Жасынбекова Умитжан Жасынбековна №01-01-d-05-19


Өзгеріс енгізу тобына кімдерді серіктес ретінде тарттыңыз?



бет2/7
Дата30.03.2022
өлшемі1,54 Mb.
#29209
1   2   3   4   5   6   7
Өзгеріс енгізу тобына кімдерді серіктес ретінде тарттыңыз?

Өзгеріс енгізу тобына командалық күш ретінде мектеп әкімшілігі, деңгейлік курс тыңдаушылары, тренерлер жұмылдырылды. Даму командасының құрамында І және ІІ деңгей тыңдаушылары (2 педагог) басқа жұмысқа ауысуына байланысты өзгеріс орнап отыр.

Командалық жұмыс жүргізу әрекетінің мектеп мәдениетін өзгертуге бағытталуы алдымен мектептің кәсіби қоғамдастық жұмысын ұйымдастыруда Сингапур тәжірибесінен Майкл Фулланның «Жетістік үшбұрышы» үш факторы – мектеп басшылығы, жүйелілік, тереңдетілген педагогика – идеясы берілген формула бойынша МДЖ жұмысының бағдарламасы құрылды. МДЖ жұмысының бағыттарын даму командасы құрамындағы «үйлестіруші топ» - мектеп әкімшілігі, «жетекші топ» - көшбасшылар, тренерлер, «зерттеуші топ» - менторлар және зерттеу жүргізетін мұғалімдер, «әрекеттегі топ»- жобаларды іске асырды.

Желілік қоғамдастық жұмысы бойынша тірек мектебімен байланыс жасалды. Оқу жылының әдістемелік бағыттағы жұмыстарын қорытындылауда «Мектеп қоғамдастығындағы стратегиялық әрекет: жоспарлау, үдеріс, нәтиже» тақырыбында ІІІ педагогикалық оқулар ұйымдастырылды. Педагогикалық оқуларға желілік мектеп қоғамдастығы өкілі және қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі қатысты. Екі педагог сабақты зерттеу бойынша желілік мектеп тарапынан ұйымдастырылған курс тыңдаушысы ретінде қатысып, білімдерін жетілдірді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет