«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет15/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.Өсімдіктер сыр шертеді Қ. Сыбанбеков.  2009 ж.  125 бет. 
2. «Гүлістан» Республикалық журналы №6 (76) маусым 2011 ж. (10 – 11 бет) 
 
СOLEUS ӨСІМДІГІН ЗЕРТХАНА ЖАҒДАЙЫНДА ТҰҚЫМ АРҚЫЛЫ ӨСІРУ 
Кеңесбай Ақерке, Байташева Гауһар Өмірәліқызы 
ҚазМемҚызПУ 
 
Түйіндеме  
 
Бөлмедегідей,  аулада  да  топтасып  тұрғанда  немесе  жол  жиегінде  еккенде  ерекше 
көрінетін шет елден әкелінген гүлдерді тұқым арқылы өсіріп баптау. 
                                                                       
Резюме 


26 
 
 
Выращивание и размножение посредством семян цветковых растений, завезённых из 
зарубежья.  Эти  растения  дарят  прекрасный  вид  при  посадке  группами  как  в  комнатных 
условиях, так и на обочинах дорог.  
 
 Шет елден алып келген гүлдерді арзан әдіспен яғни тұқыммен өсіру арқылы бөлме 
жағдайында  өсіріп,  жерсіндіру  арқылы  өсу  ерекшеліктерін,  өсу  қарқындылығын 
бақыладық. 
 Өсімдіктерді  үйде  өсіруге  дұрыстап  іріктеп  алу  үшін,  олардың  өсуіне  қажетті 
жағдайларды  (жарық,  температура  және ауаның  ылғалдылығы)  жақсы  білу  керек.  Оны 
табиғат жағдайларына  сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі  үшін ең бірінші  жарық 
қажет.  Өсімдіктің  жарықты  сүйетін,  көлеңкеге  төзімді,  сондай-ақ  жарықтық  шашырап 
түскенін қажет ететін түрлері  болады.
 
Зерттеулер  бойынша бөлме  өсімдіктері  адамға әр 
түрлі  жақтан  әсер  етеді.  Оның  ішінде   лалагүлі  (лилия),  қазтабан  гүлі  (гусиные  лапки) 
ауаны  ластанудың  бірнеше  түрінен,  соның  ішінде   формальдегидтен  тазартады.  Ал 
бегония  мен  фикус  гүлдері  үйіңізге  келген  адамдардың  жағымсыз  пиғылдарын  өз 
бойларына  сіңіріп,  сіздерге  тек  оң  энергия  жібереді.  Теледидар,  компьютер,  толқынды 
пештердің   сәулелерінен  сақтануға  сіздерге   раушан  гүлдер,  орхидея,  өрмелегіш  (лиана) 
өсімдіктер  көмектеседі

Мысалы,  Жүсіптің  сұлулығы  –  көпжылдық,  шөптесін  немесе 
жартылай  бұтақты,  қалақай  тұқымдасына  жататын  үй  гүлі.  Негізгі  отаны  –  Азия,  Ява 
аралдары.  150-ден  астам  түрі  белгілі.  Өсімдіктің  биіктігі  оның  түрі  мен  күтіміне 
байланысты.  Ең  биік  жүсіптің  сұлулығы  1м-ге  дейін  жетеді,  ал  ең  аласасы  10  см-ден 
аспайды. Көп таралған түрлерінің бірі  – Блюма жүсіптің сұлулығы (C. blumei). Гибридті 
жүсіптің сұлулығын – ең әдемі түр деп санайды. Бұл түрдің жапырағының күлгін қоңыр 
және  көкшілдеу  түсті  түрлері  бар.  Сұрпына  байланысты  жаз  бен  күз  мезгілдерінің 
аралығында  гүлдейді.  Гүлдері  айтарлықтай  әдемі  емес,  шырақ  секілді  сабақ  басында 
орналасады. Жапырақтары қалақайдікіне ұқсайды, ала түстілері көп тараған.  Жапырағы 
әдемі  болғандықтан  көктемде  гүлзарларға  егуге  болады.  Жарықта  жақсы  өседі.  Жарық 
жетіспеген  жағдайда  сабағы  майысып,  жапырақтарының  түстері  өзгереді.  Қалыпты 
температураны  ұнатады.  Қыста  бөлме  температурасы  +12
⁰С-тан  төмен  болмауы  керек. 
Жаз  айларында  бөлме  температурасы  жоғары  болса,  гүлге  соғұрлым  молырақ  су  құйып, 
ылғалдылық  жасайды.  Көбейткеннен  соң  немесе  қайта  отырғызғаннан  кейін  алғашқы 
уақытта  күн  сайын  молынан  суғарады.  Суды  кешке  күн  көзі  қайтқаннан  кейін  немесе 
таңертеңгілік салқында құйған дұрыс. Қыста өсу процесі баяулайды, сондықтан суғаруды 
сиретеді.  Бірақ  топырағын  құрғатып  жібермеу  керек.  Жүсіптің  сұлулығын  минералды 
немесе  органикалық  қоректендіргіштермен  тыңайтады.  Жапырағының  әдемілігін  сақтау 
үшін,  азоты  көбірек  тыңайтқыш  қолданады.  Сатып  алынған  тыңайтқыштың  белгілі 
мөлшерін  сумен  араластырып,  көктем-жаз  мезгілдерінде,  екі  аптада  бір  рет  өсімдіктің 
топырағына құйып тұрады. Қыс кезінде өсімдіктің тұрақты орында тұрғаны абзал. Біздің 
зерттеулерімізде  Жүсіп  сұлулығы  гүлін  тұқым  арқылы  өсіру  жолдары  зерттелді. 
Топырағының  құрамы:  3/1  бөлігі  Талғар  ауданының  бау-бақша,  қара  шірік  универсал 
топырағынан  тұрады.  Сонымен  қатар,  ұзарып,  ағаштанып  кеткен  сабақтарын  қырқып,  
өсімдікті  пішінге  келтіреді.  Қырқу  жұмысынан  соң  жаңа  сабақтар  шығып,  өсімдік 
жасарып,  әдемі  болады.    Ақпан,  мамыр  айларының  арасында  қалемшелеп  көбейтеді. 
Өсімдіктің  жас  сабақтарын  қырқып  алып,  суға  салады  немесе  бірден  топыраққа 
отырғызады.  Суға  салынған  қалемше  бір  апта  ішінде  тамырланады  және  оны  өзіне  сай 
кішігірім  ыдысқа  отырғызады.  Қалемшені  ылғалдандырылған  құмға  да  салып 
тамырландыруға  болады.  3-4  айдан  кейін  кішігірім  ыдыстан,  арнайы  ыдысқа  қайта 
отырғызу  керек.  Ең  қолайлысы  тұқымы  арқылы  да  көбейту.  Бірақ  қалемшелеп 
көбейткенге  қарағанда,  біршама  қиынырақ  және  тұқымынан  өсіп  шыққан  жүсіптің 
сұлулығы  аналығының  қасиетін  сақтамауы  мүмкін.  Ақпан,  наурыз  айларында  дайын 


27 
 
тұқымдарды  беті  ашық  құмыраға    араласқан  топыраққа,  петри  табақшасына  себілді. 
Тұқымдардың өну қабілеттілігі зерттелді. Тұқым өніп, өскіннің бойы 8-10см болған кезде 
жеке - жеке бөліп алып, кішігірім ыдысқа егеді.  
Зерттеу нысаны: Шет елден әкелінген гүлдерді, яғни соның ішінде Жүсіп сұлулығы 
гүлін бөлме жағдайында тұқым арқылы өсіріп, өсу қарқындылығына байланысты зерттеу 
жұмыстарын  жүргіздік,  бұл  гүлдің  яғни  Жүсіп  сұлулығы  гүлінің  қандай  температурады 
өсетінін,  басқа  да  қандай  түрлері  бар,  қандай  ылғалдылықты  қажет  етеді,  қай  жерлерде 
қолданылады,  қандай  мақсатпен  қолданылатынын  бақылап,  зерттеу  жұмыстарын 
жүргіздік. 
   
 
 Петри тостағаншасынан топыраққа отырғызылған Колеус гүлі 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет