«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


Төменгі  жиіліктегі  электромагниттік  өрістердің  өсімдік  экожүйесіне  әсері



Pdf көрінісі
бет102/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   160
Төменгі  жиіліктегі  электромагниттік  өрістердің  өсімдік  экожүйесіне  әсері.  XIX 
ғасырда  цитоплазманың  ротационды  қимылының  электрикалық  табиғатын  жасап  көру 
мүмкіндігімен  байланысты  электромагниттік  өрістердің  өсімдіктерге  әсерін  зерттеу 
басталды.  Бірақ  тек    Ювартқа  [11]  ғана  қолайлы  нәтижелер  алу  бұйырды.  Ол  хара, 
валиснерия,  элодея  өсімдіктерін  зерттей  келе,  оларды  цитоплазмасындағы  ротационды 
қимылдардың өзгерістерін анықтады.   
1928  жылы  профессор  П.В.  Савостин  [12]  ары  қарай  зерттеулер  жүргізудің 
жалғасына арқау болған еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша магниттік өрістер 
өсімдіктің  клетка  биотикасына  физиологиялық  әсер  ететіндігін  және  клетка 
органиодтарындағы биохимиялық процестердің жылдамдауына әсер етеді.  
Ары  қарай  П.В.  Савостин    өсімдіктегі  өсу  реакциясының  магниттік  өріс  әсерінен 
жылдамдағанын  байқаған.  Көптеген  заңдылықтары  байқай  отырып  П.В.  Савостин 
мынадай тоқтамға келді, магниттік өрістердің өсімдік сезімталдылығына оң әсер етуі ішкі 
периодтық  процестерге  байланысты.  Себебі,  өсімдік  клеткасы  тәуліктің  белгілі  бір 
уақытында  ғана,  әсіресе,  12-ден  14-ке  дейінгі  сағатта  әсері  жоғары.  Ішкі  себептерін 
түсіндіруге  тырысып,  ол  клеткадағы  митоз  циклімен  байланысты  екені  туралы  ойды 
айтты.  Клетка  магниттік  өрісті  митоз  кезінде  жақсы  қабылдайды.  Оның  ойынша, 
өсімдіктің онтогенез кезінде магниттік өріс маңызды рөл атқарады.  
П.В.  Савостин  еңбегі  өсімдіктің  магнитобиологиясы  бойынша  зерттеулердің 
дамуына зор үлесін қосты. Ең алдымен электромагниттік өрістер тұқымның өнуіне және 
өсімдіктің өсу процесіне әсер ететіндігі анықталды.  
Көптеген  елдерде  электромагниттік  өрістердің  өсімдікке,  өнімділікті  жоғарылатуға 
оң әсері қазір көптеген елдерде зерттелуде. Жоғарыда аталған зерттеулер нәтижелері әлі 
де  толық  электромагниттік  өрістер  мен  биосистеманың  арасындағы  механизм  толық 
зерттелінген жоқ, бірақ даму үстінде. 
Альберттің  (Канада)  оңтүстік  провинциясында  жүргізілген  зерттеулер  бойынша, 
арпа,  жүгері,  бидай  тұқымдастарына  магниттік  өрістердің  әсері  зерттелінген  болатын. 
Қорытындысы  бойынша,  жүгері  өнімділігіне  әсер  етпеген,  ал  арпаны  қарағанда,  19 
тәжірибенің 13-де өнімділіктің жоғарылаған, қыстық бидайдың 23 тәжирибесінің 14-де  оң 
нәтиже көрсеткен [13]. 
Бидай  тұқымдасының  электромагниттік  өрістерге  жоғары  сезімталдығы  рН 
өзгерісіне  және  ақуыздың  босатылуына  байланысты.  Ол  клетканы  тыныштық  күйден 
шығарып, өсуі жоғарылатады және қайта қалпына келу процесін жоғарылатады. Сонымен 
қатар, мембрананың бөгеу қызметін арттырады. Жүргізілген зерттеулер төменгі жиіліктегі 
электромагниттік 
өрістер 
бидайдың 
ісіну 
кезеңінде 
метобализм 
процесінің 
белсенділенгендігін  көрсеткен.  Ісінудің  белгілі  -  бір  уақытында  ғана  әсер  ету  деңгейі 
жоғары  болады.  Мәселен,  тәжірибе  қойғаннан  кейін  12  мен  22-нің  арасында  жоғары 
белсенділік көрсеткен.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет