Жас мамандар сынақ мерзімінсіз жұмысқа алынуы керек. Не дегенмен ол



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата31.12.2016
өлшемі2,56 Mb.
#871
1   2   3

Майра ҰЛЫҚБАН

254 ЖАС МАМАН-ДӘРІГЕР

ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

28 қаңтар

2015 жыл

3

МҰҒАЛІМГЕ СЕНІМ БІЛДІРМЕСЕ ОҚУ

 ИГІ ЖЕМІС БЕРМЕЙДІ

Д.Менделеев

Қазіргі уақытта Қазақ-

станның білім беру жүйе-

сіндегі жүргізіліп жатқан білім

мазмұнын жаңартуға негіз-

делген реформаның өзектілі-

гіне келсек, Елбасы жол-

дауында көрсетілгендей "Орта

білім жүйесінде жалпы білім

беретін мектептерді Назар-

баев зияткерлік мектептерін-

дегі оқыту деңгейіне жеткізу

керек. Оқыту нәтижесі оқу-

шылардың сындарлы ойлау,

өзіндік ізденіс пен ақпаратты

терең талдау машығын игеру

тиіс".

"Аудиториялық оқытудың



бірінші кезеңінде" мектеп

көшбасшылығының негізгі

идеясы туралы теориялық бі-

лім беріледі, мектепті дамыту

жоспары жасалып, жүйеге

келтіріледі. Ал "Мектептегі тә-

жірибе" кезеңінде осы теория-

лық білім іске асырылады,

сонымен қатар мұғалімдердің

кәсіби біліктілігін анықтауға

анықталған "TALIS" сауална-

масы алынады. "Аудитория-

лық оқытудың екінші кезеңі-

не" арналған бағдарламада 1-

мектептегі тәжірибеде жүргі-

зілген жұмыстарды сараптап,

сауалнама қорытындысын

шығара отырып, мектептегі

өзекті проблемалар және оны

шешу жолдары қарастыры-

лып, мектептің 2-даму жос-

пары жасалады. Осы үш ке-

зеңді аяқтап, қалған 6 айға

жоспарланған "Екінші мек-

тептегі тәжірибе" кезеңінде

мектеп ұжымын жаңаша

оқыту үдерісіне жұмылды-

рып, мектепке өзгеріс енгізуге

келдім. Жаңа бағдарлама

бойынша мектеп директоры

- бүкіл мектепке өзгеріс ен-

гізуді басқарудағы негізгі

көшбасшы. Бағдарлама ди-

ректорлардан мектептің даму-

ын басқарумен қатар, бақы-

лауды да талап етеді. Біз

көшбасшылықты қауіппен

жаңашылдықты қабылдай

отырып, қуат беріп және

басымдықты белгілеу арқылы

ортақ көзқарас дамыту деп

түсінеміз. Басқару белгісіз-

дікті, сенімсіздікті шектеп,

алауыздықты азайтатын, тұ-

рақтылықты нығайтып, бола-

шақты болжауға мүмкіндік

беретін жүйе құру деген сөз

екендігін ұқтым.

Өз ықпалын күшейту

үшін директор оқыту мен оқу

үдерісінде төмендегі тәсілдер

арқылы белсенді роль атқа-

рулары қажет:

Әлемдік тәжірибеде тиім-

ділігі дәлелденген бұл жүйе

қазіргі таңда Қазақстандық

Ислам діні Арабия түбегіне VII

ғасырда түссе, VIII ғасырда-ақ

қазақ жеріне тарала бастады. Бұл

қазақтың ата-дәстүрі Исламмен

ұштасып жатқандығын білдіреді.

Ата-бабамыз Ислам дінінің кере-

метіне таң қалып, иман келтіріп

қана қоймай мұсылмандықтың

парызын орындаған. Осы жолда

ұрпағына берер ең үлкен қа-

зынасы оның дүниесі емес, жақ-

сы тәрбие, дұрыс сенім, тура жол

көрсету екендігін жақсы ұғынған.

Дегенмен, қазір кейбір қазақ

жастарының басқа жат пиғылды

діни ағымдардың жетегінде кетіп

жатқандығы жасырын емес. Бұл

діни сауатсыздықпен өзінің

қазақтық болмысын танымаған-

дықтан туындаған жағдай болуы

да мүмкін. Осыған орай, қазіргі

таңда жастар арасында діни

сауаттылықты ашуда теолог ма-

мандар жеке және топтық

жұмыстарын жүргізуде.

- Тәуелсіздік алған жылдары

мешіттеріміз саусақпен санар-

лықтай ғана болса, қазір олардың

саны артып келеді. Бір ғана

Қызылорда облысындағы кон-

фессиялар саны исламдық ба-

ғыттағы - 143 ҚМДБ-ның филиа-

лы; православтық бағыттағы - 1

шіркеу; протестанттық бағыттағы

- 12 шіркеу, оның ішінде 4 -

інжілдік христиан-баптистері, 2 -

пресвитериандық, 6 - елуінші-

лерді құрайды. Ехоба куәгерлері -

1 ұйым жұмыс жасап жатыр.

Жылдық қорытынды есепте діни

бірлестіктердің жолын ұстанушы-

лар санының өсімі жоқ, - дейді

облыстық дін істерінің басқарма

басшысы Нұрхан Жәлиев.

Қызылорда облысында ақпа-

раттық-насихаттық топ жұмыс-

тарын жетілдіру, діни ахуалды

зерделеу, зерттеу және талдау,

әлеуметтік зерттеулерді деструк-

тивті діни ағымдардан зардап

шеккен тұлғаларды сауықтыру

мақсатында облыстық дін істері

басқармасы жанынан облыстық

дін мәселелерін зерттеу орталық-

тары жұмыс жасауда. Бұл меке-

менің құзырына психологиялық

және заңгерлік кеңес беру, дес-

труктивті діни ағымдардан зардап

шеккен тұлғаларды сауықтыру

жұмыстары кіреді.

Жылдық есебінің соңында

облыстық дін істері басқарма бас-

шысына БАҚ өкілдері сұрақтар

қойды. Біз де редакция тарапынан

"Оқушылардың сабақ уақытында

мектепте емес, мешітте отырғанына

сіз не дейсіз?" деген сауалымызды

жолдадық. Н.Бұқарбайұлы: "Мен

діни ұйымның өкілі емеспін,

мемлекеттік қызметкермін. Ал

біздің ел - зайырлы мемлекет.

Сондықтан біз жастарды "өзге дінге

емес, мына дінге бет бұрыңдар" деп

жұмыс істей алмаймыз. Бірақ енді

расында балалардың дінге, дәстүрге

бет бұрғаны қуантарлық. Біз бала-

ларды "тәуелсіз Қазақстанның

келешегі бол, жақсы білім ал" деп

тәрбиелей аламыз", - деп екі ұшты

қайырды.


Облыстық коммуникациялар

орталығында өзінің есебін берген

облыстық дін істері басқармасы-

ның басшысы алдағы 2015 жыл-

дың ішінде атқарылатын жоспар-

ларымен бөлісіп, бірнеше жоба-

ларды жүзеге асыруды жолға

қойылғанын айтып өтті. "Осыған

дейін теологтар белгілі бір ауди-

торияларда арнайы шақыртумен

жиналған орталарда ғана дәріс

жүргізсе, қаңтар айынан бастап

темір жол вокзалдары мен авто-

вокзалдардың күту залдарында,

азаматтардың алдына барып,

дәстүрлі емес ағымдар жайында

ақпараттар таратылатын болады"

- деді басқарма басшысы.

Халықтың діни сауатын көтеру

мәселесіне арналған ақпараттық

түсіндіру жұмыстарының пәрмен-

ділігі осындай деңгейде. Елдің діни

сауаттылығын арттыруда, бола-

шақта теріс ағымдардың жетегіне

түсіп кетпеудің алдын-алу жол-

дарында өткізілетін шаралар алдағы

уақытта оң нәтижесін береді деп

сенеміз.


Майра ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

мектептер үшін өзекті болып

отыр. "Басқаларды үйрете

жүріп, біз өзіміз де үйренеміз"

деп белгілі ұлы ойшыл Сенека

Луций айтқандай, мектеп

көшбасшысы курсында көш-

басшы демократиялық стиль-

ді ұстана отырып өзін ғана

дамытумен емес, ұжымына

да ықпал ету керек, ол сырт-

қы ортаға әсер етуі, әріптес-

терін ашық болуға шақыруы

керек, топтың әрбір мүшесі-

нің өз тақырыптары, зерттеген

мәселелерін ортаға салуға,

ұжымның оны талқылауына

мүмкіндік береді және оларды

әрі қарай үнемі жетелеп, кө-

мектесіп отырса жұмысы

нәтижелі болады деп ой түй-

дім.


Мектеп көшбасшылығы

оқытуға байланысты, кәсіби

дамудың тиімді тәсілі болып

табылады. Мектептің тиімді

көшбасшылығы ынтымақ-

тастық, мектеп пен ұжымда,

сыныпта өзгеріс енгізуге оң

ықпал етеді.

Педагогикалық шеберлік

орталығында алған теориялық

білімімді практика кезінде

өзгерістің бастамасы ретінде

жүзеге асыра бастадым.

Әлемдік тәжірибенің тиімді

тұстары көп екендігіне көз

жеткізе бастадық. Атап айт-

сақ, сындарлы оқыту теория-

сын мектеп тәжірибесіне енгі-

зудің бастамасы ретінде

құрылған "Серпін" желілік қо-

ғамдастығын құру, тізбектел-

ген сабақтар топтамасын

жоспарлау, яғни орта мерзімді,

қысқа мерзімді жоспардың

жасалуы, коучинг, тәлім-

герлік, Lesson Study үдерісі,

кері байланыс, бағалаудың

жаңа формалары, іс-әрекетті

зерттеу, мониторинг жасау

сияқты жұмыстың жаңа фор-

малары мектеп өмірі үшін

үлкен жаңалық. Нәтижесінде

мұғалімдер 7 модулді ықпал-

дастыру арқылы орта мерзімді

жоспарлауды үйренеді, қыс-

қа мерзімді жоспарлауды

сабақта қолдана алатын бо-

лады, сабақ жоспары SMART

теориясы бойынша шынайы

жасалады. Деңгейлік курстан

өткен мұғалімдер бұл жоспар-

лардың тиімді жақтарын

әріптестеріне таныстырып,

сол жерде топтық жұмыс

жасай отырып, жаңа сабақ

жоспарын жасауға мұғалім-

дерге көмек береді, мұғалім-

дер арасында ынтымақтас-

тық, бірлескен жұмыс оң

нәтижесін береді. Соңында

мұғалімдермен кері байланыс

жасалады, онда олар бұл

жаңалыққа өз көзқараста-

рын, ұсыныстарын білдіреді,

оқу үдерісін жетілдіру мақса-

тында мұғалімдерге арналған

бірнеше коучинг сабақтары

өткізіледі. Осы теориялық бі-

лімді тәжірибеде ұштасты-

рып, ынталы топ мүшелері

сабақтарын өткізуде. Сабақ-

тарға қатысушы мұғалімдер

саны артты, себебі, бұрын

сабақ талдағанда тек мұғалім-

нің кемшілігі ғана айтылатын,

бірлескен жұмыс өз нәтиже-

сін беретіндей мүмкіндік туды,

проблеманы бірге шешу

арқылы әріптестердің ара-

сында кәсіби ынтымақтас-

тықтың орныға бастағандығы

көріне бастады. Ал оқушы-

ларға келсек, олардың сабақ-

қа деген көзқарастары, сын-

дарлы ойлау дағдылары, оқу

үлгірімі оң нәтижесін бере бас-

тады, кері байланыстың өзі

оларға өз ойларын ашық біл-

діруге мүмкіндік беретінін

көрсетті, критериалды баға-

лау арқылы өзара бағалауды

үйренді. Осы практика бары-

сында мектепте қозғалыс бо-

лып жатыр, жаңалықтың лебі

сезілуде, көшбасшы ретінде

мұғалімдерді үйрете жүріп,

өзім де біраз нәрсені үйреніп,

ой елегінен өткіздім. Сонымен

қатар, TALIS сауалнамасы

арқылы мұғалімдердің білік-

тілігін арттыруға арналған

семинар, конференция, қыс-

қа мерзімді курстардың мұ-

ғалімдер үшін сапасының

қаншалықты екендігін анық-

тауға болады, мектептегі

шешуге тиісті қандай пробле-

маларға назар аударуға бола-

тындығын және оны шешудің

жолдарын қарастыруға мүм-

кіндік береді. Нақтырақ айт-

сақ, оқушы, мұғалім, ата-ана

қажеттілігі басты назарға алы-

нады. Мұның өзі сындарлы

оқытудың тиімділігі деп

есептеймін.



Серік ДҮЙСЕБАЕВ,

№ 162 орта

мектеп директоры

Жаңақорған ауданы



МЕКТЕП КӨШБАСШЫЛЫҒЫ -

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ТИІМДІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасы "Білім ту-

ралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты

міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа тех-

нологияларын енгізу, білім беруді ақпарат-

тандыру, халықаралық ғаламдық комму-

никациялық желілерге шығу" деп атап

көрсеткен.

Осы тұрғыдан алып қарасақ, ұлттық

рухтағы әлемдік білім деңгейі талаптарына

сай ұлтжанды азамат тәрбиелеу үшін әр

мұғалім күнделікті сабағында жаңа техно-

логияларды тиімді пайдалану, құзырет-

тілік-әрекеттілік тұрғыда оқыту, жаңаша

авторлық технологиялар мен бағдарлама-

лар құрастырып, жүзеге асыру қажеттігі

туындайды. Бүгінгі заман әр ұстаздан

үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашы-

лықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа

жету жолындағы инновациялық техноло-

гияларды тиімді қолдануды қажет етеді.

Қазіргі кезде педагогика мен пси-

хология саласында "құзырлылық" ұғымы-

ның жалпы қабылданған түсіндірмесі әлі

қалыптаспаған. Ғылыми еңбектерде "құ-

зырлылық" пен "құзыреттілік" ұғым-

дарына түрліше мағына беріліп жүр.

Шетелдік түсіндірме сөздіктерде "құзыр-

лылық" ұғымы құзыреттілікті меңгеруші

ретінде қарастырылады. "Құзыретті" сөзі

французша "заңға сай", латынша "талап

қою", ағылшынша "қабілетті" мағынасын

білдіреді. Шетелдік ғалымдар құзыреттілік

ұғымына білім, біліктілік, білімді тә-

жірибеде қолдана алу, тереңдетілген білім,

кәсіби біліктілік деген сияқты түсінік

береді.

Сонымен құзырлылық ұғымына мы-



надай анықтама беруге болады: "құ-

зырлылық - оқудың және өздігінен білім

алудың нәтижесінде қалыптасатын және

адамның әлеуметтік мобилдігін анық-

тайтын, білім мен тәжірибеге, құнды-

лықтар мен бейімділіктерге негізделген

жалпы қабілеттіліктер".

Құзырлылық оқушының алған білімі

мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті

өмірде қандай да бір тәжірибелік және

теориялық мәселелерді шешу үшін қол-

дана алу қабілеттілігін сипаттайды. Бұл ең

әуелі,  оқу үрдісі кезінде қалыптасады.

Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-

өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму

үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсе-

кеге қабілетті және құзыретті, шығар-

машыл, білімді тұлғаны дамыту және қа-

лыптастыру - құзыреттілік пен әрекеттілік

тұрғыда жасалған іс-әрекет нәтижесінде

жүзеге асады.

Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық

дегеніміз - оқушының алған білімі мен

дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде

теориялық және тәжірибелік мәселелерді

шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып

табылады.

Қазіргі кезде қоғам өмірінің ақпарат-

тануы және компьютерлік техника құ-

ралдарының кеңінен таралуы білім берудің

мазмұнына ғана әсерін тигізіп қоймайды,

ол оқу-тәрбие үрдісінің нысандары мен

әдістеріне де ықпал етіп отыр. Мұндай

оқыту әдістері мен нысандары "білім бе-

рудегі АКТ" (ақпараттық-коммуни-

кациялық технологиялар) деген атау алды.

Дәстүрлі оқытудың репродуктивті-

иллюстративті технологиясы үш маңызды

құраушыдан тұратыны белгілі. Олар:

үйретуші, үйренуші және оқу материалы.

Осы үш құраушының өзара іс-әрекеті

педагогикалық үрдісті айқындайтын

болса, оның негізіне осы жүйедегі үш

құраушының арасындағы ақпаратпен

алмасу алынады. Алайда мұндай оқытуда

оқытушы оқу үрдісінің барысы туралы

шағын ақпаратты ғана иеленеді де, оны

жедел түрде басқара алмайды. Себебі

мұндай педагогикалық жүйеде құрау-

шылар арасындағы кері байланыс өте

әлсіз немесе ол мүлдем болмайды.

АКТ мынадай өзара байланысты құ-

раушылардан тұрады: үйретуші, тиісті

бағдарламалармен қамтамасыз етілген

компьютер, үйренуші және оқу материалы.

Мұндай жүйеде бірнеше құраушы-

лардың өзара әрекеті (ақпаратпен алмасу)

жүзеге асырылады.

Ғалымдар мен зерттеушілер В.В.Семе-

новтың, Т.В.Васильеваның, В.В.Рубцов-

тың және тағы басқалардың түрлі

пікірлерін зерттей келе, оқыту үрдісінде

компьютер атқаратын функциялардың

барлық жиынтығын екі топқа бөлуге

болады:

- үйренушілердің оқу қызметіне бай-



ланысты функциялар;

- әлеуметтік маңызы бар функциялар.

Бірінші топқа мынадай негізгі функ-

циялар жатады: коммуникативтік; таным-

дық, білімдік, құндылықты-бағдарлаушы,

диагностикалық.

Екінші топты мынадай маңызды функ-

циялар құрайды: ізгіліктілік, басқару-

шылық, теңестірушілік, оңтайландыру-

шылық, оңалтушылық, көңіл көтеруші-

тыныштандырушылық.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің

білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен

алуы және алған білімдерін қажетіне

қолдану болып табылады. Бүгінгі бала -

ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар

ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс

жасау үшін кез келген педагог өз ойын

жүйелі түрде жеткізе алатындай, ком-

муникативті және ақпараттық мәдениеті

дамыған, интерактивтік тақтаны пайда-

лана алатын, онлайн режимінде жұмыс

жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы

тиіс. Заман талабына сай жаңа технология

әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші -

мұғалімдер. Оқушылардың жаңа

тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға

бейімдеуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай

дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар

қауымына зор міндеттер жүктелетінін

ұмытпауымыз керек.

Мизамкүл АБДИМОМЫНОВА,

педагогика ғылымдарының магистрі.

көпсалалы "Ұлағат Қызылорда"

колледжінің оқытушысы

ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ӘДІСТЕР -

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН

КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗІ

ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ САУАТЫН АРТТЫРУ - ОРТАҚ МӘСЕЛЕ


28 қаңтар

2015 жыл

4

ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМДЕР ЖАҚСЫ

ОҚУШЫНЫ ДАЙЫНДАЙДЫ

М.Остроградский

Сыныптағы оқушылардың ахуалына

топтық жұмыстың тиімділігі, топ мү-

шелерінің жауапкершілігі нәтижесінің

нақты мақсатқа жететіндігінің дәлелі.

Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеу-

меттік әрекет ретінде қабылдауға негіз-

делген, оған қатысушылар бір- бірімен

әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы

білім алады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тә-

сілдердің саны, жеткілікті, бірақ та бір-

лескен оқу үдерісінің негізгі сипат-

тамалары мынадай:

1. Оқушылар ақпаратты игеретін және

өздері игерген мәліметті бұған дейін мең-

герген білімдерімен байланыстыратын

белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін

механикалық есте сақтау мен қайталауды

емес, құрдастардың белсенді қатысып,

ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап

етеді.

3. Қатысушылар әр адамның көзқа-



расымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу ке-

зіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында

жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде

оқушылар ой-пайымдарының негізін

құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында

оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық

тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі

көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын

айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

Мұндайда оқушылар сарапшылардың

немесе мәтін аясында шектеліп қалмай,

өздерінің ерекше тұжырымдамалық тү-

сініктерін құруды бастайды. Осылайша

ынтымақтастық оқу жағдайында оқушы-

лар құрбы-құрдастарымен қарым-қаты-

нас жасауға, идеяларды ұсынуға және

қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға,

басқа тұжырымдамаларға күмәнмен

қарауға және оған белсенді қатысуға мүм-

кіндік алады.



Мархыма ЖАМАЛОВА,

№86 орта мектебінің

физика және метематика пәнінің

мұғалімі

Жаңақорған ауданы,

Шалқия кенті

БІРЛЕСКЕН ОҚУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Адамзат тарихына өшпес қара таңба салған 1941-

1945 жылдардағы Екінші дуние жүзілік соғыс дүмпуі

басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына биыл 70

жыл толғалы отыр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бүкіл

ТМД елдері атап өтпек. 1941-1945 жылғы Екінші дүние

жүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс бұл - жалпы бейбітшілік

сүйгіш елдердің, жасампаздық жолындағы халық-

тардың өміріндегі аса маңызды атаулы мереке. Әсіресе,

бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мем-

лекеттер үшін мәні ерекше жоғары. Ең алдымен Жеңіс

- біздің жалпы тарихымыз. Қар жастанып, мұз төсенген

отты жылдарда, сыз окоптарда шыңдалған жауынгерлік

достықтың, әр ұлт өкілдерінен құралған әскери

құрамдардың қайталанбас ерлігі мен өрлігінің белгісі.

Кешегі аға ұрпақтың жанын да, қанын да аямай, елім

деп, жерім деп, кеудесін оққа төсеген, қабырғасы қат-

паған жетімдер мен желегі желкілдеп қалған жесірлердің

еңіреп жүріп, "Бәрі де майдан үшін!"деп тылда аянбай

тер төккен патриоттық рухының биік көрінісі.

Сондықтан да оған ешкім де бей-жай қарай алмайды.

Міне, 70 жыл бойы соғыстың сызы мен ызғары

адамдардың жүрегінде қатар өмір сүріп келеді. Соғыс

қасірет әкелмеген отбасы жоқ. Әр шаңырақ оның

қияметін сезінді. Сұрапыл жылдар бүгінде самайын ақ

шалған қариялардың балалық шағын ұрлаған зұлмат

еді. Сондықтан да барша адам баласы фашизм

тұтандырған сол бір соғыс өртіне лағнет айтып келеді.

Ендеше, адамзат тарихындағы қара таңбаны бүгінгі жас

ұрпақ терең ұғынып, енді мұндай апатқа жол бермейтін

саналы азаматтар болып өсуі үшін Ұлы Жеңістің

маңыздылығын еш түсірмеу керек. Кейбір азаматтар

"1941 жылғы соғыс біз үшін қажетсіз соғыс болды" деген

жаңсақ пікір білдіреді. Бұл асылық айтқандық. Бұлай

ойлау - Жеңістің мәнін аяқ асты ету. Басқаны былай

қойғанда, Еуропаның әр түкпірінде шейіт болып,

мәңгілік қалып қойған қазақ жауынгерлерінің аруағын,

мүгедек болып оралып, елімізді қайта қалпына келтіру

үшін еңбек еткен ардагерлердің намысын, тылда белі

қайысып жүріп қара жұмыс істеген аналар мен

балалардың, соғыс жетімектерінің төгілген көз жасын

қорлау болар еді. Біз тәуелсіз елдің ұрпақтары, қа-

зақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен

тылдағы табандылықтарын ешқашан ұмытпауымыз

керек. Себебі, біз - жеңістің мұрагерлеріміз.

Арыстанбек МҰХТАР,

№269 орта мектеп оқушысы

Әсем Асылбекова, жетекшісі

Қармақшы ауданы,

Төретам кенті

БІЗ - ЖЕҢІСТІҢ

МҰРАГЕРЛЕРІМІЗ

МЕКТЕПТЕГІ БАСТАУЫШ БІЛІМ

БЕРУДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

ҰСТАЗ БОЛЫП ТУЫЛҒАН ЖАН СЕКІЛДІ...

Жаныңда жүр жақсы жан

"Білім негізі -

бастауышта" де-

ген ұлағатты сөз

бар. Осы сөздің

байыбына бару

үшін алдымен

сол бастауыш

с ы н ы п т а р ғ а

сабақ беру мәсе-

лесімен айналы-

сып жүрген қа-

рапайым ұстаз-

дар туралы айт-

пақпыз.

Ұстаз болу



үшін алдымен оқушыны сүю керек. Ал,

бастауыш сыныптар ұстаздарына басшы

болу үшін ең бастысы мұғалімдердің қарым-

қабілетін зерделеп, кем-кетігін толықтыру

арқылы мектеп бастауыш сынып мұғалім-

дерінің білім-білігін жетілдіріп отыруды мақ-

сат ете білу қажет.

Расында, ұстаз болып туылу бар да, ұс-

таздықты тек мамандық ретінде айлық үшін

атқару бар. Осының алдыңғысына жататын

ұстаз туралы осы мақаламызда айтпақпыз.

Педагогикалық колледжді тамамдаған

Кенжегүл Талдырмашқызы Жортулова

1987-2002 жылдар арасында Қармақшы ау-

даны, Қармақшы ауылында №113 орта

мектептің бастауыш сыныптарында үлкен

ізденіспен сабақ берген. Қызылорда қаласы-

на көшіп келгесін 2002 жылдан бастап №112

орта мектептің бастауыш сыныбына 4 жыл

сабақ береді. Сабақ беру ісіндегі жетістіктері

мен озат тәжірибесінің арқасында 2006 жы-

лы №112 орта мектептің бастауыш сынып-

тар ісі жөніндегі директордың орынбасары

қызметіне тағайындалады. Бастауыш сы-

ныптарда сабақ берген кезіндегі үздік оқу-

шысы Гүлфариза Нұрмағамбет 2014 жылы

"Дарын" мектебін бітіргенде "Алтын белгі"

алды. "Алтын белгі" иегері Гүлфариза Нұрма-

ғамбетке білім фундаментін дұрыс салған

еңбегі үшін №112 орта мектебінің бастауыш

сыныптар оқу ісінің меңгерушісі Талдыр-

машқызы Кенжегүл Жортуловаға Қызыл-

орда облыстық кәсіподақ комитетінің төр-

айымы Райкүл Байназарова Астана қаласы-

на туристік жолдама табыстады. Бұл мектеп

абыройы еді.

Оқытудың ескі әдіс-тәсілі мен жаңа

инновациялық технологияларды сабақтас-

тыра білген ұстаздық еңбектің көпке үлгі бо-

лар тұстары орасан зор. Соның айғағы ре-

тінде Кенжегүлдің көптеген теориялық-

практикалық жұмыстарының нәтижелерін

айтуға болады. "Педагогикалық ізденіс" атты

ғылыми-әдістемелік басылымға "Педагог-

тардың қиын балалармен қарым-қатынас

құру ерекшеліктері" атты еңбегі жарыққа

шықты. 2013 жылы "Ұстаз мәртебесі" атты

облыстық газетте "Оқушы тәрбиесіндегі ата-

ананың ролі" атты мақаласы жарық көрді.

Соңғы кезде интернеттегі ғылыми тап-

сырмаларды оқушыға орындату арқылы

сайыстарға қатысу үрдіске айналды. I-санат-

тағы мұғалім, №112 мектеп директорының

бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Кенже-

гүл Жортулова ғылыми жетекшілік еткен 6-

сынып оқушысы Манасова Тоғжан Алмас-

қызы (Зейнолла Шүкіровтің балаларға ар-

налған әңгімелеріндегі адамгершілік тақы-

рыбы) аясында өткен "Адамгершілік-асыл

қасиет" тақырыбындағы зерттеу жұмысына

қашықтықтан қатысып, "Жас зерттеуші

ғалым" номинациясында 1-орынға ие болып,

марапатталды.

"Нұр Отан" ХДП стратегиялық бағыт-

тарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне ұла-

ғатын дарытып, еліміздің білім саласы бағы-

тындағы реформаларды жүзеге асырудағы

белсенді қызметі үшін, №112 орта мектеп-

білім ұясының 60 жылдық мерейтойына

орай Кенжегүл Жортулова марапатталды.

Бұдан бұрынырақта 2012 жылы бүгінгі заман

талабына сай бәсекеге қабілетті, зерделі, ой-

өрісі кең жастарды тәрбиелеуге, білім сала-

сын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда

облыстық білім басқармасының алғыс

хатымен марапатталды.

Жаңа заманның жаңа сабағы ынтымақ-

тастық педагогикасын зерделеп жүрген

Кенжегүл 2014 жылы өзін-өзі тану пәнін

оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

курсынан өтіп, сертификатын алды. "Мұға-

лімнің 45 жылдық еңбек өтілі болса да, 45

минуттық сабаққа әзірленуі керек",- деген

ұстанымды есте ұстаған ұстаз өз қарама-

ғындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің

сабақтарына еніп, тәжірибесін ортаға салып,

халық балаларын даралықтан даналыққа

ұмтылдыру жолында аянбай еңбек етіп

келеді. Сын түзелмей, мін түзелмейтіні бел-

гілі. Сын тұрғысынан ойлауды балаға үй-

рететін оқытушының өзі өз мүмкіндіктерін

екі еселей жүріп, халық перзенттерінің ел

алдындағы абыройы үшін аянбай еңбек етуі

керек. Мектеп мақтаныштары болатын

жақсы үлгерім иелерін дайындауда мектеп

бастауыш сыныптарының ата-аналар ал-

дында абыройы асқақ.

Жаныңда жүрген жаны жайсаң адамдар

барда жұмыс істеуге ынтаң артып, сабағың

сәтті өтері белгілі. Басшымын деп кеуде кер-

мей, қатеңді дөп басып айтып, енді қайтала-

мастай ескертуін шегелей білу арқылы

ұжым мұғалімдеріне де сыйлы Кенжені ха-

лық, ата-аналар қатты сыйлайды.

Педагогикалық ұжым арасында Кен-

жегүлдің ойып тұрып алар азаматтық орны

бар. Адамгершіліктің рухани құндылық-

тарын бойына сіңірген Кенжегүлдің бергені-

нен берері мол. Жанұясында адал жар,

аяулы ана, әулеттегі үлкендерге қамқор келін

бола жүріп, өз педагогикалық шығармашы-

лығын ұштап жүрген Кенжеге ұрпағың са-

налы болсын дегіміз келеді. Орайы келген-

дегі айтпағымыз, осындай басшысы бар

мектеп тек көштің алдынан көріне берсе

екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет