2 тапсырма Қазақстанның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша әлемдік экономикадағы орнын анықтау үшін келесі критерийлерді ала отырып сипаттау: 1. Экономикасының шикізат көзіне (мұнай, газ) тәуелді болуы 2. Сырттан инвестиция тартудағы жеңілдіктердің қарастырылуы 3. Кіші және шағын бизнесті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар 4. Қазақстанның әлемдегі мәртебелік орны (ұйымдарға төрағалық ету, спорттық немесе мәдени жарыстарды қабылдау т.б.)
Қорытынды сұрақтар: 1. Ғаламдық бәсекеге қабілетті ел дегеніміз не? 2. Жеке елдердің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын белгілер қандай? 3. Қазақстанның өз орнын жоғарылатуы үшін қандай бағдарламалар қабылдауы керек деп ойлайсың?