Жас ерекшеліктер физиологиясы



бет2/9
Дата15.11.2023
өлшемі0,49 Mb.
#124161
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қозудың жүйкеден өту заңдары- қозу үрдісінің жүйке бойымен таралу ерекшеліктерін қозуды өткізу заңдары деп атайды. Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы бойынша жүйкені созса, қысып жаншыса, кессе, кептірсе, оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады.
Қозуды екі жақты өткізу заңы. Жүйкенің орындайтын қызмет түріне қарамастан, оның қай-қайсысы болса да тітіркендірілген жерден бастап қозу үрдісін екі жаққа қарай өткізеді. Қозғыш жүйкелер қозғыштық қасиеті төмен жүйкелерден гөрі қозу үрдісін тезірек өткізеді.
Түйіспе (синапс) деп өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қызмет атқарушы жасушасы түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы ұласуды айтады. Түйіспе ұғымын физиологияға енгізген ағылшын физиологы Ч. Шерингтон.
Түйіспелер ұласқан жасушалардың түріне қарай нейронаралық , ет-жүйкелік болып әсеріне байланысты қоздыратын, тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық , электрлік болып үш топқа бөлінеді. Кейде аралас электрлік-химиялық түйіспелер де кездеседі.
Денедегі барлық түйіспелердің құрылысы біркелі. әрбір түйіспе үш элементтен, атап айтқанда пресинапстық (түйіспеге дейінгі), постсинапстық (түйіспеден кейінгі) мембраналардан және түйіспелік саңылаудан тұрады.
Түйіспелердің түрлері. Орналасуына, яғни қандай құрылымдарды ұластыруына қарай ет- жүйкелік және нейронаралық түйіспелер болып екіге бөлінеді. Нейронаралық түйіспелер екі нейрон талшықтары арасында не нейрон денесі мен басқа нейрон талшықтары арасында құралады. Қозу не тежелу пайда болуына қарай түйіспелер қоздырушы және тежеуші түйіспелер болып бөлінеді.
Тежеуші түйіспелерде тежелу мебрананың К+ катионына өтімділігін күшейтеді. К+ катионының түйіспе саңылауына шығуына байланысты постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады да, постсинапстық тежелу потенциалы (ПСТП) пайда болады.
Орталық жүйке жүйесінде және ет-жүйкелік түйіспелерде қозудың өтуіне көбінесе ацетилхолин қатысады. Осы кезде көптеген медиаторлардың орталық жүйке жүйкесінде қозу және тежелу үрдістерінің түзілуіне қатысатыны анықталады. Қоздырушы медиаторлар қатарына ацетилхолин, адреналин, норадреналин, АТФ қышқылы, серотонин, ал тежеуші медиаторларға гаммааминмай қышқылы (ГАМҚ) , самотостатин т.б. жатады.
Нейрон бетінде тежеуші түйіспелер басым болса, сол нейронның қозуы тежеледі, ал белсендірілген қоздырушы түйіспелер басымырақ және келіп түскен серпіністер маңыздырақ болса, әрине нейрон қозатын болады және қозу аксонның нейроннан шыққан жерінде пайда болса ондай нейрон тезірек қозады.
Түйіспелердің физиологиялық қасиеттері

  1. Қозу түйіспе арқылы көбінесе медиатордың қатысуымен өтеді

  2. Түйіспеде қозу бір-ақ бағытта пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай өтеді. Бұл түйіспенің құрылысы мен қозу үрдісінің өту механизміне байланысты

  3. Түйіспе әрекеті ұзаққа созылмайды, тез аяқталады. Түйіспе тез қажиды. Қажу медиатор мөлшерінің азаюына байланысты.

  4. Қозу баяу өтеді, түйіспеде 0,2 -0,5 мс кідіреді, мыны түйіспелік кідіріс дейді.

Электрлік түйіспе (грек, ephapsis – жапсар, түйісу) . Орталық жүйке жүйесінде қозуды көбіне химиялық өткізгіштер арқылы өткізетін түйіспелермен қатар химиялық жолмен өткізетін бірен-саран түйіспелер –эфапстар бар.
Түйіспелік саңылаудан өтуі постсинапстық мембранада постсинапстық қоздырушы потенциалды ырықсыз тудырады. Қозудың осылайша өту механизмін электрондық деп, ал түйіспенің өзін электрлік деп атайды.
Жүйке жүйесінің маңызы, оның дамуы, зерттеу әдістері.
Нерв (жүйке) жүйесі- ақпаратты жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеже маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі-нерв клеткасы –нейрон.
Адам организмдегі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден және ұлпалардан тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супержүйе болып есептеледі. Осы күрделі құрылымда ерекше рөлді орталық нерв жүйесі –ми мен жұлын атқарады.
Ол адам организмдегі барлық клеткалардан ұлпаларды, мүшелерді, бұлардың жүйелерін өзара байланыстырып, функциянальдық біртұтастыққа ұстайды.
Эволюция барысында қозғалу функциясының күрделенуі мен жетілуіне байланысты нерв жүйесінің бұл алғашқы типі көптеген өзгерістерге ұшырады. Соның бірі-әр түрлі маманданған нерв клеткалары белгілі бір орындарға жинақталады, қабылдағыш (сезгіш) нейрондар рецепторларға жақын маңда, ал қозғағыш (мото) нейрондар өздері жабдықтайтын бұлшықет топтарының маңында орнығады.
Осыдан түрлі нерв түйіндері (ганглийлер) түзіледі. Бұлар бір-бірімен нерв талшықтары арқылы байланысады.
Нерв жүйесі эволюциясындағы келесі ерекшелік нейрондар арасындағы байланыс өзгерулерінен көрінеді. Ішек қуыстыларда нерв клеткалары бір-бірінен жекеленбеген. Олар
өзара ұзын және жіңішке протоплазмалық көпіршелер арқылы байланысқан (нейропидьтік тип).енді нейрондар бір-бірімен ерекше нейронаралық морфофункциональдық құрылымдар арқылы байланыс жасайтын болды. Бұл аралық байланыстырғыш құрылымдарды синапстар деп атайды.
Бұл ұғымды ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон енгізді. Синапс (грекше, -байланыстыру, қосу, біріктіру) нерв клеткасы аксонының ұшын екінші нейронмен байланыстырып морфофункциональдық құрылым.
Нейрондар арасындағы синапстық контактылар алуан түрлі. Олар бір-бірінен әрекет ету механизмі жағынан, клетка беткейде орналасу ерекшеліктеріне қарай, функциональдық бағыты тұрғысынан туған тиісті белсендік аяқталғаннан соңғы модуляцияға қабілеті жағынан қасиеттерінен айырмашылықтар көрсетеді. Дегенмен синапстардың барлығына да ортақ бола алатын құрлымдық және функциональдық жалпы қасиет де бар.
Кейінгі кезде жүргізілген микроэлектродтық зерттеулер арқасында қозу өткізу тәсілі жағынан алғанда синапстардың үш типінің бар екендігі белгілі болып отыр. Ең көп тарағаны химиялық синапстар, содан соң электрлік синапстар, ең азы аралас синапстар.
Орталық нерв жүйесі әрекетінің негізгі және спецификалық көрінісі –рефлекторлық актылардың орындалуынан, яғни рефлекстерден байқалады.
М.И. Сеченов өзіне дейінгі рефлекс туралы түсініктерді талдап жинақтай келе бұрын айтылмаған жаңа сападағы , жаңа сатыдағы тұжырым жасады. «Ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде ол: «Саналы және санасыз тіршіліктің барлық актылары өздерінің пайда болу тәсілі жағынан рефлектер болып таьылады» деп жазды. Сөйтіп ол психикалық әрекеттің де рефлекторлық табиғатын мойындаған.
Рефлекс орындалу үшін рефлекторлық доға яғни рефлексті тудыратын қозу өтетін жол керек. Рефлекторлық доға –рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің комлексі. Мұны синапстар арқылы өзара байланысқан афференттік, аралық және эфференттік бөлімдері бар.
Рефлекстерді жіктеу. Организмнің атқаратын рефлекстерінің саны да, түрі де өте көп. Оларды әр түрлі белгілеріне қарай жіктеуге болады. Төмендегі 1 - суретте жүйке жүйесінің бейнесі бейнеленген.

    1. жүйке жасушасының құрылысымен танысу, суретін салу. 2.Синапстың құрылысы мен қызметі.


1 – сурет. Нерв клеткасының (А) және снпапстың (А,В, Г) құрылысы:


1 - дендрит, 2 - нейроның денесі. 3 - аксо-сомалық синапс. 4 -аксо- синапс, 5 - аксон, 6 - Шван қабығы. 7 – шван белдеуі. 9.1-аксон көпіршігі, 10 – 11 - 12 -
сішапстнк, бүршік, 13 - сипапстың томенгі мембранасы. 14 -постсинапстық мембрана, 15 - митохондрия.

2- сурет. Синапстың қүрылысы;
1 - аксон, 2 - митохондрии, 3 - синапс көпіршігі, 4 — пресинапстық мембрана, 5 — постсинапстық мембрана.6 - медиатор қабылдағышы, 7 -синапстық саңылауы, 8 – дендрит
Қарастырылған сұрақтар.

      1. қозу дегеніміз не?

      2. нейрон дегеніміз не? Әдебиет – 1, 2,3.

№ 3 Тақырып Жоғарғы жүйке жүйесі және оның жастық ерекшеліктері.



  1. Қозу физиологиясы

  2. Нерв клеткасы-нейронның құрылысы мен қызметі.

Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тынышытық және физиологиялық белсенділік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет