Жас ерекшелік психологиясы


Сәби психикасының қалыптасуына мысалдар келтіріңіз



бет12/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
28. Сәби психикасының қалыптасуына мысалдар келтіріңіз
Нәрестелік шақ (туылған күннен бастап 1 жасқа дейін) – баланың жоғары қарқынды дамуымен және баланың қалыптасуында айрықша маңызға ие болуымен сипатталатын кезең. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі «бұрын-соңды болмаған» серпіліс жасайды – жеті айға толғанда ми салмағы екі еселенеді, ал бір жарым жасқа толғанда үш еселенеді. Кейін мұның бірі де қайталанбайды. Өмірінің алғашқы жылы бала белгілі жас кезеңдеріне тән ең маңызды деген дағдыларды және қабілеттерді үйренеді.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды: ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байланыс орнату қабілетін дамыту; баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуелділіктен бірте-бірте дербестікке көшуі. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекеттері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты (тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы). Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатынасының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады (мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы терісімен жанасудың арқасында тынышталады).

  • Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке тоқтата алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ, аузы мен көзінің қимыл-қозғалысын қысқа уақытқа тоқтата алады.

  • Екі айлық сәби қозғалыстағы адамның бет-жүзін бақылай алады, әрі ересек адамның жылы даусына күлімсіреу түрінде алғашқы жауабы пайда болады.

  • Үш айлық сәбидің әртүрлі ұнамды тысқары әрекеттерге әркелкі жағымды эмоционалдық сезімдерінің құрамдас бөліктері жиі-жиі пайда бола бастайды, олардың барлығы «жандану кешеніне» бірігеді, яғни, баланың қимыл-әрекеттері үдей түседі, жиі күлімсірейді, әуенді дыбыстар шығарады. Бұл жаста баланы кез-келген адам күлімсірете алады. Шешуші мәнге қозғалыстағы адам жүзінің сұлбасы ие.

БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ

  • 2 4 және 5 айлық баланың жиі қайталанатын жайттар арасында өзара байланыс бар екені туралы түсінігі қалыптасады, танымдық сезімдері дамиды.

  • 6 айлық балалар таныс және бейтаныс адамдарға әртүрлі қарайды. Бала сыртқы келбеттегі, дауыс ырғағындағы, дауыстағы жеке өзгешеліктерді түсіне алады. Бұл жаста негізгі сезім түрлерінің түгелдей бір жүйесін көруге болады: қуаныш, реніш, таныс және бейтаныс адамдарға қатысты сезімдер, өкпе.

  • 12 айлық балалар әртүрлі әрекеттерді игеру нәтижесінде туындайтын сан-алуан әлеуметтік сезімдерге ие болады, сонымен қатар, ересектермен қарым-қатынас мазмұны да өзгереді –көбінесе бірлесіп, әртүрлі заттармен әрекеттер жасауға бағытталған. Бала бірте-бірте мақсатты «әлеуметтік ойынға» еніп, бастаманы өз қолына алады. Оны белсенділігі мен білімқұмарлығы, дербестікке ұмтылысы сезімдерінің қалыптасуына ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет