Жасынбекова Умитжан Жасынбековна №01-01-d-05-19


Кәсіби қоғамдастықтың жұмысы көшбасшылық роль атқаруда сіздің әріптестеріңізге қаншалықты ықпал етті?



бет5/7
Дата30.03.2022
өлшемі1,54 Mb.
#29209
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
J

Кәсіби қоғамдастықтың жұмысы көшбасшылық роль атқаруда сіздің әріптестеріңізге қаншалықты ықпал етті?

Кәсіби қоғамдастық мұғалім жауапкершілігін арттыруда икемді дағдыларды қалыптастыру – өз іс-әрекетін зерттеу, кері байланыс бойынша өз әрекетіне түзету енгізу, сындарлы кері байланыс беру, мектеп миссиясына жұмыс жасау, табысты мұғалім болуға әрекет ету, ортада кәсіби диалогқа түсе білу - сияқты икемді дағдыларды қалыптастыру үшін қозғаушы күш деп атауға болады. Мектеп жұмысын жүйелі етіп ұйымдастыруда да қажеттіліктерге сатылап, біртіндеп оң жақты жауап беруде.

Сыныпты бақылау тәжірибесіне қатысты да мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, мұғалімге дер кезінде (уақытында) кері байланыс беріп, өз тәжірибесі бойынша қайта ойлануға бағыт беретін кері байланыстың берілуіне, дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқыту (инклюзия), оқушылардың мінез-құлық, тәртібіне байланысты проблемалық мәселелерді, кедергілерді шешуге, оқытуға пән мұғалімдері тарапынан оқушының ой еңбегіне сапалы, нақты кері байланыс беру дағдыларына байланысты мәселелерді бірлесіп талқылауда кәсіби қоғамдастықтың орны бар. Алайда «идеал» деңгейіне жеткен жоқ.

Сабақты зерттеу тобы арасында құрылған тізбектелген сабақтар кестесі оқу жылының басында құрылған болатын.

Тәлімгерлік жұмысты жүргізуде тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы кәсіби деңгейге байланысты орнатуға жұмыстар жүргізілді. «Сыныптағы тәжірибені талдау» жобасын іске асыруда Шарлота Даниэльсонның «Сипаттаманың деңгейлері мұғалімнің тәжірибе барысында тәжірибесіз және біліксіз деңгейден тәжірибелі және білікті деңгейге ілгерілеуін сипаттайды. Тәжірибенің стандарттарына келетін болсақ, мұнда мұғалімнің өтуі немесе өтпеуіне байланысты емес, оны жақсы немесе нашар өтуі маңызды. Сипаттаманың деңгейлері дәл осы мәселені ашып береді. Себебі, сипаттаманың деңгейлері мұғалімнің оқыту жүйесіндегі іскерлігін сипаттайды, байқаушылардың бір деңгейді екіншісінен ажырата білуі маңызды» деген тұжырымында айтылған ойға негіздеуге болады. Жобада жүрген мұғалімдердің жақсы немесе нашар өтуіне байланысты болып отыр. Жақсы өтуі сабақты зерттеу тобына бірлескен мұғалімдер өзара бір-бірінің сабақ жоспарын құруда тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау, сабаққа қатысу, сабақты талдау үдерістеріне қатысты. Нашар өтуі деп құжаттау жұмыстарын жүргізуде тудырған хард дағдыларының кедергі келтіруі десе болады. Бұл кедергілерді жою үшін мұғалімдерді оқыту жұмыстарының проблема шешуге бағытталуы. Олар: коучинг, семинар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет