Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет13/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   154
С. Есқараев атындағы №27 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ƏМЕНОВА Тұңғышкүл, 
С. Есқараев атындағы №27 орта мектебі «Физика» пəнінің мұғалімі, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
РАДИОАКТИВТІ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНЫ 
Экология – биология ғылымдарының көрнекті жəне қарқынды дамып келе 
жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық 
ғалым-биолог Э. Геккель еді. Экология – грек сөзінен алынған қазақша үй, тұрақ, 
мекен деген мағынаны береді. Сондай-ақ тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-
қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра 
отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі. 
Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. 
Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға биімделу (адаптация), 
популяциялар 
арасындагы 
қарым-қатынастар 
биоценоз, 
биоценологиялық 
зерттеулер биология ғылымдарымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, 
жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық 
жəне биологиялық құрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың 
биімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. 
Радиоэкология – латын сөзінен алынған. Ол табиғаттағы радиоактивті 
элементтердің, олардың радионуклеидтерінің таралуын, экологиялық жүйеге, 
популяцияларға жəне бүтін табиғатқа тигізетін əсерін зерттейтін биология 
ғылымдарының көрнекті салаларының ең бастысы. Оның негізін 1930 жылы 
«Радиоактивті заттардың биогеохимиясы» деген əлемге əйгілі еңбегінде академик 
В.И. Вернадский құрды. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
10
Басқа ғылымдар сияқты радиоэкологияның пайда болу жолдары, даму кезеңі, 
басқаша айтқанда, өзінің тарихы бар. Олар үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – 
иондалатын сəулелердің биологиялық объектілерге тигізетін əсерін зерттеу 1895 
жылдан басталып, 1930 жылдарға дейін созылады. Бұл кезде рентген сəулесі 
ашылған болатын. 1896 жылы орыс физиологы И.Р. Тарханов рентген сəулесінің 
«Тіршілік əрекетіне əсері» деген ғылыми еңбегін жариялады. А. Беккерель 1896 
жылы уран тұздарының өткір сəуле тарататындығын байқады. Ерлі-зайыпты М. 
Складовская-Кюри мен П. Кюри полоний мен радийдің радиоактивті сəуле 
тарататындығын анықтады. Олар радиоактивтілік деген терминді енгізді. 1913 жылы 
К. Фаянс пен Ф. Содди бір-біріне тəуелсіз ығысу ережесін тұжырымдады. 
Ұлы ғалым-физик А. Эйнштейн: «Радиоактивтілік құбылыс тарихи дəуірге 
дейінгі адамзат баласының отты ойлап тапқаннан кейінгі ең үлкен революциялық 
күші», - деп жазды. Иə, радиоактивтіліктің ашылуы көптеген көкейтесті мəселелерді 
шешуге мүмкіндік туғызды. Атом жəне оның ядросы қалай құрылғанын толығырақ 
түсіндіруге мүмкіншілік тудырды. Радиоактивтілік сəулеленудің көздері мен 
радионуклидтер қалай пайда болатыны анықталды. Радионуклидтер дегеніміз – атом 
ядросының зарядтарының өзгерген түрі. Өте қауіпті құбылыс. Радиоэкологияның 
бірінші кезеңінде атом туралы адамзат баласының білімі мен тəжірибесі 
жинақталады. 
Атом – заттың химиялық қасиеттері толық сақталынатын кіші бөлігі. Ол оң 
зарядтан атом ядросынан жəне оны айнала қозғалатын теріс зарядты электроннан 
тұрады. Атом энергияны үнемі беріп тұрмайды. Атом ядросы – дегеніміз 
нуклондардан (протондар мен нейтрондар) тұратын атомның ауыр жəне орталық 
бөлімі. Адамзат баласына жəне жер шарындағы тірі организмдерге өте қауіпті 
қалдықтардың бірі жоғарыда айтылғандай, радиоактивті элементтердің қалдықтары 
болып есептеледі. Сонымен қатар жасанды радиоактивті элементтер – изотоптар. 
Олардың қалдықтары тірі организмдерге өте зиянды əрекеттер миллиондаған 
жылдар бойы сақталады. Оларға қарсы тұратын биосферада құдіретті күш жоқ. 
Радиацияның тірі организмдерге тигізетін əсері қандай деген сұраққа 
тоқталатын болсақ, иондалатын сəулеленудің тірі организмдерге – молекулалық, 
организмдік жəне популяциялық деңгейде əсер ететін биология ғылымдары 
толығымен дəлелдеп шықты. Иондалатын сəулеленудің биосферадағы тірі 
организмдерге тигізетін əсерінің алғашқы кезеңі барлық тірі организмдерге біркелкі 
болатынын толығымен дəлелдеді. Иондалатын сəулелену организмге төте түрде əсер 
еткенде тірі организмдердің молекулалары радиациялық жəне химиялық 
өзгерістерге қатты ұшырайды. Организмдегі молекулалар күшті қозғалыс жасап, 
олардың химиялық жəне физикалық қасиеттері өзгеріп кетеді. Ал радиация жанама 
түрде əрекет еткен кезде – клеткалардағы органойдтардың ұсақ субмикроскопиялық 
құрамы сандары мөлшерден тыс көбейіп кетеді де, физиологиялық жəне 
биохимиялық процестердің қалыпты өтуіне кедергі жасайды. Клеткалар мен 
органойдтардың мембраналарының бұзылуына əкеп соғады. Клеткалардағы су жəне 
зат алмасу процестері тоқталып қалады. 
Ауыз судың радиоактивті элементтердің қалдықтарымен ластануы – адамзат 
баласының алдында тұрған үлкен мəселенің бірі болып есептеледі. Кейінгі жылдары 
ауыз сулардың радиоактивті элементтердің қалдықтарымен ластануы адамзат 
баласына айтарлықтай қауіп төндіруде. Ауыз сулардың əртүрлі радиоактивті 
элементтердің қалдықтары – стронций-90, цезий-полоний-уран жəне тағы басқа улы 
қосылыстарда жыл өткен сайын көбейе түсуде. Сондай-ақ судан неше түрлі 
нитраттар, фосфоридтер, гербицидтер, дефоляндтар, десеканттар жəне басқа да неше 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет