Жауынқұрты, шұбалшаң - жерқұрттары, азқылтанды құрттар туыстасына жататын құрттар тобы, өз құрамына әдетте ірі топырақта мекендейтін түрлері енеді.
Тропикалық ірі түрлерінің дене ұзындығы 2,5 м дейін, (ТМД-да, 45 см дейін). Дене буылтықтарының саны 80 нен 450 дейін. Әр бір буылтықта жорғалауға көмектесетін 8 ден бірнеше оншақты қылтандар бар. Көбінесе тропикалық ормандарда мекендейтін 1500 аса түрі бар; ТМД-да, 100 шамасында түрі кездеседі, көбінесе люмбрицид, (Lumbricidae) туыстасына жататын түрлері. Топырақта мекендейді, ірі түрлері тереңдігі 8 м-ге жететіндей ін қазады. Жауынқұрты көбі жер бетіне түнде, күндізгі уақыттарда, жауыннан кейін ғана шығады, (осыдан аталуы). Гермафродиттер.
Көбеюі Жұмыртқалары бар кокондарын топыраққа салады.Шұбалшаңдардың аталық және аналық жыныс жасушалары бір құртта болатындықтан, олар қосжынысты, яғни гермафродитті болып келеді. Шұбалшаңның жыныс мүшелері 9-15- буылтықтар аймағында орналасады. Жұмыртқаның ұрықтануы белбеушеде өтеді. Ұрықтану соңынан белбеушеден шырын бөлінеді де, белбеуше сыртындағы түзіліс біртіндеп құрт денесімен сырғанай отырып пілдеге айналады. Пілдеден ешқандай өзгеріссіз шұбалшаң шығады.
Регенерация құбылысы жақсы дамыған.Регенерация арқасында жыныссыз жолмен екіге бөліне алады.
Сүлік Сүлік (лат. Hirudinea) – буылтық құрттар типінің бір классы.Тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қореқтснстін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, кылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь ( пигидиум) бөлімдері жок. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (личинкасыз) дамиды.
Жыныс жүйесі - гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) аналық жүйесі үрық қапшығының ішінде орналасқан, тек бір жұп жүмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып қысқа жатынға қосылады. Жатын кең бұлшықетті қынапқа жалғасады. Жыныс тесігі қүрсақ жағында аталық шағылыс мүшесінің жанында ашылады.
Аталық жыныс жүйесіндегі 9 жұп аталық бездері түқым қапшық- тарының ішінде, денесінің ортаңғы бөлігінде метамерлі орналасқан. ¥рық қапшықтарының әрбіреуінен жіңішке ұрық түтікшелері тарайды, олар оң және сол жақтағы ұрық жолына ашылады. ¥рық жолдары дененің алғашқы үштен бір бөлігіне келіп домалактанып ұрык калтасын түзейді. Екі ұрық жолы осы қалтадан шығып, бірігіп так ұрық шашатын түтігіне ұласады. Түтік бұлшықетті шағылыс мүшенің ішінде орналасып жыныс тесігімен аяқталады. Тұқым бүрку түтігіне қосымша бездер ашылады. Сүліктердің кейбір түрлерінде (Haementaria, Glossiphonia туысынан) шағылыс мүшесі дамымаған. Бұл жағдайда сперматозоидтар безді заттардан түзілген спермато- фора деп аталатын сопақша келген қалташаның ішіне шығарылады. Аталықтары сперматофораны сүліктің аналық жыныс тесігіне жа- быстырады немесе сүліктің қынабына енгізеді. Сперматофорадан шыққан сперматозоидтар жатынға түсіп, жұмыртқаларды іштей ұрықтандырады. Барлық сүліктердің жұмыртқаларының ұрықтануы іштей өтеді. Ұрықтанған жүмыртқаларын сүліктер пілләнің ішіне салады.
Сүліктердің денесінің алдыңғы сегменттері аралығында белдеуше аймағы болады (медициналық сүлікте 9-10-сегментінде). Белдеу- шенің сілекей тері бездері ісініп шырышты пілләні шығарып түрады. Медициналық сүліктің ұзындығы 2 см-ге дейін жететін пілләнің ішіңце 20-ға жуық жұмыртқалары болады. Пілләлар су түбінде неме- се су жағалауларында кездеседі. Helobdella stagnalis, Pratoclepsis tessellata-ның пілләсі құрсағына жабысқан.
Жұмыртқаларының бөлшектенуі олигохеттердікіне өте ұқсас спиральды детерминативті жолмен өтеді. Үрықтарының даму сатысында кірпікшелерінің, целом қуысының болуы байқалады, кейін олар жойылып кетеді. Ересек формасының қалыптасуына D бласто- мераның ұрпағы маңызды қызмет атқарады. Осылардың 5 жұп ірі телобласт клеткаларынан 10 ұзын алқап клеткалары шығады кейін екеуінен мезодермальдық алқап, екеуінен құрсақ нерв тізбегі, қалған алтауынан эктодерма қабаты пайда болады.
Жалпы құрылысымен сүліктер азқылтанды құрттарға ұқсас. Еке- уінде де тұқым бездері тұқым қапшығының ішінде орналасады, жұмыртқаларын пілләнін ішіне салады, дамуы личинкасыз. Ерекше- лігі: жұмыртқаның ұрықтануы олигохеттерде сырттай (пілләнін ішінде), ал сүліктерде іштей өтеді.