«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет18/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

        Қызғалдақтар - Қазақстанда өсетін  лалагүлділер  тұқымдасына  жататын  8 туыстың 
бір туысы  болып  саналады. Қызғалдақтар  көп  жылдық шөптесін өсімдіктер тобына 
жатады. Олардың  елімізде  жабайы  34 түрі  өседі. 
       Грейг  қызғалдағы  –  лалагүлділер  тұқымдасы,  қызғалдақ  туысына    жататын    көп  
жылдық    пиязшықты    өсімдік.    Қаратау    жотасында,  Шу-Іле  тауларында,  Қоржынтауда,  
Талас және  Қырғыз Алатауында да кездеседі.  Грейг қызғалдағы – өте әдемі, сәнді өсімдік. 
Қазір Ақсу-Жабағалы  қорығында  сақталған. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық 
бақтарында  қолдан  өсіріледі.  Грейг  қызғалдағы  өте  сирек  кездесетін  түр  болғандықтан 
қорғауға алынып,  Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 
       Қолайлы  табиғи-климаттық    жағдай,  минералдық  көздердегі    сулардың  химиялық 
құрамы,  көрікті табиғат ерекшеліктерінің  болуы, ауданда  халықтың тығыз  қоныстануы, 
табиғат    көркінің  әр  алуандығы  сол  жерлерге  демалыс    орындары    мен    орталықтарын  
салуға    негіз    болуы  мүмкін.  Туристік  сала  мақсаттары  үшін  қолайлы  табиғи  және 
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ие аумақтарды өздігінен туристік ресурстар ретінде  
қарастыра аламыз, олай болу, тиісті қажеттіліктер байқалғанда және туристік индустриямен 
олардың    игерілуі    жүзеге    асқан  жағдайда  ғана  мүмкін  екендігін  алға  тартамыз.  Ақсу-
Жабағалы  қорығының  көрікті орындар, өзендері аумағындағы су ресурстары, флора мен 
фаунаның  тартымдылығы  туристік-рекреациялық  қызметтің  барлық  түрін  дерлік  дамыту 
үшін мүмкіндіктер береді [3].  
Ақсу-Жабағалы  қорығында  саны  өте  аз,  ерекше  қорғауды  керек  етіп  отырған  
жыртқыш құстарда бар. Оларға сақалтай немесе қозықұмайды, сондай-ақ    жыланжегішті,   
лашынды, ителгіні   жатқызуға   болады. Бұл өңірде ол құстардың саны аз.   
Ақсу-Жабағалы қорығында экотуризмді дамытуға арналған  көптеген  мүмкіндіктер 
бар. Олар:  


32 
 
-  экотуристік    ресурстардың  болуы,  қолайлы  географиялық  орнын,    қолайлы  табиғат 
жағдайлары (климат, жыл мезгілдері) мен жақын маңайда елді-мекендерді  және  де  
қорықтағы  туристік  құндылықтарды  жатқызамыз.  
-  қолайлы географиялық орналасуы.  
-  климаты мен жыл мезгілдері. Климаты-континентті қоңыржай болып келеді.  
       Ақсу-Жабағалы  қорығында  экотуризмді  дамыту    жергілікті    халықтың    еңбекпен  
қамтылуына, экологиялық   білім мен тәрбиенің қалыптасуына әсер етеді. Қорық  маңында  
Жабағалы  (2100  адам)  және  Төңкеріс  (800  адам)  ауылдары  жатады.  Халықтың  этникалық 
құрылымы  негізінен  қазақтар  (95%).  Ақсу-Жабағылы  қорығында  үңгірлер,  алуан  түрлі 
пейзаждар  мен  шатқалдар  сияқты  көптеген  туристік  құндылықтар  бар.  Сондықтан  қорық 
аймағында экотуризмді дамыту маңызды және қолайлы. 
Ақсу-Жабағалы  қорығында  туристік  инфрақұрлым  мен  қызмет  көрсету  салаларының 
тиімділігі: 
-  туристерге жету қолайлығы.  
-  туризмге арналған жағдайлар.  
-  гид-нұсқаушы қызметінің  нақтылығы: 
-  ауыз суы, денсаулықты сақтау және энергия мен жабдықтау жоғарғы деңгейде: 
-   тұрғылықты және халықаралық нарығы айтарлықтай жақсы дамыған. 
 2004  жылдың  қаңтар  мен  маусым  айларында  мекенде  екі  күндік  ұзақтылықпен    400 
туристер және 800 шетел туристері келген. 
        Экотуризмді Ақсу-Жабағалы қорығында экотуризмді дамытудың тиімділігі: 
 -  алуан түрлі  және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесі  бар ерекше табиғи 
территориялар; 
- тартымды әрі алуан түрлі таңғажайып жер бедері; 
- үңгірлер, көлдер мен шатқалдар сияқты көптеген табиғи құңдылықтар
- жазғы маусымдағы қолайлы климаттық жағдайлар
- әр түрлі топтық дәстүрлі ауылдық бірлестіктер
- тыныш әрі тұрақты ауылдық жер атмосферасы (аз транспорт, төменгі халық тығыздығы); 
- қонақ жайлылығы; 
- салыстырмалы саяси жағдайдың тұрақтылығы; 
- қызмет көрсету сферасының жақсы дамуы; 
- жергіліктің ақпараттық қолайлығы; 
- туристік орталықтың бар болуы; 
Экотуризм  табыс  әкеле отырып,  қорғалатын табиғат іс-шараларын  жүзеге  асыра 
алады.  Туризмді  нашар  басқару  арқасында  қолайсыз  жағдайлар  пайда  болуы  мүмкін. 
Сондықтан,  туристерді  толық  қанағаттандыратын  және  де  табиғатты  қорғау  қорына 
қаржылай түсімдерді түсіретін тұрақты туризм түрін дамыту қажет.  
Осыған байланысты келесідей іс-шаралар ұсынылады:    
1)  Ақсу-Жабағалы аумағы бойынша туропакеттарын дайындау; 
2)  Туроператорларына ақпарат; 
3)  Таныстыру сапарлары; 
4)  Халықаралық нарық туроператарларына ақпараттар 
5)  Ерекше қорғалатын табиғи территорияларда туризмді енгізу үшін қажетті құқықтық 
реттеулер. 
Ақсу-Жабағалы  қорығына туристердің келу динамикасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет