Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет27/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   154
LATEST UPDATE ON BEETS: 
Kazakhstan Plans to Raise Sugar Beet Production 5-Fold by 2020. 
Kazakhstan 
plans to raise its production of sugar beets to an annual 960,000 metric tons from 200,000 
metric tons by 2020 to help shrink the dependence on imported sugar. 
The increase will be achieved by increasing the land under cultivation as well as 
making production more efficient, Ayna Kusainova, a spokeswoman for the Agriculture
Ministry, said in the capital Astana today. Kazakhstan currently depends on imports for 
about 90 percent of its sugar, according to her. 
LITERATURE AND RELATED STUDIES: 
The study investigates the health (physical and mental) effects of beets. This power 
plant doesn’t only serve the multiple needs of man’s well-being but also the economic 
relevance in its agricultural point of view. Technically beets are so helpful not only 
because of its healthy contents but It could also be a good or lucrative source of income. 
Materials for this research come from selective readings, medical readings, google 
and internet sites. 
References 
1 http://www.healing.org/only-23.html. 
2 Wikipedia. 
3 Voices.yahoo.com/15-health-benefits-beets-fight-cancer-... – United States. 
4 www.simplyrecipes.com/recipes/ingredient/beet/. 
5 Kazakh-zerno.kz/.../index.php?...kazakhstan...beet...agricultural...kaz. 
ЖОЛДАСБЕКОВА Динара Қойшыбайқызы, 
Ы. Жақаев атындағы №244 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, 
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КӨБЕГЕНОВА Ардақ Құрманғалиқызы, 
Ы. Жақаев атындағы №244 орта мектебі «Технология» пəнінің мұғалімі, 
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – КИІЗ БАСУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ұлттық қолөнер. 
Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың 
қазынасы – қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттық қолөнер 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
23
бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этникалық жəне мəдени ұлттық дəстүрін 
көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана 
қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман 
ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болып отыр. Атадан балаға 
жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егемен 
ел болғалы өз мəдениетімізді, салт-дəстүрімізді, рухани сəн-салтанатымызды, ырым-
наным, əдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ 
қолөнері қайтадан ел арасында, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп, 
оқушыларға жан-жақты білім мен тəрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып 
отыр. 
Əрине, бұл халықтың педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, 
жастар тəрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл кезде педагогтар 
қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ əлеуметтік қозғалыс. Халықтық 
педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-
жыраушылардан мирас болып қалған құнды тəрбие құралы. Ұлттық педагогика 
жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тəлім-тəрбие 
мектебі. Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте 
замандағы ата-бабалар салт-дəстүрімен сабақтастыра тəрбиелеу қазіргі күннің ең 
өзекті мəселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, 
алаша, шым-ши, аяққап, құрақ көрпе жəне ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты 
күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан сондай дəстүрлі қолөнер 
үлгілерін үйрету – əрбір аруды еңбексүйгіштікке, əсемдікке талпындырып, 
халқының тарихын біліп, мəдени мұрасын қадірлеп, дəстүрін жалғастыра білуге 
баулиды. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы 
ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, 
интеллектуалдық тұрғыда əсер етіп, олардың тұлғалық жəне сапалық қасиеттерін 
дамыта түсері сөзсіз. 
Киіз
– шығыс халқының көшпенді тұрмысына орай қолданылған мүліктің бірі. 
Киіздер негізінен: үй жабуға арналған киіз, сырмақтық киіз, түрлі киім-кешекке 
арналған жұқа киіз, жабағы киіз деп өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бірнеше 
түрге бөлінеді. Қазақ қолөнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу 
өнері саналады. Халқымыздың күні бүгінге дейін үзілмей келе жатқан дəстүрлі 
қолөнер түрі – киіз басу. Киіз басу өнері сонау ерте замандардан келе жатқан өнер 
болса керек. Халық шеберлері киіздің сəндік қасиетін ұтымды пайдаланып, 
күнделікті өмірде тұрмысқа қажетті, көшіп-қонуға ыңғайлы əртүрлі қаптар жасаған. 
Олар аяққаптар, кесеқаптар, төсекқаптар сияқты бұйымдар қажеттіліктен басқа киіз 
үйдің ішінің сынына əр беріп, көркемдігін айқындап тұратын болған.
 
Қарапайым 
қойдың жүнінен текемет, түскиіз, сырмақ, бөстек, аяққап, кебеже, байпақ секілді 
дүниелерді жасап, қажетіне жарата білген қазақ халқының шеберлігіне таңғалмау 
мүмкін емес. Күзем алу маусымында ұлан-асыр думан жасап, киіз басып, сырмақ 
сырған қазақ халқының осы дəстүрі бүгінгі күні ұмыт бола бастаған. Десек те, 
ұлттық өнерді жаңғыртып, оны шалғайда жатқан шетелге насихаттап жүрген 
қолөнер шеберлері жоқ емес екен. Ертеде бабаларымыз киізді үйдің сыртына ұстау 
үшін ғана емес, оның ішін жабдықтау үшін де пайдаланған. Дегенмен, киіз басу 
деген оңай орындала салатын іс емес. Машақаты көп. Күш пен шыдамдылықты 
талап ететін жұмыс. 
Жүн
– төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен рөл 
атқарған жəне оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Эстетикалық 
талғамдармен байланысты болған. Қазақ қолөнеріне пайдаланған негізгі шикізаттың 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
24
бірі – жүн. Жүннен арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, əртүрлі төсеніштер, 
қап, шекпен, аяққап, басқұр сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Жүн – ұйысуға 
бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура əсерінен жəне механикалық 
əрекет нəтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, 
тығыздығы артады: шұға 30-35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз басудағы ең 
жоғары тығыздық 0,55 г/см
3
(байпақтың табаны 0,42 г/см
3
), тығыздығын бұдан əрі 
арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды. 
Жүннің түрлері. Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. 
Қой жүні
– киіз, текемет басуға, шапан, көрпенің арасына салуға, тоқыма 
бұйымдар тоқуға қолданады. Қой жүні күзем жəне жабағы жүніне бөлінеді. 
Күзем жүн
– қойдан күзге қырқылып алынады. Күзем жүн киіз басуға 
пайдаланылады. 
Жабағы жүн
– көктемде қойдан қырқылып алынады. Жабағы жүнді киімге, 
тоқыма киім, кілем, алаша тоқуға қолданады. Қойдың қозысынан алынған жүнді 
қозы жүн деп атайды. 
Қозы жүні 
– бірінші қырқылған жүн. Қасиетіне байланысты ол жабағы жүнге 
ұқсас болып келеді. 
Түбіт 
– қылшығынан айырған майда ешкі жүні. Түбіттен шəлі, шарф, жылы 
кеудешелер тоқиды. Түбіттің құны жібекпен теңдеседі. Ең құндысы ангор ешкісінің 
түбіті. Ол жеңіл, көзге жылтырап тұрады. 
Түйе жүні 
– өте қасиетті жүн. Одан кеудеге, басқа киетін киімдер тоқиды, 
«аяққа басуға болмайды» деп шұлыққа пайдаланбаған. Сонымен қатар кілем, 
қоржын тоқуға, жеңіл көрпелер, шапандар тігуге қолданады. 
Шуда 
– түйенің қатты жүні. Оны түйенің тізесі, мойны, өркешінің үстінен 
тарап алады. Шуданы ертеде киім, былғары ыдысты тігуге пайдаланған. Шуданы 
баулар иіруге қосады жəне шертер музыкалық аспабына шек қылып тағады. 
Қыл 
жылқының жал, құйрығынан алады. Оны арқан жіпке, тұзақ есуге 
қолданады жəне қобызға шек қылып тағады. 
Қоян жүні 
– шəлі, қолғап, шарф, шұлық тоқуға пайдаланылады. Түсі ақ, сұр 
болады. Түбіті биязы болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет