№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
76
ƏЛЕУХАНОВ Əлішер,
А.С. Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы,
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: НҰРЖАН Несібелі Сайфырханқызы,
А.С. Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейі «Тарих» пəнінің мұғалімі,
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
РЕСЕЙДІҢ ОТАРЛАУЫНА ҚАРСЫ КІШІ ЖҮЗ ШАРУАЛАРЫНЫҢ
ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ
Сырым Датұлы.
Сырлыбай, Шынтемір (1723,
қазіргі Батыс Қазақстан
облысы, Сырым ауданы, Сарыой ауылы – 1802, Хиуа) кіші жүздегі 1783-1797
жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, батыр, би, шешен. Кіші жүздің 12
ата байұлына жататын байбақты руынан.
Сырым Датұлының атасы Шолан байбақты руының белгілі батыры болған. Ол
батырлығымен, бірбеткейлігімен төрелердің қолынан қаза тапқан. Шоланды төрелер
өлтіргенде 4-баласы Дат шешесінің құрсағында қалған екен. Аман-есен дүниеге
келген Сырым Датұлы тана руының Малайсары, беріш руның Алдар, Есентемір
руының Есет секілді билерінен бата алған екен. Мұның өзі Сырым Датұлының кіші
жүз қазатары арасында өзіндік беделге ие болғанын аңғартады. Сондықтан да
Нұралы хан Сырым Датұлын бауырына тартып, оның абырой-беделіне арқа сүйеуге
тырысқан.
Нұралы хан Сырым Датұлының əпкесіне үйленіп,
оған жезде болады, кейін
«ақсүйек тұқымы қара халыққа қыз бермейді» деген ата дəстүрін бұзып, Орын деген
əйелінен туған қызы Айғараны С. Датұлына қосып, оны күйеу бала етеді.
Қазақтар Ресейге қосылуды уақытша құбылыс, ең алдымен ел қауіпсіздігі үшін
деп білді. Ресей үкіметі кіші жəне орта жүздегі жағдай жөнінде сыртқы істер
министрлігі коллегиясына жолдауында: «Бір-біріне айдап салу арқылы өзара
қырқыстыру керек», - деп көрсетті. Патшалық Ресейдің далалық өлкеде əкімшілік
саяси реформа жүргізіп, хандық билікті күшейту арқылы қалың бұқараның табиғи
құқықтарын шектеуі (Жайық өзенінен өтуге тыйым салып,
шұрайлы жайылым мен
өрісінен айыруы т.б.), жергілікті билік органдары арқылы алынатын салық көлемін
көбейтуі С. Датұлы мен орыс патшасы тағайындаған Нұралы ханның арасын ашып
жібереді. 1783-1797 жылдары С. Датұлы кіші жүз шаруаларын бастап, патшалық
Ресейге қарсы ұлт-азаттық жұмыс жүргізді.
Ресей үкіметі тарапынан отаршылдық режимі күшейтілді. Саяси шектеулер
мен көпе-көрнеу тонау арқылы жүргізіліп отырған саясатпен қатар Ресейдің өкім
орындары көшпенділердің де түрлі шаруашылық құрылысын жоюға барынша күш
салды. Бұл Жайықтың арғы бетіндегі ішкі жаққа
қазақтардың өтуіне тыйым
салынып, көші-қон өрістерінің күштеп бұзылуынан көрінді. Оның үстіне хан билігі
енді патша үкіметінің іс-шараларына қарсы əрекет ете алмады. Саяси сахна
билердің, батырлардың салмағы арта түсті. 1783 жылы Жайықтың арғы бетіне өткен
қазақтардың 4 мың жылқысын орыс-казактар айдап əкетті.
Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы С. Датұлы болды. Ол Верхнеуральск
бекінісі мен Елек қалашығы арасындағы шепке шабуыл жасады. Осы шабуыл
барысында Сырым батыр Орал казактарының тұтқынына түсті. Оны Нұралы хан 70
жылқы жəне 350 сом төлеп, босатып алды. Нұралы ханның мұндай қадамға баруына
Сырым батырдың халық арасындағы беделі ықпал етті. 1784 жылы Сағыз өзені
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
77
бойында Сырым батыр 6000 қолдық сарбазбен көтеріліске шықты. Нұралы ханға
тікелей қауіп төнген соң əкімшілігі Жайықтағы казак əскери
линиясына қарай
көшуге мəжбүр болды. Бұл Нұралы ханмен алшақтасуды туғызды.
Сырым батыр кіші жүздегі қазақ руларының денін өз жағына тарта білді. 1785
жылдың басында Сырымды қолдаған Барақ батырдың жасағында 1500 адам болды.
Осы жылдың көктемінен бастап, кіші жүздің барлық рулары тарапынан өкімет
орындарына қарсы қимыл өріс алды, ал байбақты, табын жəне тама рулары
қоныстанған жер қарсыласу орталығына айналды. Патшалық Ресейдің əскери
коллегиясының төрағасы Г.А. Потемкиннің кіші жүз қазақтарының көтерілісін басу
туралы бұйрығымен 1785 жылы генерал Смирнов əскерлерімен
Орынбордан Елек
бағытына аттанды. Олармен бірге Жемге қарай екі зеңбірегі, 1250 адамы бар əскер
Пономарев пен Колпаков отрядтары шығады.
Бірақ патша əскерлері С. Датұлы көтерілісін баса алмады. Өйткені көтерілісші
ауылдар Жемнен шалғай көшіп кеткен еді. Смирнов пен Колпаковтың отрядтары
көтерілісшілердің шоғырланған жерін іздеп жүрген кезде Сырым батыр 500
жігітімен олардың тылына өтіп кетті. 1782 жылы Антонов форпосына, содан кейін
Жайықтың төменгі бойында орналасқан Сахарная қамалына шабуыл жасады.
Бекіністердің горнизондары шабуылды тойтаруға дайын еді. Көтерілісшілердің
тұтқиылдан тиісуі ақталмай, олар шегінуге мəжбүр болды. Бірақ Сырым батыр басқа
форпостармен бекіністерге шабуыл жасап, патша жазалаушыларын
кері қайтаруға
мəжбүр етті.
1785 жылы Нұралы хан Орал əскерінің атаманы Донсковқа табын руының
ауылдары өзіне дұшпандықпен қарайтынын хабарлап, оларды жазалауын өтінді.
Сахарная бекінісінің Каршинск форпосты ауданында көшіп жүрген ауылдарға
ханның өтініші бойынша майор Назаров бастаған əскери команда жіберілді.
Жазалаушылардың көрсеткен жəбірі халықтың ашу-ызасын күшейтті. Сол кезге
дейін көтеріліске қатыспаған көптеген ауылдар көтерілісшілерге қосылып,
Нұралы
ханнан сырт айналып кетті.
1785 жылдың көктемінен бастап, қозғалыс кеңейе түсті жəне шын мəнінде
бүкіл кіші жүзді қамтыды. Сол кезде-ақ танымал басшы болған Сырым батырға
шекті, табын, шеркеш, таз рулары белсене қолдау көрсетті. Генерал-губернатор О.А.
Игельстром көтерілісшілерге өзінің өкілі ахун Құсайыновты жіберді. Ол
рубасыларына егер күресті тоқтатса, көтеріліске қатысушыларға кешірім беріледі
деген хат əкелді. 1785 жылы жазда көтерілісшілердің кеңінен қатысуымен болған
рубасыларының съезі патша өкіметі орындарының үндеуін
талқылап, генерал-
губернаторға өз өкілдері арқылы жауап қайтарды. Рубасылары қазақтарға Жайық
пен Еділ арасындағы қоныстарды беруді, Жайық казак əскерінің «əскери
əрекеттерін» тоқтатуды талап етті.
Көтерілісшілердің басты талаптарының бірі Нұралы ханды тақтан тайдыру
болды. Бұл шешімге 50-ден астам ру басшылары қол қойды. Мұндай талаптан кейін
патша өкіметі 1786 жылы кіші жүзді басқарудың жобасын жасап, оны жүзеге асыра
бастады. Игельсторм реформасын жасады. Бірақ бұл реформа кіші жүзге тыныштық
əкелмеді. Патша үкіметінің Нұралы ханды биліктен шеттетіп, Уфаға жөнелтуіне
туыстары наразы болды. Соның нəтижесінде 1786 жылы Ералы сұлтан өзіне бірігуге
келген Сырым батыр мен оның 106 серігін тұтқынға алды. Ералы Сырымды Нұралы
ханға айырбастағысы келді. Бірақ Игельстромның
араласуымен Сырым батыр
тұтқыннан босатылады.
1786 жылы қазақтардың Еділ Жайық ортасына көшуіне рұқсат берілді. Патша
үкіметі мұндай шара кіші жүзде «тыныштық» орнатуға ықпал етеді деп үміттенді.
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
78
Алайда, өкімет ойластырған «тыныштық» орнамады. Қазақтар өз қимылдарында
дербестікті нығайтуға жəне Орынбор əкімшілігінен тəуелсіз болуға ұмтылды.
Сырым батыр мен оның жақтастары кіші жүздің бүкіл аумағында рулық
құрылымның күшті бірлестігін құру жолында əрекеттенді. Ол Орынбор əкімшілігіне
қарсы іс-қимылдарын қолдау туралы Хиуамен келіссөз жүргізе бастады. Мұндай
келісімді Осман сұлтандығымен жасауға да талпыныс білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: