147
Экспериментальді дәлелдерді сараптай келе отырып, мынадай экологиялық аспектті
айтып өту керек. Электромагниттік өрістердің әсерін бағалағанда спектрдің амплитудасы
мен енін ғана емес, модуляцияның түрін және параметрлерін (АМ, ЧМ және т.б.),
сонымен қатар модулдалатын дабылды жиiлiк қандай екенін анықтау маңызды болып
табылады. Бұрын зерттеушiлер әртүрлі спектрдағы электромагниттік өрістердің
биожүйеге тек энергетикалық әсерін ғана басшылыққа алған. Жоғарыдағы әдебиеттерден
алынған зерттеулерден көріп отырғандай, басқа да нақты әсерлерді
қайта қарау қажеттілігі
туындайды.
Келтірілген әдебиетке шолулардан кейін, электромагниттік өрістерді экологиялық
фактор ретінде алып қарастыруға болады. Себебі, биожүйе өсімдіктекті жүйелермен қоса
жануартекті жүйелердің де өмір сүру деңгейіне әсер ететіні анықталды.
Электромагниттік өрістердің энергиясын пайдалану ауыл шаруашылығында
электротехнологияны пайдалану мүмкіндігін арттырады. Электромагниттік өрістермен
әсер ететін құралдарды ауыл шаруашылығында пайдалану басқа да шығынға ұшырататын
тыңайтқыштар және құралдарды пайдаланғаннан тиімді. Шетел және орыс ғалымдарының
зерттеулерінің нәтижесі бойынша биологиялық белсенділікті арттыру электромагниттік
өрістердің төменгі жиіліктегі көлемінде қолайлы әсер ететіні дәлелденуде [15].
Сонымен, электромагниттік өрістер биожүйеге әртүрлі жиілікте әртүрлі әсер етеді.
Біздің алып отырған төменгі жиіліктегі электромагниттік өрістер, әдебиеттерге шолу
жасай отырып оң әсер ететінін қорытындылап айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: