Жас ерекшелік психологиясы



бет2/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
"Мен" Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі.
[1]
"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:

  • шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),

  • идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),

  • серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),

  • фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.

"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді. "Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас
жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік”
қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы
барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы
тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы
әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышартымен салдары бола тұра,
әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады «Мен» концепциясы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап,
өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы «мендік» қасиет
адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы
барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз «менін» айыра алуы
тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. «Мен» концепциясы
әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра,
әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады. «Мен» концепциясы ғылымға XIX-XX ғасырларда енген, адамның өзі жайлы
біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. 1950 жылы «Мен»
концепциясы Ресейде А.Маслоу, К.Роджерс сияқты ғалымдардың арқасында
феномологиялық, гуманистік психологияда дами бастады.
«МЕН» концепциясы шынайылықтың әртүрлі шеңберіндегі және оның
енжарлылығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін
анықтайды, біріншіден, тұлғаның іштей өзімен кесісушілікке жетуге
қабілеттендіреді; екіншіден, адамның тәжірибесінің интерпретациясын
анықтады. Үшіншіден, күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша,
Өзінің сананы құрайтын негізі өзіндік баға У. Джемстің қарапайым формасы
арқылы шығуы мүмкін: Өзіндік баға = Сәттілік / Талаптар .
. Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, Мен – концепциясы позитивті
көрінеді (сонымен қатар интегацияланған). Сонымен қатар ер адамдардың
өзін — өзі өзектендіруіндегі альтернативті және прагмативті мәселелерін
біріктіруге болады. Өзін бағалауды мынадай шарттарда жоғарлатуға болады:
а) Іс — әрекеттің біреуінде жеке табысқа жеткен жетістіктің қолда болуы.
б) Сәтсіз жағдайда қоғамның теріс айналуынан қорықпайтынымен
шартталса.
в) Жақсы тұста оған деген сенімділіктің болуы және басқа адамдармен қатар
қоюдың жоқтығы.


10. Мектепке дейінгі жастағы баланың дамуының психологиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Мектепке дейінгі жаста бала біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мұның өзі әлі де болса, толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар құбылыс. Мектеп жасына дейінгі баланың даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдық жалпыға бірдей міндетті мінез – құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау өзекті талапқа айналады. Мектеп жасына дейінгі баланың психодиагностикалық тексеруге арналған мүмкіндігінше қысқа әдістемелік тәсілдер экспресс әдістеме түрінде, бала тұлғасының белгілі бір сфераны тез зерттеуге ыңғайлы болғаны дұрыс
Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберінен шығып, іс – әрекетті өззара қарым –қатынас формалары мен байсалды түрлерін үлкендер арасында болатын қарым –қатынасты игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс –әрекетке кірісіп, өз іс-әрекеттерін олармен келісуді жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренеді. Мектепке дейінгі бүкіл балалалық шақ бойына балалар іс –әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау және басқа психикалық процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез – құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады.
Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады. Одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады. Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар.
· Оның бірінші жағы баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің одан алатын орнын түсіне бастауы, осыдан мінез – құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Осы кезде балада 3 жаста дағдарыс болады.
· Екінші жағы сезіммен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез –құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың серсорлық дамуы қарқынды келеді. Бұл кезеңде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі. Заттардың қасиетін бағдарлаудың дамуы. Балалық шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бір қатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесінде заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды психодиагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты орнату үшін, кез келген тақырыпқа әңгіме құру керек. Диагностикалық интервью ұзаққа созылмауы және жалықтырмауы керек. Баланың жасына және диагностика міндеттеріне сай түрлі модификациялар қолдану қажет.
11. Бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды дамуына іс-əрекеттің негізгі түрлерін сипаттаңыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауының «V. Қолжетімді әрі сапалы білім» бөлімінде «біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие интеллектуалды дарынды қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» - деп болашақ қоғам талабына сай, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып дайындалуына аса мән береді. «Ғылым саласын дамытуда бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет» - деп ғылымның әрі қарай дамуында жаңаша әдістемелерді қолданудың маңызына тоқталады. Қазіргі сұранысқа сай білім беру мен оқыту үшін интеллектуалды дарындылық технологиясын қолдану нәтижелі болмақ. Өйткені шығармашылық,дарындылық арқылы оқушылардың білімді сапалы меңгеру деңгейі жоғарылап, шығармашылық тұрғыда жаңа ойларды қалыптастыра отырып, өз іс-әрекетіне жетік талдау жасай келе бәсекеге қабілетті ұрпақ болып шығады.[1]
Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысаны болып,ал оқушыда шығармашылықтың болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз.Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек дарынды,шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек.Тек дарындылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге,мүмкіндік береді.Дарындылық пен шығармашылық егіз ұғым.Демек, шығармашылық сөзінің төркіні , этимологиясы шығару,ойлап табу дегенге келіп саяды.Жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.Философиялық сөздікте : шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мені бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет,-деп түсіндіріледі.
Тағы бір американдық зерттеуші Роберт Эннис сыни интеллектуалды дарындылықты «бағытталған интеллектуалды рефлексиялық ойлау, неге сену керектігін және қалай әрекет ету керектігін шешу» деп түсіндіреді. Рефлексиялық ойлау дегеніміз – ойға кері байланыс жасау. Шешім қаншалықты обьективті, негізгі мәселе мен мазмұн арасындағы және мазмұн мен деректер арасындағы байланысты анықтайтын ойлаудың түрі.
Интеллектуалды дарындылық – бала өз бетінше жаңа, бейне қарумен сипатталады, яғни іс әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі. Н.С.Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартымдылығымен өзгешеленетін және «еңбектен қанағаттануды сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады»,-деп көрсетеді.
12. Бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуды сипаттаңыз
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшықеттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы, барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйкесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады. Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде балада қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті дамып, түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады. Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру деген сияқты түрлері анық көріне бастайды.Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы – ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.
Тіл – ойдың жемісі. Бала тілінің таза, ойының жеткілікті болуына баса назар аудару қажет. Л.С.Выгодскийдің пікірінше, мектепте оқытудың басталуымен ойлау баланың саналы әрекетінің орталығына ығысады. Ғылыми білімді меңгеру барысында жүзеге асатын сөздік-логикалық, пайымдап ойлаудың дамуы басқа да танымдық процестерді құрайды. Баланың алғаш мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әрі үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді. Бұл жастағылардың негізгі әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі, ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында .
13. Жеке тұлғаның мінез-құлқы жəне дене бітімі типтерінің байланысы туралы Э. Кречмер мен В. Шелдонның ғылыми тұжырымдарына талдау жасаңыз
Ересек кезде балалар дене тұлғасының əртүрлі типінің бар екенін түсіне бастайды жəне оларда өз денесінің типі, пропорциялары туралы дəл болжамдары қалыптасады.Кез келген форманың өзіндік мазмұны бар. Дененің формасы адам жанының жəне ішкі рухани əлемінің айнасы, адамның психикалық функциясының мəні. Психология тарихында үлкен бағыт қалыптасқан, яғни ол жеке тұлғаның мінез ерекшеліктерімен дене құрылысының арасындағы байланысты үйретеді. Эрнест Кречмер, мынадай концепцияны ұсынды: тəндік типтердің ұйымдасуы – астеникалық, атлеттік жəне пикниктік. Күнделікті тұрмыс тіршілігінде біздер осы қарапайым биологиялық бейімділікті куəландыратын үш типті көп кездестіреміз. Э. Кречмердің тұжырымы бойынша, дене құрылысының басты осы үш типі, мінез акцентуациясының үш типі сəйкес келетінін көрсетеді. Астеникалық типке – шизотимдік, пикниктік типке – циклотимдік, атлетиктік типке – иксотимдік мінез акцентуациялары сəйкес келеді. Э. Кречмер типологиясына сүйене отырып, адамның дене бітімі оның психологиялық мінездемесімен байланысты екенін байқауға болады.
Астеникалық тип
Астеник тұйық, аутикалық, эмоциялық жағынан ұстамды, қимыл-əрекеттері икемсіз, сенімсіз, мақсатқұмар емес жандар.Бұл Э. Кречмер бойынша:
– нəзік, сезімтал аристократтар;
– əлемнен жат идеалистер;
– суық, өктем мінезді эгоистер;
– пайдакүнем адамдар.
Пикниктік тип
Бұларға тəн қасиеттер: орта бойлы, тығыз денелі, жұмсақ кең жүзді, қысқа, кесек мойынды, көкірек клеткасының астыңғы жағынан шығыңқы, салмақты қарны орналасқан. Пикниктердің қимыл-қозғалысы икемді жəне жақсы координациямен айрықшаланады. Пикник – астениктерге толық қарама-қайшы.Ол коммуникабельді, эмоционалды ашық, мейірімді, қайырымды, көзқарастары шынайы адамдар.
Пикниктердің айрықша байқалатын темпераменттерін мынадай шағын топтарға бөлуге болады:
– сөзшең-көңілді
– байсалды əзілқойлар
– тыныш, ақ жүректі адамдар
– қуатты практиктер.
Атлеттік тип
Жалпы сырт кескіні мынадай: орта немесе ұзын бойлы, бұлшық еттері жəне сүлдесі өте күшті дамыған адам. Атлеттерсабырлы, онша əсер қалдырмайтын мимика мен жест маңызды,сондықтан олар осындай ерекшеліктерімен дараланады. Олардың бір жерден екінші жерге бейімделуі өте қиын жəне оған тəн қасиет ойлаудың алғыр еместігі. Ағылшын психологы В. Шэлдон үшін ең бастысы тип туралы түсінік емес, дене бітімінің компоненттері. Зерттеу қорытындысын антроскопикалық əдістің көмегімен ол дене бітімін үш нұсқаға бөлді; эндоморфты, мезоморфты жəне эктоморфты.
Эндоморфтық тип
Олар жалпы сфералық формаларымен сипатталады: жұмсақтық, үлкен қарнының болуы, көп мөлшерде иығы мен сандарының майлы болып келуі, ішкі органдарының ірілігі, қолдары мен аяқтарының бос болуы жəне сүйектерімен бұлшық еттері жақсы жетілмеген.
Мезоморфтық тип
Кең иықты жəне көкірек клеткалары да жақсы дамыған, қолымен аяғының бұлшық еттері мықты, тері асты майының шағын мөлшерде болуы, шомбал басының болуы осы типтегі адамдарға тəн.
Эктоморфтық тип
Бет-əлпеті шығыңқы, арық адам кейпінде болады, кең маңдайлы, қолдары жіңішке ұзын, кеуде клеткалары тар, бұлшық еттері жақсы жетілмеген жəне тері асты майлы қабаттары болмайды. Сонымен бірге, В. Шэлдон алғашқы темперамент компоненттерімен сəйкес келетін белгілердің топтамасын жасады. Олар: висцеротония (организмде ас қорытатын функцияны атқарады), соматотония (қимыл аппараттарын басқарады)жəне церебротония (жоғары нерв орталықтарын басқарады).
Темперамент пен дене бітімінің арасындағы корреляцияны, яғни эндоморфтық типке – висцеротонияның, мезоморфтық типке – соматотония жəне экзоморфтыққа – церебротонияның сəйкес келетінін көрсетті.
В. Шелдон бойынша дене бітімінің үш типі

Эндоморфтық
тип

Мезоморфтық
тип

Эктоморфтық тип

Босаң.Тəбетпен
тамақтанудан
қанағаттану.
Мақтауды аңсау
жəне ұнату. Терең
ұйқы.Қиын жағдайда
адамдардың
көмегін
қажетсіну

Батыл, қайратты.
Қимылқозғалысы көп.
Дауысы зор.
Қиын жағдаятта
тікелей оңтайлы
əрекетке көшеді.

Реакция жылдамдығы
жоғары, шапшаң.
Социофобия. Əлеуметтік
қатынастарды орнатуда
қиындыққа тап болады. Жаңа
əдеттерді баяу меңгереді.
Дауысы жай. Ұйқысы
қанбайды. Бозбалаға тəн
қызуқандылық мəнері тəн
жəне сыртқы келбеті үнемі
шаршаңқы. Қиын сəттерде
жалғыз қалуға тырысады

Ғылыми əлемнің сын пікірлеріне қарамастан, Э. Кречмер мен В. Шелдонның тəлімінің практикалық бөлігі адамның тəндік феноменологиясын ғылыми тұрғыдан тану үшін құнды эмпирикалық негіз болып табылады. Адамның дене бітімі, сонымен қоса көлемі емес, дене пропорциясы мен аяқ-қолы жəне морфологиялық мінездемесі еш күмəнсіз, адамның не бұрынғы, не қазіргі əлеуметтік нормаларының айғағы. Рухани қобалжулары жəне сыртқы əлемді қабылдау типтері оның есею мүмкіншілігі.


15. Отбасындағы қарым-қатынастың: ассиметриялы жəне симметриялы стильдерінің жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына əсерін көрсетіңіз.
Ата-аналардың қатал, теріс көзқарасы керісінше әсер етеді: мұндай балалар, әдетте, сәтсіздікке назар аударады, олар тәуекелге барудан қорқады, жарыстарға қатысудан қашады, сонымен қатар оларда агрессия және дөрекілік сияқты мінез-құлық қасиеттері бар. сондай-ақ мазасыздықтың жоғары деңгейі.
Ата-ананың балаға деген эмоционалдық қатынасы мен бағалауының тікелей әсерінен басқа, өзіне деген көзқарасты қалыптастыру үшін отбасындағы қарым-қатынас стилінің маңызы зор. Осылайша, қарым-қатынас стилінің екі ерекше түрі «симметриялық» және «ассиметриялық» жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына әртүрлі әсер етеді.
Симметриялық стиль серіктестікке негізделген отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты қамтиды. Мұндай қарым-қатынас балада өзін-өзі бағалау критерийлерінің жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, өйткені жасөспірімнің өзін-өзі бағалауы тек ата-ананың құрметті қарым-қатынасымен ғана емес, сонымен қатар оның іс-әрекетінің тиімділігін бағалаумен де қолдау табады. Болашақта бұл жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының эмансипациясына ықпал ететін фактор.
Отбасындағы қарым-қатынастың асимметриялық стилі баланың шешім қабылдауға және дайындауға қатысуын шектеуді қамтиды, бұл кейіннен жағымсыз өзіндік көзқарас пен өзіндік имидждің қалыптасуына әкеледі.
16. Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының айрықша ерекшеліктері
Жеткіншек психикасының өтпелілігі балалықтың жəне ересектік бітістерінің бірдей қатысуымен, тіршілік етуімен сипат- талады.Жеткіншек кезеңінде кіші кезеңдерге тəн мінез-құлықтың кейбір көріністеріне бейімділік сақталуы мүмкін. Олар:
Бас тарту. Ол мінез-құлықтың үйреншікті формалары: қатынастардан, үйдегі міндеттерінен, оқудан жəне т.б. бас тар- тумен сипатталады. Өмірдің үйреншікті жағдайларының күрт өзгерістері (отбасынан ажырау, мектепті ауыстыру) себебіне ай- налса, жеткіншектің психикалық жетімсіздігі, невротикалық бітістері, тежелу белгілері сияқты реакциялардың туындауын жеңілдететін негізге айналады.
Оппозиция, қарсылық көрсету. Жеткіншек мінез-құлқының қалаулы мінез-құлыққа қарсылығымен көрініс береді. Наразы даңғойлық, қыдырымпаздық, қашу, ұрлық жəне қарсылық ретінде жүзеге асырылатын бір қарағанда жөнсіз қылықтар.
Еліктеу. Əдетте балаларға тəн əрі жақындары мен туысқандарына еліктеумен анықталады. Жеткіншектер үшін қайсыбір қасиеттерімен идеалдарына сай келетін ересек еліктеу нысанына айналады (мысалы, театр жайлы армандайтын жеткіншек сүйікті актердің қылықтарына еліктейді). Еліктеу көрінісі əлеуметке қарсы ортадағы тұлғалық дамуы жетілмеген жеткіншекке тəн.
Орнын толтыру. Баланың мұндай қылығы өзінің бір саладағы дəрменсіздігін басқасындағы жетістіктермен орнын толтырумен анықталады. Егер орнын толтырушы есебінде əлеуметтік талаптарға қарсы көріністер таңдалса, мінез-құлық ауытқулары орын алады. Мысалы, үлгерімі төмен жеткіншек сыныптастарының беделіне дөрекі, қиқар қылықтарымен ие болуға құмар болуы мүмкін.
Гиперкомпенсация. Бала немесе жеткіншек үлкен дəрменсіздікті анықтайтын салада жетістікке жету ұмтылысымен шартталады (дене əлсіздігінде – спорттық жетістіктерге деген тұрақты талпыныс, ұялшақтық пен ренжігіштікте – қоғамдық іс- əрекетпен айналысу жəне т.б. əуестіктер).
Жалпы жеткіншек кезеңіндегі психологиялық əсерлер қоршаған ортамен өзара əрекеттестікте пайда болып, сол кезеңге тəн мінез-құлықты қалыптастыруы мүмкін:
Эмансипация. Жеткіншектің дербестікке, ересектердің қамқорлығынан азат болу ұмтылысымен сипатталады. Ортаның жағымсыз жағдайларында үйден қашу, ата-аналарына, мұғалімдерге бағытталған аффективті ызалық, сондай-ақ жеке- дара ассоциалды қылықтардың себебіне айналуы мүмкін.
«Теріс еліктеу». Отбасы мүшелерінің жағымсыз мінез- құлықтарына қатысты қарсы мінез-құлық көрініс беріп, эманси- пация реакциясының қалыптасуына, тəуелсіздік үшін күреске се- бепкер болуы ықтимал.
Топтасу. Өз көшбасшысы, топішілік өзара қатынастардың жүйесі бар жəне мінез-құлықтың нақты стилі тəн жеткіншектердің спонтанды топтарын қалыптастыру ұмтылысы. Ортаның жағымсыз жағдайларында жеткіншек жүйке жүйесінің əртекті толымсыздығында оның бұл көрініске бейімділігі мінез-құлқын анықтап, ассоциалды қылықтарының себебіне айналуы мүмкін.
Əуестену (хобби-реакция). Ол жеткіншек тұлғасының ішкі құрылымының ерекшеліктерін сипаттайды. Спортқа əуестену,құмар ойындары, коллекция жинау көбінде жеткіншек ұлдарға тəн. Өзіне назар аудару ұмтылысы себепкер болған əрекет (көркем өнерпаздық, əдеттен тыс киім үлгісіне əуестік жəне т.б.) көбінде қыздарға тəн болады. Қайсыбір затқа, құбылысқа, пəнге (əдебиет, əн-күй, бейнелеу өнері, техника, табиғат жəне т.б.) деген терең қызығушылықты сипаттайтын ақыл-ой – эстетикалық əуестіктер жеткіншектердің екі жынысында да қатар байқалуы мүмкін.
Қалыптасушы сексуалды əуестікпен шартталған көріністер (сексуалды проблемаларға деген жоғары қызығушылық білдіру, жыныстық өмірдің ерте басталуы, онанизм жəне т.б.).Сипатталған көріністер аталмыш жас шамасына тəн қалыпты кезеңдерде мектептегі немесе үйдегі əлеуметтік бейімсіздікке əкелуімен шектелмейтін, кей-кейде емдеу шараларын талап ететін патологиялық кезеңдерде де орын алуы ықтимал.
Мінез-құлық көріністерінің туындаған шағын топшаның немесе жағдайдың шегінен тыс таралуы, невротикалық ауытқулардың қосылуы, жалпы əлеуметтік бейімделудің бұзылуы олардың патологиялық белгілерін анықтайтын өлшемдер қатарынан саналады. Мінез-құлықтың патологиялық (жəне қалыпты формаларын дер кезінде ажырату маңызды, өйткені олар педагогикалық жəне əлеуметтік көмектің əртүрлі түрлеріне мұқтаж болып, кей жағдайларда дəргерлік терапияны талап етуі мүмкін.
Жеткіншек кезеңінде психикалық дамуының маңызды бағыты қиындықтар мен проблемаларды жеңу стратегиялары мен тəсілдерін қалыптастыруға тығыз байланысты. Олардың біршамасы балалық шақта күрделілігі қалыпты жағдайларды (сəтсіздіктерді, ұрыс-керістерді) шешу үшін қолданылып, үйреншікті əдетке айналады. Жеткіншек кезеңінде олар түр өзгеріске ұшырап, жаңаша ересек мағынамен толысады, дербес бітіске ие болады.
16. Жеткіншектің ұжымдағы қарым-қатынасына сипаттама беріңіз.
Жеткіншектік кезеңге өтудегі баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістері сана-сезімнің дамуын- дағы сапалық өзгеріспен анықталады, сондықтан бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады.
Жеткіншекте ересек адамның позициясы қалыптаса бастай- ды, оған ересектік сезімнің дамуы жəне жеткіншектің ересектігін басқа адамдардың тануы негіз болады. Жеткіншек бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды. Мінез-құлық пен іс-əрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне жəне басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийі болады. Мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген əлеуметтік сана-сезім болады.
Əлеуметтік өмір адамдар арасындағы қарым-қатынаста дами- ды. Осы қарым-қатынас негізінде өзара əрекеттестігінің негізі қалыптасады. Басқа адамдарға бағдарланудың негізінде жүзеге асатын, əлеуметтік əрекет арқылы болатын, адамдардың байланы- сын əлеуметтік байланыс дейді. Кез келген адамның қарым-қатынаста нақты əлеуметтік рөлі бар. Мұндай рөлдер жеке адам туралы ақпарат береді жəне кейбір жақтарын жасыруы да мүмкін. Қарым-қатынас тəсілдерін жəне мəнді қарым-қатынасты ұйымдастыру ұмтылысын адамның өзі жəне басқа адамдар жайлы ақпараттары анықтайды.
Адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктері жоғарғы жүйке жүйесінің типімен анықталып, темперамент қасиеттерімен көрінеді. Адамның психикалық құбылыстары экстраверсия мен интраверсия қарым-қатынаста айқын көрінеді. Басқа адамдармен жеңіл тіл табысып, əрі таныстарының шеңбері кең адам- дар, жүйке іс-əрекетінің неғұрлым күшті типімен байланыс- ты экстраверсиялық қасиеті басым адамдар. Мұндай адамдар əртүрлі істерді атқарғанды ұнатады, өздері қоршаған адамдардың көзқарасына тəуелді.
Интраверттер жүйке іс-əрекеті əлсіз типтегі адамдар, олар өздерінің ішкі жан дүниесін бағалайтын адамдар. Қарым- қатынаста өз серігін таңдап отырады, сондықтан таныстардың шеңбері тар. Адам өзін бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Басқа топпен қарым-қатынаста болған, адам үшін өте пайдалы. Біріншіден, ол адамның көзқарасы, қоршаған əлемге деген əсері, ойлары өзгереді, Екіншіден, тікелей қарым-қатынас, арқылы болатын, жаңа психикалық құбылыстар пайда бола бастайды.
Топ – бұл өзіндік күйі мен құрылымы бар бүтін бір ұйым. Топтың əр мүшесін жақсы біле тұрып, оның қарым-қатынастағы іс-əрекетін алдын ала болжау мүмкін емес. Ұжымның табиғи əлеуметтік-психологиялық негізі – бұл кіші топтар. Кіші топтардың жоғарғы дəрежде дамуымен ұжым қалыптасады. Ол бірден пайда болмай, мақсатты түрде жүзеге асады. Іскер жəне жеке қатынастардың үйлесімділігі қандай да бір топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші. Баланың мінез-құлқы топ арқылы бағаланатындықтан, бала үшін топтың маңызы өте зор.
17. Жеткіншектің ересектермен қарым-қатынасының жеке тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін əсерін анықтаңыз.
Ересектермен қарым-қатынас негізінде баланың жеке тұлғасы қалыптасады. Ересек адам адамның психикалық дамуы- на ықпал етіп, адамзат мəдениетінің жетістіктерін ұрпаққа та- быс етеді. (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, М. И. Лисина). Балада қарым-қатынас қажеттілігінің пайда бо- луы, оның онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті болып табылады. Баланың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші факторларының бірі – ол балалардың ересектермен қарым- қатынасы. Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасының мəнінің ұлғаю себебі, ересектермен қатынасының белгілі дəрежеде жетіспеуінен деп көрсетеді.
Жеткіншек пен үлкендер арасындағы қарым- қатынастарында қайшылықтар болып тұрады. Себебі жеткіншек өзін есейдім деп есептейді де, үлкен адамдардың оған əлі бала деп қарауының келіспеушілігінен болады. Осындай қайшылықтар нəтижесінен олардың өмірінде дағдарыстар болады. Бұл дағдарыс 11-16 жас арасында болады, яғни жеткіншектердің өздеріне де- ген қатынастарына риза болмауынан.
Жасөспірімнің «Мені» əлі толық дамымаған, сол себепті ол барлық уақытта мазасызданып бір нəрсені іздеп отырады. Жасөспірімнің өз құрдастарымен, үлкен адамдармен қарым- қатынаста болуы олардың «тұлға» болып өсіп жетілуіндегі ең маңызды шарт болып табылады. Қарым-қатынастың сəтсіздікке ұшырауы жасөспірімнің барлық уақытта дискомфортта жүруіне əкеліп соғады. Ал мұның орнын жасөспірім өмірінің басқа саласындағы жетістіктері толтыра алмайды. Адамдармен қарым- қатынасты жасөспірім өзі үшін өте маңызды деп санайды. Олар адамдармен қарым-қатынас жасағанда олардың дауыс ырғағына, сеніміне көп көңіл бөледі.
18. Жасөспірімдік кезеңнің психикалық даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Баланың жас өспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай? Адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 18 мен 19-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Өзіндік сана күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компонеттер ретінде өзіне. В.С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менің ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. «Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол тұлға ретінде өзі туралы соғүрлым көбірек ақпарат алады, практикада өзі туралы өз пікірлерін басқалардың пікірлерімен байланыстыруына тура келеді. Оның өз әрекетін, қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және белсендірек дами түседі. Сондай-ақ басқа да адамдардың түлғалық саналары дамиды».
Ерте жасөспiрiмдiлiкке өту жолында жоғары сынып оқушыларын оқытуда оларды» адамгершiлiк қабiлетi, сана сезiмдерi, анықтаулары қалыптаса бастайды. Яғни, бұл кезең адамгершiлiктi» жаңа деңгейiне өтудi бiлдiредi. Егер төменгi сыныптағы шақта адамгершiлiк мәселелерiн шешуде – мұғалiмдер мен ата-ана болса, ал жасөспiрiмдер бұл сұрақтарды шешуде өзiнiң жора-жолдастары ұжымында және де ғылыми көркем публицистi әдебиеттi, өнер туындыларын, теледидар т.б. жүгiнедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет