№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
25
киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға
деген сұраныс бар екен. Киіз басу қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны
қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше,
заман өзгеріп, қолданыстың
жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген. Киіз басу дəстүрі бізде үш
бағыт бойынша дамып келе жатыр деп айта аламын. Біріншіден, киізден түрлі
кəдесыйлар, ойыншықтар, сөмкелер, əшекей бұйымдарын жасауға болады. Оның
өзіндік технологиясы бар. Бұл – бірінші бағыт. Екінші бағыты əжелеріміздің киіз
басу технологиясын меңгере отырып, ежелгі киіз үлгілерін жаңғырту.
Киіз басу барысы.
Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3-4 рет ағынды
суға тоғытады. Киіз басу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады:
Сабау.
Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге
бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабайды.
Шабақтау.
Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді
жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни
киіздің оң
жағына арналған неғұрлым таза, əдемі жүнді сол қолмен уыстап алып,
əлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып,
үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Бұл
істі бұрыннан бет тартып машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам
ғана орындайды. Себебі, екі-үш адам орындаса, жүн ала-құла тартылады да, киіз
біркелкі шықпайды.
Булау.
Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен əкеліп, сүзгімен
немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып, шидің бір жақ шетінен бастап себелеп
құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған
жүн мен тартылған жүнді
біріне-бірін қосып, жабыстырады. Ыстық су жүннің
талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай
жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3-4 əйел басылып жатқан жүнді
сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді ширатып, орап
жинаған сайын əлсін-əлсін ыстық су құйылады. Түгел
жиналған шидің сыртынан
жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі
жерінен арқанды өткізіп алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды.
Бүктеліп, əзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10-12 адам қатар жүріп келе жатып,
шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам –
«қой бастар» киізді алға қарай (өзіне қарай) домалата сүйрейді. Бұдан кейін шидің
шандуларын шешіп, шиыршықталған киізді жазып босатады. Киіздің асты-үстін
ауыстырып отырып, 3-4
рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп,
шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күпімен,
тонмен жылылап жауып тастап булайды.
Білектеу.
Ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң
шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған
киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып,
тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Білектеліп болған киізді ұзыннан екі
қабаттап бүктеп, оның екі басын бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді.
Қарпу.
Киіз басушылар киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады.
Қусырылған киіздің əр
жерінен қамти ұстап, оңды-солды қарпиды. Қарпылған
киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ бетіндегі кірікпей қалған бос
қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз
қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Енді оны
ұзынынан шығара созғылай
есіп шиыршықтайды да, əуелі бір жақ шетін жұмарлай білектеп есе отырып, екінші
басына жеткізеді. Одан кейін екінші басын тағы да соза білектей отырып, бірінші
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
26
басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Киізді білектегенде жəне
ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нəрселерді
тиянақты қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы
болмай, тегістеліп шығады. Дайын болған киізді арналған мақсатына қарай өре киіз,
кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, сатымсақ киіз, қозы жүнді киіз деп
бірнеше түрге бөліп айтады.
Қазақ халқы мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Ас ауқатын, киім-
кешегін, күнделікті қолданатын бұйымдардың бəрін төрт түлік малдан алған. Соның
ішінде киіз қой өнімі – жүннен жасалынған. Киіздің адамзат үшін қызметі күшті,
пайдасы мол. Киіз – əрі жылы, əрі төзімді төсеніш.
Достарыңызбен бөлісу: