«Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата11.01.2017
өлшемі8,04 Mb.
#1671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Аят АЛМАХАНОВ,

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің 

бас имамы.

9

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №12 (1300), 25 наурыз  2016 Жыл  //

Өнер

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Театр  өзінің    шығармашылық  

кезеңінде 500-ден  аса  драматургиялық 

туындылармен жұмыс  жасап, солардың  

және  басқа  да  шығармалар  негізінде  

10 мыңнан  аса сахналық  қойылымдар  

көрсеткен екен.

1939  жылы  14  қазанда  СССР 

Жоғарғы  Совет  Президиумының 

қаулысымен Жамбыл облысы құрылғаны 

белгілі. Облыстың құрылуымен бірге, 

бұрын көршілес Алматы және Шым-

кент облыстарына қарайтын бірнеше 

аудандар Жамбыл облысының құрамына 

беріліп,  бұрынғы  Әулиеата  қаласы 

Жамбыл қаласы атанды. Сол күнге дейін 

Әулиеата театры аталып келген театр да 

«облыстық театр» мәртебесін алып, со-

дан бері Жамбыл облыстық қазақ драма 

театры деп атала бастайды.

80 жылдық тарихы бар бұл мәдени 

ошақтың алғашқы ұйымдастырушылары 

Қ.Қырқымбаев, Ш.Сәкиев, С.Үмбетбаев, 

С.Атамқұлов, О.Тұрымқұлов, Т.Әбуов, 

Р.Әбдірахманов,  Т.Әлмұхамедов, 

М.Сәкиев, Ж.Абызбаев, А.Майтанов, 

С . Аб ы з б а е в а ,   Н . М а й т а н о в а , 

Г.Тұрымқұлова, М.Табановтар болған. 

Ал  тұңғыш  директорлары  - 

Қ.Қырқымбаев  пен  Т.Әлмұхамедов. 

Театр ұжымын  одан беріде әр жылдары 

Ә.Төлебаев, Т.Дүйсебаев, Ә.Әмзеұлы, 

С.Өс ербаев,    Т.Сұлт ангереев, 

Қ.Демешов,  А.Сейілхан  және  т.б.  

басқарыпты. Қазіргі директоры – дра-

матург-жазушы  әрі театртанушы, ҚР 

Мәдениет қайраткері   Болат Бекжанов. 

Көркемдік жетекшісі әрі режиссері – 

Мәлік Ақүрпеков. Бас  суретшісі  - Рахат 

Сапаралиева.  Және  де  бүгінгі  таңда 

ақын-драматург  С.Пірманов  труппа  

меңгерушісі болып қызмет етіп жүр.

Те ат р  т арих ын да    өз індік  

қ ол т а ңб а л ары      бар       с ахн а  

саңлақтарын  атай  кетсек, С.Атамқұлов, 

Ж . А б ы з б а е в ,   С . А б ы з б а е в а , 

Ш.Сәкиев,  М.Сәкиев,  М.Табанов, 

Т.Әлмұхамедов,  О.Тұрымқұлов, 

С.Үмбетбаев, Ф.Нұрымова,  А.Ружева,  

Г. Б ат ы р ғ а л и е в а ,   М . С а л ы қ о в ,  

Ж . Т ұ р с ы н о в ,     Ж . Ш ү л е н б а е в , 

Ү . Ә л ж а н о в ,   Ш . Ж а м е н к е е в а , 



 

„

Жамбыл облыстық қазақ  драма театры 1936 жылы құрылған. өнер ошағы өз шымылдығын  сол 



жылдың 16 наурызында  театрдың тұңғыш директоры, әдебиетші, ұстаз қасым қырқымбаевтың 

«келіншек» атты бір актілі пьесасымен түріпті. міне, сол жылдан бері 80 жыл бойы Әулиеата жерінің 

театры өңірдің мәдениетіне сүбелі үлес қосып, елеулі еңбек етіп келеді. 

талай мықты 

түлеп ұШқаН  театр

Қ.Сатқанбаев, С.Мұқышевтердің алар 

орны ерекше.

Ал  о сынау  қиындығы  мен 

қызығы  мол  өнерді  жанына  серік 

етіп,  бүгінде  зейнетке  шықса  да,  

осы  киелі  ортадан  қол  үзбей    келе 

жатқандардың  қатарында  ҚР  еңбек 

сіңірген  әртісі    Ә.Дүйсекенова,  ҚР 

еңбек  сіңірген  әртісі    Г.Өскенбаева, 

Мәдениет қайраткерлері Т.Жүршиев,  

Н.Омарбекова,  Н.Салықовалар  бар. 

Ал Қазақстанның Халық әртісі  Мәкен 

Рахымжанова,  ҚР  еңбек  сіңірген 

әртісі  Майра  Әлімбетова,  ҚР  еңбек 

сіңірген  әртісі  Асқарбек  Сейілхан,  

ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Гүлшат 

Қыпшақова, ҚР Мәдениет қайраткері 

Жүніс  Әлімбеков,  ҚР  Мәдениет 

саласының үздіктері Құрақ Оразбаев,  

Галина  Қойшыбаева,  ҚР  Мәдениет 

қайраткері Алтай Сәтібековтердің өнері 

де бүгінгі жас әртістерге үлгі.

Осынау өнер иелерінің ізін жалғап 

келе жатқан Анар Сағымбекова, Мәлік 

Ақүрпеков, Мәмбет Қожалиев, Мұрат 

Құсайынов,    Кенен  Ақүрпеков,  Әбу 

Шоңбаев,    Анара  Алтыбаева,  Ғазиз 

Сұрапбаев,  Жандар  Қырықбаев,                                                                                     

Руслан Оразалиев, Бақтияр Көпжасаров,           

Перизат  Рыспанбетова,  Жадыра 

Құлтаева, Ризат Қылышбаева, Зарина 

Асан, Гауһар Сұлтанбекова, Нұрсұлтан 

Маханов, Қажыбай Айтибаев, Шолпан 

Айтибаева,  Елжан  Жармұхамедов, 

Гүлдерай Әлімқұлова, Әсел Салықова, 

Серікболсын  Қайыржанов    сынды 

кейінгі  буын    әртістердің  де  талабы 

таудай.Қойылымдарды  ән-әуенмен 

көркемдеп жүрген музыка бөлімінің 

меңгерушісі - белгілі сазгер Әбиірбек  

Тінәлиев.

 Өнер қайраткері Асқар Тоқпанов  

Жамбыл  облыстық  қазақ  драма  теа-

трында 1969-1972 жылдары бас режис-

сер әрі театрдың көркемдік жетекшісі  

қызметін атқарған. Өз еңбегін үш жыл 

ғана  атқарса  да,    Жамбыл  театрын-

да    «Тоқпановтың  өнер  мектебін» 

қалыптастырып  кеткенін  әлі  күнге 

дейін ешкім ұмыта қоймаған. 

Зерттеушілердің  айтуынша, Асқар 

Тоқпановтың өнердегі  жолы 4 бағытта 

дамып  отырған.  Оның  біріншісі  – 

режиссерлық жол болса, екіншісі – өнер 

жолына шәкірт  тәрбиелеп, ұстаздық 

етуі. Үшіншісі  актерлығы. Төртіншісі- 

кереметтей ойшыл қаламгерлігі және 

аудармашылық қызметі. Ол  өнер жо-

лына арналған бірнеше  кітаптардың  

авторы  және  көптеген  орыс  және 

шетел  классиктерінің  драмаларын 

қазақшаға аударған. 

Асқар Тоқпанов сонымен қатар, бас 

режиссер қызметін атқарып жүргенде, 

Жамбыл  гидромелиоративтік-су 

құрылысы  институтының  2-кур-

сында  оқып  жүрген  Тұңғышбай 

Жаманқұловтың    әке-шешесінің  

ризашылықтарын  алып, Өнер инсти-

тутына оқуға түсіріпті.

Сондай-ақ театрда  90-шы жыл-

дардан бері Қуандық Қасымов  қоюшы 

режиссер, бас режиссер болған кезеңде 

көп жұмыстар атқарылғаны аян.  Ол 

көптеген  классикалық  дүниелермен 

қатар, ұлттық тарихи драмаларды, қазіргі 

заман драматургиясы қойылымдарын, 

сондай-ақ,    балалар  тақырыбындағы 

ертегілерін қойып, театрдың абыройын 

асқақтатуға үлес қосқан.

–  Қазір    театр  ұжымында  1  – 

Қазақстанның    Халық  әртісі,  2–ҚР 

Еңбек  сіңірген  әртісі,  2  –  ҚР  Еңбек 

сіңірген қайраткері, 1 – «Ерен еңбегі 

үшін» медалінің иегері, 6 – ҚР Мәдениет 

қайраткері, 2 – «ҚР Мәдениет саласының 

үздігі» төсбелгісінің иегері,  сонымен 

қатар  12 – жоғары дәрежелі,  5 – бірінші 

дәрежелі    және  3  –  екінші  дәрежелі 

әртістер  мен басқа да шығармашылық 

адамдар  қызмет атқаруда. Сондай-ақ, 

2015-ші жылы театрға Қазақстанның 

басқа қалаларында еңбек етіп жүрген 

дарынды әртістерді облыстық театрға 

шақырдық.  Қазір  басқа  өлкелерден 

келген әртістер Тараз жерінде еңбек етіп 

жүр. 2016 жылғы   80-ші жаңа маусымға  

белгіленген    репертуарға  тоқталсақ, 

30 қойылым  бар.  Олардан басқа он 

шақты  жаңа қойылымдар дайындау жо-

спарланып отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығына арнап, сахнаға  М.Әуезовтің 

«Қилы заман» атты туындысы, сондай-

ақ, бүгінгі күнгі өзекті тақырыптағы  

бірнеше  жаңа    дүние,  2-3  комедия, 

шығыс  және  орыс  классиктерінің  

шығармалары,  балаларға  арналған 

ертегілер  болады деп жоспарлап отыр-

мыз. Ал театрдың  80 жылдық мерейтой-

ына орай, Астана, Алматы қалаларында  

онкүндіктер өткізіп, есеп беру,  сондай-

ақ,  өз  әртістеріміздің  қатысуымен 

ішкі театр фестивалін өткізу,  бірнеше 

қалаларға  гастрольдік  сапарлар 

ұйымдастыру,  театрдың белгілі өнер 

қайраткерлері жайлы деректі фильмдер 

түсіру, мерейтойлық  фотоальбом және  

кітап шығару жоспарлануда,- дейді 2014 

жылдан бері  театрдың директоры әрі 

Көркемдік кеңесінің төрағасы қызметін 

атқарушы, белгілі жазушы-драматург 

Болат Бекжанов.

А ғ ы м д а ғ ы   ж ы л ы   р е с п у -

бликамыздың  өзге  облыстарынан 

Жамбыл облыстық қазақ драма те-

атрына ауысып келген кіл дарынды 

актерлармен кездесіп, сұхбаттасудың 

сәті де түсті.

Кенен АҚүРПЕКОВ, 

актер.

-  Мен  Жам-

был  облысының 

түлегімін. 

Ақүрпектің әулеті 

өнерден  кенде 

болмады. Гүлмира 

әпкем әнші, Нұрлан 

спорт  саласын-

да  жетістіктерге 

ж е т т і .   М ә л і к - 

Жамбыл облыстық 

театрдың  актері.  Өзім  Т.  Жүргенов 

атындағы  академияға  актерлық 

мамандыққа оқуға түстім. Маңғыстау 

өңірі, Ақтау қаласында 2003 жылы  театр 

аштық. Сол театрда еңбек еттім. Анам 

бақиға аттанарда  «елге қайтсын» деген 

екен. Анамның аманатын орындап, 2015 

жылы Жамбылға оралдым. Елге келгелі 

ойымда сондай бір патриоттық сезім ту-

лап, өнерімді туған жеріме паш еткізгім 

келеді де тұрады.

Анара АЛТЫБАЕВА, 

актриса.

-   А л м а т ы 

қаласында  туыл-

дым. Бала күнімнен 

ә н   с а л д ы м . 

Өмірде  белсенді, 

ашық  -  жарқын 

болғандықтан, та-

ныстарым  үнемі 

«театральныйға  

бар»  деп    кеңес 

беретін.  Тәттіні 

жақсы    көргендіктен,  кондитерлік 

бітірдім.  Кейін  театр  академиясын   

оқыдым.  Петропавл  қаласында  қазақ 

театрын  аштық. Кейін Алматы қаласында 

Жастар  театрында  жұмыс  жасадым. 

Тұрмыс құрып, сәби сүйіп, аналық кезеңге 

аяқ басып, ошақ қасында отырып қалдым. 

Мен  театрсыз  өз  өмірімді  елестете 

алмаймын. Жұмысымды сондай қатты 

жақсы көремін. Таразға келгеніме  қатты 

қуаныштымын. 

Қажыбай АЙТИБАЕВ, 

актер.

- Туған жерім- 

Алматы  облы-

сы.  Солтүстік 

Қазақстан  облы-

сы,  С.  Мұқанов 

атындағы  қазақ 

сазды  драма  теа-

трында жұмыс жа-

садым. Шымкент, 

Талдықорған, Та-

раз  театрларына 

қызметке шақырды. Таңдауым Таразға 

түсті. Жұбайым Шолпан да осы театрда 

жұмыс жасайды.  «Актердің бақыты үш- 

ақ қадам» деген сөз бар. Қойылымның 

соңында үш қадам басып келіп, халық 

орнынан тұрып қол соқса, өнер адамы 

үшін одан асқан құрмет жоқ.  Негізі театр 

өнерінің биік шыңына шығу үшін маңдай 

терден бөлек, өз мамандығыңды сүйе  

білуің де шарт. Мен өз мамандығымды 

сүйемін.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрына 

80

 жыл!

театр - өмір бейнесі. 

 


10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №12 (1300), 25 наурыз 2016 Жыл  //

Орта

Балалар қиялыНдағы 

иННОвациялық  идея 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Биыл  «Шапағат-2016»  ғылыми  додасына  

іріктеу кезеңдері ел аумағында қаңтар айында 

басталып кеткен болатын. Жамбыл облысы бой-

ынша Әділет департаменті мен облыс әкімдігінің 

білім  басқармасы  бірлесіп  ұйымдастырған 

облыстық тур мектеп олимпиадаларын және 

мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық 

орталықта  өтті.  Аталмыш  республикалық 

байқаудың  «Жас  дарын»  номинациясына 

ғылыми-зерттеу жұмыстары перспективті зертте-

мелерге  және ерекше критерийлерге жататын 16 

жасқа дейінгі қосымша білім беру ұйымдарының, 

жалпы білім беретін мектептердің және кәсіби 

техникалық лицейлердің оқушылары қатысты. 

Байқауға келіп түскен 23 жұмыстың 18-і Тараз 

қаласынан, ал 5-уі облыс аудандарынан түскен. 

- Негізгі ниет - оқушылардың өнертапқыштық 

қабілетін айқындау, қолдау көрсету. Байқауға 

Шудан 2, Меркіден 2, Сарысудан 1, ал қаладан 

18 жұмыс қатысты. Көбісі өздігінен қозғалатын 

және бәсекеге қабілетті болашақтың энергиясы 

тақырыбында - желмен, күн сәулесімен және 

кәдімгі су арқылы жұмыс жасайтын дүниелер 

жасаған.  Шығармашылық  орталықта  біз 

техникаға қызыққан балалармен үнемі жұмыс жа-

саймыз. Бізге келіп жүрген оқушылардың ойлары 

ұшқыр, идеялары тың. Робототехника бағыты 

бойынша республикалық деңгейдегі байқауларда 

жеңімпаз атанып жүрген мақтаныштарымыз да 

бар,- дейді осымен жетінші жыл жұмыс жасап 

келе  жатқан  Техникалық  шығармашылық 

орталығының әдіскерлік бөлімінің меңгерушісі 

Жанар Тұрғанбаева.

Қатысушылар  арасында  балаң  қиялдан 

туындаған  жұмыстардан  бөлек,  қазіргі 

қоғамға ауадай қажет өнімдерді ойлап тапқан 

жасөспірімдердің  дүниелері  де  жетерлік. 

«Байқауға барлық үміткерлер бір-біріне ұқсай 

бермейтін дүниелерін алып келген. Мәселен, 

сарысулық  оқушы балаларға арналған аса 

қажетті веложаттықпаны жасапты. Онда бала 

велоқұрылғыны пайдалана отырып, жол жүру 

ережелерін, жолдағы белгілерді, қауіпті-қауіпсіз 

межелерді үйренеді. Ал Шудан келген жас 

өнертапқыш өндірістік қоқыстарды қайта өңдеу 

арқылы қалдықтардан құрылысқа қажетті сапа-

лы кірпішті ойлап тапқан. Тараз қаласындағы 

№7 мектеп оқушысы тамшылатып суарудың 

тиімді жүйесін үлгі ретінде құрастырыпты. 

Қатысқандардың барлығына дипломдар та-

быс  етіледі.  Барлық  үміткерлер  26  сәуірде 

Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай 

ұйымдастырылып  отырған  республикалық 

байқауға қатыса алады» -дейді Жамбыл об-

лысы  Әділет  департаментінің  зияткерлік 

меншік құқықтары жөніндегі бөлім басшысы                         

Бауыржан Шамгунов. 

Қазылар  алқасының  шешімі  бойын-

ша  облыстық  байқауда  1-орынды  Сары-

судан  келген  Ерасыл  Шоқпаровтың 

«Веложаттықпасы», 2-орынды Шу ауданынан 

қатысқан Алмаз Шалғынбайдың «Экологиялық 

кірпіштері»,  3-орынды  тараздық  Мовлади 

Махауридің  ойлап  тапқан  «Тамшылатып 

суару жүйесі» иеленді. Сондай-ақ, «Ең жас 

қатысушы» номинациясына тараздық Руслан                                                                                              

Махашев,  «Бәсекеге  қабілетті»  аталымына 

Меркіден келген Әлихан Мақсұт, «Жаңашыл 

қатысушы» номинациясына  тараздық Святос-

лав Десницкий, Константин Зубенко, Халиул 

Ибрагимовтер лайық деп танылды. 

- Мен жасаған велоқұрылғының екі пайдасы 

бар.  Біріншіден,  оған  өзім  секілді  балалар 

жаттыға алады, екіншіден, жол ережесін тез 

үйренеді. Ойымды жүзеге асыру үшін өзімнің 

ескі велосипедімді пайдаландым. Екі ай бойы 

ойымды мұғаліммен бірге жетілдірдік. Кейін 

менің жұмысым «Бағдаршам» үйірмесінде жол 

ережесін үйрету мақсатында пайдаланылды. Ең 

жақсы көретін сабағым - математика. Болашақта 

әртүрлі техникалық заттарды ойлап табатын 

ғалым болғым келеді, - дейді Сарысу ауданы, 

Саудакент ауылынан келген  7-сынып оқушысы, 

облыстық «Жас дарын» байқауының жеңімпазы 

Ерасыл Шоқпаров.



 

„

ғылым мен технологияның жетегінде желпініп өсіп келе жатқан 



өңіріміздің жас өнертапқыштары өзара бақ сынасып, жүйрік қиялдан 

туындаған техникалық өнімдерін  бәйгеге салды.

Ұшқыр ойлы ұлт ұрпағы. 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

 

„

«тараз-арена» спорт сарайында 



ел  тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай облыс әкімдігі жастар саясаты 

мәселелері басқармасының 

«Жастар ресурстық орталығы» 

кмм-і ұйымдастырған  студенттер 

арасындағы «ұлттық ойындар- 

халық мұрасы!»  атты ұлттық 

спорт түрлерінің спартакиадасы өз 

мәресіне жетті.

ләңгі теуіп, асық атып...

Индира БАЙҚОНЫС

Дәл Ұлыстың ұлы күні өткізілген жарысқа қатысып, 

бақтарын сынаған жастар көп болды. Ұлттық спортымызды 

ұлықтауға белсене қатысқан 18-29 жас аралығындағы ойын-

шылар асық ату, ләңгі тебу және  тоғызқұмалақ сынды ойын 

түрлері бойынша өзара мықтыны анықтады. 

 - Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи 

заттармен ойнауға негізделген. Тамыры тереңнен тартылған 

ұлттық спорт түрлері халық құндылықтарының ажырамас 

бөлігі. Сондықтан, оның өрісін кеңейтіп, дені сау, өресі биік 

ұрпақ тәрбиелеуде сенімді құралға айналдыра білуіміз қажет,-

дейді шараны ұйымдастырушылар. 

  Аталған  шара  барысында  ұйымдастырылған  ойын 

түрлері  Қазақстан  Республикасы  Туризм  және  спорт 

министрлігінің Спорт комитетімен және Ұлттық спорт 

түрлері  қауымдастығымен  бекітілген  ереже  бойынша 

өткізіліп, жеңіске жеткен командалар арнайы Алғыс хаттар-

мен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 Спартакиада қорытындысы бойынша,  асық ату ойын 

түрінен І орынды Жамбыл политехникалық колледжінің 

студенті Серік Таңатаров иеленсе, ІІ орынды ТарМУ-дың 

студенті Серік Нұрғали жеңіп алды. Ал жүлделі ІІІ орын-

ды ТИГУ-дің студенті Тұрсынбек Халдаров қанжығасына 

байлады. Тоғызқұмалақтан І орын Нұрлыбек Сейсенбайға 

бұйырса, ІІ орын Тараз политехникалық колледжінің студенті 

Ақмоншақ Алкебаеваға, ІІІ орынды аталған оқу ордасының 

студенті  Жасұлан Әлібаевтің еншісіне тиді.  Ал ләңгі тебу-

ден І орынды Бердібек Жуасов ұтып алса, ІІ орынды Арсен 

Салхимов,  ІІІ орынды Қанат Райқұлов  ұтып алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  облыс әкімдігі жастар сая-

саты мәселелері басқармасы Жастар ресурстық орталығының 

арнайы Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен 

марапатталды.

 

„

«тараз Жастар орталығы» 



мекемесіне қарасты «Балауса» 

аула клубы мен №42 орта мектебі 

ұйымдастырған тоғызқұмалақтан 

қалалық ашық біріншілікте кіл 

мықтылар бақ сынады.

тоғызқұмалақ 

тартысты өтті

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай арнаулы оқу 

орындары және қала мектептерінің жастары мен жасөспірімдері 

арасында ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты кеңінен насихаттай 

отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен 

жарысқа 13 команда қатысып, кіл мықтыны анықтады. 

Бәсекенің ашылу салтанатында №42 орта мектептің дирек-

торы Б.Нысамбекова мен ҚР спорт шебері, тоғызқұмалақ қазақ 

ұлттық ойын Қауымдастығының вице-президенті Е.Нұрханов 

сөз сөйлеп, ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі. 

- ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ұлыстың ұлы күні Нау-

рыз мерекесіне орай орта арнаулы оқу орындарының студенттері 

мен қаламыздағы мектептердің жоғары сынып оқушылары ара-

сында алғаш рет ашық біріншілік ұйымдастырылып отыр. Біздің 

төрешілер құрамына және ұлттық ойынымызды дамытуға үлес 

қосып жүрген қыз-жігіттеріміз бен жаттықтырушыларға үлкен 

рахмет. Бұл да бір қазақтың мәдениетін танытатын спорттың 

түрі болып табылады. Тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны – ата-

бабаларымыздан қалған ұлы мұрамыз. Мұны бұдан әрі дамытып, 

жастар арасында насихаттау баршамыздың міндетіміз болу 

керек,-деді ол.    

Ойынның бекітілген ережесіне сәйкес топ құрамы 2 ұл және 

2 қыздан тұрды. Бәсеке швецариялық жүйемен өтті. Тартысты 

өткен біріншілікте жалпы командалық есеп бойынша І орынды 

№30 орта мектеп, ІІ орынды №44 Ш.Смаханұлы атындағы 

орта  мектеп,  ІІІ  орынды  №56  орта  мектеп  ойыншылары 

иеленді. Қыздар арасында өткен ойын бойынша І орынды №56 

орта мектептің оқушысы А.Турабекова, ІІ орынды №46 орта 

мектептің оқушысы Б.Марат, ІІІ орынды №30 орта мектептің 

оқушысы А.Жәнібек иеленді. Ұлдар арасында өткен ойында 

І  орынды    №50  Ө.Жолдасбеков  атындағы  орта  мектептің 

оқушысы Ж.Әбдірахым, ІІ орынды №10 орта мектеп оқушысы 

Д.Бектұрсынов, ІІІ орынды №30 орта мектептің оқушысы 

Е.Кеңесбек иеленді. 



 

„

тараз қаласының прокуратурасымен 2016 жылдың 



өткен кезеңінде қала прокуратурасында  парламент 

депутаттарынан түскен, «Нұр Отан» партиясы 

тараз қалалық филиалынан жеке және заңды 

тұлғалардың арыздары қарауға жолданған және қала  

прокуратурасы «Нұр Отан» партиясы тараз қалалық 

филиалымен бірлесіп  жеке және заңды тұлғаларды 

жеке қабылдауды ұйымдастыру жұмыстарына саралау 

жүргізілді.

Бірлескен қабылдау ұйымдастырылды

2016 жылдың өткен кезеңінде қала про-

куратурасына  Парламент  депутаттарынан 

және «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 

филиалынан жеке және заңды тұлғалардың 

арыздары қарауға жолданбаған. Ал, қала про-

куратурасымен өткен мерзімде «Нұр Отан» 

партиясы Тараз қалалық филиалымен бірлескен  

жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауы 

екі  рет  ұйымдастырылды.  Атап  айтқанда, 

бірлескен жеке қабылдауда барлығы 16 азамат 

жеке сұрақтарымен келсе, олардың 6-уына 

ауызша заң түсіндірмесі беріліп,  10 азаматтан 

жазбаша арыз қабылданған. Жеке және заңды 

тұлғалардан қабылданған арыздарды қарау 

нәтижесімен, 6 азаматқа заң түсіндірмесі берілсе, 

екі арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Ал 

екі азаматтың арыздарында көрсетілген уәждері 

қаралып, олар бойынша қанағаттандырарлық 

жауап берілген. Мысалы,  азаматша Х.Сайдуллаева 

сот шешімінің орындалмауы жөнінде жазған арызын 

қарау барысында  анықталғаны, №1 Тараз қалалық 

аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Е.Болтаевпен 

28.03.2015ж.  Тараз қалалық сотының көп қабатты 

үйдің жертөлесін қалпына келтіру туралы  шешіміне 

сай, атқару өндірісі қозғалған. 30.07.2015ж. сот орын-

даушымен атқару өндірісі сот шешімі толық орын-

далуына байланысты қысқартылған. Алайда, атқару 

өндірісін зерделеу және аталған жерді қарау бары-

сында сот шешімі орындалмағаны, жертөленің ішінде 

құрылыс заттары, әжетхана орны, терезелер және т.б. 

заттардың осы уақытқа дейін жатқаны анықталған. 

05.02.2016ж. қала прокуратурасымен №1 ТҚАБ-

нің сот орындаушысы Е.Болтаевтың 30.07.2015ж. 

атқару өндірісін қысқарту туралы қаулысын бұзу 

туралы наразылық енгізілген. Наразылықты қарау 

нәтижесімен, 18.02.2016ж. атқару өндірісін қысқарту 

туралы қаулысы бұзылып, қайта жаңғыртылған.



Г. САПАХОВА,

Тараз қалалық прокуратурасының 

бөлім аға прокуроры. 

ДЕНСАУЛЫҚ

11

       // «Жамбыл - Тараз»  //  №12 (1300), 25 наурыз 2016 Жыл //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет