І. ЭМОЦИЯ ҰҒЫМДАРЫН ҚАРАСТЫРАТЫН ТЕОРИЯЛАР МЕН БАҒЫТТАР
1.1. Көне дәуір заманындағы эмоция жайлы теориялар
Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас пен тұлғааралық қатынастар жастардың өмірінде ерекше үлкен орын алады және олар үшін дербес құндылық болып табылады.Ерте жастық шақта жақсы достар табуға деген қажеттілік анық байқала бастайды. Жыныстық жетілу жаңа сезімдер, эмоциялық еркіндікте болу және ата-аналарына тәуелсіз болу тілегін тудырады.
Жасөспірімдер қарым-қатынасын зерттеуші (И.С.Кон, Э.Г.Эриксон, Т.Шибутани) құрдастар тобы мен оның қарым- қатынас процесіне ықпалын жеткіншек үшін әлеуметтену иниституты ретінде қарастырады.
Құрдастар мен қарым-қатынас маңызды «ақпарат каналы» болып табылады; сол арқылы жеткіншектер мен жасөспірімдер қандай да бір себептерге байланысты ересектер айтпайтын көптеген қажетті нәрселерді алып отырады.
Құрдастары арқылы жеткіншектер көбінесе жыныс мәселесіне байланысты ақпарат алады, дәл осы канал арқылы жастардың субмәдениеті тасымалданады. Конның пікірінше, «құрдастар қоғамына ену баланың өзін-өзі бекіту мүмкіндіктерін кеңейтеді, оған жаңа рөлдер мен өзін-өзі бағалау критерийлерін ұсынады. Оның «біз» ( «біз – ұлдар», «біз – ересек топтар») деген «тиістіліктері» кеңейіп, байыған сайын, «Мен» бейнесі де күрделене түседі». Жеткіншектің өзін-өзі құрметтеуіне жолдастарының жылы қатынастары өте маңызды ықпал етеді.
Құрдастар тобының әлеуметтенуге ықпалы белгілі бір психологиялық механизмдердің көмегімен жүреді, оларға үйрену, еліктеу, жұғу мен идентификация жатады. Үйрену –саналы түрде білім мен дағдыларды игеру процесі. Еліктеу- құрдастар тобында, әсіресе жеткіншектер арасында әлеуметтенудің негізгі механизмдерінің бірі. Бұл процестің үйренуден ерекшелігі санасыз түрде жүреді. Жұғу-бұл да эмоциялық күйді тікелей қарым-қатынас кезінде берумен сипатталатын санасыз процесс. Мысалы, би кешінде билеп жүрген жеткіншектер тобы ортақ көңіл-күйге ие болады. Жұғу механизмі шешім қабылдауға ықпал ете отырып, маңызды рөл атқарады. Идентификация –өзін әлденеге теңестіру. Бұл жеткіншектер үшін өте маңызды, өйткені ол «Мен кіммен?» деген сұраққа жауап беруге, өмірден өз орнын табуға мүмкіндік туғызады.
Құрдастар тобы қазіргі заман адамының әлеуметтенуіне айтарлықтай ықпал етеді. «Ата-аналары орнын баса алмайтын құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттілік балада 4-5 жаста пайда болады (кейбір мәліметтер бойынша – тіпті ерте) да жас ұлғайған сайын ұдайы артып отырады». Құрдастар тобы жеткіншектік шақта айырықша маңызға ие болады, өйткені өтпелі кезең қиындықтармен байланысты көптеген психологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Құрдастар тобы жеткіншек үшін отбасы немесе білім беру мекемелері сияқты басқа институттар қамтамасыз ете алмайтын өмірлік тәжірибенің өзінше бір мектебі болады. Бірінші кезекте, ол тең қарым-қатынас тәжірибесін, бірлескен іс-әрекет тәжірибесін береді және осы іс-әрекетпен байланысты жаңа рөлдерді меңгертеді.
Жасөспірімдер қарым-қатынасының достық пен махаббат сияқты түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Жасөспірімдік шақтағы бірінші қажеттілік – мүдделері ортақ құрбыларымен достық қатынастар орнату. Анағұрлым тығыз және достық байланыстарға қажеттілік туындайды. Жеткіншектерге ішкі мәселелері мен тұлғаішілік конфликтілерді шешуде бір-біріне көмек өолын созатын жақын достар қажет.
Жасөспірімдік шақта жеке интимдік достыққа деген қажеттілік шұғыл артады. Руссо жақсы тәрбиеленген бозбалада пайда болатын алғашқы сезім- махаббат емес, достық деп жазады.
Дос іздеу жеткіншектік жаста-ақ басталады. Бірақ жасөспірімдердің достығы анағұрлым тұрақты және терең болып келеді.
Ерте жетілуге байланысты қыздарда сырластық достыққа деген қажеттілік ұл балаларға қарағанда ерте байқалады. Егер шамамен бірдей жастағы ұл балалар мен қыз балалардың достық идеалын салыстыратын болсақ, достыққа қоятын талаптар ұлдарға қарағанда қыздарда жоғары. Ал ересек шақта бұндай айырмашылық болмайды. Жеке ерекшеліктердің де рөлі зор. Біреулері нағыз дос біреу ғана болу керек деп екеуара достықты айырықша қабылдайды. Ал екінші біреулерінің екі, үш және одан да көп достары болады. Кей жағдайларда достық жалғыздық сезімі мен эмоциялық жылылықтың жетіспеуіне негізделген қажеттіліктен туады. Басқа бір жағдайларда бала кездегі жолдастық бірте-бірте үлкен достыққа ұласады. Алайда оның құндылығы қашан да зор.
Күйзелістерін, армандарын, идеалдарын салыстыруға, өзі туралы айтуға үйренуге мүмкіндік беретіндіктен сырластық достықтың маңызы зор.
15-16 жасар бозбалалар да, бойжеткендер де достықты адами қатынастардың ішіндегі ең маңыздысы деп санайды. Оның досы туралы түсінігі көбінесе өзінің нақты «меніне» емес, идеалды «меніне» жатқан. Ұнатқан адамдары оған өзіне ұқсайтындай болып көрінеді.
Әркімнің достан іздейтін Alter ego-сы оның өзінің «менінің» бейсаналық қажеттіліктерін көрсетеді. Бірі досынан өз «менін» растауды іздесе; екіншісі ол үшін өз бейнесін көретін айна іспеттес болады. Басқа біреулері, керісінше, өзін досына теңестіріп, оның күйзелістерімен өмір сүреді. Үшіншісі досынан еліктеу үлгісі мен психологиялық қорғанысты күтеді, т.б. Дос таңдау әрі олармен өзара қатынастардың сипаты осы бейсаналық қажеттіліктерге байланысты болады.
Ересек адамдар достығының жасөспірімдер достығынан психологиялық ерекшеліктерін түсіну үшін үш нәрсе өте маңызды: өзін-өзі танудан қалыптасуының салыстырмалы түрде аяқталуы; қарым-қатынас ортасы мен іс-әрекеттің кеңеюі және жіктелуі; жаңа сырластық құштарлықтардың пайда болуы.
Жасөспірімдік шақта достықпен қатар көптеген жастарда одан да терең сезім – махаббат пайда болады.
Махаббат сезімінің пайда болуы бірқатар жағдайларға байланысты. Біріншіден, бұл жыныстық жетілудің аяқталуы. Екіншіден, бұл өзінің ең ғажап, толғанысты сезімдерін бөлісуге болатын өте жақын дос табу тілегі. Үшіншіден, бұл адам өзін жалғыз сезіне бастағанда ерекше жетіспейтін күшті персоналдық эмоциялық құштарлыққа деген табиғи қажеттілік.
Достық пен махаббат бұл жаста бір-бірінен ажырамайды және тұлғааралық қатынастарда да кездеседі. Достық махаббатқа ұласу мүмкін, ал жолдастық, достық қатынастардың орнын көңіл жарастыру басуы мүмкін. Бозбалалар мен бойжеткендер тұлғааралық қатынастарды, бір-бірімен сырластық байланыстарды белсенді түрде өздері іздестіреді, өйткені олар ұзақ уақыт бойы жалғыз жүруге төзбейді.
Жасөспірім шақтағы даму жағдайы балалық шақтан көп айырмашылығы жоқ. Жасөспірімнің әлеуметтік мәртебесі сол қалыпта қалады. Барлық жасөспірімдер мектепке оқып ата-анасының немесе мемлекеттің қарауында жүреді. Өзгерістер көбіне ішкі дүниесінде болады. Отбасы, мектеп, құрдас –достары басқа жағынан көрінеді. Жасөспірімдер өздерін үлкендермен салыстырып, олардан еш айырмашылығымыз жоқ деп есептейді. Олар ересектермен қарым-қатынастағы теңдікке ұмтылып, өздерінің «ересек» позициясын ұстанады.
Жасөспірімнің есеюге асығуын көбіне ата-аналар дұрыс түсініп, қабылдамайды (көбінде ата-аналар). Әсіресе бұл жағдай кіші жасөспірім шақта көрінеді.
Бұл жаста ата-анадан алыстап, өз құрбы-құрдастарының ой-пікірі жақындау болады. Бұл әрекеттің терең психологиялық мағынасы бар. Өзін-өзі дұрыс түсіну үшін бала өзін басқалармен салыстырады. Өзін-өзі тану белсенді процесінде жасөспірімдер беделі жоғары өз құрдастарына көп көңіл бөледі және салыстырады.
Отбасындағы ата-анамен жасөспірімнің қарым-қатынасы жеке тұлғаның дамуына және жасөспірімнің басқа адамдарға деген қарым-қатынасына көп әсерін тигізеді. Отбасылық тәрбие берудің үстем түрін көрген жасөспірім жазаланбайтынына көзі жетіп, өзінің құрдастарына қол көтеріп, қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін бұзады . Ал бөтен адамдармен бұл бала өте ұяң немесе өте ақымақ болып көрінеді.
Отбасылық тәрбие берудің салғырт түрін көрген жасөспірім басқа сыртқы әсерге тәуелді болады. Бұндай бала дұрыс ортаға түспесе нашақорлық немесе басқа да жағымсыз нәрсеге ұшырайды.
Отбасылық тәрбиенің демократиялық түрін көрген баланың өз құрбы-құрдастарына деген қарым-қатынасы жақсы болады. Бұл стиль көбіне белсенділікке, әлеуметтік жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |