«Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді


„ Биыл қазақтың маңдайына біткен рухани реформатор, дала



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата11.01.2017
өлшемі8,04 Mb.
#1671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

Биыл қазақтың маңдайына біткен рухани реформатор, дала 



демократиясының діңгегі, тәуелсіздіктің жаршысы, қоғам 

қайраткері, ғалым, аудармашы, білікті саясаткер, білімді 

әдебиеттанушы Әлихан Бөкейхановтың жарық дүние есігін 

ашқанына 150 жыл толып отыр. ел егемендігі үшін арыстанша 

арпалысып өткен қазақ зиялысының мерейтойы ЮНеСкО 

көлемінде тойланбақ.

әлихан нұрмұхамедұлы 1937 жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырған 

анкета. ресей Фсб-ның мұрағатындағы құжат. Мәскеу, ақпан, 1995 жыл.. 

 

алаш қайраткері әлихан бөкейхан шығарған 



«Иртышъ» пен «Омичъ» газеттері. 

 

хандық  биліктің  байырғы  құрылымдары  жой-



ылып, қазақтың салт-дәстүрі мен  мәдениетіне 

және  оның  өз  жерінде  дербес  этнос  ретінде 

өмір сүруіне қатер төнді. Бар-жоғы жиырмадан 

енді асқан шағында Ә.Бөкейханов  сол кездегі 

қазақ  қоғамы  мәдениетінің  төмендігін,  адами 

әдеп, әділдіктің жоқтығы мен халықтың жаппай 

сауатсыздығы, болыстық билік үшін ру аралық 

күрес, барымта, байлар мен күштілердің, кедейлер 

мен әлсіздерді аяусыз қанауы секілді ождансыз 

оғаш әрекеттерді оңдырмай сынайды. Өз сөзінің 

бірінде қазақтар туралы ол: «Қыр халқы... ғылым-

білім жайып жатқан һәм өздері ғылым-білімге 

көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты 

біліп,  еңсесін  көтеруге  аяқ  басар,  өздерінің 

сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң...»,-  

деп  жазды.  Ормантанушы-ғалым  және  заңгер 

мамандықтарын үздік аяқтаған ол Қазақстанның 

халық шаруашылығы бойынша сарапшы маман, 

ірі  ғалымға  айналды.  Сондай-ақ  экономист, 

тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы ретінде та-

нылды. Қазақ егіншілігі мен мал шаруашылығы, 

соның ішінде қазақтың сиыр, қой және жылқы 

шаруашылығы туралы іргелі зерттеулер жария-

лады. Қазақ тарихы, этнографиясы, әдебиеті мен 

фольклоры туралы жүздеген мақалалар жазып, 

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Ер 

Сайын» секілді халық ауыз әдебиетінің бірнеше 

үлгілерін жинақтап, баспа бетіне шығарды. Осын-

шама толағай істерді өз иығына артып жүрсе де, 

ғылыми атаққа, дәрежеге  ұмтылған жоқ.  Бойдағы 

бар күш-жігерін саяси күреске жұмсады. Тіпті 

ел тағдырына тікелей қатысты бірқатар  ғылыми 

жұмыстарын  еріксіз  саяси  күрес  барысында 

жазған  екен.  Мәселен,  қазақ  жерінің  отарла-

нуы және оның алдағы уақытта барлық ұрпақ 

үшін  тигізер  зардабы  туралы  зерттеу  еңбегін  

Семей  түрмесінде  сегіз  ай  отырған  кезінде  

жазған.  «Бұрынғы  билеушілердің  көпшілігі 

күш-қуатының барлығын өзара талас-тартыс пен 

қырқысқа сарп етті» деп Ә.Бөкейханов қазақтың 

бірлігі  мен  тәуелсіздігін  сақтай  алмауының 

ең  басты  себебін    ел  тізгінін  ұстағандардың, 

тіпті  ең  қатерлі  кездің  өзінде,  яғни  жоңғар 

шапқыншылығы кезінде де ел ішінде ауызбірлік 

орната алмауынан көреді. Тәуелсіздікті байырғы 

хандық басқару институттары негізінде қалпына 

келтіруді  құп  көрмей,  өзгеше  стратегиялық 

мақсаттарды  жүзеге  асыруға  бағытталған 

ұмтылысының нәтижесі   «Қарқаралы петици-

ясы»  деген  атпен  тарихта  қалған  1905  жылғы 

«Қазақтардың  петициясында»  көрініс  тапты. 

Қазақ халқы аталған петицияда қазақ балалары 

білім алатын барша бастауыш мектептерге ана 

тілі  мен  жазуын  енгізуді,  қазақ  тілінде  газет 

шығарып, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді 

талап етті. Әлихан Бөкейхан кейінірек сырттан 

таңылған жат заңдармен емес, қазақ халқының 

салт-дәстүрі  мен  ұлттық  ерекшеліктеріне  сай 

келетін  жосын-жоралғылар  бойынша  үкім 

шығаратын  қазақтың  байырғы  билер  сотын 

қалпына  келтіруді  ұсынды.  Бұл  ретте  мысал 

ретінде Англиядағы сот билігін алға тартты. Ол 

үшін билер мен билердің сот билігін әкімшілік 

билікке тәуелсіз ету қажет деп санады. «Алаш» 

қозғалысының  стратегиялық  мақсаттарының 

бірі – Дала өлкесіне «земство», яғни жергілікті 

өзін-өзі басқару жүйесін жаппай енгізу. Земство 

енгізілген жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару 

жүйесі күшейіп, белгілі бір аумақта жиналған 

салықты  мектеп,  аурухана,  жол  және  тағы  да 

басқа маңызды әлеуметтік нысандар құрылысын 

жүргізуге,  яғни  жергілікті  инфрақұрылымды  

дамыту мүмкіндігі болатын еді. Мемлекеттік Ду-

мада тиесілі заң қабылдау арқылы Дала өлкесіне 

жаппай  земство  енгізуге  ұмтылған  Әлихан 

Бөкейханның түпкілікті көздегені - қазіргі Қазақ 

мемлекетін,  оның  берік  іргетасын  қалау  еді. 

Алаштың азаттығы, елдің егемендігі үшін ақтық 

демі қалғанша арпалысқан Ә.Бөкейханов ақыры 

досына  да,  дұшпанына  да  өзін,  халқын,  тари-

хын, тектілігін мойындатты. Қазақтың аманат 

арманын  арқалаған  бірқатар  белді  газеттерде 

десте-десте  мақалалары  жарық  көріп  отырды. 

Ол демократияны, парламенттік жүйені, саяси-

экономикалық, рухани дербес Қазақ мемлекетін 

құруды аңсады. «Саяси сенімсіз» деп танылған 

жан  алғыш  жандармерияның  қара  тізіміне 

ілігіп,  тағдырының  талай  жылдары  қапаста 

өтсе де, алған бетінен, мақсат-мұратынан тай-

мады.  Кезінде  Америкадан  үндістерді  қалай 

құртса,  Орта  Азиядан  қазақтарды  да  дәл  со-

лай  жойып  жіберу  әрекетіне  қасқайып  қарсы 

тұрды. Болашаққа қазақилық дағдымен  Еуропа 

және  жапониялық  даму  жүйелерін  байланы-

стыра қарады. Тоқетерін айтқанда, ол ел үшін 

туып, ел үшін өлді. Алайда Әлихандай халық 

перзенттерінің өмірге келген күні бар, кеткен күні 

жоқ. Себебі олар ел ұрпағымен бірге жасай береді. 

Ал 1866 жылдың наурыз айында жарық дүниенің 

есігін ашқан Ә.Бөкейхановтың туылғанына биыл 

табаны  күректей  150  жыл  толып  отыр.  «Тірі 

болсам,  хан  баласында  қазақтың  хақысы  бар 

еді,  қазаққа  қызмет  қылмай  қоймаймын»  деп 

серт  еткен  семсер  мінезді  Алаштың  Әлиханы  

империя саясатына именбейтін ұлттық сананың 

ұйытқысы һәм ел үшін күресіп, қорған болудың 

мәңгілік үлгісі болып қала бермек. 


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №12 (1300), 25 наурыз  2016 Жыл  //

айна


7

 

„

еліміздің ақпарат кеңістігінде блогшылар өрісі кеңейіп 



келеді. Соның арқасында ғаламат ғаламтор әлемінде ұлттық 

контенттің үлес салмағы артып, азаматтық журналистика 

дамуға бет алды. қазақ блогшыларының қол жеткізген 

жетістігі мен олқы тұстарын сараптайтын дәстүрлі 

«Блогқұрылтай-2016» киелі Әулиеата төрінде табысты өтті. үш 

күнге созылған алқалы жиынға облыс әкімі кәрім көкірекбаев  

пен  қр Білім және ғылым министрі ерлан Сағадиевтің қатысуы 

құрылтайдың салмағын одан әрі арттыра түсті.  

Қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 

өткен бұл блогқұрылтайға республикамыздың 

түкпір-түкпірінен 200-ден аса блогер арнайы ат 

басын бұрды. Әуелі  қонақтар оқу ордасының 

алдында  ұйымдастырылған  әулиеаталық 

қолөнер  шеберлерінің  көрмесін  тамашалап, 

күйшілеріміздің күмбірлеген күйлерін тыңдады.  

Меймандос  жамбылдықтардың  қазақы  үйде 

жайылған мол дастарханынан дәм татты. Мұнан 

кейін блогқұрылтай ресми түрде өз жұмысын 

бастап  кетті.    Құрылтайдың  ашылу  рәсіміне 

өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев, қала әкімі 

Нұржан Календеров, белгілі қоғам қайраткері  

Мұхамеджан Тазабек, «Жігер. Абырой. Сана» 

қоғамдық қорының президенті Есен Елеукен, 

танымал  журналист  Әуесбайдың  Қанаты, 

Қытайдағы қандастарымыз ашқан «Сен-Қазақ» 

сайтының  жетекшісі  Ақытбек  Шеризатұлы 

қатысты. Мәжіліс залына жиналған көпшіліктің 

назарына Жамбыл облысының бүгінгі тыныс-

тіршілігінен  сыр  шерткен  танымдық  фильм 

ұсынылды. Өңіріміз туралы салиқалы ойын әрі 

қарай сабақтаған  облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы: 

«Астана  қаласы  -    еліміздің  саяси  орталығы 

десек, алып шаһар Алматы - қаржылық астана, 

Түркістан - рухани астана, Атырау - мұнай аста-

насы болса, біздің көне Тараз - қазақ халқының 

тарихи астанасы»,- деді.   

- Бүгінгі ауқымды іс-шараның тарихы тереңде 

жатқан Тараз жерінде өтуі бекер емес. Себебі 

адам өткенін білмей, жарқын болашаққа қадам 

баса алмайды.  Қазақ хандығының туы тігілген 

қасиетті Әулиеата жері - Ұлы Жібек жолының 

бойында орын тепкен, дамудың даңғыл  жолы-

на түскен шырайлы шаһар.  Баршаңыз жақсы 

білесіздер, былтыр біздің қаламызда  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қатысуымен  Қазақ 

хандығының 550 жылдығы кең көлемде тойла-

нып, өскелең ұрпақтың тарихи санасы жаңғырды. 

Ал  биыл    күллі  қазақстандықтармен  бірге 

жамбылдықтар да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық 

мерейтойын толайым табыспен қарсы алуда. 

Қаламыз күн санап көркейіп, өңірде туризм са-

ласын да дамытудың зор мүмкіндігі туып отыр. 

Келесі жылы елордамыз Астана қаласында өтетін 

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында шартараптан 

келген туристер Тараз жерінің тарихи-мәдени 

орындарын  тамашалауға  арнайы  келеді  деп                      

жоспарлануда, -деді облыс басшысы. 

Кәрім  Нәсбекұлы  Қазақстанда  блогшылар 

үлкен қоғамдық күш болып қалыптасып келе 

жатқанын, олардың ел өміріндегі түрлі маңызды 

оқиғаларды ғаламтор арқылы қалың оқырманға 

жеткізудегі жауапкершілігін кеңінен сөз етті. 

- Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде көптеген 

қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерді көтеруде 

және азаматтық қоғам құруда блогшылардың 

атқарып отырған рөлі зор. Әсіресе, ана тіліміз 

бен дінімізді дәріптеп, өскелең ұрпаққа тура 

жол сілтеуде сіздерге жүктелетін жауапкершілік 

жоғары.  Осындай  алқалы  блогқұрылтайлар 

сендердің  бас  қосуларыңа,  білімдеріңді 

жетілдіруге және өзара тәжірибе алмасуларыңа 

мол мүмкіндік сыйлайды, - деген облыс әкімі 

блогшыларды  Жамбыл жерінің  тарихи-мәдени 

жәдігерлері  және  әлеуметтік  нысандарымен 

жақынырақ танысуға шақырды. 

Ғаламтордағы сан түрлі әлеуметтік желілер 

арқылы жас ұрпаққа ағалық ақылын айтып, ба-

балар салты мен хақ дінімізді сабақтастыра оты-

рып, өнегелі тәрбие беріп жүрген «Асыл арна» 

рухани-ағартушылық телеарнасының директоры 

Мұхамеджан  Тазабек  бүгінгі  қазақ  қоғамы 

қазандай бұрқ-сарқ қайнаған ақпарат тасқыны 

дәуірінде өмір сүріп жатқанын, жастар санасын 

улайтын зиянды ақпараттардан мейлінше сақ 

болу керектігін тілге тиек етті. 

-  Шүкір,  бұл  күнде  кең  байтақ  жеріміздің 

шекарасы бекітілген, керегеміз керілген. Десе 

де, төрткүл дүниеден ағылып жатқан ақпаратқа 

тосқауыл қою қиын.  Қазір қызым үйде, қылығы 

интернетте болып тұрған заман. Біз жастарға 

жақсы  мен  жаманның  ара-жігін  ажыратып, 

олардың  адаспаулары  үшін  жұмыла  отырып 

күресуіміз қажет.  Қазақ ешқашан қуанышты 

яки  қайғылы  хабарды  атүсті  жеткізбеген. 

Өйткені, әу бастан біздің қанымызда ақпаратқа 

деген жауапкершілік бар. Мұны жадымыздан 

шығармауға  тиіспіз.    Жалпы,    журналистер, 

блогерлер - ел ертеңіне алаңдайтын, халықтың 

қамын жейтін қауым. Сол себепті, сіздер кәсіби 

біліктілігі жоғары, ұлтқа, жастарға жанашыр 

болсаңыздар,  болашағымыз  баянды  болары 

сөзсіз,-деді ол ағынан жарылып. 

Ал  Қытайдан  келген  қандасымыз  Ақытбек 

Шеризатұлы  Аспанасты  елінде  2  миллионға 

жуық қазақ өзі жетекшілік ететін «Сен-Қазақ» 

сайтын  тұрақты  оқитынын,    Қазақстандағы 

соңғы  жаңалықтардан  құлағдар  болу  үшін 

осындағы ақпараттық агенттіктермен де тығыз 

жұмыс жасайтындықтарын жеткізсе, журналист 

Әуесбайдың Қанаты тілші, блогерлерді негативті 

ақпараттарды  жиі  таратпауға  шақырды.  Ол 

мұның себебін, әлемдегі тәжірибеге сүйене оты-

рып, жағымсыз оқиғаларды жаппай насихаттаған 

сайын  қоғамда    суицид,  педофилия,  жаңа 

туған сәбилерді тастау секілді жантүршігерлік 

жайттардың көптеп орын алатынын шегелеп 

айтты.  


Ал күн ауа Астанадан арнайы блогқұрылтайдың 

жұмысына  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан 

Сағадиевтің келіп қатысуы, келелі  жиынның 

мән-маңызын,  салмағын  одан  әрі  арттыра 

түсті десек, артық айтқандық болмас.  Ерлан 

Кенжеғалиұлы кездесу барысында  тың ойларын 

ортаға салды.   

- Соңғы жылдары қазақ тілді контенттің үлес 

салмағы  артты.  Осы  арқылы  блогерлер  ана 

тілімізді  дамытуға  сүбелі  үлес  қосып  отыр. 

Жалпы,  тілді  сақтау  -  ұлтты  сақтаумен  тең. 

Сондықтан қазақ тілін әрі қарай терең дамыта 

түсуіміз үшін тіл оқытудың тың әдіс-тәсілдерін 

табуымыз қажет. Негізі 4-5 жастағы бала екі-үш 

тілді қатар меңгеруге қабілетті. Осы басымдықты 

ескере отырып, өскелең ұрпаққа ана тілімен қоса, 

тағы басқа әлем тілдерін оқытсақ ұтылмаймыз,-

деді министр. 

Ерлан  Кенжеғалиұлының  сөзін  ду  қол 

шапалақтап құптай кеткен жастар көкейлерінде 

сайрап жатқан сұрақтарын да қойды. 

Астаналық  блогер,  химия  пәнінің  мұғалімі 

Аятжан  Ахметжан  бастауыш  сыныптарында 

қазақ тілін сынып жетекшісі емес, қазақ тілінің 

маманы оқытқаны дұрыс десе, алматылық блогер 

Назгүл Қожабекова мектептерде оқушылардың 

құқығын қорғайтын секілді,  ұстаздардың да 

құқығын қорғайтын заңның аса қажет екенін 

ұсыныс ретінде жеткізді. 

Министр өз тарапынан  азаматтық журналистер 

өкілдерінің сұрақтарына тиісінше жауап беріп, 

олардың ұсыныстары ескерілетініне уәде берді.

Блогқұрылтайдың тағы бір маңызды бөлігі- 

аталған  салада  әбден  ысылған,  тәжірибесі 

толысқан  азаматтардың  жас  блогерлерге  ар-

нап секциялық жұмыстар жүргізулері болды. 

Онда  бірі  блогер  болудың  алғы  шарттарын 

түсіндірсе,  енді  бірі  әлеуметтік  желілердің 

адам  өміріндегі  маңызды  рөлін  баяндады.  

Елімізге есімі белгілі журналист-блогер Өркен 

Кенжебек «Instagram» желісінде суретті дұрыс 

түсірудің  жолдарын  әңгімелеп  берді.  Бұл 

танымдық шаралардың бірқатарына жастардың 

қызығушылығы айрықша болғанын атап өткен 

жөн.  Мәселен, блогер Ұларбек Нұрғалымұлы 

«YouTube»  бейнехостингінде    ақша  табудың 

жолдарын  тәпіштеп  түсіндіріп  берді.  Оның 

айтуынша, аталған сайттан канал ашу арқылы 

өз  бейне  жұмысыңызды  жүктеп,  айына  100 

доллар көлемінде қаражат табуыңызға әбден 

болады.  Блогер  мұның  қыр-сырын  көпшілік 

қауымға кеңінен түсіндіру үшін өзінің ақысыз 

ұйымдастырылатын  сабағына  шақырды.  Да-

рынды жастарға үнемі қолдау көрсетіп жүретін 

Есен  Елеукен  қазақ  блогерлерінің  саясат, 

мәдениет, әлеуметтік салалардан басқа өзге де 

тақырыптарға кеңінен құлаш ұратын уақыттың 

жеткенін сөз етіп, блогшылардың жан-жақты 

сауатты болу керектігін шегелеп айтты. 

Жиын  барысында    Жамбыл  облыстық 

Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш 

Аралбекова өңірімізде туризм саласы қарқынды 

түрде дамып келе жатқанын, бұл бағытта архе-

олог, тарихшы, туризм саласының мамандары 

қыруар жұмыстар атқарғанын,  қонақжай Тараз 

меймандарды қарсы алуға әрқашан дайын екенін 

жеткізді.  

Үш күнге созылған блогқұрылтай жемісті өтті 

деуге толық негіз бар. Өйткені, Қазақстанның 

әр  аймағынан  келген  блогерлер  танымдық 

жұмыстармен айналысып қана қоймай, үздік 

жиырма блогерді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 

жеке  қабылдады.  Бұдан  бөлек,  блогшылар  

арасында «Тараз тынысы» атты фотоаңшылық 

байқауы  ұйымдастырылып,  салауатты  өмір 

салтын  дәріптеу  мақсатында  «Тараз-Арена» 

спорт сарайында кіші футбол, волейбол, үстел 

теннисі, жүзу, тағы да басқа спорт түрлерінен 

жарыстар өтті. 

Үшінші күні блогерлер «Көне Тараз» тарихи 

орталығы алдына тал егіп,  «Шежірелі Әулие-

ата мекенім» атты өңіріміздің тарихи-мәдени 

жәдігерлерімен, шаһарымызда соңғы жылдары 

бой көтерген нысандармен етене танысты.  

Осымен VI рет өткізілген  блогқұрылтайдан 

түйгеніміз аз емес. 1992 жылы ағылшын ғалымы 

Тим  Бернерс  Лидің  авторлығымен  дүниеге 

келген «блог» қазір Қазақ елінде де кең етек 

алуда.  Алайда жеке тұлғалардың жеке жазба-

лары, түрлі суреттер мен аудиобейне құжаттар 

жиынтығы  болып  табылатын  «блог»  ұғымы 

дәстүрлі  журналистикаға көлеңкесін түсірмей,  

керісінше, біте қайнасып, қатар дамып отырса 

құба-құп. Журналистика – сөз өнері. Сондықтан 

оның  табиғатына  көлеңке  түсірмеу,  қолына 

қалам ұстаған кез келген жанның парызы екенін 

қаперден шығармасақ деген тілек бізде...

Индира БАЙҚОНЫС

Желі Жүйріктері ЖамБылда!

Орамды ойлар алаңы. 

 Суреттерді түсірген В.Алсуфьев


8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №12 (1300), 25 наурыз   2016 Жыл  //



 

„

 «қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар



Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық 

қауымдастық пен  аймақтардың саяси,  әлеуметтік және экономикалық 

мәселелерімен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан 

туындаған қауіп ойдан шығарылған емес. Нақты және шынайы қауіп».

 қр президенті Н.Ә. Назарбаев

діНи экСтремизм – 

ақиқат діННің Жауы

Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы   а л ғ а ш 

Тәуелсіздіктің тұғырына қол жеткізген жылда-

ры жұртшылықтың ой-санасында әлеуметтік-

экономикалық  мәселелер  бірінші  кезекке 

шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені 

байқалған-ды. Қоғамда пайда болған осы ру-

хани бостықтың орнын басқа елдерден келген 

әртүрлі діни экстремистік идеялар толтыруға 

тырысып  бақты.  Сондай-ақ,  еліміздегі  діни 

сенім  бостандығы  туралы  Заңның  әлсіздігін 

пайдаланған шетелдік миссионерлер тамырла-

рын жайып үлгерді. Экстремистік топтардың 

жансақ идеологиялары  ұлтаралық араздық пен 

алауыздыққа негізделген. Діни экстремизм өте 

ауыр әлеуметтік-құқықтық және психологиялық 

мәселе бола отырып, көп аспектілі де болып та-

былады. Демек, діни алауыздық, жеккөрушілік 

және  дінді  саясаттандыру  секілді  қисынсыз 

көзқарастары  мен  әрекеттері  арқылы  пайда 

болатын қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс 

болып табылады.

О с ы   о р а й д а   Қ Р   П р е з и д е н т і 

Н.Ә.Назарбаевтың: «Экстремизм - Қазақстанда 

кең  ауқымда  пайда  бола  қоймаған  құбылыс, 

алайда  конфессионалдық  тұрақсыздықтың 

бізде де бой көтеруінің белгілі бір қаупі бар. 

Әрине, егер осы қауіпті өз уақытында сезініп 

алдын алмасақ»,-деген көзқарасын профессор 

Н.М. Әбдіров: «Экстремизмге қарсылықты іске 

асыруда кешенді және жүйелі жол қажет. Сонда 

реттеуші ғана емес, тыйым салушы да шаралар 

қарастырылатын еді»,-деп нақтылайды.

Десек те, қазіргі таңда дінтану, саясаттану 

және теология саласында білікті мамандар діни 

ұйымдардың  оңды-солына  баға  бере  алатын 

қабілетке ие болды.

Ендеше, дін мен экстремизм ұғымдарына 

тілдік және терминологиялық тұрғыда сараптама:

  Дін  дегеніміз  –  Жаратушы  тарапынан 

Пайғамбарлары  арқылы  жеткізілген,  өзіндік 

тарихи  жолдарымен  қалыптасқан,  өзіндік 

жүйесімен әлемдік ортаға, қоғамға, мемлекетке 

қауіпті салдары болмайтын негіздер жиынтығы.

Экстремизм  дегеніміз  -  Француз  тілінде- 

«extremisme»,  латын  тілінде  –  «extremus» 

«шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, белгіленген 

жерден тыс кету деген мағына береді — жалпы 

тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-

әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің 

пайда  болу  себебі,  адамның  надандыққа, 

көрсеқызарлыққа  бейімделген  көзқарасынан 

пайда  болады.  Яғни,  тек  менің  ғана  пікірім 

болуы  керек  деген  сияқты.  Бұл  ең  алғашқы 

этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы 

бір көрінісі - басқа біреуді көре алмау, түсінбеу 

немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. 

Лаңкесшілер  дұрыс  бағытқа  жол  көрсететін 

адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. 

Олар  өздерін  ең  таза,  кіршіксіз  деп  санап, 

басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, 

жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, 

осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер 

мен қантөгістер орын алуда.

 «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі 

«радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі 

дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, 

дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экс-

тремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті 

мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі 

мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адам-

дарды білдіреді.

Экстремизмнің өзі сипатына және шыққан 

ортасына қарай үшке бөлінеді.

•  Мемлекет  құрылымын  күшпен  өзгерту. 

Қазақ  Республикасының  егемендігін,  оның 

біртұтастығын,  территориялық  бүтіндігін, 

ұлттық қауыпсіздігі мен мемлекеттік қорғанысын 

әлсірету, басып алу немесе   Үкіметті күшпен 

ұстап тұруды ұйымдастыру, заңсыз ұйымдар құру 

және оны басқару, қарулы көтеріліс ұйымдастыру 

әрі оған қатысу, әлеуметтік, тектік алауыздық 

отын тұтату (саяси экстремизм); 

• Нәсілдік, ұлттық және рулық кикілжіңді 

қоздыру және бұларды зорлықпен іске асыру 

немесе зорлықпен іске асыруға үндеу (ұлттық 

экстремизм);

•  Діни  алауыздық  пен  дұшпандық  отын 

тұтату және бұларды зорлықпен іске асыру не-

месе зорлықпен іске асыруға үндеу, сондай-ақ 

азаматтардың, өміріне, денсаулығына, сеніміне 

немесе    салт-дәстүрі  мен  еркіндігіне  қауіп 

төндіретін қандайда діни амалдарды қолдану 

(діни экстремизм).

XXI  ғасырдың  соңғы  жылдарында  діни 

жағдайлармен байланысқан экстремизм қанатын 

кең жайып келеді. Алайда бұл экстремизмнің 

пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, 

шын мәнінде діни экстремизм бола алмайды. 

Экстремизмнің пайда болуы. Экстремизмнің 

бірінші  белгісі  -  адамның  надандыққа, 

көрсоқырлыққа  негізделген  өз  көзқарасы, 

пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. 

Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері 

мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі 

келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс бағыт көрсете 

алатын  адамдардың  ешқайсысын  мойында-

майды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік- 

олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар 

ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. 

Сондықтан  да  олар  басқаларды  әділетсіз  әрі 

қатыгез деп айыптауды өзіне міндет санайды, 

өздерін кіршіксіз, таза Пайғамбардың орнында 

көреді. Сондықтан, аяғы әртүрлі қақтығыстарға 

алып  баратын  жалған  пікірлер  таратып, 

мәжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындай-

тын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар 

жасайды.  Экстремистердің  пайда  болуының 

екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да, 

әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. 

Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде 

адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас 

бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасы-

нан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына 

себеп болады.

Лаңкестік әрекет сан қилы. Оның адамзатқа 

тигізер зиянының ауқымы да әрқалай. Сондықтан 

Дін


лаңкестікке  нақты  бір  анықтама  берудің  өзі 

қиын. Қазір ерекшеліктеріне қарай, лаңкестікке 

жүзден  аса  анықтама  берілсе  де,  олардың 

ешқайсысы оның зардапты сипатын түгел қамти 

алмайды. «Террор» сөзі латын тілінен шыққан: 

terror – қорқыныш, үрей деген мағына береді.

Біз адамдарды құн алу үшін, ұрлау, саяси 

негіздегі кісі өлтіру, соғыста жаппай қырып, 

жою тәсілдерін пайдалану, ұшақтардың бағытын 

өз мақсатына бұру, белгілі бір талаптарын іске 

асыру жолында лауазымды адамдарды, әйелдер 

мен  жас  балаларды  кепілдікке  алу,  діндер 

арасындағы  түсінбеушілік  пен  өшпенділікті 

қоздыра  түсетін  қанқұйлы  қопарылыстарды 

пайдалану, тағы сол сияқты азаматтардың жеке 

басы мен мүлкіне қауіп төндіретін қылмысты 

әрекеттерді лаңкестік деп қабылдаймыз.

Бүгінде ресми түрде әрекеттеріне ҚР сот 

шешімі  бойынша  заңмен  тыйым  салынған 

16 экстремистік ұйым бар. «Хизбут-Тахрир», 

«Аль-Каида», «Таблиғ жамағаты» сынды топтар 

солардың құрамында. 

Мұндай жерлестерімізбен тұрақты түрде 

жұмыс жүргізілуде, яғни оларға Ислам дінінің 

қайнарларымен  оқу-ағарту  іс-шараларын 

өткізіп, дәстүрлі Исламды насихаттаудамыз.

 Қазақстан мұсылмандары Исламның тағат-

құлшылығында Әбу Ханифа мазһабын, ал сенім 

тұрғысында  Матуриди  мектебін  ұстанады. 

Бұл бағыт - Сүннет жұрты және жамағатының 

анағұрлым толерантты, қанағатшыл, жергілікті 

әдет-ғұрып,  салт-сана  заңдары мен  дәстүрлі 

нормаларымен санасатын жол.

Елбасы Н.Назарбаев: «Біз мұсылманбыз, 

оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын 

сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол 

ұлттық  салт-дәстүрді,  ата-ананы  сыйлауға 

негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі 

ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата 

дәстүрін ардақтағаны абзал», - деген еді.

Сондай-ақ,  ҚМДБ  төрағасы,  Бас  мүфти 

Е.Малғажыұлы: «Біздің бағытымыз айқын. Ол 

біздің ата-бабаларымыздың ғасырлардан бері 

жүрген жолы – дәстүрімізбен, салт-санамызбен 

біте  қайнасып  кеткен  дәстүрлі  Әбу  Ханифа 

мазһабы мен Матуруди ақидасын берік ұстану 

және оны насихаттау. Барша мұсылмандармен 

қоян-қолтық  араласып,  бір  жеңнен  қол,  бір 

жағадан бас шығарып, ел игілігіне, халықтың 

қамына қызмет ететін, азғындық пен арсыздықты 

жоятын имандылық салтанат құратын қоғам 

қалыптастыру»,- деген болатын.

Яғни,  Ислам  –  терроризмге,  зорлық-

зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі 

таңда әлемнің түкпір-түкпірінде Ислам атымен 

сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп 

жатады. Жаратушы сөзімен қарасақ, бір адамға 

қиянат  жасап,  құрбан  ету  күллі  адамзатқа 

бағытталған  амал  ретінде  түсіндіріледі.  Со-

нымен Исламның қақтығыс, лаңкестік, зорлық-

зомбылықты, өктемдікті айыптаған, керісінше 

қоғамдық тұрақтылық, ізгілікті, ұстамдылықты 

уағыздаған дін екендігіне көзімізді жеткіземіз.

Терроризмнің  ұлты  да,  діні  де  жоқ.  Сол 

тұрғыдан мұсылман адамның террорист болуы 

әсте мүмкін емес. Ислам дінінің терроризм, экс-

тремизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Қазіргі  таңдағы  дәстүрлі  Ислам  дінін 

ұстанған исі мұсылмандардың қауіпсіздігі мен 

ел тыныштығын басты мұрат ете отырып, терро-

ризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында 

ҚР Дін істері агенттігі, ҚМДБ және Қазақстан 

Республикасындағы Лаңкестік ағымдар мен экс-

тремизм мәселелерін зерттеу орталығы бірқатар 

ірі жобаларды іске асырып, жан-жақты ауқымды 

істер атқаруда. Бұл орайда, облыс әкімдігінің 

Дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын 

зерттеу орталығы да жүйелі түрде тиянақты 

жұмыстар жүргізіп келеді.

Біз дінді әлеуметтік шындықтан бөліп алу 

әрекетінің тек қана жағдайдың нашарлауына 

әкеліп  соқтырғанының  куәгері  болдық.  Дін 

атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырмақ 

болып жатқан экстремистер мен лаңкестерге 

қарсы тұру - баршамыздың ортақ міндетіміз 

әрі  мүддеміз.  Бұл  міндетті  іске  асыруда  дін 

көшбасшылары  мен  мемлекеттік  органдар, 

мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері, жалпы 

ұлт болып, халық болып бір сапта, бір шепте 

тұрып, біріге күрес жүргізуіміз ләзім. Егер біз 

лаңкестердің лас әрекеттерінен тазарған әлемді 

көргіміз келетін болса, біздің күш-жігерімізді 

дәл осында шоғырландыруымыз тиіс.

  Сөзімізді қорыта келгенде, ел аумағында 

лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу 

орталығының басты мақсаты - терроризмнің 

алдын алу. Сондай-ақ, қазақтың салт-санасымен 

санасқан  дәстүрлі  Ислам  дінін  насихаттап, 

құлшылық пен  ғибадат  мәселесінде Ханафи 

мазһабын, сенімде – әл-Матуруди жеткізген, 

сүннеттегі  жамағат  мектебін  ұстанатын 

халықпыз. Орта Азияда туған сүннет салтының 

имамы Әбу Мансур әл-Матуруди негізін қалаған 

сенім мектебі еліміз ерте заманнан кең тарап, 

етене араласып кеткен сүннет салтының ақида 

мектебін бекем ұстануымыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет