163
1960-2000 жж. аралығында минералды тыңайтқыштарды қолданудың артуы АҚШ –
та, Еуропада, Қытайда және Жапонияда топырақтың өзіндік табиғи потенциалының және
құнарлығының едәуір дәрежеде жойылуына, судың және ауаның сапасының
нашарлауына, ауылшаруашылық өнімінің сапасының төмендеуіне әкелді. Егіншілікті
жағдайда ЭМ-технологиясын пайдалану тиісті әсер береді [3].
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, әсіресе қолайсыз ауа-райы
жағдайында топырақ құнарлығы біруақытта қалпына келтіре отырып, ауылшаруашылық
өнімділігін 25-50% көтеруді жаңа қамтамасыз ететін энергетикалық шешім табу керек.
Біздіңше минералды тыңайтқыштарды биопрепараттармен бірге қолдану
айтарлықтай тиімді болатын сияқты. Бұл келесі қоғамдық-экономикалық сұрақтарды
шешуге көмектеседі.
- өсімдік шаруашылығында жоғарғы сапалы өнім алуға
- топырақ құнарлығын сақтауға
- минералды тыңайтқыштарды қолдануда оның мөлшерін 2-3 ретке азайтқанда
жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуде.
Органоминералды (байытылған) N-және NP-тыңайтқыштарын синтездеу «Б»
маркасы МЭРС микротыңайтқышын аммоний селитрасы және аммофос түйіршіктерін
бетіне бүркеу арқылы жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: