
54
кездеседi. Бұндай материалдар ойым немесе бағана деп аталып, негiзгi
мақаланың қосымша бөлiгi болады.
Жақсы жазылған ойымның кең оқырман аудиториясына қызықты ақпаратты
қамтып, деректерi тым көп құрғақ материалға қарағанда өзiне көп назар тарта
алады. Зерттеулердiң нəәтижелерi бойынша, оқырмандар өздерiн салыстыратын
қарапайым, “шын” адамдар туралы материалдар оқырмандар үшiн əәсiресе
қызықты болады.
Зiлзала ақпаратына негiзделген мүмкiн мысалдары:
- Зiлзала кезiнде лифтта қалып қойған күзетшi. Мақалаңызда өрт
сөндiрушiлердiң бұл күзетшiнi босату үшiн қабырғаларды бұзуларын
суреттеп, азат болған күзетшiден сұхбат алып оны да жазыңыз.
- Сабақтары кенеттен болмай қалған мектеп оқушысымен сұхбат.
Сонымен бiрге журналист мұғалiмдерден жəәне мектеп психологынан
стихиялы апаттың балалар психикасына тигiзетiн ықпалы жайында
сұхбат алуына болады.
- Қаланы электр жарығын қалпына келтiру жұмысымен шұғылданған
электриктер бригадасы туралы куəәгердiң əәңгiмесi.
- Аймақта орын алған зiлзалалар жайында тарихи мағлұмат.
Жоғары аталған төрт мысалдың үшеуi журналистiң далаға шығып адамдармен
сөйлесудi талап ететiнiн ескерiңiз. Соңғы мысалда ғана барлық ақпаратты
кеңседен шықпай жинауға болады.
Жаңалық мақаласына қарағанда ойым құрылымы əәлдеқайда икемдi, өйткенi ол
сондай дереу ақпаратты қажет етпейдi. Автор кiрiспенiң тура жəәне жанама түрiн
де қолдана алады. Жоғары айтылған мысалдың бiреуiне негiзделген кiрiспенiң
екi нұсқасы берiледi:
Кiрiспенiң тура түрi: Бейсенбi күнi орын алған зiлзала нəәтижесiнде электр
жарығынсыз қалған 5 мыңға жуық үйлер мен кеңселердi электр жарығымен
қайтадан қамсыздандыру үшiн жөндеушiлер тəәулiк бойы жұмыс iстедi.
Олардың ойларынша электр жарығын толығымен қалпына келтiру үшiн
тағы екi күн қажет.
Кiрiспенiң жанама түрi: Бiреу су iшу үшiн ғана iстеп жатқан жұмысын
тоқтатты. Бұл адам бригадасымен бiрге сынған кабелдi “əәр сəәтте”
табуды күттi. Расында бұл кабельдi табу үшiн оларға тағы үш сағат
қажет болды.
Болашақ зiлзалаға жақсы дайындалу үшiн кеңесi бар ойымды редактор бiрiншi
бетке орналастырғысы келiп, бұл тапсырманы сiзге жүктедi деп ойлайық.
Құжаттарды зерттеп, бiрнеше адаммен сөйлесiп жазуға дайынсыз. Редактордың
iздегенi қысқа материал екенiн түсiнiп, жанама кiрiспеден бастамай, бiрден iске
көшесiз. Мəәселен:
55
Сарапшылардың айтуынша, бiрнеше қауiпсiздiк шараларын қабылдап, күштi
зiлзаланы күтпей, қала тұрғындары өз өмiрлерiн жəәне мүлiктерiн сақтай
алады.
Осыдан кейiн су қоры, байланыс құралдары, зiлзала кезiндегi орналасатын
қауiпсiз орын бойынша кеңестi белгiленген тiзiм ретiнде жазуға болады. Мұндай
мақалаларды оқырмандар қиып өз тоңазытқыштарына ескертулер ретiнде
сақтайды.
«Ағымдағы» жаңалықтар
«Ағымдағы» сөзi — маңыздылығы аз немесе қызықсыз дегендi бiлдiрмейдi. Бұл
сөз жедел жаңалықтарды барлық басқа жаңалықтардан айыру үшiн
қолданылады. Барлық басқа жаңалықтар деп бастамасы басылымның iшiнде
орын алатын жаңалықтар, ал зiлзала немесе жоғары деңгейдегi кездесулер
тəәрiздi жедел жаңалықтар, өздерiнiң жазылуын өздерi сұрайды. Ағымдағы
жаңалықтарды жазу журналистен шығармашылықты, жоспарлау жəәне зерттеудi
жасай бiлу қабiлеттерiн талап етедi. “Ағымдағы” жаңалықтардың мысалдары
бола алатын:
• Талдау
(оқиғаның немесе тақырыптың маңыздылығын түсiндiру)
•
Очерк
(əәдетте қызық оқиғаны суреттейдi)
•
Биографиялық очерк
(əәйгiлi немесе тартымды адам туралы баяндайды)
•
Түсiндiрме
(күрделi мəәселенi талқылайды мəәселен, жаңа салық
заңы)
• Беталыс (тенденция)
(қоғамдың немесе институттың жаңа бағытын белгiлейдi)
•
Тұтынушылық
(тұтынушыларға тауарды сатып алу туралы,
бағбаншылық жайында т.с.с. кеңестер )
•
Атақтылар
(бұны жиi «өсек бағанасы» деп атайды)
Мұндағы ескертетiн жайт жоғарыда аталған мақаланың ешбiрi пiкiрдi айту
болып табылмайды. Бұл мақалалар журналист, редактор немесе басылым
иесiнiң пiкiрiн көрсетпейдi. Қазiргi газеттердi пiкiр орны — редакциялық
мақалалар жəәне түсiнiктерге арналған газет беттерi.
Мақалалардың кейбiр түрлерi “жедел” жəәне “ағымдағы” жаңалықтың арасында
жатыр, мəәселен, маңызды оқиғаларды ескертетiн материалдар, оларды кейде
“перденiң шетiн көтеретiн” деп те атайды. Мысалы:
56
Бейсенбiде Икс тау курортына төрт елдiң президентi орта азиялық
басқосудың алдында келдi, бұл басқосудың мақсаты — өкiмет
өкiлдерiнiң айтуынша бұл елдер арасындағы саяси жəәне экономикалық
байланыстарға қауiп төндiрген шекарадағы дауды шешу.
Журналистiк тергеулер ше? Оларды “жедел” немесе “ағымдағы” жаңалықтар
деп есептеймiз бе? — Оларды “жедел” да “ағымдағы” да деп бiр мезгiлде
санауға болады. Бiр жағынан тергеу мақаласы оқырманға жаңа материалды
баяндайды. Басқа жағынан ол жаңа оқиғаны айтпай, бiрақ тергеу барысында
анықталған жаңа егжей-тегжейлiктердi айтады. Мақала иерархиясында
журналистiк тергеулер айрықша орын алады, сондықтан бұл кiтаптың
редакциялау бөлiмiнде оның егжей-тегжейлiктерi суреттеледi.
КЕҢЕС
Очерк пен тергеулердi ойлағанда өзiңiзге мұндай сұрақ қойыңыз: оқырман
қызықты да пайдалы көретiн ақпараттың қайсысы жарияланған
мақалаларда жетiспейдi?
Ең маңызды деректер туралы көздi ашып жұмғанша оқырмандарға ақпарат
беретiн газеттiң “жедел” жаңалықтарының құрылымы осындай. Ал “ағымдағы”
жаңалықтарды бiрнеше түрлi əәдiстi қолданып жазуға болады. Журналистердiң
жақсы көретiн очерк құрылымы шампан бокалымен теңеледi: жоғарыда
ақпаратпен толы болғандықтан ауыр, ортасында тарлау келген жəәне аяғында
қорытындысы бар болғандықтан тағы да ауыр. Мұндай мақалалардың
қиындығы оларды қысқарту өте күрделi. Газеттегi мақала үшiн орын
жетiспегенде қай материалды қысқарту болатындығын бiлу үшiн редактор
мақаланың түгелiн оқып шығуы қажет.
Мұндай мақаланың əәдеттегi құрылымы төменде көрсетiлген:
1) Мақаланың тақырыбында орын алатын адам
немесе нəәрсеге бағытталған кiрiспенiң жанама түрi
2) “Олай болса қайтедi?” сұрағына жауап беретiн
абзац, яғни тақырып маңыздылығын түсiндiредi
3) Тақырыпты ашатын ақпарат пен цитаттар
3) Алғашқы мағлұмат немесе оқиғадан
бұрын орын алған оның тарихы
4) Тақырып туралы қосымша ақпарат
57
6) Бiрiншi абзацта суреттеген адам
немесе нəәрсеге қайтып келу
7 ) Қ о р ы т ы н д ы л а й т ы н о й н е м е с е ц и т а т
Берiлген ақпаратты сапқа тұрғызу соқыр теке ойны емес, автордың қолындағы
мағлұматты тəәртiппен орналастырудың ең тиiмдi жолы туралы сұраққа жауап
ретiнде табылады. Яғни кiтапшаңызда жазылған деректерге сүйену қажет.
ЖАҒДАЙ
Екiншi бөлiмнiң аяғында берiлетiн жаттығулардың бiрi ескi ғимаратты бұзу
туралы хабарлайтын журналист жайында. Мұндай бұзу өсiп келе жатқан
қаладағы кəәдiмгi жайт болып табылады. Пресс-релиздi оқып, телефон арқылы
сұхбатпен шектелмей, бəәрiн өз көзiмен көргiсi келген журналист оқиға орын
алған жерге жөнеледi.
Егжей-тегжейлi бақылау жəәне сұрақ қою арқылы бұл оқиғаны кəәдiмгi оқиға
қылмайтын ақпаратты тауып алады. (1) Жарылатын зарядтың бiрi жұмыс
iстемей ғимараттың бiр бөлiгi бұзылмай қалды; (2) ƏӘкiм ұсынған қаланы нығайту
жоспары бойынша соңғы бес жылдың iшiнде бұзылған ғимараттың бұл жүзiншiсi
болып табылды; (3) Бұл бұзуды өмiр бойы осы ғимаратта тұрған жəәне
ғимараттың осыдан 73 жыл бұрын салынғанын бiлетiн егде əәйел бақылайды.
Бұл мақаланың орталық элементi ретiнде ненi қолдана аламыз жəәне оның
құрылымы қандай болуы қажет? Кiрiспе абзацтардың бiрнеше нұсқасы:
Кешегi бұзуда ескi көп пəәтерлi үй жартылай ғана бұзылды, себебi жарылғыш
зарядтардың бiреуi iстемей қалды. Нəәтижесiнде ғимараттың бiр бөлiгi
бұзылмай қала бердi.
немесе
Кеше қала əәкiмшiлiгi осыдан 73 жыл бұрын салынған ғимаратты бұзды. Қала
əәкiмiмен бес жыл бұрын ұсынылған қаланы нығайту жоспары бойынша бұл
жүзiншi бұзылған ғимарат болды.
немесе
Қаланы нығайту жоспары бойынша үш қабатты ғимаратты бұзуды кеше
Ольга Икс достарымен бақылап тұрды. Ғимарат тас-талқанға айналғанда
əәжiм басқан бетiндегi бiр тамшы жасы ғана оның iшкi ойын бiлдiрдi.
Қай кiрiспенi ұнатасыз?
58
Материалдың газеттiң бiрiншi бетiне түсуiне немесе кəәдiмгi газет iшiнде қалатын
кəәдiмгi мақала болуына ықпал ететiн шешiм — бұл ақпаратты ғимаратты бұзу
жайындағы қысқа жаңалық жасауда немесе əәйелдiң естелiктерi жайында əәсерлi
очерк жазуды таңдау. Мақала жазылуынынң да осындай ықпалы бар. Бiрақ
барлығы да репортердiң кеңсесiнен шығып не болғанын өзi бiлгiсi келетiнiнен
шықты. Мақаланың мазмұны оның түрiн анықтайды.
Мақала құрылымы
Мақаланы аяқтап оны басылымға дайындау мерзiмi — əәр журналист үшiн
маңызды сəәт. Жақын арада қалыптасқан баспасөз жүйесiнде газеттер аптасына
бiр немесе екi рет шығады. Күн сайын шығып отыратын газеттерде жұмыс
iстейтiн журналистер апталық газетте iстейтiн журналистердiң бос уақыттары
көп деп ойлауы қате. Апталық газетте iстейтiн журналистердiң жəәне
редакторлардың қысымы қызметкерлердiң жетiспеуi себебiнен əәлдеқайда
жоғары болады.
“Мерзiм қысымының” ең жиi кездесетiн белгiсi — автор материалдың басын
жазу үшiн тым көп уақыт жұмсап, сосын оны мерзiмiнде тапсыру үшiн асығып
аяқтайды. Нəәтижесiнде материалдың екiншi бөлiгi тəәртiпсiз де ұқыпсыз болып
шығады.
КЕҢЕС
Мұндай жағдай орын алмас үшiн материалдың бiрiншi нобайын жазғанда əәр
сөздi бөлек қарастырмай, тез жазуға тырысыңыз. Бұл нобай тұрпайы жəәне
ақпараты жетiспейтiн болып көрiнсе де оны аяғына дейiн аяқтаңыз.
Материалдың нобайын аяқтаған соң алғашқы бөлiмнiң нобайына оралып,
жетiспейтiн ақпаратты толықтырып өз стилiңiзге ұқсатыңыз. Осылайша
материалмен жұмыс iстеу үшiн өзiңiзге көбiрек уақыт бересiз.
Жаңалық материалдарын жазу сарапшыларының айтуынша материалдың
алғашқы абзацын жазбас бұрын мақаланың жоспарын құру қажет. Жоспарды
құру барысында аударылған пирамида немесе “шампан бокалының”
құрылымын қолдануға болады.
59
Бейтарап тiлмен жазу
Жаңалықтарды объективтi түрде жазу екi мiндеттi шартқа негiзделедi: (1)
автордың бейтарап жазғысынының келуi жəәне (2) оқырманға ықпал ететiн
арнайы сөздердi бiлу.
“ƏӘсемдiк туралы əәрбiреудiң өз ойы бар” нақыл сөзiне сенсек, автор оқырманға
қандай пiкiр беретiнi туралы ойлануы қажет. “Азғырушы” деп те, “сүйсiндiретiн
шешен” деп те, “лаңкес” деп те, сонымен қатар — “бостандық үшiн күресушi”
деп айтуға болады. Атап айтылған сөздер субъективтi, олардың мағынасында
бағалаудың болуы мүмкiн жəәне оқырманның жаңалықтағы кейiпкерлерiн
қабылдауына ықпал ете алады.
Автордың мiндетi, адам мен оқиғаларға баға беруде жатыр деп кейбiреулер
келiспеулерi мүмкiн. Бiрақ ол шынында солай ма? Өзiңiзден мына сұрақтарды
сұраңыз:
1) Адамның мiнезiн бағалайтын, оның жазықты немесе жазықты еместiгiн
анықтайтын ақпарат сiзде жеткiлiктi ме?
2) Сiз бұл адамға, ол сiзге сияқты, əәдiлсiз бе?
Таңдау — сынау мен мақтау арасында жатуы шарт емес. ƏӘуестiксiзден де,
əәдiлдiктен де шындық зардап шекпейдi. Мəәселен, күнi бойы жер қазған
жұмысшыны суреттегенде “кiрден қап-қара” деп айту қажет емес. Одан да “шаң-
тозаң басқан” деп жазуға болады.
Алдын-ала ойлау стилiнiң қолындағы ең күштi құралы — сын есiм. Бұның себебi
— бұл сөз табы бағалау немесе пiкiрдi бiлдiретiндiгiнде (мысалы, жөнсiз,
сабырсыз, таңғажайып, тамаша, абсурдты, көрнектi т.с.с.). Объективтi
журналистика шегiнде мұндай бағалар беру тек оның көзiн көрсеткенде ғана
мүмкiн. Бұл баға берушiлiк журналистен шықпауы қажет. Баспасөз оқиғаны
баяндағанда деректерге сүйенсе, оқырманның өзi тамаша немесе жөнсiз болып
көрiнетiндi шешедi.
Жалған нанымды бiлдiру құралы ретiнде етiстiктер де қолданады. Төмендегi
сөйлемдердi оқып шығыңыз:
• Өз ведомосының бюджетiн шектен асырғанын министр мойындады.
• Сотталушы жəәбiрленушiнi бiлмейтiндiгi туралы сендiрттi.
Бұл екi жағдай атап аталған адамдарға сенбеу керектiгiн оқырмандарға
көрсетедi. Бұның орнына бейтарап етiстiктердi қолдануға болады, мысалы,
“айтты” немесе “хабарлады”.
Ал егер түрлi ұсақ-түйекке көңiл аударғыңыз келмей, оқырман сезiмдерiне
ықпал еткiңiз келсе сөйлем iшiне мағынасы қарама-қарсы үстеудi қосыңыз.
60
• Өз ведомосының бюджетiн шектен асырғанын министр үн-түнсiз
мойындады.
• Сотталушы жəәбiрленушiнi бiлмейтiндiгi туралы абсурдты түрде
сендiрттi.
Журналистiк мамандығының жəәне оқырманның өкiнiшiне орай, аяғында
министрдiң бюджеттi асыру үшiн орынды себебi болғандығын, ал сотталушының
жəәбiрленушiнi шынымен де бiлмейтiндiгi шығуы мүмкiн. Бiрақ жоғарыда
келтiрiлген сөйлемдер бойынша бұл адамдар баспасөзбен кiнəәлi болып
белгiлендi.
Баспасөз
олардың
абыройларын
қайтадан
қалпына
келтiрмейтiндiгiн тəәжiрибе дəәлелдедi.
Жаңалықты
объективтi
стильмен
жазбау
—
баспасөз
жұмысының
стандарттарында iстеуге машықтанған журналист үшiн бұл əәдеттен құтылу өте
қиын болады. Бiрақ əәрқашанда өзiңдi оқырман орнына қойып мына сұрақты
сұрау пайдалы: Бұл мақала арқылы маған бiреудiң пiкiрi ықпал ете ме əәлде
суреттелген тақырыпты қалай қабылдайтынымды өзiм шешем бе?
Айтқанның орнына көрсетiңiз
Адамдар мен заттарды суреттегенде сын есiм мен үстеудiң маңызы зор, бiрақ
оларды тым жиi қолдану — жалқау автордың сүйенiшi ретiнде қызмет жасайды.
Оқырман əәрекеттi көз алдына елестете алатын мүмкiндiгi — əәрекет немесе
көңiл бөлудi көрсетудiң орнына — жалқау журналист мысалы үшiн бiреу разы
немесе шаршады деп жазады. Бұл жағдайда оқырман автор сөзiне сенуi ғана
келедi.
Бiрақ оқырман сезiмдерiне ықпал етумен қатар тағы бiр мəәселе — түсiнушiлiк.
Мəәселен төмендегi екi сөйлемнiң ықпалын салыстырыңыз:
• Тұтқындалушы өз кофесiн күйгелектенiп iштi.
жəәне
• Кружкасын аузына жақындатқанда, тұтқындалушының қолы
қалтырады.
Өз үйiн бұзғанды бақылаған əәйел есiңiзде ме? Журналист оның мұңды
болғанын жазған жоқ. Ол тек əәжiм басқан бетiндегi бiр тамшы жасын ғана
суреттедi.
Автор қолында болатын тағы бiр пайдалы элемент iс-қимыл етiстiктерi.
Тiлдердiң көбiнде синонимдердiң саны көп, олардың кейбiреулерi басқаларынан
əәдемi болады. Төмендегi сөйлемдердi салыстырыңыз:
• Қоршауды бұзып, автобус өзенге құлады.
61
• Қоршауды сындырып, автобус өзенге сүңгiдi.
Жақсы суреттеу ұзақ тəәжiрибенi талап етедi, бiрақ бұл оқырман үшiн де
журналист үшiн де тиiмдi.
Ақпарат көзiн көрсету
Ақпарат көзiн көрсету — жаңалықты журналистен гөрi ақпарат көзi
жариялайтын, объективтi журналистиканың маңызды құралы.
Мұндағы ереже оңай: егер ақпарат бəәрi бiлетiн тарихи дерек болмаса немесе
журналист бұл оқиғаның куəәгерi болмаса, алынған мағлұматтың көзi
көрсетiлуi қажет.
Ақпарат көзiн көрсету себептерi:
- оқырманды шынайы куəәгерлер мен сарапшыларға жiбередi;
- түрлi пiкiрi бар адамдар арасында адалдық пен тепе-теңдiктi сақтауды
мүмкiн етедi;
- оқырманға ақпараттың қайдан алынғанын көрсетiп, баспасөзге деген
сенiмдi арттырады;
Жарияламаға арналған бұл оқулықтың бөлiмiнде аталып өткен бұл саладағы
басты мəәселе анонимдi ақпарат көздерiн қолдануда жатыр. Адамдардың көбi
олардың аттарын газет мақаласында көрсетпеуiн қалайды. Бұл жағдайда
журналист не iстегiсi қажет?
Журналистердiң көбi ақпарат көздерiн мүмкiн салдарлардан қорғау үшiн бiрден
анонимдiкке уəәде бередi, бiрақ бұл терiс пайдаланушылыққа əәкеле алады.
Мақалаға қосымша бедел беру үшiн жалғыз ақпараттандырушыны бiрнеше
“жақсы ақпараттандырылған көздерге” айналдыру қызығушылығы туады.
Саясатшылар да жауапты болмас үшiн анонимдiктi қолданады.
Газеттi мұқият түрде оқитын оқырмандар мұндай терiс қолданулар туралы бiлiп,
олар үшiн шағым айтады. Абыройын қорғағысы келетiн кейбiр жаңалық
БАҚ-тары мұндай жалпы ортақ ереже қабылдады: анонимдiк көздер пiкiр емес,
тек деректердi айту үшiн қолданылады.
Мұндай ережеге бағынушылық баспасөзге жəәрдемдесiп, саясатшыларға
жауапты болуға көмектеседi. Алайда кейбiр БАҚ-тар одан əәрi де жылжыды.
Олардың сұраулары бойынша егер ақпарат көзi анонимносттi таңдаса оған
болған себептi де мақалаға жазып косу қажеттiгi, мысалы, «жұмыстан
шығартады деген қорқыныштан» т.б. Мұндай қатал əәдiске қарсы шығатын
62
авторлар мен редакторлар оны хабарлауға бөгет жасап, ақпараттандырған
көздi «табу» үдерiсiн оңай қылады, дейдi.
15
Егер ақпарат көзiне қауiп төнсе, журналистер ең қарапайым ақпарат алу үшiн де
анонимдiкке келiседi. Мұндай жағдайда дербес пайда алу үшiн анонимдi көздерi
ойдан алынған ақпаратты қолдана отырып журналистiң жауаптылығын
арттырады.
Рұқсат етiлетiн:
Келiссөз барысын бiлетiн өкiмет өкiлiнiң айтуынша, келiсiмнiң кол қоюы
келесi сəәрсенбiде орын алады. Шетел Министрлiгiнiң баспасөз-хатшысы бұл
ақпарат жайында қандай да түсiнiктердi беруден бас тартты.
Рұқсат етiлмейтiн:
«Келiсiм — елiмiздiң суверенитетiне опасыздық», — деп айтты оппозиция
көшбасшыларының бiрi.
Ақпарат көздi көрсетудi алдын-ала ойлау құралына айналдыруды кез келген
тəәжiрибелi журналист бiледi. Бұл үшiн журналистiң немесе оның газетiнiң
көзқарасымен келiсетiн ақпарат көздерiн қолдану жəәне бұл көзқарасты
қолдамайтын көздерiмен қатынас орнатпау. Мұндай жағдайды ең дамыған
баспасөз жүйесiнде байқауға болады. Бiрақ мұндай терiс қолданушылық
ережеден гөрi əәдеп бұзушылық болып есептеледi.
Егер газет адал да əәдiл болғысы келсе ол сондай болады. Айтылғандай, бəәрi де
себепке байланысты.
Цитаттарды қолдану
Дəәл цитаттарды («тырнақшаларды») қолдану немесе қолданбау — деректерге
негiзделген журналистиканың немесе алдын-ала ойлаған журналистикадан
айырудың бiр тəәсiлi болып табылады.
Американ немесе британдық журналист үшiн жақсы цитат маңыздылығымен
Клондайктағы алтын табушының алтынды табуымен тең. Бiрақ ақпарат көздерi
көрсетiлмегенде дəәл цитат идеясы оғаш болып көрiнiп, абыржып қалушылыққа
əәкелуi мүмкiн.
15
Анонимдiктi сақтау үшiн бүркеншiк атты (ойдан шығарған атты) бiрнеше себептерге
байланысты қолданбау қажет, бұл себептердiң iшiнде: (1) ойдан шығарылған ат аудиторияны
шындықтан əәрi əәкетедi, (2) ойдан шығарған ат немесе бүреншiк ат басқа адамның аты болуы
мүмкiн.
63
Цитат ақпарат көзiнiң сөздерiн бұлжытпай берiп, екi жағынан да тырнақшамен
белгiленедi. Дəәл цитат келтiрушiлiк — объективтi журналистиканың негiзiн
қалаушы ұстанымы.
Телевизияда жəәне радиода iстейтiн журналистер жақсы цитаттардың немесе
журналистердiң атауынша “синхрондардың” маңыздылығын түсiнедi, себебi бұл
журналистер ең жақсы цитаттарға тəәуелдi. Ақпарат көзiнiң сөздерiнен шығатын
ақпарат оларға өте қажет. Газет журналистерi олардың өз сөздерi жеткiлiктi деп
ойлаулары мүмкiн, бiрақ бұл кейде олай болмайды. Ақпарат көздерiнiң
цитаттарын келтiру бiр мезгiлде бiрнеше мақсатқа жету мүмкiндiгiн бередi:
• Ақпарат көзiнiң айтқанын қоғамға тiкелей бiлудiң мүмкiндiгiн бередi, яғни
ақпаратты төтесiнен алудың мүмкiндiгi;
• Оның сөздерiн дұрыс түсiнбеген немесе мағынасын бұрмалаған деген
ақпарат көзiнiң наразылығынан журналистi қорғайды;
• Материалға “дəәм” қосады;
Достарыңызбен бөлісу: |