Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет15/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Қорытынды
Табиғи ортаны ластаушы заттар əр түрлі болып келеді. Ол заттар 
өзінің табиғатына, шоғырлануына жəне адам организміне əсер ету уақытына қарай 
əр түрлі жағымсыз нəтижелер туғызады. 
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар 
ауада күн сəулесінің əсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. 
Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа 
толқынды электрмагниттік сəуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп 
шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы – радиактивті нуклидтер. 
Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сəулелер адамның ағзасына түскенде 
жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нəтижесінде түрлі аурулар пайда 
болады. 
Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма жəне бэта, сияқты 
радиоактивті сəулелер. Ионданған сəулелер адам, жануар ағзаларында ақуыз, 
фермеш жəне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сəуле ауруының дамуына əкеліп 
соғады. Сəуле ауруы өзінен алынған сəуленің мөлшеріне қарай ауыр жəне 
созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сəуле алғанда ауыр сəуле ауруына 
ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уақыт сəуле ауруына шалдығады. Қабылданған 
мөлшеріне қарай сəуле ауруы төрт түрлі дəрежеде болады: 1-дəрежесі жеңіл түрі – 
100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дəрежесі орташа – 200-300 рентген; 3-ші дəрежесі 
ауыр – 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дəрежесі өте ауыр – 500 рентгеннен астам 
мөлшерде сəуле алған кезде болады. 
Сəуле ауруы төрт кезеңде жүреді: бірінші кезең – сəуленің организмге əсері 
оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: əлсіздік, бас айналу, бас 
ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, 
естен тануы. Екінші кезең – бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы 
жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі 
деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да, екі 
күннен үш жетіге дейін созылады. Əлсіздік, терлегіштік, тəбетінің төмендеуі
ұйқысынын бұзылуы байқалады жəне қандай өзгеріс болады. Үшінші кезең – өте 
жоғары мөлшерде сəуле алғанда сəуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың 
температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі 
асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан 
ұюы бұзылады да, жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия, 
іш өту, қанның бұзылуы, т.б.). Төртінші кезең – сəуле ауруының жеңіл түрі, бұл осы 
кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп 
кетеді. Орташа жəне ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып, қан 
азаяды, қан қысымы көтеріледі жəне организмнің əлсіздігі байқалады. 
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау 
реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар 
соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын кеңес дəуірінде оны бейбіт мақсатқа 
пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса 
жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті 
радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті 
қалдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұксат етілмейді. Əрине, бұл жағдай 
кейбір елдерде сақталмайды. Мəселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге 
айналған. Жыл сайын мұхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. 
Көптеген дамыған елдерде атом өнеркəсібі кəсіпорындарында белгіленген 
санитарлык нормаға дейін радиактивті заттардың концентрациясын азайтатын 
тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар баллондарға салынып, цементтеледі де, 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
14
арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың 
денсаулығына қатты əсер еткен, атом энергиясындағы ешуақытта болмаған апат. 
Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған жəне 
ауданы 3000 шақырым болатын жерге таралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет