Жас отбасыларды әлеуметтік қОРҒАУ


  Зорлық-зомбылықтан  жапа  шеккендерге



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата22.12.2016
өлшемі5,84 Mb.
#249
1   2   3   4   5   6   7   8

3.  Зорлық-зомбылықтан  жапа  шеккендерге 

көмек көрсету. ҚР ДО желісін дамыту арқылы 

зорлық-зомбылықтан  жапа  шеккендерге 

квалификациялық көмек көрсету. 

 • Бір ақпараттық орнын қалыптастыру және 

ҚР дағдарыс орталықтарының қызметкерлерін 

оқыту. 


•  Кеңес  мүшелерінің  мүдделерін  билік 

органдарында білдіру;

• Кеңес беру қызметін көрсету. 

• «ҚДОК» ЗТБ-нің құрылтайшылары: 

•  «Құрбылар»  Дағдарыс  орталығының 

қоғамдық  қоры,  Алматы  қаласы,  директор 

Гладырь Н.

•  «Сенім»  Дағдарыс  орталығының  қоғамдық 

қоры, Ақтау қаласы, директор Алферова Я. 

•  Әйелдерді  қолдау  орталығының  қоғамдық 

ұйымы «Незабудка», Риддер қаласы, жетекшісі 

Платонова А. 

•  «Әйелдерді  қолдау  орталығы»  қоғамдық 

бірлестігі, Петропавл қаласы, жетекшісі Орлова А. 

•  «Талдықорғандық  аймақтық  әйелдерді 

қолдау  орталығы»  қоғамдық  бірлестігі, 

Талдықорған  қаласы,  жетекшісі  Байсакова 

З.  ҮЕҰ  іс  жүзіндегі/пошталық  мекен-жайы: 

Қазақстан  Индекс  050040  Алматы  қ.,  9  үй,  2 

пәтер.


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

20

Мысалға,  бүгінгі  күні  «Құрбылар»  дағдарыс 



орталығында  14118  психологиялық  және  9295 

заңгерлік кеңес берілді. Бұл бірлестік сонымен 

қатар 

тұрмыстық 



зорлық-зомбылықтан 

жапа  шеккен  233  әйелдің  мүдделерін 

сот  үрдістерінде  қорғап,  олардың  229-і 

сотпен  қанағаттандырылды.  Орталықтың 

баспанасында 323 әйел мен 429 бала оңалтудан 

өтті.


Қазақстанда әйелдерге арналған 28 дағдарыс 

орталықтары мен ерлерге арналған 4 дағдарыс 

орталықтары  қызмет  етіп  келеді.  2009  жылы 

ҚР  «Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын 

алу»  заңы  іске  қосылғаннан  кейін,  ал  «2006-

2016  жылдарға  бағдарланған  Қазақстандағы 

гендерлік  теңдіктің  стратегиялары»  бойынша 

аталмыш  дағдарыс  орталықтардан  бөлек 

тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын-алу 

және  ескерту  бойынша  әйелдер  үшін  түрлі 

бағдарламалар іске қосылған. 

Мұндай ұйымдардың бірі БҰҰ қарамағындағы 

әйелдер 

ісімен 


айналысатын 

ұйым 


болып  табылады.  бұл  ұйым  гендерлік 

теңдік  сұрақтарымен  және  әйелдердің 

құқықтары  мен  мүмкіндіктерін  кеңейтумен 

айналысады.  Қоғамдағы  әйелдерге  қатысты 

зорлық-зомбылықтың 

алдын-алу 

үшін 

Қазақстан  Республикасының  Ішкі  істер 



департаменттерінде  1999  жылдан  бастап 

әйелдерді 

зорлық-зомбылықтан 

қорғау 


бойынша  бөлімшелер  құрылған.  Олардың 

негізгі міндеттері әйелдердің конституциялық 

құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін 

қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанда 

әйелдерге  арналған  қолдау  орталықтары 

қызмет  істейтіні  туралы  ақпаратты  тарату 

бойынша түрлі акциялар жүргізіледі. 

Әлемдегі  әрбір  үшінші  әйел  әдетте  өзінің 

жұбайы  тарапынан  физиологиялық  немесе 

сексуалды зорлық-зомбылықтан жапа шегеді. 

Жылдың  басынан  бастап  көмек  сұрап 

келгендердің саны 857, оның ішінде әйелдердің 

саны – 857, өткен жылы шағымдардың саны 1154 

жетті, ондағы әйелдердің саны 1008. Телефон 

соғудың  негізгі  себептері  психологиялық 

зорлық,  екінші  орынға  физиологиялық, 

үшінші  орынға  экономикалық,  кейінгі  орынға 

сексуалды  зорлық-зомбылық  орналасқан. 

Былтырғы  жылмен  салыстырғанда  биыл 

балаларға  қатысты  орын  алған  зорлық 

зомбылық 4 пайызды құрады. 

Зорлық-зомбылықтан  жапа  шеккендердің 

жастық  санаты:  16  жастан  жоғары  және  16 

толмаған азаматтардың 1 пайызы [13]. 

Түрлі  әлеуметтік  санаттағы  және  ұлттық 

белгілері  әртүрлі  азаматтардың  зорлық-

зомбылықтан  жапа  шегетіндерін  атап  өту 

керек. Көмекке жүгінгендердің ішінде жоғары 

білімі  мен  тұрақты  жұмысы,  сонымен  қатар 

орташа арнайы білімі барлар, зейнеткерлер де 

кездеседі. 

Тәжірибенің  көрсетуінше,  болған  жайт 

туралы  айтуға  батылдық  танытқан  әйелдер 

де  болады,  бірақ  олар  көп  емес.  Оның  себебі 

мәселенің  көпқырлы  және  салдары  болу 

тиістігіне негізделеді. Өзінің құрбысына күйеуі 

қол  жұмсайтыны  туралы  айтқысы  келетін 

әйел  адам  бірде  ұялса,  бірде  қорықса,  бірде 

басқалар біліп қояды деп қорқады. 

Тағы  да  бір  фактор:  әйел  адам  неге  бұл 

адаммен өмір сүріп жатыр деп сұрайтын қоғам. 

Қоғам зорлық-зомбылықты атқарушы адамнан 

сұрамайды.  Қоғамның  мұндай  ұстанымының 

негізінде  әйел  адам  әлі  ұзақ  уақыт  бойы 

үндемей келеді. 

Біздің қоғамның осы мәселеге қатысты пікірін 

өзгерту  үшін  бәріміз  жұмылуымыз  керек. 

Мемлекет үйдегі жайтты қоғамға жариялаудан 

қорқатын 

әйелдерге 

көмек 

көрсететін 



ұйымдар  мен  құқық  қорғау  органдарына 

жүгінуге ынталандыратын «Тұрмыстық зорлық-

зомбылық»  заңы  сияқты  тетікті  ұсынып 

отыр.  Бұл  шеңберді  бұзу  үшін  әйелдер  бұл 

заңда  қорғалу  тетігі  бар  екенін  білу  керек. 

Сол  себептен  біздің  міндеттеріміздің  бірі  – 

әйелдердің осындай заңның бар екенін біліп, 

естен шығармауы болып табылады. 

Әйелдерге  психологиялық  және  заңгерлік 

көмек  көрсету  бойынша  үлкен  қызмет 

атқарылып келеді. 

Ең  қарапайым,  кең  таралған  және  қатыгез 

қылмыстар 

қарапайым 

отбасыларда 

орын  алып  жатады.  Қазақстан  халқының 

сауалнамаға  берген  жауаптары  бойынша 

тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  құрбаны 

әдетте өзінің мүшкіл жағдайына мойынсұнған 

және қылмысты жазасыз қалдыратын әйелдер 

болып  табылатыны  анықталды.  Бір  жыл 

ішінде  алматылық  «Құрбылар»  дағдарыс 

орталығына  екі  мың  әйел  жүгінген,  кеңседе 

сенім  телефонына  дамыл  жоқ.  Бұл  жағдайда 

орталық  қызметкерлерінің  еститін  бірінші 

сөздері:  «Көмектесіңіздер,  ол  мені  соққыға 

жығып жатыр». 

Бірітіндеп  бұл  орталыққа  басқа  да  әйелдер 

келе  бастады,  бұл  жылдардың  ішінде  үлкен 

тәжірибе  жинақталды.  Біреулерге  қиын 

отбасылық  жағдайдан  шығуға  көмектесіп, 

қалыпты өмірлерін орнына келтіріп берді. 

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын-


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

21

алу»  заңы  шықпай  тұрып,  әйелдерді 



әлеуметтік қызметкерлерге тек психологиялық 

тұрғыдан  қолдау  мүмкін  болды,  бірақ, 

2010  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  заңды 

қабылдағаннан  кейін  әйелдердің  құқығын 

заң  тұрғысынан  қорғау  мүмкін  бола  бастады. 

Қыздар  соттық  медициналық  сарапшыға 

денесіндегі  зақымдарын  көрсетіп,  тіркеу 

керек. Егер бір жыл ішінде соққылар үш реттен 

артық  қайталанса,  онда  олар  арыз  жазып, 

соққы  үшін  емес,  ал  зорлық-зомбылық  үшін 

қылмыстық жауапкершілікке тарта алады. Бұл 

бостандықтан айырылудың ең жоғары мерзімі 

7  жылды  құрайтын  Қылмыстық  Кодекстің  107 

бабы.


Дағдарыс  орталығында  әрбір  қызметкер 

жапа  шеккендермен  диалог  жүргізе  алады. 

Әдетте,  телефонмен  бірінші  рет  хабараласып 

тұрған әйелдер өздерінің жағдайларын айтып, 

бөліскісі келіп тұрады. Өзінің атын атау немесе 

атамау  өзінің  еркінде.  Сөйлесу  барысында 

қызметкер  оған  қандай  көмек  керек  екенін 

анықтайды.  Әңгімеден  кейін  жаппа  шеккен 

әйел  кеңес  алуға  келуге  келісімін  берсе,  оған 

арнайы қауіпсіздік жоспары жасалады. 

Орталық  қызметкерлерінің  сөзі  бойынша: 

«Осы  жылдары  көргеніміз  көп  болды.  Біздің 

баспанамызда  күйеуі  соққыға  жығып  қана 

қоймай,  сонымен  қатар  ортақ  үйлерін  өртеп 

жіберген әйел адам тұрды. Басында ол барлық 

еркектерден қорқатын. Кейде қызметкерлерге 

де қауіп қатерге де тап болады. Бір күні біздің 

кеңсемізге  әйелін  іздеп  келген  еркек  келіп, 

өзінің  жұбайын  қайтарып  беруді  сұрады.  Сәл 

қорықтық,  бірақ  ең  бастысы  оның  ашуын 

тудырмау керек болды. Баспанаға ол басын да 

сұға алмады». 

Осы  жылдары  бұл  орталыққа  мыңдаған 

әйелдер  келді:  «Күніне  сенім  телефоны 

бойынша  3-12  әйел  хабарласады.  Әдетте 

мейрамдардан кейін. Мысалы, бір әйелді үнемі 

күйеуі ұратын, бірақ оны әйелін пышақтағаннан 

кейін  түрмеге  отырғызды.  Бұның  бәрі 

балаларының көз алдында болды. Әйел өзінің 

10  жастағы  қызының  өмір  сүргісі  келмейтінін 

жазған  қолхатын  тапқанын  айтып  берді.  Біз 

оның  балаларын  санаторийге  жатқызуға 

көмектесіп, олармен қазір психологтар жұмыс 

істеп жатыр». 

12  жастағы  Тимур  әкесі  қол  жұмсаған  соң 

өзінің анасы және қарындасымен дағдарысты 

орталықтың  баспанасында  тұрып  жатыр. 

Өзінің  суретінде  ол  өзінің  болашақ  отбасын 

салып: «Мен жақсы әке боламын, және де менің 

толыққанды  отбасым  болады.  Мен  анам  мен 

өз  отбасыма  күтіммен  қараймын»  деп  айтқан 

болатын. 

14  жастағы  Аня  өгей  әкесінің  жыныстық 

алымсақтығынан  анасымен  бірге  баспананы 

паналады.  Өзінің  суретінде  ол  кішкентай 

кезінде жиі барып тұратын әжесінің үйін салды. 

Бүгінгі  күні  орталықтың  өз  баспанасы  бар, 

оның  мекен  жайын  қызметкерлер  құпияда 

сақтап отыр. Баспанадағы бір әйелдің жағдайы: 

«Екінші  бала  туылғаннан  кейін  ол  ашушаң 

бола  бастап,  кез  келген  себеп  бойынша  мені 

балағаттап,  басып  жаныштап,  қол  жұмсай 

бастады.  ол  мені  ұрғаннан  ләззат  алды,  мен 

оған жалбарынған сайын ол мені қаттырақ ұра 

бастайтын.  Көбінесе  басымнан  және  бетімнен 

ұратын.  Баратын  жерім  болмады,  полицияға 

баруға қорықтым, әйтпесе өлтірем деді. Қазір 

мен  осындамын,  ата-анама  оралуға  ұяламын, 

ал  күйеуіме  оралуға  қорқамын.  Балаларым 

күйемнің  әпкесінде,  оларды  қатты  сағынып 

жатырмын. Орталық қызметкерлеріне алғысым 

шексіз, оларсыз күнім жоқ еді». 

Бұның бәрі жеңіл шапалақтардан басталады, 

кейін нағыз соққыларға айналады. Әйел адам 

өзін дер кезінде қорғамаса, тұрмыстық зорлық-

зомбылықтың салдары қайғылы болуы мүмкін. 

Басынан  кешірген  езгіден  кейін  өзінен  күш 

тауып,  өз-өзіне  деген  қатынасын  өзгертіп, 

отбасын  сақтап  қала  алған  әйелден  алған 

интервью:

«Мен  екі  баламмен  екінші  рет  тұрмысқа 

шықтым,  күйеуім  мені  қатты  жақсы  көретін, 

бірақ,  үш  жылдан  кейін  туысқандарынан 

ықпалынан  ол  лезде  өзгеріп  кетті.  Басында 

шапалақпен ұратын, кейін қол жұмсап, кешірім 

сұрайтын.  Мен  оны  әдетте  кешіретінмін. 

Бірақ  қол  жұмсауы  тоқтамады.  Мен  екіқабат 

болғанымда  күйеуімнің  ата-анасы  мені 

қабылдауға  келісіп,  солармен  тұратынымды 

айтты.  Мен  күйеуімді  жақсы  көргендіктен 

келістім. Екі қабат болғаныма қарамастан жер 

үйдегі  барлық  жұмысты  жасап,  ауруханаға 

бірнеше рет түсік қаупімен түскен болатынмын. 

Оның  әке  шешесімен  қарым-қатынасым 

жақсармай,  оның  жүйкесі  қозып  жүретін.  Бір 

ретте ол мені қалада жалғыз қалдырып кетіп, 

мен  түнгі  сағат  онда  «Орбита»  ауданынан 

«Атакентке»  дейін  жаяу  барып,  құрбымның 

үйінде қонуға мәжбүр болдым. Таңертең ол маған 

дағдарыс орталығына баруыма кеңес берді. Бір 

сағаттан кейін мен орталық психологтарымен 

сөйлесіп  отырдым.  Мені  тыңдап  болған  соң 

олар  орталықтың  баспанасына  көшіп  келуге 

ұсынды. Бірақ, мен қорықтым. Мен көз алдыма 

суық және лас үлкен бөлмені елестеттім. Бірақ, 


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

22

бәрі  керісінше  болып  шықты.  Сол  жерде  мен 



босанғанша  тұрдым.  Ұлым  туылған  соң  мен 

орталыққа бірнеше рет келуге мәжбүр болдым. 

Орталық әрдайым мен мәселеме түсіністікпен 

қарайтын. Мен бала күтімі бойынша демалыста 

отырған  кезімде  құр  бекер  отырмадым, 

курьер  болып  жұмыс  істеп,  еден  жуатынмын. 

Бірітіндеп  күйеуіммен  қарым  қатынасымыз 

түзелді.  Ол  менің  өз-өзімді  сыйлап,  бағалап, 

әрбір  жанжалда  өзімді  қорғай  алуымның 

арқасында  іске  асты.  Қазір  күйеуім  екеумізде 

төрт бала шағамыз бар. Өткен өмірімде болған 

қиындықтар  енді  жоқ.  Мен  бәріне  шыдап, 

күйеуімді  жақсы  көргендіктен  отбасымды 

сақтап қалдым». 

«Құрбылар»  дағдарыстық  орталығында 

оңалтудан өтіп жатқан әйелдердің мысалдары: 

«Мен  осыдан  екі  жыл  бұрын  тұрмыстық 

зорлық-зомбылыққа 

бейтараптылықпен 

қарайтынмын.  Мен  әйелді  сүйіктісі  ұрса, 

өзі  кінәлі  деп  ойлайтынмын.  Бірақ  бір 

күні  қонақтан  келе  жатқанда  күйеуім  мені 

машинадан алып шығып, басымды асфальтқа 

ұрды. Оның соққыларынан емес, сатқындығына 

ішім ашыды. Мен не бәрі 47 килограммын, ал 

ол  мені  осындай  соққыға  жықты.  Бірақ,  мен 

әке-шешімнің  уайымдары  мен  дәрігерлердің 

ескертулеріне 

қарамастан, 

сезім 


үшін 

кешірдім. Бағалады деп ойлайсың ба? Жоқ, бір 

жарым жылдан кейін басқа әйелге кетіп қалды. 

Мүмкін, оны да ұратын шығар, маған ешнәрсе 

түсіндірмеді». 

«..Мен  оған  басымнан  ұрмашы  деп 

жалбарындым, ол тоқтай алмады.....

«....мені  қолы  тиген  жерімнен  ұра  берді: 

ішімнен, кеудемнен, арқамнан ұрып, әрдайым 

«Мен  саған  басынуды  көрсетем,  енді  менің 

айтқаныммен  жүресің»  деп  айтатын.  Әр 

соққы сайын ол жабайылана түсті. Мен еденге 

құладым, оған қарсы тұрар күшім болмады». 

«...Баспанаға  Наталья  келген  кезде  біз  оны 

қатты  аядық.  Оның  бетіндегі  зақымдары  көп 

болды. Қолдарын ол жабық күртесінің астынан 

көрсетпеді.  Оның  басынан  бастап  аяғына 

дейінгі  зақымдарын  көрген  әйелдер  қатты 

қаймығатын.  Қолдарында  темекі  басқаннан 

қалған іздер де көрініп тұратын». 

«...  мен  музыканың  қатты  дыбысын  естіп, 

ваннадан шыға сала, құлағымнан соққы алдым. 

Одан  менің  құлағымның  жарғағы  жарылды. 

Ол  мені  үйден  қуып,  айғалап,  киіміңді  жина 

деп  ашуланды.  Мен  заттарымды  жинай 

бастағанымда ол одан сайын ашуланды. Мені 

ұра бастап, қолына түскен заттарды лақтырып, 

кейін  маған  аквариумді  төңкере  салды.  Оның 

анасы келіп, мені аман алып қалды. Бірақ, ол 

күтпеген жерден мені жақсы көретінін айтып, 

тірі  күйімде  ешқайда  жібермейтінін  айтып, 

кейін мені қылқындыра бастады..». 

«...Ол  менің  2  қабырғамды  сындырып, 

аузымды  жыртып,  тістерімді  бұзды.  Аяғымды 

қолшатырмен 

тесіп, 


бүйрегімді 

ұрып 


тастады.  Теуіп,  аяққа  жығып,  таңға  дейін 

қылқындыратын». 

«Күйеуім  үйде  екі  күн  бойы  болмады, 

достарымен  қыдырып  жүрді.  Келіп  алып, 

айғайлап,  жиһазды  сындырып,  серванттағы 

ыдыстарды  сындырып,  бандит  сияқты  жүрді. 

Айғайлай  бастап,  қол  жұмсады.  Бар  күшімен 

мені  қабырғаға  бір  ұрды.  Мен  басыммен 

ұрылып,  көзімнің  алды  қарауытып,  басым 

айналды..». 

Олардың  қатыгездігіне  балалар,  отбасының 

толыққандылығы, 

адамдардың 

сөгуінен 

қорқып  шыдап  керек  емес.  Балалардың 

рухани  саулығы  туралы  ойлаңыз,  әйтпесе,  сіз 

дәл  сондай  қатыгез  адамдарды  тәрбиелеп 

шығасыз. Өйткені, балалар өз ата-аналарының 

әрекеттерін қайталайды». 

Тұрмыстық 

зорлық-зомбылық 

елімізде 

әлі  де  өзекті  болып  келеді.  Егер  сіз  зорлық-

зомбылыққа  тап  болсаңыз,  ең  бастысы  – 

өзіңіздің  соған  лайықтымын  деп  ойламау 

керек.  Жәбір  көрген  оқырман  әйелдердің 

хаттарында олардың өз күйеулерін ақтап, қол 

соққаннан  кейін  көп  жағдайда  кешіргендерін 

айтады.  Өз  қайғыңызбен  оқшауланып  керек 

емес,  керісінше,  туысқандар,  достар  мен 

дағдарыс  орталықтарының  көмегіне  жүгіну 

керек.  Бұл  қоғамның  сырқатына  назар 

аударылып,  осындай  жағдайлардан  өздерін 

көрген  әйелдер  құрмет  пен  махаббатқа 

лайықты екендерін түсінеді деп үміттенеміз. 

Біздің  қыздарымыз  шығыс  әйелдердің 

менталитетін  ұстанады  және  де  олар  өте 

сабырлы.  Көбісі  күйеулерімен  балалары 

үшін  өмір  сүреді.  Бүгінгі  коғамның  әйелдері 

өздерінің 

экономикалық 

тәуелділік 

жағдайындағыдай қалыпта – қоғамның санасы 

қоршаған 

шынайылықтағы 

өзгерістерді 

ұғынып  үлгермей  жатыр.  Бүгінгі  таңда  әйел 

қоғамның толық құқылы мүшесі. Кейбір кезде 

әйелдердің өздері бұған дайын емес екендері, 

және  өткен  шақтың  бұл  мұрасы  тұрмыстық 

зорлық-зомбылықтан  көрініс  табатын  сияқты. 

Бірақ,  бұл  мәселенің  бір  қыры,  одан  бөлек 

қаншама шешілмеген жайттар бар». 

1998  жылдан  бастап  Алматы  қаласының 

дағдарыс  орталықтарынан  20  мың  500  әйел 

көмек алған болатын. 



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

23

Қазақстанда  жыл  сайын  тұрмыстық  зорлық-



зомбылықтан  570-590  әйел  мен  қыздар  көз 

жұмып жатыр. 

Еліміздің 

конституциясында 

заңның 

алдында  бәрі  тең  екені  көрсетілген.  Әйел  де, 



еркек  те  өз  құқықтарын  қорғауда  тең  құқылы 

болып  келеді.  Ал  адамның  абыройына  ешкім 

қол  сұқпауы  тиіс,  ешбір  адам  зорлыққа, 

қатыгездік  әрекеттерге,  соққыларға  душар 

болмауы  тиіс.  Бұл  конституциялық  ереже 

отбасыдағы  адамның  қастандықтан  қорғалу 

жағдайларына  таралады.  Яғни,  отбасы 

мен  неке  Конституциямен  және  заңдармен 

қорғалады.  Сондықтан,  отбасында  ешқандай 

да  зорлық-зомбылық  әрекеттер,  әсіресе 

ер  адамның  әйелді  соққыға  жығуына  жол 

берілмейді.  Қазақстан  тәуелсіздік  жылдары 

ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын 

алу мен әйелдер мүдделерін қорғау саласында 

үлкен  нәтижелерге  қол  жеткізді.  Ішкі  істер 

органдарының 

құрылымында 

әйелдерді 

зорлық  зомбылықтан  қорғау  бойынша 

бөлімшелер ашылды. 

Жыл  сайын  Ішкі  істер  органдарына 

тұрмыстық  зорлық  зомбылықтан  жапа 

шеккен 30 мыңнан астам әйел шағымданады, 

барлық  шағымдар  бойынша  тиісті  шаралар 

қолданылады.  Әйелдерге  қатысты  тұрмыстық 

зорлық  зомбылық  бүгінгі  таңдағы  ең  өзекті 

мәселелердің  бірі.  Зорлық  зомбылық  түрлі 

формаларды иеленіп, түрлі шешім жолдарын 

талап  етеді.  Әйелдерге  қарсы  зорлық 

зомбылық адамға қарсы зорлық-зомбылықтың 

бір  бөлігі  болып  табылады,  ал  оның  салдары 

бүкіл  қоғамға  ықпалын  тигізеді.  Қоғамның 

ұяшығы болып табылатын отбасы қызметінде 

еркек  пен  әйел,  ата-аналар  мен  балалар 

қатынастарының  мәселесі  болмай  қоймайды. 

Тұрмыстық  зорлық  зомбылық  мәселесінде 

барлық  нәрсе  тәрбие,  адамның  белгілі  бір 

жағдайларда  дұрыс  әрекет  ету  қабілеттері, 

сыртқы көріністерге байланысты болып келеді. 

Факторлардың кешені қатыгездік, ашушаңдық 

сияқты надан қасиеттерді тудырып, отбасылық 

тұрмысқа әсер етеді. Қоғамның бұл мәселесін 

зерттеп, шешіп, оған жол бермеу керек. Соған 

тиісті көңіл бөлмеудің нәтижесінде біз зорлық 

зомбылықты  қалыпты  жағдай  деп  санайтын 

ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз. 

Тұрмыстық  зорлық  зомбылықтың  негізгі 

себептері  отбасылық  қатынастардың  төмен 

мәдениеті, әлеуметтік жайсыздықты тудыратын 

мәселеле,  жәбірленген  жанның  материалды 

және  психологиялық  тәуелділігі,  сонымен 

қатар  ішімдікті  және  есірткіні  пайдалану, 

оларға тәуелді болу. 

Әрбір  психолог  әйелге  мен  балаларға  қол 

жұмсаған  еркектің  моральды  тұрғыдан  әлсіз 

болып  табылатынын  растайды.  Өзінің  ішкі 

күйзелістері  мен  мәселелерін  шеше  алмаған 

еркек  әлсіз  адам,  яғни  әйелдің  көмегімен 

шешкісі  келеді.  Өзінің  үстемдігін  сезінген 

сайын,  ол  өзінің  шын  мәнісінде  мықты  және 

оны  ұруға  құқысы  бар  деп  есептей  бастайды. 

Қатыгез  еркек  басқаны  өзіне  бағындырғысы 

келеді, ал мәжбүрлеу мен жәбірлеу тұрмыстық 

зорлық  зомбылықтың  құрамдас  бөлігі  болып 

табылады. 

Бүгінде  гендерлік  саясат  мен  менталитет 

туралы көп айтылып жүр. Егер тарихқа үңілетін 

болсақ, онда гендерлік мәселенің отбасыдағы 

тәрбиемен  байланысты  екенін  көреміз.  Қазақ 

халқындағы  әйел-ананың  рөлі  –  ерекше 

мәселе.  Жұмақтың  кілті  ананың  табанының 

астында  деп  бекер  айтылмаған.  Бірақ,  бұл 

барлық жайттың мәнісін түсіндіріп бере алады 

ма. Мәселен, тұрмысқа шықпаған қыз өз үйінде 

төрде отыруы тиіс, өйткені, ол қонақ, тұрмысқа 

шыққан соң өз отбасына кетеді. Қызды не әкесі 

не  ағалары  ұра  алмайтын.  Балалық  шағында 

таяқ жеген қыз күйеуінен де таяқ жейді деген 

ырым  болатын.  Бүгінгі  таңда  біз  отбасы 

мен  отбасыдағы  әйелдің  рөлін  күшейтуде 

дәстүрлерді жаңғыртуымыз керек. 

Зорлық  зомбылықтан  жапа  шеккен  әйел 

адам  қандай  әрекеттерге  бару  керек.  Қиын 

өмірлік жағдайда қалған әйелге қандай қолдау 

көрсетілуі тиіс. 

Әйелдер ішкі істер органдарына шағымдануы 

керек.  1999  жылы  ішкі  істер  органдарында 

әйелді  тұрмыстық  зорлық  зомбылықтан 

қорғайтын  бөлімшелер  ашылды.  Қазақстан 

мұндай  қызметті  көрсететін  ТМД-ғы  жалғыз 

мемлекет  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  бұл 

қызметте  133  адам  жұмыс  істейді.  Қызметтің 

негізгі  міндеттері  әйелдің  конституциялық 

құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауды 

қамтамасыз  ету,  ішкі  істер  органдарының 

тұрмыстық  зорлық  зомбылық  мәселелерімен 

айналысатын 

бөлімшелерінің 

қызметін 

үйлестіру,  әйелдерге  қарсы  тұрмыстық 

зорлық  зомбылықтың  түрлері  формалары 

мен  әдістеріне  сараптамалық  зерттеулер 

жүргізу  болып  табылады.  Тұрмыстық  зорлық 

зомбылықтан  жапа  шеккен  әйелдерге  көмек 

көрсету  үшін  бөлімшенің  қызметкерлері 

дағдарыстық 

орталықтарымен 

байланыс 

орнатты. Қазіргі таңда елімізде 28 дағдарыстық 

орталық  қызмет  етіп  келеді.  Олардың  16-сы 

әйелдер  мен  оның  балаларына  баспана  беру 


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

24

мүмкіндігіне  иеленеді.  Барлық  орталықтарда 



психологтар, 

заңгерлер, 

әлеуметтік 

жұмыскерлер  қызмет  етеді.  Олардың  жалпы 

саны – 167. Оған қоса Ішкі істер органдарының 

қызметкерлері 2014 жыл мен 2015 жылдары бұл 

орталықтарға 3,5 мың әйелді жіберді [14].

Мәселені  дер  кезінде  шешпеу  неге  әкеліп 

соқтыруы мүмкін? Әдетте әйел адам мәселені 

уақытында шешпей, барлық зорлыққа шыдап, 

мойынсұнса,  ол  қайғылы  оқиғаларға  әкеліп 

соқтыруы мүмкін: психикалық қалыптың өзгеруі, 

ауыр сырқатқа душар болу, рухани күйзелістер, 

өлім. Тұрмыстық зорлық зомбылық салдарының 

бірі балалар психикасының бұзылуы, ал ол өз 

кезегінде мұндай әрекеттің ұрпақпен таралып, 

адамзаттың  бұл  шеңберден  шыға  алмауымен 

қауіпті. 

Тұрмыстық 

зорлық 


зомбылық 

отбасылық  қатынастардың  бұзылуымен  ғана 

емес, сонымен қатар отбасының салттары мен 

ізгіліктік қасиеттерден арылумен байланысты. 

Тұрмыстық зорлық зомбылықтың нәтижесінде 

отбасының  әлсіз  мүшелері  балағаттау,  басып 

жаныштау  мен  соққылардың  құрбанына 

айналады [9]. 

Тұрмыстық  зорлық  зомбылық  мәселесі  тек 

Қазақстанда  ғана  емес,  сонымен  қатар  күллі 

әлемде  де  өзекті  болып  келеді.  Әйелдерге 

қарсы  қылмыс  пен  тұрмыстық  зорлық 

зомбылықтың  шегі  болмайтыны,  және  де 

ол  қандай  да  бір  әлеуметтік  топтармен, 

білім  берумен  немесе  елдің  экономикалық 

дамуымен  байланысты  емес  екендігі  айдан 

анық.  Әлемдік  тәжірибеде  тұрмыстық  зорлық 

зомбылықты еңсерудің мәселесіне қатысты екі 

негізгі әдіс қалыптасқан: жанжалды реттестіру 

мен  отбасыны  сақтап  қалуға  бағытталған 

ресторативті әдіс, ол өз кезегінде жүргізілетін 

әріптестік 

соттар, 

медициналық 

және 

психологиялық  көмектің  міндетті  мәжбүрлеу 



бағдарламалардан тұрады. Екіншісі – жазалау, 

ол өз кезегінде жанжалға түскен тараптардың 

қатынастарын  бұзуға  бағытталған.  Жазалау 

әдісі  заң  шығарушы  базасы  мықты  елдерде 

басым  және  жасалған  тұрмыстық  зорлық 

зомбылық  жауапкершіліктің  түрлі  шарасын 

қарастырады. 

Жыл сайын отбасында құқық бұзуға қатысты 

30 мың адам, 2 мың адам соққылары және 6 мың 

адам  денсаулыққа  қасақана  зардап  келтіруі 

үшін  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылады. 

Жапа  шеккен  және  оның  отбасы  мүшелерін 

қорғаудың түрлі қосымша шаралары бекітіледі. 

Жекелеген  жағдайда  тұрмыстық  зорлық 

зомбылыққа  барған  адамның  өз-өзін  басқа 

баспанамен  қамтамасыз  ете  алу  жағдайында 

жапа  шеккен  адаммен  тұруына  тыйым 

салынады.  Біздің  ойымызша,  тұрмыстық 

зорлық  зомбылықтың  алдын  алу  бойынша 

қолданып  жатқан  шараларымыз  отбасыны 

сақтап қалуға әсерін тигізбей қоймайды. 

Заңды  көзқарас  тарапынан  біз  мұндай 

заңның  бар  екеніне  мақтан  тұтамыз,  бірақ, 

тұрмыстық зорлық зомбылықтан жапа шеккен 

әйелдерге  қатысты  әлеуметтік  көмекке 

қатысты көптеген стандарттар әлі де жеткілікті 

даярланбаған,  соның  есебінен  әйел  адам 

бірқатар  мәселелерге  тап  болуы  мүмкін. 

Мысалға, қауіпсіз баспананың берілмеуі, заңды 

көмектің  көрсетілмеуі,  құқықтық  қолдау  мен 

әлеуметтік қызмет түрлерінің көрсетілмеуі. 

Аталған дағдарыс орталықтарында әйелдерге 

психологиялық,  медициналық,  әлеуметтік 

көмектер  көрсетіледі.  Сондай-ақ  тегін  оқыту 

курстары ұйымдастырылған.


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

25

зерттеу дәл осы жағдаймен негізделеді. Дамыған 



мемлекеттердің 

әлеуметтік 

тәжірибесін 

зерттеу, оның ішінде жас отбасыларға арналған 

әлеуметтік  бағдарламаларды,  материалды 

және  әлеуметтік  ресурстардың  тапшы  болуы 

жағдайында  көмек  көрсету  әдістерін  зерттеу 

дамушы мемлекеттер үшін үлкен маңыздыққа 

ие. Халықаралық әлеуметтік тәжірибені зерттеу 

қазіргі  таңда,  яғни  елімізде  экономикалық 

дағдарыс  өршіп  бара  жатқан  жағдайда  тіпті 

өзекті  болып  келеді.  Бүгінгі  күні  бір  елде 

болып жатқан оқиғалар мәдениеті бөлек басқа 

қоғамдардың өмір сүру салтына әсерін тигізуі 

мүмкін.

           ФИНЛЯНДИЯ



Жағымсыз 

үрдістердің 

ықпалынан 

демографиялық  өсімі  төмендеген,  соның 

негізінде  ұлттың  қартаюы  орын  алып 

отырған  еуропалық  индустриалды  дамыған 

мемлекеттерге 

қарағанда 

Финляндияда 

халықтың қалыпты табиғи өсімі сақталған, ал 

ақырғы онжылдықта тіпті ұлғайған. Бүгінгі күні 

бұл елде жылына орташа есеппен алғанда жаңа 

1000 азамат дүниеге келіп отырады. Мемлекет 

Финляндияның  отбасы  федерациясымен 

–  ана  мен  баланың  барлық  мәселелерінің 

анық-қанығын  біліп  отырған  ұйыммен  тығыз 

байланыста.  Бұл  мекеменің  ұсыныстары 

көптеген әлеуметтік бағдарламалардың негізін 

құрап отыр. Демографтардың есебі бойынша, 

2040 жылға қарай Финляндияның халық саны 

100  мың  адамға  ұлғайып,  5  миллион  366  мың 

адамды құрайтын болады. Мемлекеттің мұндай 

жоспар  мен  болжам  құруына  жеке  азаматтар 

мен күллі қоғам игілігіне қызмет ететін тиімді 

ойластырылған  әлеуметтік  саясат  септігін 

тигізіп отыр. 

Әрине,  жалпы  еуропалық  демография 

шайқалған 

күйінде, 

бірақ, 


көріп 

отырғанымыздай  оның  Финляндияға  тигізер 

ықпалы  жоқ.  Бүгінгі  таңда  бұл  солтүстіктік 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет