Әрбір
жас шағы психикалық
дамудың ерекше сапалы кезеңі
болып
табылады және бала
дамуының осы кезеңдегі оның
жеке
басының өзіндік
құрылымының жиынтығы
құрастыратын
көптеген
өзгерістермен сипатталады.
Л.С.Выготский жас шағы
дамудың
белгілі бір дәуірі немесе
сатысы, дамудың белгілі,
біршама
тұйық кезеңі деп
қарады, оның маңызы дамудың
жалпы
циклінде алатын
орнымен және дамудың жалпы
заңдарының
одан әр кез өзіндік
көрініс табуымен анықталады.