Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет60/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   154
АЙДАР Əсем, 
№125 мектептің 7 сынып оқушысы, Жаңақорған кенті, 
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ОРЫНБАСАРОВА Ботагөз, 
№125 мектептің «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің мұғалімі, Жаңақорған кенті, 
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗДЕРІНДЕ «Ң» ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 
Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі.
«Қазақ тілі сөздерінде «ң» 
дыбысының қолданысы» атты ғылыми-зерттеу жұмысына қазақ тілі сабақтарында 
жəне сабақтан тыс уақытта «ң» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу, жасалу, 
жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең 
зерттелгенімен зерттеуді одан əрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген 
құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Сол құбылыстардың бірі – 
«ң» дыбысының дұрыс айтылу, жазылу, қолдану ерекшеліктері. Əрине, «ң» дыбысы 
мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның 
толық зерттелмеген жəне əлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары 
барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын 
жүргізудің өзі ғылыми жұмысының өзектілігін көрсетеді. 
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері.
Ғылыми жобамыздың негізгі 
мақсаты – қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын 
анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту жəне жалпы қолданысының 
жолдарын көрсету жатады. 
Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынадай мəселелерді жүйелі түрде 
дəлелдеуді 
міндет 
етіп қойдық: фонетика жүйесін зерттеу; «ң» дыбысының айтылуы 
мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру; сауатты, көркем жазу дағдыларын 
жетілдіру; көркем шығармалардан жəне күнделікті тілдік қарым-қатынастан «ң» 
дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау. 
Зерттеу нысаны.
Бұл ғылыми жоба қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының 
құбылыстарын айқындауға арналады. Мұндай құбылыстарды көрсету үшін біз 
көркем əдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндік. Мəселен, балаларға арналған 
«Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Сыбызғы сыры», «Алдар көсе мен Шығайбай» 
ертегілерінен мысалдар теріліп алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет