«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДІК ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫ САЙЫСТЫ



Pdf көрінісі
бет76/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   160
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДІК ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫ САЙЫСТЫ 
ЖҮРГІЗУДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 
Тастанбек Н.О., Тлегенова М.К., 
Батырбаева А.А. – т.ғ.к. 
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті 
Алматы қаласы 
 
Берілген  жұмыста  жоғары  орындарында  техникалық  мамандықта  білім  алушы 
студенттерге  экологиялық  мәнде  тәрбие  беру,  экологиялық  мәдениетті  қалыптастыру 
және пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімін тереңдете түсу, білім алушылардың 
танымдық  қызметін  белсендіру  мақсатында  экология  және  тұрақты  даму  пәні  бойынша 
оқу  материалын  ұсынудың  аса  тиімді  формаларының  бірі  -  мультимедиялық  технология 
көмегімен пәндік интеллектуальды сайыс арқылы жаңа әдістемесі сипатталынған.  
Пәндік  интеллектуальды  сайысты  жүргізу  барысында  жинақталынған  тәжірибе 
жаңашыл  компьютерлік  технологияны  кеңінен  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Өзектілігі: 
әртүрлі  әдеби  көздерді  пайдалана  отырып,  сондай-ақ,  сандық  фотоаппарат,  сандық 
видеокамера  арқылы  студенттердің  көзқарасын  кеңейтіп,  білім  алушылардың  танымдық 
қызметін белсендіру – қысқа уақыт ішінде көбірек әртүрлі ақпарат алу. 


112 
 
Экология және тұрақты даму пәні бойынша базалық білімді игеру, игерілген білімді 
жүйелендіру,  студенттің  экологиялық  білімге  деген  мотивациясын  қалыптастыру  үшін 
«Табиғат - ел ордасы, жан сарайым» пәндік интеллектуалды сайыс жүргізілді. Сайысқа 
Қ.И.  Сәтбаев  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Техникалық  университетіне  қарасты  ақпараттық 
технологиялар және телекомуникация институтының студенттері қатысты.  
Сайысқа білімділігі  мен біліктілігін сынауға, ұйымшылдығын көрсетуге  ИНФ-12-1, 
ИСБ-12-1,  СИБ  -12-1,  АУБ-12-1,    РЭБ  -12-1,  МКМ-12-1  топ  студенттерінен  7  команда 
қатысты.  
 Интеллектуалды сайыс сценарий бойынша мынадай кезеңдерден тұрды:  
1) Командаларды таныстыру;  
2) «Жас эколог» сайысы;  
3) Cұрақ-жауап сайысы; 
4) Капитандар сайысы.  
     «Жас эколог» кезеңі  
  О, Туған жер, қадіріңді кім білген
Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген. 
Сенде өткізген артық екен бір күнім, 
Басқа жерде тойламаған мың күнімнен – 
деп  сайыстың  тақырыбы  бойынша  жаңашыл  заманның  талаптарына  сәйкес  өзекті 
мәселелерді  қамтыды.  Олардың  ішінен  «Қазақстанның  қорықтары»,  «Қазақстанның 
ластанған аймақтары»,  «Флора мен фауна»  тәрізді  тақырыптарды ерекше атауға болады. 
Сондай-ақ,  студенттердің  логикалық  ойлауын  сынау  мақсатында  «Қапшықтағы  мысық», 
«Формула Х» атты сауалдар қойылды.  
Әртүрлі  тақырыптарда  қойылған  сұрақтардан  мысал  келтіретін  болсақ: 
«Қазақстанның қорықтары» тақырыбында қойылған сауалдар: 
1.  Құстың  120  түрі  үя  салады.  Көл  жиегінің  кара  суларында  үйрек,  қаз  және  басқа 
суда  жүзетін  құстар  сансыз  көп.  Теңіз  көлінде  мыңдаған  қоқиқаз  ұя  салады.  Бұл  қай 
қорық?  
2.  Жануарлар  арасынан  қорғауға  жататыны:  жабайы  койдың  ерекше  түрі  -  устірт 
муфлоны  және  қарақұйрық,  ұзын  тікенді  кірпі,  шұбар  күзен,  төрт  жолақты  қарашұбар 
жылан.  Құстардан  үялайтыны:  қарабауыр  шіл,  кекілік,  ителгі,  шөл  кекілігі.  Бұл  қай 
қорық?  
3.  Дәрілік  өсімдіктерден  аралий  мен  «алтынтамыр»  кездеседі.  Қорықта 
сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және 
құстың  200-ге  жуык  түрі,  оның  ішінде  қарақұтан,  аққу,  суқұзғындар,  5  түрлі  балық 
кездеседі. Бұл қай қорық?  
«Қазақстанның ластанған аймақтары» тақырыбында қойылған сауалдар: 
1. Экологтардың пайымдауынша, бұл  қала еліміздегі  ауа кеңістігі  ең көп ластанған 
қала  болып  саналады.  Атмосферадағы  адам  ағзасына  аса  зиянды  ауыр  түсті  Ме-мен 
ластануына қаладағы Pb, Zn, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты. Қай қала туралы 
айтылуда?  
2.  Бұл  өңірде  экологиялық  ахуал  барған  сайын  ұшығуда.  Қоршаған  ортаға  зиянын 
тигізетін 2000 - ға жуық кәсіпорын бар, облыс бойынша жылына атмосфераға 112 млн. 5 
мың  тонна  зиянды  қалдық  таратады.  Оның  2  млн  275  мың  тоннасы  радиоактивті  екені 
анық. Қала шығыста орналасқан.  
3. Облыс қатты ластануға ұшыраған, мұнаймен ластанған қара топырақ 3-15 жылға 
дейін өнім бермейді. Қазіргі кезде мұнайды ластанушылардың 66%-ы теңізге өзен арқылы 
түссе, 24%-ы қалалық өндіріс қалдықтарымен түседі. Бұл қай облыс?  
«Флора мен фауна» тақырыбында қойылған сауалдар: 
1.  Таралудың  кең  ареалына  байланысты  (полюстан  полюсқа  дейін)  өсімдіктің  бір 
түрі  Жер  атмосферасына  түсетін  оттектің  негізгі  көзі  болып  табылады.  Қандай-да  бір 


113 
 
себептермен  олар  жойылса,  экологиялық  катастрофадан  қаша  алмаймыз.  Осы  еңбекқор 
өсімдікті атаңыз.  
2.  Үйрек  құсы  жер  бетіндегі  суыққа  төзімділер  қатарына  жатады.  Цельсий  градусы 
бойынша минус 120 градусқа дейін температураға шыдайды. Алайда, көпшілігі плюс 15 
градуста үсіп, тоңудан қырылуда. Адамзат құстарға қалайша “көмектесуде”?  
3. Берлин қаласында ауаның ластануын өлшейтін станцияға қарағанда, смог туралы 
нақты  мәлімет  беретін  сезімтал  арктикалық  құсты  атаңыз.  Зоопарк  ғалымдары  олардың 
тыныс алуына қарап, ауаның ластану қаупін анықтай алады. Құс ауыр дем ала бастайды, 
себебі  туған  отаны  -  Антарктидағы  ауа  Еуропаға  қарағанда  әлі  күнге  дейін  жоғары 
тазалығымен  ерекшеленеді.  Смог  периодында  құстарды  ашық  алаңқайдан  ауаны 
фильтрлейтін климаттық камераға жылдам ауыстырады.  
«Қапшықтағы мысық» тақырыбында қойылған сауалдар: 
1.  Лондон  қаласының  тұрғыны  Д.Хаммингс  22  000  құс  жұмыртқасынан  тұратын 
коллекция  жинап,    Гиннес  рекордының  кітабына  ену  үшін  тапсырыс  берді.  Оған 
ұсынылған бағасы 25 000 фунт стерлинг  көрсетілген квитанция түбіртегі қалай аталады? 
2. Жапондық фирма “Тойото” ғаламдық экологияға үлесін қосу мақсатында қала бойынша 
жылжып отыратын робот-атты ойлап тапты. Ол немен қоректенеді?  
3.  Оны  1884  жылы  Париж  префектісі  Э.Р.  Пубель  ойлап  тапты  және  қолдануға 
енгізді. Француз үкіметі жыл сайын тазалық үшін күресуде ұранмен оның юбилейін атап 
өтеді. Пубель не ойлап тапты?  
«Формула Х» атты тақырыбында қойылған сауалдар: 
1. Қауіптілік категориясы бойынша 1 категориялы өндіріске жататындар:  
A) ӨҚК > 10
6
  
B) 10

> ӨҚК > 10
4
  
C) 10
4
 > ӨҚК > 10

 
D) ӨҚК < 10
3
  
2. Ауадағы зиянды заттардың концентрациясы қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?  
А) г/с 
В) кг/м
2
  
С) кг/м

с  
D) мг/м
3
  
Е) г/м
2
 
3.  Санитарлық-  гигиеналық  талаптарға  сәйкес  атмосфералық  ауадағы  әрбір 
ластаушы зат үшін шарт орындалуы тиіс: 
А) С
i
/ШРК > 1 
В) С
i
/ШРК
i
 ≤ 1 
С) С
i
/ШРК
i
 = 1 
D) С
i
/ШРК
i
  > 1,5 
Е) С
i
/ШРК
i
  < 1,5 
Келесі саты - сұрақ-жауап сайысында командалар гиперсілтеме ретінде жасырылған 
қорапшаның артында не жасырылғанын табуы тиіс, көмек алу сияқты қосымша көмектері 
бар. Мысал ретінде экологиялық сауатсыздық бағытында қойылған сауал: электрлік лампа 
зауытының жұмысшысы салмағы 15 кг болатын толтыра шелекпен алып шыққан. Ұрлауға 
2 себеп болған: 1) ол мыстан он есе қымбат, тиімді сатып жіберуге болады 2) «білгірлер» 
оны жерден ұя қазып, құйса, ауыр салмағымен жерді нығыздауға болады деп кеңес берді. 
Нәтижесінде бүкіл аймақ бірнеше ғасырларға дейін уланды. 
Ресурстарды  тиімді  пайдалану  мақсатында  қойылған  сауал:  Азия  елдерінде 
күнделікті  жиі  тұтынатын  бұйымды  атаңыз:  жапон  елінде  жыл  сайын  11,3  миллиард 
данасы  сатып  алынады  екен.  «Асахи  симбун»  газеті  «қолданылған»  осы  бұйымды 
рациональды  пайдалану  әдісін  ұсынған  тапқырға  үлкен  қомақты  сома  сыйлық 


114 
 
тағайындады.  Жапония  —  ағашы  аз  мемлекет,  жылдық  шығын  болған  орман 
материалдарынан 9 000 қос қабатты үйлер салуға болады екен. 
Антропогенді  ластану  көзі  туралы  сұрақты  мысалға  келтіруге  болады:  қайнау 
температурасы төмен болатын ұшқыш сұйықтық немесе оңай сығылатын газды табыңыз, 
ол  суытқыш  қондырғыларда  хладогент  ретінде  қолданылады.  1973  жылдың  өзінде 
атмосфераға 230 мың тоннасы келіп түскен. 1978 жылдан АҚШ-та құрамында осы зат бар 
аэрозольды баллончиктерді өндіруге тыйым салынған. 
Келесі кезекте барлық топтардың капитандары сайысқа түсті. 
Топ капитандары қалдықтарды залалсыздандыру, қайта пайдалану, заттар айналымы 
тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. Гиперсілтеме ретінде автокөлік бейнеленген бұл 
ойынның  сатысында  қойылған  сауалға  дұрыс  жауап  берілсе,  топ  капитаны  лабиринттен 
жол  тауып,  шыға  алады.  Дұрыс  жауабын  таппаған  жағдайда  көлігі  тығырыққа  тіреліп, 
жеңіліс табады.  
Қойылған сұрақтардың бірнешеуін келтіруге болады: 
1.  Органикалық  заттектердің  микробтарының  ыдырау  нәтижесінде  пайда  болатын 
тыңайтқыш? 
2. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерді атаңыз. 
3.  Радиоактивті  қалдықтар  жартылай  ыдырау  уақытына  байланысты  нешеге 
бөлінеді? 
4. Қалдықтарды зиянсыздандыру қандай төрт әдіс арқылы жүргізіледі? 
5. Компосттау дегеніміз не? 
6.  6СО
2
  +  6Н
2
О    →      С
6
  Н
12
  О
6
  +  6О
2   
реакция  теңдеуі  қандай  процестің  негізінде 
жатыр? 
7.  Азот  айналымында  N

бөлігі  найзағай  разрядында  тотығады.  Реакция  теңдеуі 
қандай?
  
8. Қышқылды жаңбыр қалай түзіледі? 
9.  Ағынды  суға  қосылған  реагенттер  –  әктас,  темір  және  алюминий  сульфаттары 
қарапайым тұндыру кезінде тұнбаға шөкпейтін майда жүзгін бөлшектердің тез бөлінуіне 
себепші болады. Тұнбаға түсіру бассейндерінде жүзгіндерді фильтр арқылы сүзіп алады. 
Қандай әдіс? – деген сұрақтар қойылды.  
Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазыларға берілді: 1-ші орынды МКМ-
12-1 топ,  2-ші орынды АУБ-12-1,  3-ші орынды ИНФ-12-1 топ студенттері бөлісті.   
Студенттердің  пікірі  бойынша  осы  сипаттағы  мультимедиялық  жобалар  оқу 
үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  кеңінен  пайдалануға  үлкен  жол  ашуға  мүмкіндік 
беріп, баянды болашақта жемісін береді деп сенуге болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет