Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жартылыстану институты
СӨЖ
Тақырыбы:Нереиданың,жауын құртының және сүліктің даму циклдары.
Жоспар:
Кіріспе
Неізгі бөлім
Нереиданың,жауын құртының,сүліктің даму циклдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Нереида
Нереида (лат. Nereididae) — көпқалыпты құрттар (Polychaeta) тұқымдасы. Олар теңіздердің жағалық белдеуін мекендейді, көбінесе жағалау және сублиторальды аймақтарда тығыз қоныстар құрайды. Кейбір түрлері тұшы суларда жиі кездеседі, мысалы, жапондық Nereis (Nereis japonica). Ең ірі өкілдерінің бірі - жасыл Nereis (Alitta virens) - ұзындығы 60-70 см-ге дейін жетеді.
Жыныстық жетілудің басында олар гетеронеидтік формаларға айналады, оларда: көздер, параподиялар үлкейеді, жүзу қылшықтары пайда болады. Көбею үшін құрттар су бетіне көтеріледі (Эпитокия). Ұрықтану сыртқы, ерте дамуы планктонның бір бөлігі ретінде өтеді (трохофор, метатрохофор, нектохаэта сатылары).
Полихеттерде жынысты көбеюмен бірге жыныссыз көбею де байқалады. Мысалы, Nereidae, Eunicidae тұқымдастарының өкілдері жынысты және жыныссыз жолмен де дамиды. Бұлардың денесі екі ерекше бөлімдерге бөлінеді: алдыңғы атокты және артқы эпитокты немесе эпигамия. Екеуінің айырмашылықтары: атокты бөлімінің ішкі мүшелерінің құрылысы және сегменттері сол күйінде сақталып қалады, тек жыныс клеткалары бұларда дамымайды, ал эпитокия бөлімінің сегменттері күшті өзгерістерге ұшыраған, яғни ішкі мүшелері нашар дамыған, сегменттің іші жыныс жұмыртқаларына толы, сегменттерінде жалпақтау жүзу қалақшалары болады.
Эпиток бөлімдері әр түрлі жолмен атокты бөлімінен ажырап, теңіздің жоғарғы қабатына көтеріліп, жиналады. Осы жерде жыныс клеткалары сегменттерден суға шығарылып, жұмыртқалар ұрықтанып, бөлшектену кезеңі басталады. Ал атокты бөлімдері сол мекен ететін жерлерінде қалып, регенерациялық қабілеттілігіне байланысты жойылған сегменттерін қалпына келтіріп отырады.
Эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырауы әр түрлі: палоло өкілдерінде (Eunice viridis) эпитокия сегменттері жеке-жеке үзіліп немесе бірнеше біріккен сегменттері үзіліп теңіздің жоғарғы қабатына көтеріледі; Autolytus comutus-тың эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырайтын жерінде басы пайда болып, эпиток бөлімі өз алдына бөгде особьқа айналады; Myrianida fasciata-лар эпиток бөлімінде жыныс зооидтарды немесе бластозооидтарды түзейді. Олардың, біреуі үзіліп түспей тұрып, екіншісі, үшіншісі, көптеген (30-ға дейін) бласто- зооидтар түзіледі (92-сурет). Кейін олар бөлек-бөлек үзіліп кетеді; Syllis romaso-да бүйірлік бүршіктену байқалады, басқа түрлерінде эпитокия бөлімінің бүршіктенуі ұзына бойлық бағытта өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |