Байланысты: ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)
Техногенді электромагниттік өрістер және оның шығу көздері Жасанды электромагниттік өрістер жер бетінде өзгеріссіз. Соңғы он жыл ішінде
цивилизацияның қарқынды дамуы барысында техногенді электромагниттік өрістердің
қысымы
2-3
есеге
артты
[9].
Антропогендік жаратылыстан пайда болған ЭМӨ теледидарлық және радиоциондық
станциялар, күшті радиотехникалық объектілер, өндірістік технологиялар, өндірістік
жиіліктегі жоғары вольтті электр таратушы сымдар, термиялық цехтар, плазмалық,
лазерлік және рентгендік құрылғылар, атомдық және ядролық реакторлар және т.б.
Әрбір электр энергиясын шығаратын техника ЭМӨ көзі болып табылады.
Кесте 1. ЭМӨ техногенді шығу көздері
Атауы
Жиілік
диапазоны
(толқын
ұзындығы)
Радиотехникалық объектілер
30 кГц...30 МГц
Радио таратушы станциялар
30 кГц...300 МГц
Радиожелілік и радионавигациялық станциялар
СВЧ-диапазон (300 МГц- 300
ГГц)
Теледидарлық станциялар
30 МГц...З ГГц
Плазмалық қондырғылар
Көрінетін,
ИҚ-,
УФ-
диапазондары
Термиялық қондырғылар
Көрінетін, ИҚ-диапазон
Электр таратушы жоғары вольтті сымдар
Өндірістік
жиіліктер,
статистикалық электр
Рентгенді объектілер
Күшті УФ-, рентгенді диапазон,
көрінетін сәулелену
Лазерлер
Оптикалық диапазон
Мазерлер
СВЧ-диапазон
Технологиялық қондырғылар
КЖ-, СВЧ-, ИҚ-, УФ-, көрінетін,
рентгендік диапазон
Ядролық реакторлар
Рентгенді және γ-сәулелену,
ИҚ-, көрінетін және т.б.
ЭМӨ арнайы (жер бетілік, сулы, су астылық,
ауалық), радиоэлектронды қарсы әрекет етуге берілген
өрістер
Радио толқындар, оптикалық
диапазон, акустикалық толқындар
ЭМӨ 1 кГц-тен 1 ГГц- ке дейінгі аралықтағы жиілігі санитарлық - гигиеналық
нормативтар сақталған халық қоныстанған аумақтарға рұқсат етіледі. ЭМӨ шығаратын 1
ГГц-дан жоғары жиіліктегі радиожелілік қондырғылар көп жағдайларда халық
қоныстанған аумақтардан аулақ жерлерде рұқсат етіледі. Мұнда қатаң түрде санитарлық -
гигиеналық нормативтер қадағаланады. Жиілігі 50 Гц пен 1кГц аралығындағы жиіліктегі
энергетика объектілері мен электр таратушы сымдар халық қоныстанған аумақтардан тыс
жерлерде ғана бола алады. Бұл көлемдегі ЭМӨ шығаратын көздер қоршаған ортаның
объектілеріне зиянды әсер етеді. Бірақ ЭМӨ өсімдіктекті жүйелерге әсер етуі қолайлы
146
және қолайсыз жағдайларға алып келетіндігі туралы зерттеулер бар [10]. Бірақ біз алатын
жиілік ол 10-16 Гц арасындағы, яғни төменгі жиіліктегі ЭМӨ болып табылады.