Жасынбекова Умитжан Жасынбековна №01-01-d-05-19


Іске асыруда қандай қиындықтар кездесті, себебі неде ?



бет3/7
Дата30.03.2022
өлшемі1,54 Mb.
#29209
1   2   3   4   5   6   7
Іске асыруда қандай қиындықтар кездесті, себебі неде ?

Мектепті дамыту жоспарын іске асыруда үнемі атқарылған жоспарлы жұмыстардың бәріне бірдей қатысу мүмкіндігі бола берген жоқ. Оған себеп – басшылық қызметтегі жоспардан тыс өзге де «маңызды емес, шұғыл», «маңызды, шұғыл» жұмыстардың кездесіп отыруы. Алайда, жоспарлаған жұмыстың тура өту үдерісіне қатыса алмаған уақытта көшбасшылықты бөлісу идеясы (жоспар бойынша сол шараға жауапты координатор – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, тренер, коуч ) басшылыққа алынып отырды. Осы әдіспен көшбасшылықты бөлісе отырып, жауапты тұлғаға сенім арту, сенімді ақтау жолға қойылды. Әр шарадан кейін даму командасы мүшелерімен (жеке, топта) кәсіби деңгейдегі әңгімелесу арқылы даму бағытының дұрыстығына көз жеткізіліп отырды.



Жоспарланған шаралардың ұтымдысы қайсылары? Нелікттен? Оған қалай, не арқылы жеттіңіз ?

Жоспарланған шаралардың ұтымдысы ретінде оқу жылының әдістемелік бағыттағы педагог жұмыстарының нәтижесі тыңдалған «Мектеп қоғамдастығындағы стратегиялық әрекет: жоспарлау, үдеріс, нәтиже» тақырыбында ІІІ педагогикалық оқуларды атап айтуға болады. Педагогикалық оқу «Педагогтік шеберхана» сабақты зерттеу тәсілі, «Ізденіс» үштілді білім беру, «Тәлімгерлік-менторинг», «Педагогикалық шеберлік қоймасы» бағыттарында ұйымдастырылды. «Педагогтік шеберхана» сабақты зерттеу тәсілі бойынша зерттеу сабағын жүргізген педагогтер өз жұмыстарын көпшілік алдында қорғады. «Ізденіс» үштілді білім беру бағыты бойынша TEDX форматында тәжірибелерімен бөлісті. «Тәлімгерлік-менторинг» бағыттарында тәлімгерлер тәлім алушылармен атқарған жұмыстарын презентациялады. Педагогикалық шеберлік қоймасы» бағытында жұмыстарын көрмеге ұсынды. Бұл жұмысты ұйымдастыруда үйлестіруші команданың жұмысты нақты жоспарлауы, жетекші топтың оны практика жүзінде іске асыруына ықпал етуі, әрекет етуші топтың өз жұмыстарын қорытындылап ұсынуы жақсы нәтиже берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет