186
Зерттеу әдістемесі. Жұмыс барысында ізденуші дәстүрлі салыстырмалы,
географиялық,
картографиялық, статистикалық-экономикалық,
геоақпараттық сияқты
әдістерді қолданды.
Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік мәні:
- ГАЖ технологияларын қолдану арқылы Алматы қаласының вело жолдарының
картасын құрастырып, оның сандық және қағаз нұсқасын ұсыну.
«Жасыл экономика» мемлекетіміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуші негізгі
құралдардың бірі. «Жасыл экономикаға» көшу Қазақстан Республикасына ең дамыған 30
елдің қатарына кіру мүмкіншілігін береді.
Қазіргі таңда еліміз табиғи ресурс жағдайларының және қоршаған ортаның барлық
маңызды экологиялық көрсеткіштері бойынша күрт өзгеру мәселесіне кезікті. Сондай
өзекті мәселелердің бірі – қалаларда жайлы, экологиялық тұрақты және өмір сүруге
зиянсыз жағдайларды қалыптастырудағы транспорттың рөлі.
Транспорт ұлттық экономиканың тиімді жұмыс істеуінде, халықаралық сауда-
саттықты қамтамасыз етуде маңызды орын алатынына қарамастан, оған аса ірі шығындар
да байланысты екенін ескерген жөн. Мысалы әртүрлі елдерде ол ЖІӨ-нің шығындары 5
%-дан 10 %-ға дейін бағаланады. Жыл сайын тек БҰҰ-ның ЕЭК-ның мүше елдерінде
жол-көлік апаттарынан 120-130 мың адам қаза табады. Ал транспорт көздерінің қоршаған
ортаны ластау әсерінен шамамен жыл сайын 100-120 мың адам көз жұмады [1].
Еліміздегі ірі миллионер-қала Алматы Mercer Human Resource Consulting
халықаралық компаниясының жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша 39,1
ластанушы индексімен әлемдегі ең лас қалалардың тізімінде 9-орынға ие [2]. Бұл
көрсеткіш қала өмірі үшін өте қауіпті жағдай. Алматы қаласы ауасының ластануының 80
%-ы транспорт көздерінен бөлінетін зиянды заттарға тиесілі.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Алматы Қазақстанның ЖІӨ 20 %-ын өндіреді және
барлық республикалық бюджет түсімінің 25 %-ын қамтамасыз етеді. Тек соңғы екі жылда
оңтүстік астанадан республикалық бюджетке түсім 60 %-ға артты. Сондықтан да
алматылықтар қолайлы және жайлы өмір сүруге лайықты.
Қалалық әкімшілік транспорттық жағдайды жақсартуға арналған кейбір шараларды
ұйымдастыруда, бірақ тұрғындар әлі күнге дейін осы транспорттық жүйенің дұрыс
болмауынан зардап шегіп келеді.
Оның негізгі себептері: бірыңғай біріктірілген транспорттық стратегия жоқ;
қозғалысты және көлік сұранысын басқару дамымаған. Машиналардың көптеп
шоғырлануы және кептелістердің пайда болуы көптеген теріс жағдайларға, соның ішінде
ауаның ластануына алып келеді.
Алматы қаласының әкімшілігі бұрын қолданып келген көлік стратегиясы автокөлік
жүргізушілері мен пайдаланушыларына басымдық беріп отыр. Оған себеп: жолдар
құрылысының қарқынды жүруі; қазіргі кезде қаладағы барлық қозғалыстың 30 %-дан азы
ғана қоғамдық көлікке тиесілі; қоғамдық көліктің түрлерінің болмауы; қала
орталықтарындағы тегін және бақыланбайтын көлік тұрақтарының болуы қала
қазынасына пайда келмеуі; жолдарда қоғамдық көліктерге арналған басымдықтардың
болмауы; велосипедшілер үшін инфрақұрылымның дамымағандығы және т.б.
Алматы қаласының автомобиль көлігі жыл сайын 772 миллион литр бензин мен
дизельді жанар-жағармай тұтынады, оның 90 %-дан астамы жеке автокөліктерге тиесілі.
Осындай және басқа да түрлі көлік қозғалысына байланысты туындап отырған
мәселелерді шешу үшін 2013-2023 жылдарға арналған Алматы қаласының тұрақты көлікті
дамыту стратегиясы қабылданды. 2023 жылы Алматы қаласының тұрғындары жоғары
сапалы, біріктірілген, қауіпсіз және тұрақты қызмет етуші көлік жүйесін пайдаланады деп
жоспарлануда. Бұл жүйе қала мен елдің экономикалық дамуына өз үлесін қосады,
сонымен қатар қоршаған ортаға кері әсер етуді төмендетеді.
187
Осы тұрақты көлік стратегиясының негізгі даму қағидаларының бірі ретінде
велосипедпен қозғалуды дәріптеу, яғни жаппай тарату болып отыр. Ең алдымен бізге
велосипед не үшін керек кендігін анықтап алайық.
Қалаларда велосипедтер – жылдамдықты «есіктен есікке» дейін есептеген жағдайда
ең тез көлік түрі. Орташа автокөлік жылдамдығымен (10км/сағ) салыстырғанда велосипед
50%-ға тезірек!
Велосипед пен қоғамдық көлікті үйлестіру тасымал мәселесінде маңызды орын алар
еді. Велосипедшінің денсаулығы анағұрлым мықтырақ болады, бұл денсаулық сақтау
шығындарын азайтады. Велосипед – тұрақты көлік стратегиясының маңызды бөлігі, олар
өте алыс емес жылдамдықта автокөліктерді ауыстыра алады. Мысалы, Австрияда барлық
автокөлік жүрістерінің 25 %-ы 2 км қашықтықта, ал 50 %-ы 5 км қашықтықта жасалады
[4].
Көптеген еуропалық мысалдар велотранспорттың енгізілуінің, әсіресе көпжылдық
тәжірибе нәтижесінде, табыстылығын көрсетеді.
Велоинфрақұрылым нысандарының салынуынан және велосипедті транспорт
құралы ретінде пайдаланудан келетін экономикалық тиімділікті бағалаушы мамандар
басты фактор ретінде велокөліктің адам денсаулығына оң әсерін қарастырады.
Вена көлік зерттеулері институтының мамандары M. Meschik пен G. Trunk қоғам
үшін вело жән автокөліктерді пайдаланудың салыстырмалы талдауын жасады.
Есептеулердің негізіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (WHO) HEAT (Health
economic assessment tools for walking and for cycling) әдістемесі алынды.
Нәтижесінде автокөлікте 1 км жол жүру шығыны – 0,9838 евро, ал велосипедпен
жүру шығыны – 0,015 евро болатындығы анықталды. Салыстыру құнында қоршаған
ортаға әсері, жол жүру ұзақтығы, жол апатының ықтималдығы және т.б. ескерілді.
Айырмашылықтардағы ең көп салмақ денсаулыққа әсер ету факторына тиесілі, яғни
физикалық-спорттық белсенділік танытушы адамдар арасындағы өлімнің азаюы.
P. Darnton мен J-L. Saladin есептеуінше Франция үшін велотранспорттық
инфрақұрылымға құйылатын 1 евро жылына 30-дан 150 евроға дейін табыс әкеледі. Олар
есептеулерінің негізіне өмірінің көп бөлігін отырыспен өткізетін адам жылына
медициналық қызмет үшін 250-ден 1000 евроға дейін төлейтінін алды [5]. Велосипедті
пайдалану бұл шығындардың көп бөлігін қысқарта алады. Қазіргі таңда шешім
қабылдауда бағалаудың сандық емес, сапалық көрсеткіштері жиі пайдаланылатынын
ескере кеткен жөн.
Алматы қаласында велосипедті транспорт құралы ретінде пайдаланушылардың саны
жалпы жолаушылар санының 0,5 %-на да жетпейді. Тұрақты көлік стратегиясының
жобалауы бойынша ол көрсеткішті 2023 жылға дейін көтеру мысалы төменгі кестеде
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: