Жас отбасыларды әлеуметтік қОРҒАУ



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата22.12.2016
өлшемі5,84 Mb.
#249
1   2   3   4   5   6   7   8

4. БАСПАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ 

ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА 

АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР 

Жас отбасылар баспанаға қалай қол жеткізе 

алады? 

Жас  отбасылардың  ең  өзекті  мәселелерінің 

бірі  жеке  баспана  иелену  болып  табылады. 

Жеке  баспана  –  бұл  берік  отбасының,  жемісті 

мансаптық  өсімнің,  рухани  жайлылық  пен 

адамның  өзін  өзі  жетілдіруінің  негізі  болып 

табылады.  Мемлекет  ұлттық  экономиканың 

мүмкіндіктері  мен  даму  деңгейіне  сүйене 

отырып,  жастардың  жеке  баспанаға  қол 

жеткізуіне  қолдау  көрсетіп  отырады.  Осы 

орайда  көмектің  ең  сұранысты  түрі  баспаға 

қол  жеткізудегі  көмек  сұрау  болып  табылады. 

Жеке баспананы сатып алу әр адам өміріндегі 

маңызды  мәселелердің  бірі  болып  табылады. 

Жеке  пәтер  –  жайлылық  пен  тұрақтылықтың 

кепілі  ғана  емес,  ал  ең  алдымен,  отбасы 

құру  мен  оның  мүшелер  санының  көбеюінің 

іргетасы болып табылады. 

Баспана  мәселесі  қоғамның  жаңадан 

қалыптасқан жанұялары үшін ең кең таралған 

мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Сол 

себептен  жас  отбасылар  осы  мәселемен  жиі 

кездеседі.  Бұл  қиын  жағдайды  жеткілікті 

ақпарат  көзіне  иеленетіндер  ғана  еңсере 

алады.  Мәселен,  жас  жұптар  «Жас  отбасы» 

бағдарламасының  егжей-тегжейін  білген 

жағдайда  белгілі  бір  жәрдемақыларға 

иеленіп, жеке баспана сатып алуда қаржылық 

жеңілдіктерге иелене алады. 

Қазақстандық  заңға  сәйкес  мемлекет 

баспаналық  мәселені  шешуде  жас  отбасыға 

келесі 


формаларда, 

яғни 


мемлекеттік 

бағдарлама бойынша баспана және жалдамалы 

баспана түрінде көмек көрсете алады.

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ 

БАСПАНАЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЛАРЫН 

ЖАҚСАРТУҒА 

АРНАЛҒАН 

БАҒДАРЛАМАЛАР 

Аймақтардың 2020 

жылға дейін даму 

бағдарламасы 

Дипломмен 

ауылға 


2020 жылға 

дейін жұмыспен 

қамтылудың 

жол картасы 

9 сурет. Жас отбасылардың баспаналық жағдайларын жақсартуға арналған 

бағдарламалар



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

32

Жас  отбасыларға  арналған  баспана  – 



Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

2012  жылдың  27  қаңтарында  Қазақстан 

халқына  арнаған  «Әлеуметтік-экономикалық 

модернизация  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты» 

жолдауындағы 

тапсырмаларын 

іске  асыру  шеңберінде  даярланған  баспана 

құрылысының  жаңа  бағыты  болып  табылады 

[23]. 


Баспаналық 

мәселелер 

әлеуметтік 

маңыздылыққа  иеленетін  басқа  да  мәселе 

секілді  Елбасының  үздіксіз  бақылауымен 

қадағаланып  отырады.  Мемлекет  түрлі 

уақыттарда  баспаналық  қорды  дамыту  және 

азаматтарды  баспанамен  қамтамасыз  ету 

бойынша  іс-шараларды  іске  асырып  отырған 

болатын.


Аймақтардың  2020  жылға  дейін  даму 

бағдарламасы

Қазіргі  таңда  Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ 

банкі  аймақтардың  2020  жылға  дейін  даму 

бағдарламасы  бойынша  жұмыс  істеп  келеді. 

Бұл  қазақстандықтарды,  оның  ішінде  жас 

отбасыларды  жаңа,  қолжетімді  және  қолайлы 

баспанамен  қамтамасыз  етудің  бірегей 

мемлекеттік  бағдарламасы  болып  табылады. 

Аймақтардың  2020  жылға  дейін  даму 

бағдарламасы  2014  жылдың  28  маусымында 

Қазақстан  Үкіметінің  №728  қаулысымен 

бекітілді. Мемлекет жаңа үйлерді салуға қаржы 

бөліп келеді. Сіз қазіргі сәттен бастап аталмыш 

бағдарлама бойынша жаңа пәтердің қожайыны 

бола аласыз [24]. 

Оған қоса отбасын енді құрған жас жанұяларға 

арналған арнайы бағдарлама бар. Мемлекеттік 

бағдарлама  жас  жұбайларға  жалдамалы 

баспананы кейін сатып алу мүмкіндігімен бере 

алады, ал банк баспаналық несиені алу және 

жинақтау үшін тиімді шарттар ұсына алады. 

Сіз  келесідегідей  жағдайда  бағдарламаға 

қатыса аласыз: 

Сіздің 


Қазақстан 

Республикасының 

территориясында 

(немесе 


отбасы 

мүшелерінде)  меншігіңізде  баспана  немесе 

жалдамалы баспана болмауы тиіс. 

«Қазақстан 

ипотекалық 

компаниясы» 

АҚ  келешекте  сатып  алу  мүмкіндігімен 

жалдамалы  баспана  бере  алады.  ҚИК 

желісіндегі 

баспаналарды 

көпбалалы 

отбасылар,  толық  емес  отбасылар,  мүгедек 

балалары  бар  отбасылар,  жетім  балалар, 

ата-ананың  қамқорынсыз  қалған  балалар, 



БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА САЛУ КЕЛЕСІ 

БАҒЫТТАР БОЙЫНША ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ:

Жергілікті 

атқарушы 

органдарының 

кезектегі 

адамдарына 

арналған баспана 

Жас отбасылар 

мен халықтың кез 

келген санатына 

берілетін 

"Қазақстанның 

тұрғын үй 

құрылыс жинақ 

банкі" АҚ 

желісіндегі 

баспаналар

"Қазақстандық 

ипотекалық 

компания" АҚ 

баспаналары 

"Самрұқ-Қазына 

жылжымалы 

мүлкінің қоры" АҚ 

баспаналары 

Апаттық күйіндегі 

үйлерді бұзу 

бойынша 


сынамалы 

жобалардың 

шеңберіндегі 

баспана 


10 сурет. «Аймақтардың 2020 жылға дейін дамуы» бағдарламасының 

шеңберіндегі қолжетімді баспананы салудың негізгі бағыттары



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

33

оралмандар, 



мемлекеттік 

қызметкерлер, 

әскер  қызметкерлері,  арнайы  мемлекеттік 

мекемелердің 

қызметкерлері, 

бюджеттік 

ұйымдардың  қызметкерлері  ала  алады. 

Сонымен қатар бұл баспананы ҚИК-пен келісім 

немесе  меморандум  орнатқан  мемлекеттік 

заңды  тұлғалардың  қызметкерлері  де  ала 

алады.  «Аймақтардың  2020  жылға  дейін  даму 

бағдарламасын»  іске  асыру  барысында  ҚИК 

жалдамалы  баспананың  1  483  мың  шаршы 

метрін  (шамамен  29  мың  пәтер)  таратуды 

жоспарлап  отыр.  Орта  тапқа  жатқызылатын 

және  төлеуге  қабілетті  азаматтар  «Самрұқ-

Қазына» 

жылжымайтын 

мүлік 

қоры» 


бағдарламасы бойынша баспанаға қол жеткізе 

алады. 


«Самрұқ-Қазына» 

жылжымайтын 

мүлік 

қоры» АҚ желісіндегі баспананы Қазақстанның 



барлық  азаматтары  ала  алады,  бірақ,  бұл 

жағдайда  баспанасы  жоқ  немесе  тұрмыстық 

жағдайларын  жақсартуға  мәжбүр  азаматтарға 

артықшылық беріледі. 

Бағдарлама  шеңберіндегі  жеке  пәтерлерге 

қол жеткізудің басқа әдістерімен салыстырғанда 

халық  арасында  ең  сұранысқа  иесі  «ТҮҚЖБ» 

АҚ  желісіндегі  баспаналарды  алу  болып 

табылады.  Баспананы  Қазақстанның  барлық 

азаматтары  банктің  шарттарын  орындау 

арқылы  ала  алады  (пәтердің  жарты  сомасын 

үш жыл немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақты 

жинақтау  арқылы).  Оған  қоса,  банк  ортақ  бір 

айлық табысы 230 мың теңгені құрамайтын жас 

отбасыларға  пәтерлерді  бере  алады.  Елімізде 

қалыптасқан экономикалық жағдайда «ТҮҚЖБ» 

АҚ  жұмысында  үлкен  бір  артықшылық  бар, 

ол  –  долларға  деген  тәуелділіктің  болмауы. 

Банктің  жұмыс  істейтін  жалғыз  валютасы  – 

теңге,  сәйкесінше,  баспананың  құны  доллар 

бағамына  байланысты  қайта  бағаланып 

отырмайды. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика 

комитетінің  мәліметтері  бойынша  халықтың 

баспанамен  қамтылуының  орташа  көрсеткіші 

ақырғы бес жыл ішінде қарқынды өсіп келеді. 

ТҮҚЖБ  АҚ  желісіндегі  «Жас  отбасыларға 

арналған  баспана»  бағытына  қатысушы 

азаматтар келесі талаптарға сай болуы тиіс: 

Арыз  берген  сәтте  жұбайлардың  екеуі  де  29 

жастан аспау керек. Отбасы толық емес болған 

жағдайда, бұл шектеу бала тәрбиелеп отырған 

жалғыз  басты  ата-анаға  ғана  таралады. 

Тіркелген  неке  уақыты  екі  жылдан  кем 

болмауы тиіс. Бұл шектеу толық емес отбасыға 

таралмайды. 

Отбасы  мүшелерінің  саны  пәтердің  көлемін 

анықтауда  есепке  алынады,  әрбір  адамға  15-

тен 18 шаршы метр белгіленеді. Егер отбасында 

үш адам болса, онда пәтердің шаршы метрі 45 

ш. метрден кем болмауы тиіс [25].

«Жас  отбасы»  бағытына  қатысу  үшін 

ерлі-зайыптылар  мен  отбасы  мүшелерінің 

меншігінде пәтер алынайын деп жатқан жерде 

жеке жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс. 

Жас  отбасылар  келешекте  сатып  алу 

мүмкіндігімен жалдамалы баспанаға ақша құю 

арқылы  ТҰҚЖБ  желісіндегі  «Жас  отбасыларға 

арналған» бағыты бойынша пәтер ала алады. 

Жас  отбасы  тобындағы  «ТҮҚЖБ  желісіндегі 

баспана», «ҚИК АҚ баспанасы» бағыттарындағы 

бағдарлама  қатысушыларына  қойылатын 

негізгі талаптар: 

1)  Қазақстан  Республикасының  азаматы 

немесе оралман статусына ие болуы; 

2)  «ТҮҚЖБ  желісіндегі  баспана»,  «ҚИК  АҚ 

баспанасы»  бағыттары  бойынша  Алматы 

және Астана қалаларында баспана алуға арыз 

берген  азамат  осы  қалаларда  ақырғы  2  жыл 

ішінде тіркеуде тұруы тиіс; 

Басқа  аймақтарда  «ТҮҚЖБ  желісіндегі 

баспана»,  «ҚИК  АҚ  баспанасы»  бағыттары 

бойынша  өзінің  тұрғылықты  жерінен  баспана 

алуға арыз берген азамат сол аймақта тіркелуі 

тиіс; 

3)  Бағдарламаға  қатысып  отырған  адамның 



және  онымен  бірлесіп  тұрып  жатқан  отбасы 

мүшелерінің  (жұбайлар,  кәмелетке  толмаған 

балалар),  сонымен  қатар  арызда  көрсетілген 

басқа 


отбасы 

мүшелерінің 

Қазақстан 

Республикасының территориясында келешекте 

сатып  алу  мүмкіндігімен  берілген  жалдамалы 

баспанасы болмауы тиіс;

4) Бағдарламаға қатысып отырған азаматтың 

және арызда көрсетілген отбасы мүшелерінің 

Қазақстан  Республикасы  территориясындағы 

тұрғын  үй-жайын  ауыстыру  немесе  ақырғы 

бес  жыл  ішінде  меншігінде  болған  тұрғын 

үйін  оқшауландыру  арқылы  өзінің  тұрмыстық 

жағдайын  қасақана  нашарлатқаны  туралы 

дәлелдердің жоқтығы; 

5)  жалдамалы  төлемдерді  есептегенде 

тұрмыстық  жинақтарды  жинау  немесе  тұрғын 

үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы баспананы 

сатып  алу,  «ҚИК  АҚ  баспанасы»  бағыты 

бойынша жалдамалы баспана үшін төлемдерді 

жасау  бойынша  өзінің  төлеуге  қабілеттелігін 

дәлелдеу [26].


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

34

609  мың  шаршы  метрін  құрайтын  9675  пәтер 



пайдалануға  берілді:  «Халықтың  барлық 

санаттары  үшін  баспана»  бағыты  бойынша 

474  мың  шаршы  метрі  немесе  7410  пәтер 

берілді.«Жас  отбасыларға  арналған  баспана» 

бағыты бойынша 135 мың шаршы метрі немесе 

2265 пәтер берілді. 

ТҮҚЖБ  қоғаммен  байланыс  басқармасының 

мәліметтері бойынша аталмыш банктің желісі 

бойынша  жалпы  ауданы  146  мың  шаршы 

метрін, 2484 пәтерді құрайтын 38 үй салынады.

2016  жылы  жас  отбасылар  үшін  2484  пәтер 

салынады [27].

Жинақтау барысында жас отбасы салымдарын 

ұлғайта  отырып,  баспананы  несиесіз  ақ 

толығымен  сатып  ала  алады,  алайда,  

бұл  жағдайда  депозит  16-ны  құрайтын 

минималды  бағалау  көрсеткішіне  жету  үшін  

3 жыл өтуі тиіс. 

Дегенмен,  мемлекеттік  бағдарламаның 

барлық  қатысушылары  баспанаға  қол  жеткізе 

алмайды.  Бұл  жағдайда  Тұрғын  үй  құрылыс 

жинақ банкі өзінің ипотекасын ұсына алады. 

2015  жыл  және  2016  жылдың  4  айы  ішінде 

аймақтарды  2020  жылға  дейін  дамыту 

бағдарламасының  шеңберінде  жалпы  ауданы 

АЙМАҚТАРДАҒЫ 1 БӨЛМЕЛІК ПӘТЕРГЕ ЕСЕП ЖАСАУДЫҢ ҮЛГІСІ

2 Кесте.


Пәтердің бағасы

Ауданы


Бір шаршы метрді жалға алудың бағасы 

Баспананың бағасы (ш.м)

Алғашқы 8 жыл ішінде ай сайынғы төлем 

Жылына 4 пайыз ұстайтын «Кемел» бағдарламасы бойынша 

алдағы 15 жыл ішінде жүргізілетін ай сайынғы төлем 

15 жыл ішінде үстінен төленетін сома



3 200 000 теңге

32 ш.м

0 теңге

100 000 теңге

16 960 теңге

8 800 теңге

394 000 теңге

АСТАНА МЕН АЛМАТЫ, СОНЫМЕН ҚОСА АЙМАҚ ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ 

2 ЖӘНЕ 3 БӨЛМЕЛІК ПӘТЕРЛЕРДІҢ ОРТАША ҚҰНЫ

3 Кесте.


2 бөлмелік пәтердің құны

3 бөлмелік пәтердің құны

Астана мен Алматы 

қалаларында

5 040 000 теңге

9 600 000 теңге

аймақтағы 

қалаларда

4 200 000 теңге

8 000 000 теңге



АЛМАТЫ ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ 

1 БӨЛМЕЛІК ПӘТЕРГЕ ЕСЕП ЖАСАУДЫҢ ҮЛГІСІ

1 Кесте.


Пәтердің бағасы

Ауданы


Бір шаршы метрді жалға алудың бағасы 

Баспананың бағасы (ш.м)

Алғашқы 8 жыл ішінде ай сайынғы төлем 

Жылына 4 пайыз ұстайтын «Кемел» бағдарламасы бойынша 

алдағы 15 жыл ішінде жүргізілетін ай сайынғы төлем 

15 жыл ішінде үстінен төленетін сома



3 840 000 теңге

32 ш.м

0 теңге

120 000 теңге

20 352 теңге

10 889 теңге

487 910 теңге

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

35

АЙМАҚТАРДАҒЫ «ЖАС ОТБАСЫ» 2016 БАҒДАРЛАМАСЫ 

3 кесте.


Ақмола

Алматы 


Атырау

Шығыс Қазақстан

Батыс Қазақстан

Қарағанды

Қызылорда

Павлодар


Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Астана

Алматы


Жалпы

Аймақтар


Үйлердің 

саны


Пәтерлер 

саны


Ауданы, 

мың ш.м


1

2

1



4

2

3



3

1

1



2

3

15



38

75

100



45

345


180

228


180

64

75



216

382


594

2484

5

7



3

20

11



10

12

5



4

11

25



34

146

Өтініш  берушілерге  кеңес:  мемлекеттік 

бағдарлама  бойынша  баспананы  қалай  алуға 

болады 

1. Әкімдіктер мен баспана басқармаларының 

сайтындағы  құжаттарды  қабылдау  туралы 

жаңалықтарды 

бақылап 

отырыңыз. 

Мемлекеттік 

органдардың 

әлеуметтік 

желілерде  аккаунттары  болады,  соларға 

жазылып қойыңыз. 

2. БАҚ бақылап отырыңыз.

3.  Тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкінде 

депозит ашып қойыңыз. Жинаған сомаңыз аз 

болғанымен, төлемдеріңіз уақытында жасалып 

отыруы тиіс. Егер әкімдіктің атынан тізімге кіре 

алмасаңыз,  сіз  «Халықтың  барлық  санаттары 

үшін баспана» бағыты бойынша немесе ТҮҚЖБ 

«Өз  үйім»  жаңа  бағдарламасы  бойынша 

баспана ала аласыз. Бұл жағдайда банкінің кез 

келген салымшысы баспана ала алады, алайда 

ақырғы  бес  жыл  ішінде  баспанасыз  жүрген 

салымшыларға артықшылық беріледі. 

4.  Ай  сайынғы  табысты  растау  қажеттілігін 

естен  шығармаңыз.  Пәтерге  арыз  беру 

уақытына  қарай  ол  қалыпты  шешім  шығару 

үшін жеткілікті болуы тиіс [28].

Қорытынды жасай отырып, Қазақстан халқын, 

жас  отбасыларды  баспанамен  қамтамасыз 

етуге  бағытталған  бағдарламалардың  ең 

жемістісі  «Аймақтарды  2020  жылға  дейін 

дамыту  бағдарламасы»  болып  табылады  деп 

айтуға  болады.  Бағдарламаны  іске  асыру 

барысында  жас  отбасылардың  бір  бөлігі 

баспанамен  қамтамасыз  етілді.  «Аймақтарды 

2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы» әрбір 

қазақстандықтың  өзінің  жеке  баспанасына 

иеленуінің  абсолюттік  шынайы  мүмкіндігі 

болып табылады [29]. 

Мемлекет  жас  отбасыларды  баспанамен 

қамтамасыз  етудің  басқа  да  мүмкіндіктерін 

ұсынып  отыр.  Сонымен  қатар  «2020  жылға 

дейін  жұмыспен  қамтылудың  жол  картасы» 

бағдарламасының  шеңберінде  қызметтік 

баспана да иеленуге болады. 

Жұмыс  беруші  қажеттілігінің  шеңберіндегі 

еңбек ресурстарының белсенділігін жоғарылату 

Қазақстан 

Республикасы 

азаматтарының 

өз  еркімен  қоныс  аударуына  септігін  тигізу 

есебінен  және  жастардың  бейімделуі  үшін 

жағдайларды жасау негізінде іске асырылады. 

Қатысуға  құқығы  бар  тұлғалар  және  оларға 

мемлекеттік  қолдаудың  шараларын  ұсыну 

жұмыспен  қамтылу  үрдісіне  септігін  тигізудің 

белсенді шараларына қатысатын тұлғалардың 

белсенділігін 

жоғарылату 

ережелерімен 

және  оларға  мемлекеттік  қолдау  шараларын 

көрсетумен анықталады. 

Бағдарлама  қатысушыларының  әлеуметтік 

және  экономикалық  даму  әлеуеті  төмен 

елді  мекендерден  әлеуметтік  экономикалық 

дамуының  әлеуеті  жоғары  елді  мекендерге 



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

36

КӘСІБИ ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ 

ЖОҒАРЫЛАТУ КУРСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ

11 сурет. Бағдарлама қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету 

жаңа елді мекенде 

жұмыспен қамтылуға 

септігін тигізеді

Бағдарлама 

қатысушыларына 

мемлекеттік қолдау 

көрсетуді ұсынады

көшіп қонуға 

жәрдемақылар бөледі

қызметтік баспана 

ұсынады

жұмыс істейтін жастарға  



жатақханадан бөлме 

беру


және  экономикалық  дамудың  орталықтарына 

көшуі келесі жағдайларда іске асырылады: 

1) бір ауданның ішінде;

2)  бір  облыстың  шеңберіндегі  бір  ауданнан 

(облыстық статусы бар қаладан) басқа ауданға 

(облыстық статусы бар қаладан) көшу; 

3) бір облыстан екіншісіне көшу. 

Әлеуметтік  және  экономикалық  дамуының 

төмен,  орташа  және  жоғары  әлеуеттегі 

елді  мекендерді  анықтаудың  критерийлері 

аймақтық  даму  сұрақтарын  реттестіретін 

орталық  құзырлы  органмен  даярланып, 

бекітіледі. 

Әзірленген  белгілерге  сәйкес  жергілікті 

атқарушы 

органдар 

орталық 

құзырлы 


органның  келісімі  бойынша  әлеуметтік  және 

экономикалық  дамуының  төмен  және  жоғары 

әлеуеттегі елді мекен тізімін анықтайды және 

оны Бағдарлама операторына бағыттайды.

Көшіп  қонумен  байланысты  жәрдемақылар 

көшіп қонуға жұмсалған шығындарды өтейді. 

Жұмыс  берушінің  есебінен  көшіп  қонған 

және 


жұмыспен 

қамтылған 

азаматтар 

қатысушылардың  қатарына  еніп,  белгілі  бір 

тәртіпте тиісті мемлекеттік қолдауға ие. 

Жүзеге асыру тетігі: 

1)  қатысуға  тілек  білдірушілер  халықты 

еңбекпен  қамту  орталығына  көшу  туралы 

өтініш  беріп,  жұмыспен  қамтылуға  септігін 

тигізудің  белсенді  шараларына  қатысатын 

тұлғалардың 

белсенділігін 

жоғарылату 

және  оларға  мемлекеттік  көмек  көрсетудің 

ережелерімен  анықталатын  құжаттарды  қоса 

тапсырады; 

2)  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы 

құжаттарды  қатысуға  іріктеу  белгілеріне  сай 

қарастырып, арыз берушілермен бірге көшудің 

мүмкін  нұсқаларын  талқылап,  мәмілеге 

келіп,  құжаттарды  көшу  орнына  байланысты 

аймақтық 

немесе 

аудандық 



(қалалық) 

комиссияға жібереді;

3)  Бағдарламаға  қатысуға  арыз  берген 

тұлғалардың 

құжаттарын 

қарастыру 

нәтижесінде: 

Аймақтық  комиссиялар  бір  ауданнан 

екіншісіне  көшетін  азаматтарды  Бағдарлама 

қатысушыларының 

қатарына 

кіргізу 


(қабылдамау) 

ұсыныстары 

мен 

басқа 


облысқа  көшетін  азаматтардың  Бағдарлама 

қатысушыларының 

қатарына 

кіргізу 


(қабылдамау) ұсыныстары мен тапсырыстарын 

даярлап шығарады;

Аудандық/қалалық  комиссиялар  бір  аудан 

аумағында  көшетін  азаматтарды  Бағдарлама 

қатысушыларының 

қатарына 

кіргізу 

(қабылдамау)  туралы  ұсыныстарды  даярлап 

шығарады; 

4)  аймақтық  немесе  аудандық/қалалық 

комиссия  шешімінің  негізінде  жұмыспен 

қамту орталығы арыз берушілерді Бағдарлама 

қатарына  кіргізу  (қабылдамау)  туралы  шешім 

қабылдайды;

5) 

Бағдарлама 



қатысушыларының 

қатарына  кірген  азаматтар  жұмыспен  қамту 

орталығымен  әлеуметтік  келісім  шартқа 

қол  қояды.  Әлеуметтік  келісім  шарт  көшіп 

қонуға  әлеуметтік  қолдау  көрсетумен  қатар 

жаңа  орында  жұмыспен  қамту  шараларын  да 

қарастырады; 

6)  аймақтарды  дамыту  бойынша  орталық 

құзырлы  орган  сейсмологиялық  зоналар  мен 

сипаттамаларды  ескере  отырып,  баспананың 



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

37

типтік  жобаларын  (жеке  немесе  көп  пәтерлі) 



жасап шығарады; 

7) әлеуметтік келісімнің шарттарын орындау 

жұмыспен қамту орталығымен қадағаланады. 

«Еңбек 


ресурстарының 

белсенділігін 

жоғарылату»  компонентін  іске  асырудың 

қосымша шарттары сынақтан өтіп жатыр. 

Шығыс  Қазақстан,  Солтүстік  Қазақстан, 

Қызылорда  және  Павлодар  облыстарында 

және МВК шешімімен анықталған аймақтарда 

қызметтік  баспаналардың  салынуы,  сатып 

алынуы, оларға адамдарды орналастыру жұмыс 

берушілердің қатысуымен іске асырылады. 

Бағдарламаны  2020  дейін  іске  асыру 

нәтижесінде  жұмыспен  қамтуға  септігін 

тигізудің  белсенді  шаралары  бір  жарым 

миллион адамды, соның ішінде сегіз жүз мың 

ауыл азаматтарын қамтитын болады [30]. 

Тиімсіз  жұмыспен  қамтудың  салмақтық 

үлесі  төмендеп,  жұмыссыздық  азайып,  еңбек 

өнімділігі өсіп, халықтың табысы ұлғаяды. 

 


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

38



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет