158
Қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның автокөліктерден
шыққан зиянды заттармен ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және
аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде.
Автомашиналардан бөлінген қалдық газдардың 75 пайызы көміртек тотығынан, 15
пайызы көмірсутектен, 7 пайызы азот тотығынан тұрады. Автомашина қозғағышы 1 тонна
бензинді жаққанда 12,3 кг, 1 тонна дизель отынын жаққанда – 24,5 азот тотығы бөлінеді.
Сондықтан, автокөліктерден шығатын улы қалдықтарды азайту өте өзекті мәселе болып
табылады.
Бұл жұмыстың мақсаты - қоршаған ортаға және адам денсаулығына
автокөліктерден шығатын зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу. Оны болдырмау
шараларын айқындау.
Автокөлік транспорты шамамен 92 пайыз СО, 63 пайыз көмірсутектер және 46
пайыз азот оксидтерін шығарады. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек
тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар
құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Олардың ішінде
зиянсыздары – азот, СО, СО
2
, оттек, сутек, судың булары, зияндылары – көміртек, азот
тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а) пирен, күйе, күкіртті түтін, т,б.
Қазақстанда 2013 жылдың наурыз айында тіркелген жеңіл автокөліктер саны 30 мың
269
бірлікті құрайды, бұл биылғы жылдың ақпан айынан 38,3 % аз.
2014 жылдың 1 қаңтарында қараған жағдайда республикамызда жеңіл автокөліктің
саны 3 млн 736 мың бірлікке жетті.
Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот
оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі. Автокөліктерден
бөлінетін газдар - 200-дей заттардың қоспалары. Мұнда отынның толық және жартылай
жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық
алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді.
Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді. Қалыпты
жағдайда қозғалтқыштан бөлінетін газдың құрамында СО
2
- 2,7 % болса, жылдамдықты
түсірген жағдайда - СО
2
3,9 %-ға, ал жай қозғалған кезде - 6,9 % дейін көбейеді. Көміртек
тотығы СО, көміртек қос тотығы СО
2
ауаға қарағанда салмағы ауыр, жердің бетіне жақын
жиналады. Сондықтан тротуарда, бесік-арбада отырған нәресте СО
2
-ын анасынан көп
жұтады. Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі - көліктерден бөлінетін газ
құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары.
Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі.
Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, ферменттердің белсенділігі
төмендейді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ
СО-да қандағы гемоглобинмен қосылып басқа мүшелерге оттегінің жеткізілуін
қиындатады. Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан басқа иісі күшті,
тітіркендіргіш альдегидтер (акролен, формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас
газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер
болады. Негізінен этилен қатарына жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы
себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттары бар қара күйеге
айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы
заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. Мұндай жағдайда машинаның
артынан будақтап қара түтін шығады.
Достарыңызбен бөлісу: