Жасынбекова Умитжан Жасынбековна №01-01-d-05-19


Енгізілген өзгерістер қаншалықты тиімді болғанын қалай білдіңіз?



бет6/7
Дата30.03.2022
өлшемі1,54 Mb.
#29209
1   2   3   4   5   6   7
Енгізілген өзгерістер қаншалықты тиімді болғанын қалай білдіңіз?

«Оқушы үні» жобасын іске асыруда оқушылардың өз қажеттіліктерін анық, нақты білдіруге дағды қалыптастыруға бағыттайтын жұмыстар жасалынды. Олар : свот талдау жасау, смарт мақсаттарды айқындау, өз қажеттіліктерін дұрыс жеткізе білу. Тиімділігі свот талдау жасату арқылы смарт мақсатты жасатуда оқушының өзнің білім алуына деген жауапкершілігіне, әрекетіне ойлануына мүмкіндік берді. Ой еңбегіне байланысты өзінің әрекетіне қайта ойланды. Жұмыстар әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Ата-аналармен баланың оқу үлгеріміне қолдау жасауда педагогикалық-психологиялық құзыреттіліктерін қалыптастыру, мектеппен етене байланыста болу, серіктестік деңгейіне дейін жұмысты дамыту үшін сенбі күндері «Дамытушы сұхбат» жобасы жүргізілуде. Оқушыға білім алудағы жауапкерщілікті өзіне алуына, ата-анаға баласының академиялық білім алуында кездескен кедергілердің себептерін «мұғалім-оқушы- ата-ана» ортасында оқушы жұмысына дәйектелген ашық әңгімеге құрылуы мектеп пен ата-ана, оқушы арасындағы сенімнің артуына, педагог жұмысының оқушының ой еңбегін бағалауда жаңартылған білім беру мазмұнының принциптерінің (ашықтық, әділдік, валидтілік, айқындық, шынайылық) орындалуы керектігін айқындай түсті.

Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары болып белгіленген жобаларды жүргізуде кездесетін мәселелердің оңтайлы шешімін табуда коучингтер маңызды орынға ие болды. Тамыз айында жаңа оқу жылына мақсатты қадамдар жасау үшін педагогтер арасында коучинг, семинарлар циклынан тұратын жұмыстар жүргізілді.

Жоспарланған жұмысты бақылау (аралық бақылау) тыңдалым форматында өткізген жұмыстарда педагогтердің өз тәжірибелерін таратуда тікелей түрде, «уақыт бюджеті» жоспарына кедергілер кездескен уақытта сенімді өкіл (көшбасшылықты бөлісу) арқылы жанама түрде бақыланды.

Жалпы мектеп мәдениетіне өзгеріс енгізу жоспарының 6 ай ішінде орындалысының бақылау нәтижелері алдағы 3 ай бойынша мектеп жобаларын одан әрі жалғастыру, мұғалімдерді бағамдау, кәсіби және желілік қоғамдастық жұмыстарын жетілдіру керектігін айқындады.



Жұмысты жетілдіру үшін жүзеге асырылатын жобалар жоспарлары құрылып, даму командасының деңгейлік курс тыңдаушылары, мектеп тренерлеріне жетекшілік роль үлестіріліп берілді. Мектептің кәсіби қоғамдастық жұмысын «Жетістік үшбұрышы» үш факторы негізінде ұйымдастыру нақтыланды, сонымен қатар бағамдау жұмысын іске асыруда тиімді кері байланыс беруді жетілдіру жоспарланып отыр. Алдағы уақыттағы жұмысқа оңтайлы әсер етеді деген болжам бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет