Жасөспірім шақтағы бала қалыптасуында эмоция күйлері


ІІ . ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ БАЛА ҚАЛЫПТАСУЫНДА ЭМОЦИЯ КҮЙЛЕРІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛІНУІ 2.1. Эмоция күйлеріне арналған экспериментальдық тәжірибе



бет5/10
Дата09.05.2022
өлшемі128,27 Kb.
#33125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жасөспірім шақтағы бала қалыптасуында эмоция күйлері

ІІ . ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ БАЛА ҚАЛЫПТАСУЫНДА ЭМОЦИЯ КҮЙЛЕРІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛІНУІ
2.1. Эмоция күйлеріне арналған экспериментальдық тәжірибе

Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларды осы жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін «сыналу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі.

Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең – жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.

Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо («Эмиль» немесе «Тәрбие еңбегінде») саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір қатенің белгілі бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа ие болуы да мүмкін. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін.

Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.

Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты кризистік жас деп айта аламыз.

Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.

Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта сапалы да, өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтің жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.

Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.

Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.

Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында КСРО мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тематикалық апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жасөспірімдер психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында.

Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады. Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді.

Ол біріншіден, түсініксіз екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады. Жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайларымен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.

Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабақты үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:

1. Биологиялық ерекшеліктер;

2. Әлеуметтік орда.

Осы факторлар бойынша, А.Бек жүргізген зерттеулер эмоционалды үйлеспеушілікке әсер ететін факторлар қиындықтар жүйге келтірілген және олар біртіндеп балалардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікке алып келеді деп көрсеткен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет