Байланысты: ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)
Изотоп Ыдырау уақыты Йод-129
16 млн. жыл
Көміртек-14
5730 жыл
Цезий-137
30 жыл
Тритий
12,3 жыл
Криптон
10,6 жыл
Йод-131
8 күн
Ксенон-133
5,27 күн
Йод-133
5,27 күн
Аргон-41
1,82 сағат
Криптон-87
78 мин.
Ксенон-138
17 мин.
Азот-16
7,35 сек.
АЭС тарихында 2 ірі авария болды:
1.
Чернобыль
2.
Фукусима-1
Чернобыль АЭС-ғы авария салдары:
-
20 млн. жуық адам үлкен мөлшерде радиация алды.
-
Радиациялық ластану территориясы 130 мың м
2
жетті.
-
200 мың адам баспаналарын қалдыруға мәжбүр болды.
-
10 мыңға жуық адам радиацияның салдарынан көз жұмды.
Бұл авария барлық тірі организмдерге зиянын тигізді. Чернобыль қасында
орналасқан орман радиацияның әсерінен «өлі» орманға айналды. Ормандағы ағаштар
әртүрлі мутацияларға ұшырады. Орманда өмір сүрген көптеген жануарлар өлді.
Чернобыльда радиациялық тазалау жұмыстары әлі жүруде. Ғалымдардың айтуынша,
бұл үрдіс 2015-2016 жылға дейін жалғасады.
2011 жылы 11 наурызда Японияда ең күшті жер сілкінісі мен цунами әсерінен
Фукусима-1 АЭС-те авария болды. Фукусимада радиация деңгейі нормадан 100 есе асты.
Радиация әсері тек құрлыққа ғана емес, мұхитқа да әсерін тигізді. Бұл облыста әлікүнге
дейін балық аулауға тыйым салынуда, өйткені судың қауіпті деңгейі 259 есе асты.
Менің ойымша, АЭС керегі жоқ. Шикізатты аз керек еткенімен, өте қауіпті болып
саналады. АЭС бүкіләлемдік энергияның 16% құрайды. Оның орнына альтернативті
энергия көздерін дамыту қажет деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, экологиялық проблемалардың шешімін таппасақ болашақта
олар әлемдік катастрофаға айналуы мүмкін. Өйткені әлемде бәрі бір-бірімен байланысты.
Ауа, су, жер осылардың біреуі болмаса тіршілік те болмайды. Әрбір адам қоршаған
ортаны сақтауға өз үлесін қосып, келешек ұрпаққа қалдыру қажет.