«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


ОҚУ БӨЛМЕЛЕРІНІҢ МИКРОКЛИМАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет105/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

ОҚУ БӨЛМЕЛЕРІНІҢ МИКРОКЛИМАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ 
Баймұханбетова Н., Бергенева Н.С., Мынжасарова Г.У., Мустафаева М.Б. 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
Адамның тіршілік ететін ортасының ауа жағдайы оның еңбекке қабілеттігіне, өзін-
өзі сезінуіне және көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Сонымен бірге адам денсаулығы ауаның 
физикалық  жағдайына,  ондағы  әртүрлі  механикалық  және  биологиялық  қоспалардың 
мөлшеріне байланысты болады.  
Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  денсаулығын  қорғау  туралы  Заңында 
«Азаматтардың  денсаулығын  қорғау  –  бұл  әрбір  азаматтың  физикалық-психикалық 
денсаулығын  сақтау  мен  бекітуге,  оның  ұзақ  жылдар  бойы  белсенді  өмір  сүру  салтын 
сақтауға    бағытталған  саяси,  экономикалық,  құқықтық,  әлеуметтік,  мәдени,  ғылыми, 
медициналық  санитарлық-гигиеналық  және  эпидемияға  қарсы  сипаттағы  шаралар 
жиынтығы» делінген. 
Оқу  бөлмелері  –  оқу  орындырындағы  оқыту-тәрбиелеу  жұмыстары  жүргізілетін 
негізгі  орын.  Студенттер  көп  уақытын  осы  жерде  өткізетін  болғандықтан,  оған  ерекше 
жоғары талаптар қойылады. 
Бөлме  ауасының  микроклимат  жағдайы  бөлме  температурасымен,  атмосфералық 
қысым  мөлшерімен,  ылғалдылықпен,  ауа  ағынының  жылдамдығы  және  жылулық  сәуле 
бөлу қуаты параметрлерімен сипатталады. Микроклимат параметрлерінің нормаға сәйкес 
келмеуі ағзада физиологиялық өзгерулерді туындатады. 
Гигиеналық  талаптарға  сай  келетін  бөлме  ауасы  21  %  оттегіден,  0,04  % 
көмірқышқыл газынан тұрады. Оқу бөлмелері  үшін комфорттық,  яғни физикалық  жақсы 
қабылданатын  температуралық  аралық  адамдардың  қандай  географиялық  аймақта  өмір 
сүретіндігіне  байланысты  болады.  Әртүрлі  климаттық  белдеулер  үшін  микроклимат 
әртүрлі  болады.  Мысалы,  ыстық  климат  үшін  бөлме  температурасы  17-18˚С,  ал  орташа 
климат үшін 19-20˚С, ал суық климат үшін 21-27˚С. 
Қалыпты  ауа  –  жылу  режимін  есік-терезелерді  ашып  желдету  арқылы  сақтап 
отыруға  болады.  Әрине,  желдетуді  бөлмеде  студенттер  болмайтын  кезде  немесе  үзіліс 
кезінде жасау керек. 
Оқу бөлмесінің салыстырмалы ылғалдылығы жоғарыда көрсетілген температуралар 
кезінде  40-60  %  (қыста  30-50  %)  болуы  керек,  сонымен  бірге  ол  климаттық  аймақтың 
ылғалдылығына  да  байланысты.  Ылғалдылық  жоғары  болса,  организмнің  жылу  беруі  
жоғары болады.  
Оқу  бөлмелерінің  температуралық-ылғалдылық  режиміне  олардың  күн  сәулесіне 
қатысты  қалай  орналасқаныда  әсер  етеді.  Оқу  бөлмелерінің  терезелері  климаттық 
белдеуге  байланысты  орналастырылады,  алайда  ең  оңтайлысы  оңтүстік,  шығыс  және 
оңтүстік-шығыс бағыт болып табылады. 
Қазақ Ұлттық Университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің 
бірнеше  оқу  бөлмелерін  гигиеналық  бағалау  мақсатында  зерттеу  жұмысы  ақпан  айында 
жүргізілді. Ол үшін гигрометр- психрометр, дистелденген су, рулетка, сантиметрлік лента 
және спирттік термометр қолданылды. 
Оқу  бөлмелерінің  салыстырмалы  ылғалдылығы  мен  температурасын  анықтау  үшін 
гигрометр-психрометр  ВИТ-2  мен  спирттік  термометрді  қолдана  отырып  өлшеу 
жұмыстары  бірнеше  нүктелерде  жүргізілді.  Атап  айтқанда,  сыртқы  қабырға  мен  ішкі 
қабырға  тұсында,  терезе  мен  бөлме  ортасы  тұсында,  студенттер  отырған  кезде  немесе 
тұрып тұрған кезде дем алатын тұс 1,2-1,5 м деңгейде өлшенді. Алынған мәліметтер оқу 
бөлмелерінің температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығының орташа мәні бағалауға 
пайдаланылды (1-кесте).  
 
1-кесте. Оқу бөлмелерінің температурасы мен салыстырмалы ылғалдылық мәндері 


149 
 
Бөлме 
атаулары 
t
құр
 (
0
С) 
t
ылғ
 (
0
С) 

(
0
С) 
Ылғалды
лық 
(%) 
Тақта 
алды 
Бөлм
е 
ортас
ы 
Есік  
жақтау
ы 
Тақта 
алды 
Бөлме 
ортасы 
Есік  
жақтау
ы 
 №8 БЖ 
17 
18,2 
18,3 
14 
16 
13,9 
17,92 
65,75 
4Б – 4А 
15,9 
15.3 
15.5 
63 
94 
63 
15,56 
73.3 
Ботаника №22 
27 
25,8 
25,5 
18,3 
17,8 
17,6 
26,1 
42 
 
1-сурет. Оқу бөлмелерінің температурасы мен салыстырмалы ылғалдылықтарын 
нормативті мәндермен салыстыру 
 
1-кесте  мен  1-суреттен  зерттеу  жұмысы  барысында  №8  БЖ  және  №4Б-4А  оқу 
бөлмелерінің  температурасы  нормативті  мәннен  4-  6 
0
С  төмен(норма  22  –  24
0
С), 
салыстырмалы  ылғалдылығы  керісінше  6-13  %  жоғары  (норма  40-60%),  себебі  жылыту 
көздері  жеткіліксіз.  Ботаника  №22  оқу  бөлмесінің  температурасы  нормативті  мәннен  2  - 
3
0
С жоғары, себебі ауа алмасу жасайтын табиғи көздер болмау есебінен, ал салыстырмалы 
ылғалдылығы нормативті мәнге шамалас екендігі анықталды. 
Сонымен  бірге,  оқу  бөлмелерінің  әрбір  студентке  қажетті  (ең  кіші)  нормативті 
ауданы мен 1 сағат көлемінде қажет болатын ауа көлемі анықталды. Оқу бөлмесінде білім 
алатын студенттер тобының ең көп адам мөлшері 25 адамды құрайды. Рулетка көмегімен 
бөлменің  ені,  ұзындығы  және  биіктігі  өлшеніп,  бөлменің  ауданы  мен  көлемі  анықталды 
(2-кесте).  
Қажетті ауа көлемі төмендегі формула анықталды: 
4
3



q
p
k
C
   м 

,  мұндағы: 
С – қажетті ауа көлемі, м
3
;   
k  –  әрбір  студенттен  1  сағат  ішінде  бөлінетін  көмірқышқыл  газының  көлемі,  л 
(студенттердің  жасы  қаншада  болса,  сонша  литр  көмірқышқыл  газын  бөлетіні 
анықталған);  
p  –  дәрістің  соңында  оқу  бөлмесі  ауасындағы  көмірқышқыл  газының  шекті  рұқсат 
етілген мөлшері:  p = 0,1%, бұл барлық ауа көлемінің 1 ‰ (промилле) сәйкес келеді; 
q – атмосфералық ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері;  
¾ - сағат үлесіндегі дәрістің ұзақтығы.  
2-кесте. Оқу бөлмелерінің өлшемдері мен әрбір студентке қажетті ауа көлемі 


150 
 
Бөлме 
атаулары 
S,  м
2
  оқу 
бөлмесінің  
ауданы 
V,  м
3
  оқу 
бөлмесінің 
көлемі 
әрбір 
студентке 
тиісті 
аудан 
әрбір 
студентке 
тиісті 
көлем 
S,  м

норматив 
бойынша 
V, м

норматив 
бойынша 
 №8 БЖ 
58 
203 
2,32 
8,12 
2,5 
25 
№ 4Б – 4А 
76 
266 
3,04 
10,64 
Ботаника 
№22 
31 
109 
1,24 
4,36 
 
Оқу  бөлмелерінің  санитарлық  талаптарға  сәйкес  келуі  оның  дұрыс  желдетіліп, 
жылытылып  және  дұрыс  жарықтануына  тікелей  байланысты  болады.  Онсыз  
студенттердің үлгерімі мен еңбекке қабілетіне, өсіп жатқан организмнің физикалық, ақыл-
ой дамуына қажетті қоршаған ортаның оңтайлы параметрлеріне қол жеткізу мүмкін емес. 
 
2-сурет. Оқу бөлмелерінің әрбір студентке қажетті (ең кіші) нормативті ауданы мен 1 
сағат көлемінде қажет болатын ауа көлемі. 
2-кесте  мен  2-суреттен  зерттелген  оқу  бөлмелері  үшін  әрбір  студентке  тиісті    ауа 
көлемі қажетті ауа көлеміне қарағанда: №8 БЖ  үшін 62%-ға, № 4Б – 4А үшін 51%-ға, ал 
Ботаника №22 үшін 82 %-ға кем екендігі анықталды.  
Оқу  бөлмелерінің  микроклиматының  анықталған  мәндері  гигиеналық  нормаларға 
келесі көрсеткіштері бойынша сәйкес келмейді: 
1. №8 БЖ және №4А-4Б оқу бөлмелерінің температурасы нормативті мәннен төмен, 
ал  салыстырмалы  ылғалдылығы  керісінше  өте  жоғары,  Ботаника  №22  оқу  бөлмесінің 
температурасы нормативті мәннен жоғары.  
2.  Зерттелген  оқу  бөлмелері  үшін  әрбір  студентке  тиісті    ауа  көлемі  қажетті  ауа 
көлеміне қарағанда: №8 БЖ  үшін 62%-ға, № 4Б – 4А үшін 51%-ға, ал Ботаника №22 үшін 
82 %-ға кем. 
Бұл  оқу  бөлмелерінің  ауа  жағдайын  жақсарту  үшін  жылыту  жүйесін  жөндеп,  ауа 
алмасу  үрдісін  жақсарту  мақсатында  жиі  желдетіп  тұру  қажет.  Дәріс  кезінде  оттегі 
мөлшері азайып, көмірқышқыл газының концентрациясы артып кетпеу үшін бөлме ішінде 
көк желек бөлме өсімдіктерін көп өсірген дұрыс. 
Студенттер саны 25-ға жуық немесе онан көп болса, сабақты үлкен дәріс залдарында 
өткізу керек.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет