Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Алқаның бөлшектерінің атауы



Pdf көрінісі
бет58/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   154
Алқаның бөлшектерінің атауы: 
алақан – алқаның ортаңғы негізгі бөлігі, 
тақтасы; аяқ – алқаның салпыншағы; тойнақ – алқаның екі ұшын біріктіретін топса. 
Алқаны қандай материалдан жасағанына байланысты: лағыл (рубин), маржан 
(коралл), меруерт (жемчуг) алқалар деп атайды. 
Бисермен тоқу технологиясы: 
паралель тоқу; дөңгелек тоқу; инемен тоқу; 
ілгекпен тоқу. 
Технологиялық карта.
1. 3 сумоншақ өткізіп, 1 бисерді қалдырып, 2 бисерден 
сыммен қарсы өту. 2. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы 
өткізу. 3. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 4. 
Сымның басына 5 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 5. Сымның басына 
4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу (керісінше, кескін кішірейеді). 6. 
Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 
Сумоншақпен кестелеу технологиясы.
Айқас тігіс əдісімен суреттегі 
түстердің түріне лайық су моншақтарды санап, жіпке тізіп бекіту. Бұрыннан белгілі 
бұл əдіспен бір шетінен бастап, ең соңына дейін қатарымен тізуге болады. Бұл еркін 
түрде түстердің бірінен кейін біріне ұласуын бере отырып, моншақты тізіп, матаға 
бекіту əдісі. Айқас тігіс əдісіне қарағанда күрделі жұмыс кескіндемеге қатты 
ұқсайды. Оның қолданбалы сəн өнері жемісі екенін су моншақтардың жылтырап 
көрінуінен аңғаруға болады. Берілген тақырып бойынша қағазға эскиз-жоба 
салынады. Дайын суретті матаға қарындашпен сызып көшіреміз. Моншақты матаға 
бекіту технологиясын пайдалана отырып, матаның ең оңай деген жерінен жұмысты 
бастауға болады. 
Суреттегі түстердің бір-біріне ауысуын ескере отырып бейнелеуді тігіп шығуға 
болады. Инені матадан өткізіп, суреттегі түсіне лайықтап моншақтар тізіп, салынған 
сурет өте кіші болса, 1, 2 су моншақтан, сурет ірі, жарық жерге 3 су моншақтан 
бекітіледі, тігілген моншақтар көлденеңінен жатуға тиіс. Жұмысты екі инемен 
немесе бір инемен де орындауға болады. 
І. Бір инемен тігу үшін қажетті түстегі су моншақты 4-5 см ұзындықта тізіп, 
инені мата астына өткізіп, бастау етіп түйіндеу керек. Осы қатарды басынан бастап 
сол инемен 2, 3 моншақтың арасынан жіппен бекітіп, матаға тігу керек. 
ІІ. Екі инемен тігу үшін бір инеге моншақ тізіп, екі инемен 1, 2, 3 моншақтан 
кейін матаға бекітіп отыру керек. Моншақты матаға бұдан көп бекітуге болмайды. 
Егер моншақ көп болып кетсе, матаның бетінде 1-уі салбырап бос қалады. Бисер 
тоқу өнері өте нəзіктікті, əдемілікті, шыдамдылықты жəне фантазия мен шеберлікті 
талап етеді. Əр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс 
істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық 
қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет