«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет108/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

ЭКОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
Даруеш Ғаламат Сұлтанбекұлы, Тугельбаева Айнаш Оразовна 
ҚазҰТУ 
 
 21  ғасыр  -  ғылым  мен  техниканың  өте  белсенді  даму  кезеңі.  Олардың  даму 
нәтижесінде,  небәрі  10-20  жыл  ішінде,  адамзат  қана  емес,  бүкіл  жер  шары  күрделі 
өзгерістерге  ұшырады.  Техниканың  дамуы  адамзаттың  көптеген  қиыншылықтарын 
шешуде,  бірақтан  оның  теріс  жақтары  да  бар.  Оған  экологиялық  проблемаларды 
жатқызуға  болады.  Менің  бұл  жұмысымда  дүниежүзілік  масштабтағы  3  экологиялық 
проблема қарастырылады. 
І. Атмосфераның ластануы 
ІІ. Қоқыс 
ІІІ. АЭС 
І.Атмосфераның ластануы- атмосфералық ауаға тән емес физикалық, химиялық және 
биологиялық заттардың ауаның құрамына сіңуі және қалыпты концентрацияның өзгеруі. 
Ластану түрлері: 
1. 
Табиғи 
2. 
Антропогенді 
Табиғи  -  минералды,  микробиологиялы,  өсімдікті  заттардың  ластануы  жатады. 
Оларға жанартаудың атқылаулары, орман өрттері, шаң, өсімдік тозаңы және т.б. 
Антропогенді, яғни жасанды ластануды бірнеше топқа бөлуге болады: 
1. 
Көліктік  ластану  -  автомобиль,  теміржол,  ауа,  су  көліктері  жұмыс  жасағанда 
пайда болатын ластану; 
2. 
Өнеркәсіптік ластану - технологиялық процесс кезінде пайда болған ластану; 
3. 
Тұрмыстық  ластану  -  отын  жағу  немесе  тұрмыстық  қоқысты  өңдеу  кезінде 
ластану. 
 
Атмосфераның басты ластаушылары: 
 
Көміртек оксиді 
Азот оксиді 
Күкірт диоксиді 
Шаң 
Көмірсутек 
Альдегидтер 
Ауыр металдар 
Аммиак 
Радиоактивтік изотоптар 
 
Атмосфераның  ластану  нәтижесінде  қышқылды  жаңбыр,  тұман,  озон  қабатының 
жыртылуын  жатқызуға  болады.  Ғалымдардың  паймдауынша,  соңғы  уақыт  аралығында 
атмосфераның  мөлдірлігі  азайды  және  адам  ағзасының  денсаулығы  күрт  төмендеді.  Рак 


156 
 
ауруына қарсы халықаралық агенттіктің мәліметі бойынша, ауаның ластануы рак ауруына 
алып келетін басты фактор болып саналады. Атмосфераның ластануына байланысты жер 
шарында 101,3 млн. Жуық адам көз жұмды. 
Бүгінгі  күнде  көліктік  ластану  үлкен  қиындық  туғызуда.  Осы  сұрақты  шешуге 
бетбұрған  «Tesla  Motors»  компаниясы,  өзінің  электромобилін  шығарды.  Tesla  Model  S 
экологиялық  тұрғыда  ең  қауіпсіз  автомобильдерге  жатады,  өйткені  ол  жанармайды 
мүлдем  қажет  етпейді,  сондықтан  атмосфераға  улы  газдарды  шығармайды.  Менің 
ойымша,  «Tesla  Motors»  компаниясы  осы  ойды  дамыта  берсе,  атмосфераның  ластануын 
азайтуына үлкен үлес қосады.  
ІІ.  Бүгінгі  күнде  әрбір  адамға  жылына  орташа  1  тонна  қоқыс  шақ  келеді.  Қоқыс  – 
тұтынушылық қасиетін жоғалтқан заттар немесе тауарлар. 
 
Қоқыс құрамы күрделі гетерогенді қоспа болып саналады. 
 
Биологиялық 
Сүйек 
Азық және өсімдік қоқыс 
Синтетикалық 
Целлюлоздық 
Қағаз 
Ағаш 
Мұнай өнімдері 
Пластмасса 
Текстиль 
Былғары, резина 
Әртүрлі металдар 
шыны 
 
         Қоқыс  жиналған  жер  синантропты  ағзаларға  қолайлы.  Оларға  әртүрлі  инфекция 
тасымалдаушылар жатады. 
         Жыл сайын қоқыс көлемі 3 % өседі. ТМД елдерінде жылына 100 млн. тоннаға жуық 
қоқыс шығаруда. Оның жартысы Ресейдің үлесіне тиесілі. 
 
 
Менің ойымша қоқысты қадағалау үшін: 
1.  Уақытылы қоқысты шығару қажет; 
2.  Қоқысты  арнайы  адамға  және  тірі  ағзаларға  қауіптілігі  аз  жерлерге  шығару 
қажет; 
3.  Қоқыс өңдейтін зауыттар салу керек; 
4.  Балаларды қоқысты дұрыс лақтыруға үйрету; 
5.  Пластикке, шыныға, металға, полиэтиленге арнайы контейнерлер қою; 
           ІІІ. АЭС- энергия алуға пайдаланылатын ядролық қондырғы. АЭС-тың барлық түрі 
қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Олардың ластануы 3 жолы бар: 
-  Газтектес заттарды атмосфераға шығару; 
-  Көп мөлшерде жылу шығару; 


157 
 
-  АЭС-тың жанында радиоактивті қоқысты шығару. 
           АЭС  реакторының  жұмыс  барысында  бөлінетін  заттардың  белсенділігі  млн  есе 
артады. Ластану көлемі АЭС-тың түріне байланысты. Реактордың жұмыс барысында 300-
ге жуық изотоптар пайда болады және оның 30-ға жуығы атмосфераға таралуы мүмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет