Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Қазақ-ағылшын мақал-мəтелдерінің мағынасы



Pdf көрінісі
бет76/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   154
Қазақ-ағылшын мақал-мəтелдерінің мағынасы. 
«Жеті күн аш қалсаң да, 
атаңды сыйла». Қазақ халқы мен ағылшындардың мəдениетін салыстырсақ, өте 
көптеген айырмашылықтарды табамыз. Сол айырмашылықтарды түсіндіру үшін 
мəдениетаралық қарым-қатынас жайлы ебектер жазып жүрген Г. Хофстедтің 
жұмыстарына жүгінеміз. Г. Хофстед мəдениеттерді жоғарғы дəрежедегі күш (High 
power distance) жəне төмен дəрежедегі күш (Low power ditance) деп екіге бөледі. Осы 
бөлінуге сəйкес кіші дəрежедегі күшке жататын елдерде үлкендерді сыйлау түсінігі 
жоқ жəне балалардың үлкенді сыйлауы жоғары бағаланбайды, ал жоғарғы 
дəрежедегі күшке жататын елдерде керісінше екені анықталған. Бұл бөлуге сəйкес 
қазақ мəдениеті жоғары дəрежедегі күш тобына жатады, ал ағылшын мəдениеті, 
керісінше, төмен дəрежедегі күш тобына сай келеді. Сол себепті де ағылшын мақал-
мəтелдерінен үлкендерді сыйлау жайлы мақал кездестіре алмадық. Сондықтан 
ағылшынша мақал-мəтел баламадан бас тартып, сипаттап аудару тəсіліне жүгіндік: 
Respect olders anyway. 
«Жігітке жеті өнер де аз» мақалында өнердің ұлылығы дəріптеліп тұр. 
Ағылшын тілінде осы мағынада жұмсалатын мынадай мақал балама бар: Art is long, 
life is short. 
«Жеті өлшеп, бір кес», яғни Абайша айтқанда, «Ақырын жүріп, анық бас» 
дегенді білдіреді. Ағылшынша мынадай балама бар: Look before you leap. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
81
«Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер». Бұл мақалдың негізі ұлтты 
сүюді, елдің қамын ойлауды меңзеп тұр. Алайда, ағылшын тілінде бұл мақалға 
балама табылмады. Мұның себебін түсіндіру үшін қайтадан Хофстедтің 
мəдениеттерді бөлу ережесіне жүгінеміз. Хофстед мəдениеттерді коллективизм жəне 
индивидуализм деп екіге бөледі. Осы жіктеу бойынша ағылшындар индивидуалистік 
түрге, ал қазақтар коллективистік түрге жатады. Ал индивидуалистік түсінік 
басымдық ететін елдерде топтың немесе елдің көздегені құндылық емес, керісінше 
жеке тұлғаның құндылықтары жоғары бағаланады. Бұл мақалға да балама 
болмағандықтан, мынадай сипаттама балама бердік: History knowledge leads to 
patriotism. 
«Жетіге шықпағанша, жирен жерге жеті рет құларсың». Ағылшынша бұл 
мақалға да балама болмағандықтан, жеті нумеративінің екі тілге ортақ баланың ақыл 
толысу кезеңін білдіретін семантикасын пайдаланып, былай аудардық: Till aged 
seven a child falls seven times. 
«Жетіге шыққанша бала жеті рет түлейді». Бұл мақалдың мағынасы нақты жеті 
жасты айтып тұрған жоқ, яғни баланың бітімі қалыптасып, өзіндік бір бет-бейнесі 
қалыптаспағанша, əркімге де ұқсайтын сияқты болып көріне береді дегенді білдіреді. 
Бұл мақалды үйде кішкентай сəби дүниеге келіп, оны əркім өзіне ұқсатқысы келіп, 
баланың түрінен өзіне ұқсатқысы келген жағдайда үлкендер осы мақалды айтады. 
Яғни, əлі бала кішкентай, есейгенше түрі əлі талай өзгереді дегенді меңзеп тұр. Бұл 
мақалды ағылшынша былай бергенді дұрыс көрдік: Till aged seven child’s features 
change seven times. 
«Жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң, жетеді». Бұл 
мақалдың дəлме-дəл эквивалентін табу мүмкін емес екендігі, əрине, түсінікті. Бұл 
қазақ халқына тəн экстралингвистикалық контекстке байланысты. Ұлтымыз қыздың 
жасауына үлкен мəн берген. Бұл жердегі жеті сөзі қыз баланың ер жету мағынасында 
айтылған. Жеті жас дегені қыздың бойжеткенге айналған шағы дегенді білдіріп тұр. 
Ағылшын тілінде бұл мақалға балама табылмағандықтан, бұл мақал аударманың 
сипаттай аудару тəсілімен аударылды: Put by on dowry as soon as your daughter 
becomes mature. 
«Жеті жастағы бала қыдырып келсе, жетпістегі шал иіліп сəлем береді». Бұл 
мақал қазақ халқының қонақжайлылығын көрсетеді. Ақыл тоқтатқан əр бір адамға 
оның жасына не басқа артықшылық, кемшілігіне қарамастан, оған үлкен құрмет пен 
сый көрсетіледі. Бұл мақалдағы жеті жас тіркесі ақыл толысу, ақыл тоқтату кезеңін 
білдіріп тұр. Бұл жерде нақты жеті жас мағынасы айтылмаған. Қонақжайлылық 
қазаққа тəн ерекше қасиеті болғандықтан, осы мақал бар. Алайда, ағылшын тілінде 
бұл мақалға дайын балама таба алмадық. Сондықтан түсіндірме түрде былай 
аударғанды жөн көрдік: Show respect and praise to your guest in spite of his/her age and 
social status. 
«Жетіскен жеті шапан киеді». Шапан кию – байлық пен дəреженің белгісі. 
Сондықтан жеті шапан кию шектен шыққандық, артық кеткендік дегенді білдіреді. 
Ағылшын тілінде осы мағынаға сəйкес келетін мынадай тұрақты тіркес бар: To grow 
fastidious/fussy, to be too well off, money-bags. 
«Кедейдің жеті қаңтаруы бар». Бұл мақалға ағылшын тілінде балама болуы 
тиіс. Өйткені кедейлік ұлтына, еліне қарамастан кім-кімге болсын ауыр. Сол себепті 
ағылшын тілінде кедейліктің ауырлығы жайлы міндетті түрде мақал болуы тиіс. 
Жəне ағылшын тілінде мынадай балама табылды: Beggars must/should be no choosers. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
82
«Жетімнің құрсағы жеті қабат. Немесе бір сөзбен айтқанда, жетім қай жерде де, 
қай уақытта да қалаусыз деген мағынада. Ағылшынша осылай аударған дұрыс: 
Orphan is wanted nowhere. 
«Жеті атасын білмеген ұл – жетесіз», «Жеті атасын – білмеген жетімдіктің 
салдары». Бұл екі мақалды қатар алған себебіміз – екеуінің мағынасының жуықтығы. 
Жеті ата тіркесі бұл екі мақалда өткен, тарих, тек деген мағынада. Алайда, 
ағылшынша бұл мақалға да балама таба алмағандықтан, бұл мақалдарды мынадай 
баламалармен аударғанды дұрыс деп шештік: Lack of hisory knowledge is disgrace, 
Only orphan can not know his past. 
«Жұт жеті ағайынды». Қазақ халқында мал күн көрістің басты көзі 
болғандықтан, жұт болса, бүкіл ауылға үлкен қауіп төнетін болған. Сондықтан қазақ 
халқы үшін жұттың болуы ең үлкен қасірет боп есептеледі. Ағылшын тіліндегі мына 
баламалар жұт мағынасында жұмсалмаса да, қасірет мағынасында қазақ тіліндегі 
мақалдың коммуникативтік қызметін жеткізе алады: seven years bad luck; Troubles 
never come singly; it never rains but it pours; when it rains, it pours. 
Ендігі кезекте ағылшынша мақал-мəтелдерді аударып, мағынасына көңіл 
бөлейік. 
You should know man a seven years before you stir fire. Осы мақал бойынша 
адамды білу үшін көп уақыт керек екендігі айтылады. Сондықтан адамға бір қарап, 
ол жайлы түйін айтуға немесе оған баға беруге, оған сенуге немесе сенбеуге 
болмайды. Сол себепті бұл мақалға мына қазақ мақалдары эквивалент болады деп 
шештік: «Үндемегеннен үйдей бəле шығады», «Қой аласы сыртында, адам аласы 
ішінде». 
It chances in an hour that happens not in seven years. Бұл мақалды сөзбе-сөз 
аударғанды дұрыс көрдік. Өйткені осылайша ол өзінің мазмұнын жақсы сақтап 
қалады: «Жеті жылда болмаған дүние əп-сəтте-ақ болып кетуі мүмкін». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет