Қанзада АЛТАЕВА,
ардагер-ұстаз
Бізде "Бастауыш саты - бұл оқушы
тұлғасы мен санасының қарқынды да-
митын құнды, қайталанбайтын кезеңі.
Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны
тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы
баспалдағы" деген ұғым қалыптасқан. Ал
АҚШ-тағы адамның әлеуметінің даму
мүмкіндіктерін зерттейтін институтының
директоры Глен Доуман жапондық инже-
нер "Сони" фирмасының негізін қалаушы
Масару Ибуконың "Үш жастан кейін бәрі
кеш" деген кітабына жазған алғы сөзінде
"бес жасқа дейін балалардың ми клетка-
ларының 70-80 пайызы дамып жетіледі",-
дейді. Осыған ғалымдарымыздың бес жас-
қа дейінгілерде 90 пайыз таным қалып-
тасады деген дәлелдер сәйкес келеді. Олай
болса бастауыш сыныпқа танымы,
ойлауы, шығармашылық қабілеттері ке-
шеуілдеп немесе жетілген балалардың
келуі заңдылық. Өйткені қазіргі кезеңде 5
жасқа дейінгі балалардың дені үйінде, ата-
аналарының, ата-әжелерінің қолында
тәрбиеленетіні рас. Сондықтан бала қа-
білеттерінің дамып, жетілуі сол адамдардың
тәрбиелік іс-әрекетіне байланысты.
Ойынсыз, ойыннан тыс балалық шақ
негізгі дамудан, шығармашылықтан,
әлемді тануға деген белсенділіктен айыру
деген сөз. Сондықтан бастауыш сыныпта
мұғалім үшін негізгі әдіс-тәсіл ойынға
бағытталуы тиіс. Бірақ бала сезімталдығы
өте жоғары болып келетіндіктен, мұғалім-
нің шығармашылығы бұл жерде, ойынды
тәрбиеге ұластыру, оқушының құштарлы-
ғын, ынталығын өршіте отырып, қабілет-
терін дамытуға бағыттай алуынан көрінеді.
Жалпы бала үшін білімді терең игеру-
дің, сезінудің мынандай кезеңдері бар:
- Оқи алу;
- Жауап бере алу;
- Оқып, түсініп, жауап бере алу;
- Оқып, түсініп, жауап беріп, дүниета-
нымын кеңейте алу (өзіндік ізденіс)
Мен 4-сыныптар да дүниетану, ана тілі
пәндерінің жоғарыдағы игеру кезеңдерін
ескере отырып, "мәтін ауыстыру" ойынын
жиі қолданамын.
Бұл ойынның мақсаты:
- Оқуға үйрету
- Қарым-қатынас жасауға үйрету
- Оқуға деген қызығушылығын дамы-
ту.
Ол үшін мен жаңа материал негізінде
мәтін дайындаймын. Оқушыларды қы-
зықтыру үшін мәтін суреттермен болғаны
дұрыс. Мәтін 40-50 сөзден құралады.
Өйткені 4-сынып оқушысы 1-минутта
оқуға тиісті (таныс емес мәтінді оқу ми-
нутына 90 сөз) сөзді ескердім. Ал мәтіндерді
кейде бір қатар тақырып бойынша алуға
болады. Бірақ мәтінді дайындауда
оқушыға қажетті білімді кеңейткені және
әртүрлі ақпараттарды байланыстырғаны
жөн.
1. Әр оқушы бір-бір мәтіннен алып
оқиды. Бұл кезде мұғалім оқушылардың
сұрақтарына жауап (нақты емес, бағыт-
бағдарға негізделген) беріп, бағыттау
жұмыстарымен айналысады.
2. Оқушы мәтінді оқып түсінген соң,
серіктес оқушы тауып оған оқиды. Түсін-
діреді. Ал серіктес оқушы сұрақтар беруіне
болады.
3. Одан кейін серіктес оқушы өз мәті-
нін оқиды. Түсіндіреді
4. Соңында екеуі мәтінін алмасты-
рып, басқа әңгімелесуші іздеуге кіріседі.
Солай бір-бірін оқыту жалғасады.
Егер мәтін қызықты, көрнекілігі
жоғары болса, оқушы зор қызығушы-
лықпен жұмыс жасайды. Әркім мәлімет
алуға тырысады. Ал оқушылардың қызы-
ғушылығын мұғалім "балалар кім 15-20
минутта көп мәтінді игере алса, сол озады"
деген шарт қойса, белсенділік арта түседі.
Осы әдісті 4-сыныпта ана тілі пәні
бойынша "Абылайхан" тақырыбын өткен
кезде қолдандым. 22-оқушыға 5 түрлі
мәтін жасалды. Ал мәтінді жасағанда
"Абылайхан" тақырыбын оқушылардың
өздерін-өздері оқыта, түсіндіре отырып
игертуді мақсат еттім.
Осыдан 288 жыл бұрын еліміздің
шығыс жағындағы жоңғарлар мен батыс
жағымыздағы қалмақтар қазақ жеріне
басып кіреді. Олар мал мен дүние-мүлікті
тонап, бала, әйел, шал-кемпір демей
өлтіріп, қалғандарын құлдыққа, күңдікке
салды. Жоңғарлар қазақ пен қырғыз жерін
толықтай жаулап алуға тырысты.
Жоңғарлардың қонтайшысы қанқұй-
лы Қалдан-Серен қазақ даласын басып
алу үшін барын салды. Бірақ ол 1745 жылы
дүние салады. Жоңғарлардың өз ішінде
билікке талас басталады. Жоңғар тайпала-
рының кейбіреулері Абылай сұлтаннан
көмек сұрайды. Абылай бұл жағдайды
жоңғарларды әлсірету үшін пайдалана білді.
Бірақ қытай императоры Цянь-Лунь
Жоңғарияны басып алып, жойып жібереді.
Содан кейін қазақ жеріне көз аларта
бастайды. Бұл кезде батысымыздан Ресей
империясы да еліміздің ішіне ене бастаған
болатын. Абылай сұлтанға екі алып
мемлекетпен күресіп, елінің тәуелсіздігін
сақтап қалу болатын. Орыс патшалығы
Абылай ханның күшейгенін көре алмады.
Оған кедергі жасауға тырысты. Абылай
1771 жылы Орта жүздің ханы болып
сайланды.
Халқы Абылайды пір тұтты. Оны
жердегі құдайдай көрді. Абылайды ақ
киізге көтеріп 1771 жылы хан көтерді. Осы
кезде болған орыс жиһанкезі ел басқарған
сұлтандар жан-жақтан дауыстап, Абылай-
дың даналығын, ақылгөйлігін қолбасшы-
лығын, ержүректігін тағы да басқа қасиет-
терін айтып тауыса алмапты. Қазақтарда
"ханталапай" деген салт-дәстүрі бар. Хан
болған Абылайдың да шапанын шешіп
алған халық әрқайсысы тәбәрік ретінде
талап әкетеді. Қазақтардың аңызы
бойынша, Абылай заманы-қазақ батыр-
ларының заманы деп аталады.
Осы "мәтінді ауыстыру" ойыны
арқылы оқушыларға материалды игерту
мүмкіндігі зор. Кез келген сабақтың
соңында оқушылар бағалануы қажет.
Сонымен бірге мұғалім де өзін-өзі бағалауы,
есеп беруі жаңашылдыққа, жаңа әдістер
мен тәсілдерін іздеп табуға итермелейді.
Рыскүл БАЙМАҒАМБЕТОВА,
№3 мектеп-интернат тәрбиешісі
Жаңақорған ауданы
28 қаңтар
2015 жыл
5
КІТАП МАҒАН ТАҚТАН ДА ҚЫМБАТ
В.Шекспир
Қазіргі жаңару мен жаһандану, өсу
мен өрбу, даму мен ілгерілеу, ақпа-
раттар мен техниканың қарыштап да-
мыған заманында көркем әдебиетті
оқыту түгілі түсіндірудің өзі бос әуре-
шілік пе деп қаласың. Өйткені, ком-
пьютерлік заманда саналы ұрпақ
интернет арқылы төрткүл дүниені ара-
лап, не керегін алып, жан-жақты ақпа-
раттанып жатқанда сенің "Кітап оқы"
дегеніңе уақытын зая кетірмесі белгілі.
Жоқ. Бұлай деп қол қусыру ертеңгі өсер
ұрпақтың тамырына балта сілтеп, өсіру
емес, өшіруге, түбірінен қырқуға әке-
лері хақ. Сондықтан әрбір мұғалімдер
қауымы ата-аналармен, көпшілікпен
біріге отырып мұндай апатқа дабыл қаға
кірісуіміз керек. Болашағымыздың көзі-
қарақты, көкірегі ояу, рухани санасына
сәуле отын жағуға жол таба білуіміз
қажет. Баланың рухани байлығын мол
етіп тәрбиелеудің сан түрлі жолдары бар.
Солардың бірі және бірегейі - баланы
кітап оқуға әуестендіру. Жоғарыда атап
өткенімдей соңғы жылдары балалардың
көркем әдебиетке қызығушылығы
азайып бара жатқаны бәрімізге аян.
Оның себебін іздеп, сан түрлі ойға да
баттық. Оны нарық заманын ба, кітап-
тың қымбаттауынан ба, әлде ақын-
жазушыларымыз бала ұғымына сай кі-
тап жаза алмай жатыр ма, тіпті ақ-
параттар мен техниканың заманы кінәлі
ме немесе бала түгіл өзі де кітап оқы-
майтын ата-анадан көреміз бе, әйтеуір
не керек кітап оқуға құмарлық
жойылып барады. Бұлай бейғам отыра
берсек бар білгенімізден айырылып қал-
масымызға кім кепіл? Ал кітап оқы-
маған елдің жастарының ертеңі қандай
болмақ? Шындық сол - кітап оқы-
майтын бала көп. Көптігінің санын са-
нап отыра бергенше іске кіріскен жөн
сияқты. Мұндай жайт туралы "Қазақ
әдебиеті" газеті "Мылтықсыз майдан-
ның кілті" деген бастамамен үлкен
мәселе қозғауда. Техниканың тасқыны
рухани дүниенің тынысын тарылтып
отырғаны шын. Кітап оқылмай жүргені
тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл
әлемде етек алып барады делінген ақ-
параттар көзінде. Мысалы, бұрын Гомер
мен Шекспирді, шығыстың ғашықтық
ғазалдарын немесе орыстың Пушкині
мен Лермонтовын оқымайтын адам аз
болған. Ал бүгінде оларды білмек түгіл
өз дәуірінің жазушысын танымай-
тындар қаншама. Өйткені бүгінгі оқыр-
манның ықыласы интернет пен небір
ғажаптарды жазған сайттарға ауысып
алған. Интернетсіз өмір сүре алмайтын
жастардың кітап оқуға уақыттары да
жоқ шығар.
Сонымен оқырмандық қызығу-
шылық дегеніміз - белгілі бір сала
бойынша тұлғаның өзіндік ынта-ықы-
ласымен шығармаларды, кітаптарды
оқуға деген ниетінің болуы. Ал бұл
ниетінің пайда болуы мен қалыптасуы-
на, артуына қоршаған ортасы, отбасы,
мектеп мұғалімдері, кітапханашы-
лардың ықпалы зор.
Баланың көркем әдебиетті оқуға
деген қызығушылығы мен ынтасының
төмендеуі менің алдыма мынадай
сұрақтарды қоюға мәжбүр етті: "Бала-
лардың көркем әдебиетті оқуға деген
не үшін ынтасы жоқ? Болашақта біз
алдыңғы қатарлы елдермен тереземіз
тең болуымыз үшін баланың кітап оқуы
қажет пе? Кітап оқымай-ақ компью-
терді білумен де биіктерге жетеміз
дегендердің әрекеті дұрыс па? Көркем
әдебиетті оқығаннан біз не ұтамыз?
Ұлтымыздың өткен өміріндегі жетіс-
тіктері сол ғылыммен бірге көркем әде-
биетті көп оқыған, ұлтымыздың барлық
киелі қасиеттерін өз бойларына сіңірген
тұлғалардың арқасында қалыптасты
емес пе?" Осы сұрақтар төңірегінде
сұхбат жүргізгенімде кейбір оқушы-
ларым менің пікіріммен келіспеді.
"Қазір компьютер білсең болды, интер-
нет арқылы қажетті мәліметтерді табуға
болады" деген ойларын айтты. Оқушы-
ларымның пікірі мен өз пікірімді ой
таразысына сала отырып, компьютерді
білудің де, көркем әдебиетті оқи білудің
де баланың тұлғалық қалыптасуы үшін
қажеттілігін былай тұжырымдадым.
Компьютердің бала дамуына әсері:
Баланың техникалық сауаттылығы
артады. Балада ептілік қалыптасады.
Интернет арқылы дүниенің түкпір түк-
пірінен жаңалықтар және ғылыми де-
ректер жинайды. Ой өрісі дамиды.
Кітап оқудың бала дамуына әсері:
Ұлттық сана-сезімі қалыптастады.
Баланың тіл байлығы дамиды. Жан-
жақты ойлау қабілеті артады. Қатесіз
жазуға дағдыланады.
Өмірді түсіне білуге деген көзқарасы
дамиды. Кейіпкерлердің орнына өзін
қоя білу арқылы өз өмір жолын таң-
дайды. Жақсылық пен жамандықтың
ара жігін ажырата біледі. Әлем әдебиетін
оқу арқылы дүниежүзілік оқиғалардан
хабардар болады. Педагогтар мен пси-
хологтар әр адам көркем шығармамен
неғұрлым жасырақ шағында танысса,
оның оқырмандық қабылдауы да со-
ғұрлым ерте тамырланатындығын, те-
рең де жан-жақты дамитындығын алға
тартады.
Осы жерде белгілі ақын Олжас
Сүлейменовтің Қадыр Мырза-Әли
аударған "Ертегі" өлеңі ойға оралады:
Көп оқыған жоқпын, мама,
Бар болғаны бір-ақ бет,
Тағы біраз оқиыншы,
Ұрықсат па, рақмет.
Ара жайлы әдемі жыр екен,
бітіп қалсын да,
Сөйтіп жүріп бір жыл өтті,
жырсыз қалай шыдармын.
Көрпе астында бұғып жатып
оқитынды шығардым.
Нені көрсем, соны оқыдым,
бір болар деп төркіні.
"Капиталмен" отырғанда,
байқап қалдың бір күні.
Ол бір ғажап кез еді ғой,
кез еді ғой ғажайып,
Жылаушы едің "Көзің майы кетеді,
- деп, - азайып",
Ұрсушы едің "Соқыр болып
қаласың" деп ашынып.
Қайран ана,
Кітаптан сол көзім қайта ашылды, -
деп жырлаған еді.
Міне, осындай кітапқұмарлар қа-
зірде қайда?!
Кітап оқу - баланың өзін-өзі тәрбие-
леудің ең негізгі қайнар көзі болып
табылатыны белгілі. Өкінішке орай бұл
мәселеге біздің ата-аналарымыз өз дәре-
жесінде мән бермейді. Білімге деген
сүйіспеншіліктің негізі кітап оқу ар-
қылы қаланатынын көп жағдайда ес-
кере бермеймейтіні алаңдатарлық жайт
болып табылады. Оқырмандық қызы-
ғушылықты анықтау мақсатында ата-
аналармен әңгіме жүргізіп, олармен
ашық пікірлесе, сырласа отырып, өз
ойларын ортаға салуға мүмкіндіктер
туғыздық.Пікірлер жиынтығының бір
көрінісі төмендегідей болды.
"Тамағы тоқ, киімі бүтін, домбыра
үйірмесіне қатысса деп ойлаймын,
домбыра сатып әпердім, кітап оқу мә-
селесін мұғалімдер өздері шешеді,
сабағына үлгерсе болды".
"Телевизор көреді, киноға барады,
сабақ оқуға көп уақыт жібереді, сон-
дықтан үй жұмысына үлгермейді, негізгі
пән сабағын оқыса жеткілікті деп ойлай-
мын".
"Шынымды
айтсам ұлым да қызым
да сабақтарын жақсы үлгереді. Соған
көңілім тоқ, әдебиет және физика үйір-
мелеріне қатысады. Ал олардың мек-
тептен тыс қандай шығармалар оқиты-
нын жүйелі түрде бақылаймын деп айта
алмаймын. Өздерінің ықыластары
бойынша шешіп отырады. Өз балала-
рыма жан-жақты қарауға уақытым жет-
пейді".
Өзім оқи білмеймін, кейбір қызықты
кітаптарды немерем оқығанда оған
қатты риза боламын". Міне, жұртышы-
лықтың жауабы осындай.
Оқушылардың әр түрлі себептермен
оқу мәдениетін төмендетіп алғаны бай-
қалады. Тіпті кейбіреулері бағдарла-
малық материалдарды игеруге құлық-
сыз екендігін танытты. Бұларға кезінде
пән мұғалімі, кітапханашы, ата-анала-
ры тарапынан дұрыс ақыл-кеңес, бас-
шылық болмай, оқырмандық тәжірибені
шыңдай түсу бағытындағы жұмыстар өз
дәрежесінде жүргізілмегендігін көр-
сетеді. Кітап оқу дәстүрге айналған үйде
ең болмаса бір адамның көп оқуы ба-
лаларға да игі ықпалын тигізеді. Мәсе-
лен, зерттеу, бақылау жүргізген оқу-
шыларымызға кітап алып оқуда 29
пайыз мұғалімнің, 19 пайыз кітапха-
нашының, 22 пайыз ата-ананың, аға-
апайының, 30 пайыз жолдастарының
әсері тиетінін анықтадық.
Оқушылар оқылымын анықтау
мақсатымен кітапханада "Сізді қандай
бағыттағы жазылған кітаптар қызық-
тырады?" деген сауалнама жүргізілді.
- Оқушылардың 79 пайызы шы-
тырман әңгімелерді оқығанды ұна-
тады.
- 20 пайызы компьютер туралы
оқиды
- 56 пайызы оқушы тіпті кітап
таңдап алуға қиналады,
- 44 пайыз оқушы көмекті керек
етеді.
Сауалнамаға қатысқан оқушылар-
дың 98 пайызы балалар кітапханасын,
қалғандары таныстарының және
мектеп кітапханаларын қолданады.
Бердібек Соқпақпаев, Сапарғали
Бегалин, Музафар Әлімбаев, Астрид
Лингрен, Корий Чуковский...Біздің
балаларымыз да осы бір қайталанбас,
ғажап балалар әдебиетінің нәрімен
сусындап, бойына сіңіріп өссе екен
дейміз. Бірақ, қазіргі заман балала-
рының кітаптан басқа да ермегі толып
жатыр; көгілдір экраннан таңертеңнен
кешке дейін көрсетілетін әсерлі мульт-
фильмдер мен қырғын төбелес туралы
фильмдер, түрлі компьютер ойындары.
Бұл "Бәсекелестіктер" бала назарын
кітаптан гөрі өзіне неғұрлым көбірек
аударуда. Сөйтіп, бала мен көркем
әдебиеттің арасы алшақтап, баланың
ақыл-ойының дамуына әсер ететін
мүмкіндіктер ескерілмей қалып жа-
тыр. Неліктен балаға қоршаған ортаны
кітап арқылы емес, көгілдір экран ар-
қылы таныған қызығырақ?
Кітапты қолына алған баланың на-
зары алдымен әріптерге түседі. Кітапты
оқып, өз ой елегінен өткізген, мазмұ-
нын жете түсінгенде ғана бала ондағы
оқиғаларды ішкі жан дүниесімен көріп,
сезінеді. Кітап оқу барысында кейде
бір сөйлемді не бір үзіндіні бірнеше рет
қайталап оқитында кез болады. Ондай
жағдайда кітап оқу ерекше ден қоюды,
ынта жігерімен оқуды керек етеді, яғни
оқырман ой еңбегімен шұғылданады.
Бала үшін бұл өте күрделі процесс. Ал,
көгілдір экранда бәрі дайын: түрлі-түсті
бейнелер де, дыбыстар да. Еш әрекет-
тенбей-ақ отыр да көре бер! Әрине,
бала дайын нәрсеге ұмтылады. Бірақ
теледидардан көрген нәрсенің бәрі бір-
дей бала ойында, қиялында қала
бермейді. Кейбір окиғалар, бейнелер
балаға әсер еткенімен де ол бала есінде
уақытша ғана сақталады. Уақыт өте
келе мүлде ұмыт болады. Сөйтіп, бала
мектеп бағдарламасы бойынша оқыға-
нымен шектеліп қана қояды. Әрине,
мектепте берілетін тапсырманы орын-
дау үшін де оқушы кітапханаға барады,
ізденеді, оқиды, кітапханашының кө-
мегіне сүйенеді. Белгілі пәндер бойын-
ша ілім-білім алады. Бірақ оның ақыл-
ойының, шығармашылық қабі-
леттерінің дамуы мен бала бойында
адамгершілік қасиеттерді қалып-
тастыру үшін мұндай оқу жеткіліксіз.
Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған
жаңа қоғамда тек білімді болу жет-
кіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлға-
ның бойында адамгершілік, ізгілік,
кішіпейілділік, қайырымдылық, ба-
тырлық, отансүйгіштік т.б. қасиеттер
болуы тиіс. Ол үшін әрине талғаммен
кітап оқи білу керек және кітапты
оқуға ұсына білу керек.
Әдебиет пәнінің жас ұрпақты
уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне
қосар үлесі мол. Оқушы осы пәннің
талабын орындау арқылы алуан түрлі
жанрдағы көркем шығармалар, түрлі
кітаптар оқиды. Тек, сол ізгі іске оқу-
шыны бастап отырар ата-ана мен
мектеп мұғалімдері болса болғаны...
Мейіржан ЕРХАНҚЫЗЫ,
№67 орта мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Арал ауданы
КІТАПҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ
АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?
КІТАПҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ
АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?
КӨЗҚАРАС
АЛА
ЛАР
АЛА
ЛАР
әЛЕМІ
АДАМ БОЛЫП
ҚАЛ, БАЛАМ!
Үлкендердің ақылын,
Тыңдап, ұғып ал, балам.
Ненің алыс-жақынын,
Аңдап, біліп, ал, балам.
Қиындықтан қаймықпай,
Алға таба бар, балам.
Дұрыс жасап таңдауды,
Адам болып қал, балам.
Адалдық пен арамдық,
Қатар жүрер біл, балам.
Жақсылардың шын сөзін,
Құлағыңа іл, балам.
Сақ болмасаң ісіңе,
Жұғып қалар кір, балам.
Таза ұстап арыңды,
Жарқын өмір сүр, балам.
Ашу дұшпан ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Деген халық нақылы.
Зердесіз өмір болар бос.
Ашуыңның табағын,
Төккеніңді қалаймын.
Өз жеріңді көгертіп,
Еккеніңді қалаймын.
Сабыр түбі - сары алтын,
Сабырлы жетер мұратқа.
Баба өсиетін ұқпаған,
Сабырсыз қалар ұятқа.
Өмір сүру өнерін,
Оңай емес меңгеру.
Ішің, сыртың тең болып,
Адам болып қал, балам!
Атаң менен анаңа,
Далаң менен қалаңа.
Тілің менен діліңе,
Адал болып қал, балам!
* * *
Бала, бала, дана,
Айналаңа қара.
Ақжарқын боп өс,
Мейірімге қана.
ШІЛДЕХАНА
ЖЫРЫ
Келді өмірге бал бөбек,
Енді егеміз тал, бөбек.
Қуанышқа бөленіп,
Уіліңе сал бөбек.
Саған айтар ән бөлек,
Саған айтар жыр бөлек.
Отырғыздым аулаға,
Саған арнап тал, бөбек.
Бугін шыққан күн бөлек,
Бүгін шыққан үн бөлек.
Шілдехана жасадық,
Соны ертерек біл, бөбек.
БӨБЕКТІ
ҚЫРҚЫНАН
ШЫҒАРУ ӘНІ
Бала, бала, бала,
Айналаңа қара.
Қырық күннен астың,
Енді жолың сара.
Айдар атты бала,
Бас білмеген тана.
Қырықыңнан шықтың,
Қуанышка қана.
Енді батыр боласың,
Уілдеп ән саласың.
Атаң, әжең айналса,
Сен де мәз боп қаласың.
Құтты болсын бесігің,
Құтты болсын есімің.
Азамат бол айбынды,
Сезімтал боп өс, ұлым!
БӨПЕНІ
ҰЙЫҚТАТУ
ӘЛДИІ
Ұйықта, ұйықта,
жұм көзің,
Жұм көзіңді, жұлдызым.
Ұйқың қанып оянсаң,
Шат боларсың,
құндызым.
Түнде тауға барарсың,
Тау басынан қарарсың.
Таңғажайып түстеріңе,
Мені ертіп аларсың.
Ұйықта, ұйықта,
құлыным,
Көкейімде жүр үнің.
Ештеңеден қорықпай,
Жалт-жұлт етіп жүр, ұлым.
Ұйықта, ұйықта, ұларым,
Бал құрағым, қыраным.
Арлы азамат болғаныңды,
Мақтан етіп тұрармын.
ЖАН БАЛАМ
Ұйықта, ұйықта,
жан балам,
Ұйқыға әбден қан, балам,
Атаңнан ғибрат ал, балам.
Мектебіңе бар, балам.
Ойна, балам, ойнап ал,
Балалықты тойлап ал.
Ой-өзенге бойлап ал,
Алды-артыңды ойлап ал.
Ғалым болып ал, балам,
Көкке де ұшып бар, балам.
Көктемде ек тал, балам,
Адам болып қал, балам!
Қуанышым, күнім сен,
Келешегім, үнім сен.
Өмірімді жалғаған,
Жүрегімнің жыры сен.
ӘЛДИ, БӨПЕ
Әлди, әлди бөпем-ай,
Өзі көркем екен-ай.
Тәтті ұйқыға батасың,
Ұяңда жылы жатасың.
Ұйықта, ұйықта,
жұм көзің,
Анаңның тыңдап жыр,
сөзін.
Ұйқың қанып тұрасың,
Қыздармен сауық
құрасың.
Үлкен жігіт боласың,
Он сегізге толасың.
Ел қорғауға барасың,
Алтын жұлдыз тағасың.
Ұйықта, ұйықта,
аппағым,
Қуат жина, балпағым.
Ұлы жолға шығарсың,
Көп нәрсені ұғарсың.
Қиындықты жеңерсің,
Нұр әлемге енерсің.
Береке, бақыт, табасың,
Жұлдыз болып жанасың.
Ұлым менің бөрікті-ай,
Ер тұлғалы көрікті-ай.
Сәйгүлікпен шабысы,
Жүзден жүйрік етеді-ай.
Сағат санап өсесің,
Самал желдей есесің.
Ай маңдайлы айбыным,
Арманыңа жетесің!
Рахат НАУРЫЗБАЕВА