Медициналық мәселелер.
Жас
отбасылардың
неке
құруға
дайынсыздығы,
жыныстық
тәрбиенің
шикілігі, жыныстық қатынастар мәдениетінің
қалыптаспауымен, жастардың репродуктивті
әрекетке көз жұма қарауымен сипатталады.
Репродуктивті
жастағы
отбасының
денсаулығын сақтау маңызды рөл атқарады,
өйткені, оның деңгейі бала туу функциясының
тиімділігін анықтайды. Жайсыз отбасылық-
психологиялық климат пен үздіксіз аурулардың
пайда болу қатері арасында байланыс
анықталған.
Қазіргі таңда Қазақстанда жас отбасыларға
кеңес беретін және әлеуметтік-психологиялық
көмек көрсететін қоғамдық бірлестіктер қызмет
етеді:
Отбасыны қолдау қызметі
Отбасыны қолдау қызметінің мақсаты ата-
аналарға, олардың балаларына қоғамдағы
бейімделудің қиыншылықтарын еңсеруге,
өтпелі
жастық
шақты
эмоционалды
күйзелусіз кешіруге, отбасыдағы қарым
қатынастар мәселелерін шешуге көмектеседі.
Балалар мен олардың ата-анасы заңгердің,
психологтың және басқа да мамандардың
квалификациялық көмегін ала алады. Қызмет
сенбі және жексенбі күндерін есептемегенде
күнде сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс
істейді. Ата-аналар мен балаларды кәмелетке
толмаған балалардың бейімделу орталығының
мамандары қабылдайды.
Кәмелетке толмаған балалар бейімделу
орталығы қызметінің көмекке қайталап
жүгінуді алдын алудағы тиімділігін жоғарылату
мақсатында барлық Кәмелетке толмаған
балалар бейімделу орталығында Отбасыларды
қолдаудың 18 қызметі жұмыс істеп келеді.
Отбасын
қолдау
қызметінің
жұмысы
Кәмелетке толмаған балалардың бейімделу
орталығы (келесіде-КББО) тәрбиеленушілеріне
кеңес беру, психологиялық, анықтамалық-
ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық және басқа да
көмек түрлерін көрсетуге және КББО түлектері
мен олардың ата-аналарын профилактика,
отбасындағы қиындықтардан өту, білім алу,
әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, кәмелетке
толмаған балалардың құқықтары мен заңды
қызығушылықтарын қорғау бойынша кеңес
беруге бағытталған.
Отбасын қолдау қызметі құрамына 93
қызметкер кіреді, олардың ішінде: 19 - аспаздар,
17 – психологтар, 23 әлеуметтік педагогтар, 2 –
заңгерлер (Қарағанды облысының Теміртау
қаласы және Шығыс-Қазақстан облысының
Өскемен қаласы) мен 32 тәрбиешілер.
Отбасын қолдау қызметінің жұмысына
жүргізілген мониторинг бойынша 498 ата-
анаға және 755 кәмелетке толмаған балаларға
құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетілген, 1642
ата-анаға және 1443 балаға кеңес берілген.
351 отбасыға, 112 оқу орындарына және жетім
балаларға арналған 93 мекемелерге хабарласу
арқылы көмек көрсетілген.
Құрамына
КББО-ның
қызметкерлері,
ювеналды
полиция
қызметкерлері
кіретін кәмелетке толмаған балалардың
бейімделу орталығының отбасыны қолдау
қызметінің мобилді топтары әл-ауқаты төмен
отбасыларына тұрғылықты орны бойынша
ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық
16
қамқорлық жасайды.
Ақтөбе облысының Отбасыны қолдау
қызметінің
негізгі
бағыттарының
бірі
Орталықтағы немесе қамқорлыққа алынған
отбасыларда тәрбиеленушілердің отбасын
қолдап отыру болып табылады.
«Кәмелетке толмаған Настя және Миша
Друщенконың анасы Наталья Михайловна
ата-аналық құқығынан айырылды. Балалар
бейімделу орталығында болған кезінде ОҚҚ
қызметкерлері қиын-қыстау жағдайда қалған,
балаларынан айырылу сезімін басынан
өткізген анаға көмек көрсету бойынша жұмыс
жүргізді. Тұрақты жұмысы болмай, ішімдікті
асыра пайдаланудың негізінде наркологиялық
диспансердің тіркеуінде тұра отырып,
ол Орталық әкімшілігі дер кезінде көмек
көрсетпесе, өзінің ата-аналық құқығын қайтара
алмас еді. Бұл әйелді жұмысқа кіргізіп, ішімдікті
тастауға көмектесіп, қажетті құжаттарды
рәсімдеуге көмектесті. Барлық қиындықтар
мен сынақтарды еңсере отырып, Наталья
Михайловна балаларын өзіне қайтарып алды.
Оның бұл қуанышын Кәмелетке толмағандарды
бейімдеу
орталығының
қызметкерлері
бөліскен болатын».
«Кәмелетке толмаған апалы-сіңлі Индира,
Әлия және Айжан Нұрпейсовалар ата-ананың
қамқорынсыз қалып, Мартук ауданың Полтавка
селосында тұратын ағалары Нұрпейісов Д.М.
мырзаның қамқорына берілді. Балалардың
өмірі мен білім алуы туралы ақпаратты алу
үшін ОКҚ қызметкерлері мектептің әлеуметтік
және
психологиялық-педагогикалық
қызметтерімен байланыс орнатты. 2013
жылдың 31 қазанында, бұл балаларды сонымен
қатар осы ауданның Покровка селосында
тұратын КБО-ның бұрыңғы тәрбиеленушілері,
кәмелетке толмаған Литовченко Владислав
пен Николайды патронаттықпен қамтамасыз
ету мақсатында, ОҚҚ қызметкерлері ауданға
іс-сапармен барып келді». Балалармен,
олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығы
және педагогтармен кездесу өткізіліп, соның
барысында келесі жұмыстар жүргізілді:
- жобалық әдістер мен тесттерді пайдалана
отырып,
балалардың
психикалық-
эмоционалды
қалпын,
тұлғааралық
қатынастары мен ата-аналарымен өзара
байланысын тексеру;
-
балалардың
тұрмыстық-баспаналық
жағдайларын тексеру;
- мектеп педагогтарының балалар және
олардың отбасымен әлеуметтік-психологиялық
жұмыс жүргізудің материалдарымен танысу;
- педагогтарға «тәуекел тобына» кіретін
балалармен жұмыс істеу бойынша кеңес
берілді, ата-аналарға балалардың жастық
ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу
жұмысы бойынша кеңес берілді.
Жұмыстың мұндай түрі қолдау көрсетіліп
отырған отбасыларды бақылап, дер кезінде
көмек беруді қамтамасыз етіп қана қоймай,
«тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс
жасауды ұйымдастыруда педагогтар мен ата-
аналарға әдістемелік және кеңес берушілік
көмекті іске асыруға мүмкіндік береді.
• Отбасылық бизнес қауымдастығы
• Отбасылық денсаулық институты
• «Отбасым» ұлттық құндылықтарының
орталығы
• Ұлағатты жанұя
• «Шипагер» отбасылық денсаулық сақтау
орталығы
• Отбасылық дәрігерлер қауымдастығы
• «Демеу» отбасылық медицинаның оқыту-
тәжірибелік орталығы
• Салауатты өмір салтын қалыптастырушы
орталық
• ЖасОтан «Кеңес орталығы» кеңес беру
орталығы
• Дағдарыс орталықтарының одағы
• «Жанұя» отбасының мектебі
• Жас Отау (Сәтпаев қаласы) және т.б.
1995 жылы Елбасы еліміздің күрделі өтпелі
кезеңіне қарамастан, отбасы институтын
қолдау, балалар мен әйелдердің жағдайын
жақсарту үшін Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Отбасы, әйелдер
және демографиялық саясат бойынша Кеңес
құрған болатын. 1998 жылы ол Қазақстан
Республикасы
Президенті
жанындағы
Отбасы және әйелдер ісі бойынша Ұлттық
комиссияға өзгертіліп, оған кең құқықтар мен
құзыреттіліктер берілді.
Ұлттық комиссия балалар, әйелдер мен
отбасылардың жағдайын жақсарту бойынша,
сонымен қатар отбасы мүдделерін қорғау,
әйелдердің еліміздің саяси, әлеуметтік,
экономикалық және мәдени өміріне қатысуы
үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында
тиімді шараларды жасап шығарудың кеңес
беруш органы ретінде қалыптасты. Бүгінгі
күні отбасы және әйелдер ісімен айналысатын
іргелі институционалды механизм ТМД
елдерінің біреуінде де жоқ, және де бұл фактор
әлемдік қауымдастықтың тарапынан жоғары
бағаланған болатын.
Жастар ресурстық орталықтары
Қазіргі уақытта, республика бойынша 200
жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасайды.
Оларға жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы 2
млрд. 177,1 млн. теңге бөлінген. Орталықта 1570
маман қызмет етеді.
ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық
17
Облыстық, қалалық және аудандық жастар
ресурстық орталықтарына жастардың басым
көпшілігі ақпараттық-кеңес алу, құқықтық,
психологиялық көмек алу үшін, жұмысқа
орналасу, тұрғын үй мәселелері, мемлекеттік
бағдарламалар («Дипломмен ауылға», «Жасыл
ел», «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол
картасы 2020»), кәсіпкерлікпен айналасу
мәселелері бойынша жүгінеді. Жергілікті
атқарушы органдардың мәліметтері бойынша
ағымдағы жылғы II тоқсанда 37 мыңнан астам
жастар түрлі бағыттағы кеңес алу көмектерімен
қамтылған. Сондай-ақ, орталықтарда семинар-
тренингтер,
кездесулер,
бос
орындар
жәрмеңкесі және т.б. іс-шаралар өткізіледі.
Жастар ресурстық орталықтарының қызметін
жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыстар
жүргізілуде. 2016 жылғы мамыр айында Білім
және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігі арасында
«Жастар ресурстық орталықтары мен жастар
денсаулық орталықтары арасындағы өзара іс-
қимылды қамтамасыз ету жөніндегі» бірлескен
жоспар әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар,
ЮНИСЕФ
сарапшыларының
қолдауымен
Қазақстан Республикасында жастар ресурстық
орталықтарын одан әрі дамыту жөніндегі
жоспар әзірленді.
Жамбыл облысының Жастар ресурстық
орталықтары
базасында
жастарға
консультациялық көмек көрсету арнайы
сенім телефондары, арыз-шағым жәшіктері
арқылы да көрсетіледі. Сондай-ақ, Орталық
директорларының
қалалық,
аудандық
басылымдарға
азаматтарды
қабылдау
кестелері жарияланып тұрады.
Батыс Қазақстан облысы 2016 жылы жастарды
әлеуметтендіру мақсатында «100 нақты көмек»
әлеуметтік жобасын дайындады. Бұл бағытта
ресурстық орталықтары қызметкерлері жетім
немесе
ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған әлеуметтік нысандарда тәрбиеленуші
жастар, жалғыз басты жас ата-аналар,
көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда
тәрбиеленуші жастар, оқымайтын немесе
ешқандай қызметпен айналыспайтын, жеке
өзіне байланысты себептермен немесе өмірдің
әртүрлі жағдайлары бойынша қоғамдық өмірге
ешқандай үлес қоспай жүрген маргиналды
жастарға көмек көрсете отырып, жұмыс табуға
ықпалдасып, әлеуметтендіруге ат салысады.
Қарағанды облысының жастар ресурстық
орталығы жанында балалар үйі түлектерін
әлеуметтік бейімдеу қызметі жұмысын
жалғастыруда. Қызмет мамандары ата-
ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен
жетім балаларға әлеуметтік-құқықтық және
психологиялық кеңестер көрсетеді.
Қазақстандағы дағдарыс орталықтары
Әрбір отбасы, оның ішіндегі жас отбасы
бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді.
Олардың әрқайсысы қатынастар дағдарысымен
жолдамаланады. Жанжалдық жағдайлар түрлі
себептердің негізінде пайда болып, екеуінде
де эмоционалды-психологиялық күйзеліс
тудыруы мүмкін. Отбасындағы жанжалдарды
шешу түрлі әдістермен іске асырылады,
олар өз кезегінде ымыраға келу арқылы
қатынастарды орнына келтірсе, екіншілері
керісінше, өзара жек көрушілік пен зорлық-
зомбылыққа әкеліп соқтырады. Үйдегі зорлық-
зомбылық – көпқырлы әлеуметтік құбылыс, ол
өз кезегінде физиологиялық, эмоционалды-
психологиялық, сексуалды, экономикалық
мәжбүрлеу, тәуелділікте ұстау және басып
жаныштау формасында кездесуі мүмкін. Бұл
әдетте – басқа адамның үстінен билік жүргізіп,
оны сақтап қалу мақсатындағы отбасы
мүшесінің әрекет ету жүйесі. Отбасыдағы
зорлық-зомбылық оның кез-келген мүшесіне
қарсы қолданылуы мүмкін. Өмірдегі жайттар
отбасы зорлығына душар жандардың 95
пайызы әйелдер екенін дәлелдеді.
Қазіргі таңда әлемде тарихи тұрғыдан
қалыптасқан ер адамдардың әйелдерге
үстемшілдік етуі өзгерістерге ұшырауда.
Елбасының тікелей қолдауымен мемлекет
әйелдер мен ер адамдардың құқығын қорғау,
бақылау және орнына келтіру бойынша
институттарды қалыптастырып, дамытып
жатыр. Егер 1994 жылдың ортасына қарай
Қазақстанда небәрі алты әйелдер үкіметтік
емес ұйымдары тіркелген болса, онда 1997
жылы олардың саны 30-ға, ал 2003 жылдың
басына шамамен 200 құрады. Бүгінгі таңда
әйелдердің ұйымдары бірлестік формасында
үш топ күйінде көрсетіледі: - үкіметтік емес,
мемлекеттік және халықаралық. Қазақстанда
қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар түрлі
мақсаттарды көздеп, түрлі аудиториялармен,
соның ішінде кеңес беретін және әйелдердің
құқығын қорғайтын дағдарысты орталықтармен
жұмыс істейді [9].
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың алдын алу» заңынан
қабылдау сәтінен бастап біршама уақыт өтті,
және де соның өзі оның шынайы қоғамдық
қатынастарда
пайдаланылу
тиімділігін
талдауға мүмкіндік береді. Алайда, құрбан
болған әйелдердің тек 10 пайызы ғана бұл
жайтты полицияға хабарлайды. Бұның
себебі ретінде шығыс әйелі менталитетінің
ерекшеліктері, заңды білмеушілік, құқық сақтау
органдарына сенімсіздік білдіруді, сонымен
ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық
18
қатар басқа да жеке, әлеуметтік факторларды
қарастыруға болады. Зорлық-зомбылықтың
шамамен әрбір екінші жағдайында әйелдің
денесіне зақым тигізіліп, көп жағдайда ұрған
адам жазаланбайды. Егер біз қалыптасқан
жағдайды шетелдің мемлекеттерімен, мысалы,
Австриямен салыстыратын болсақ, онда бұл
елде үйдегі зорлық-зомбылық қылмыстық
істердің қатарына кіріп, қатаң жазаға
тартылады: үлкен мөлшердегі айыппұлдар
ретінде, жұбайы мен балаларына бөлек үй
алып беру, немесе құқық бұзушылықпен
айналысатын адамды үйден қуып шығу.
Әйел адамның отбасында, жұмысында
қиындықтар пайда болған жағдайда қайда
жүгінуге болады. Осындай жағдайларда әйел
адамды қолдау үшін Қазақстанның көптеген
қалаларында арнайы дағдарыс орталықтары
қызмет етеді. Мұндай мекемелердің тізімі:
Тұрмыстық
зорлық-зомбылыққа
душар
әйелдер «Құрбылар» дағдарыс орталығына
мына сенім телефон номерімен хабарласа
алады: 7 (727) 298 45 85. Орталықтың мекен-
жайы: Алматы қ., мкр. 10, 1 үй, кв.1, телефон: +7
(7272) 281296, 984677, e-mail: podrugi@alnet.kz.
Жетекшінің аты-жөні: Гладырь Надежда
Степановна
Тіркелу мерзімі: 1998 ж.
Қызмет саласы мен ұйымдастырушылық-
құқықтық түрі: әйелдер ұйымы, телефонмен
сенім білдіру желісі, әйелдерді психологиялық
тұрғыдан қайта қалыпқа келтіру, әлеуметтік
көмек.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан
кешірген әйелдер мен балаларға құқықтық,
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық
көмек көрсетуші қоғамдық ұйымдар қызмет
етіп келеді [10].
Қазақстандық заңгерлік форум.
«Ана үйі» қоғамдық қоры. Онда тағдыр
тәлкегіне ұшыраған аналар мен олардың
балаларына көмектеседі. Ана үйі 2013 жылы
ашылды. 2013 жылдың қазан айында тағы да
дағдарыс орталықтары ашылды, Қостанай,
Петропавл, Алматы, Астанада екінші үй.
Мақсаты жас аналардың сәбилерінен бас
тартуына жол бермеу. Тірі жетімдер санын
азайту. Тәулік бойғы сенім телефоны 8-800-
080-77-71. 1422.
Жалпы жоба қолға алынғалы қазақстандық
568 қыз-келіншек және олардың балалары
осындай үйлерде пана тапқан. 250-ден астамы
өз отбасыларына қайта оралыпты.
2013 жылы 54 жалғыз басты ана психологиялық
және әлеуметтік көмек алды. 54 сәби әлемдегі
ең жақын адамымен бірге қалуға мүмкіндік
алды.
2014 жылы 529 бала балалар үйіне түсуден
құтқарылды.
2015 жылы 581 балалы әйелге көмек көрсетілді
[11].
Жоба аясында кімдер көмек ала алады?
Бала күтіп жүрген немесе 18 айға дейінгі
балалы
кәмелетке
толмаған
әйелдер
(қамқоршысының келісімі негізінде). Қиын
жағдайда қалған және баладан бас тартуға
бекінген 34 жасқа дейінгі аяғы ауыр немесе 18
айға дейінгі балалы әйелдер.
Дағдарыс орталығында болу уақыты:
• 12 ай (1 год), баланың жасы 18 айға
жеткенше – стандартты болу уақыты. Білім
беру орталығының қамқоршылары, кәмелетке
толмаған аналар үшін – кәмелет жасқа толғанға
дейін (18 жасқа дейін).
Мекендеген кездегі әлеуметтік көмек:
• Психологиялық көмек.
• Медициналық көмек- медициналық
мекемелерде ем қабылдау үшін жәрдемдесу,
порталға, квотаға және т.б. тіркеуге тұру.
• Білім алуға көмек (міндетті 2 дағды:
компьютерлік сауаттылық пен тігін ісі), міндетті
түрде сертификат беріледі.
• Жұмысқа орналасуға көмектесу, тәжірибеден
өту.
• Құжаттарды қалпына келтіруге көмектесу.
• Жәрдемақы рәсімдеуге көмек.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрмыстық
зорлық-зомбылық
бойынша
дағдарыс
орталықтары. Астана қаласы, Бұланты1.
«Көмек» дағдарыс орталығы. Абай 92.
Дәрігер, психологтың қызметтері, тегін оқыту
курстары жүргізіледі.
«Қазақстанның дағдарыс орталықтарының
одағы».
Ұйымдастырушылық-құқықтық
формасы - Заңды тұлғалардың бірлестігі. Ол
өзінің қызметін 2000 жылдың 15 қарашасынан
бастап жүргізіп келеді [12].
Миссиясы: Аналар мен балалардың зорлық-
зомбылықтан қорғалуы бойынша қозғалыс
ашуға және қоғамда зорлықсыз қатынастарға
негізделген мәдениетті қалыптастыруға үлесін
қосу.
Қызметтің мақсаты:
• Зорлық мәселесіне қатысты халықтың
көзқарасын өзгерту;
• Зорлық-зомбылықтан қорғау тетігін
қалыптастыру бойынша заң шығарушы
билікпен өзара байланыс орнату;
• Кеңес мүшелерінің мүдделерін билік
органдарында білдіру;
• Ұйымдар желісін кеңейту;
• Бір ақпараттық орынды құру;
• Кеңес беру қызметін көрсету;
• Жергілікті құрылымдармен байланыс пен
ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық
19
Ұйымның құрамына 18 ҮЕҰ кіреді:
1.
«Құрбылар» Дағдарыс орталығының қоғамдық қоры, Алматы қаласы
2.
«Надежда» Дағдарысты орталығының қоғамдық қоры, Ақтау қаласы
3.
Әйелдерді қолдау орталығының қоғамдық ұйымы «Незабудка», Риддер қаласы
4.
«Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі, Петропавл қаласы
5.
«Талдықорғандық аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі,
Талдықорған қаласы
6.
«Үміт» дағдарыстың орталығы, Ақтөбе қ.
7.
Жалғыз басты аналардың қоғамдық бірлескен қауымдастығы, Текелі қ.
8.
«Болашақ» қоғамдық бірлестігі, Тараз қ.;
9.
«Диалог» әйелдер бастамаларын қолдау орталығы, Жезқазған қ.;
10.
Оңтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдерінің қауымдастығы, Шымкент қ.; Әйелдер
ресурстық орталығы
11.
«Жан» дағдарыстық орталығы, Қызылорда қ.
12.
«ГИАЦ» дағдарыстық орталығы, Қарағанды қ.
13.
«Сенiм» дағдарыс орталығы, Орал қ.
14.
«ЖАРиА» қоғамдық бірлестігі, Астана қ.
15.
«Сана - сезім» қоғамдық бірлестігі, Шымкент қ.
16.
«Витаполь» қоғамдық бірлестігі, Тайынша қ. Солтүстік Қазақстан облысы
17.
«Феникс» қоғамдық ұйымы, Өскемен қ.
18.
Алматыдағы «Забота» дағдарыстық орталығы
әріптестік қатынастарды орнату;
Міндеттері:
• Зорлық-зомбылық туралы ескерту
• Халық санасындағы зорлық-зомбылық
түсінігін ақпараттық және оқытушылық әдісті
қолдана отырып популяциямен, муниципалды
құрылымдармен жұмыс жүргізу арқылы
өзгерту.
• Қорғау тетігін қалыптастыру бойынша заң
шығарушы органмен өзара байланыс орнату.
• Зорлық-зомбылық мәселесі бойынша білім
беру бағдарламаларын жасап шығару және
енгізу.
• Зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыбы
бойынша кітаптап, оқу құралдары мен
буклеттерді басып шығару.
• Ақпараттық кампанияларды ұйымдастыру
және өткізу, БАҚ-мен жұмыс істеу.
2. Зорлық-зомбылықтан жапа шеккен
жандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Жапа шеккендердің қорғалу тетігін келесі
әдістермен іске асыру:
• парламенттегі заңдарды лоббилау;
• зорлық-зомбылық мәселесі бойынша әйел
адамдардың құқықтарына мониторинг жүргізу;
• зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша
зерттеу жұмысын жүргізу;
• жергілікті құрылымдармен байланыс пен
әріптестік қатынастарды орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |