Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсауға жол жол бермеу, алдын алу мақсатында «Бала – біздің болашағымыз» тақырыбында оқытушылармен өткізілетін шеберлік сыныбы



бет4/4
Дата07.10.2024
өлшемі29,04 Kb.
#147080
1   2   3   4
Байланысты:
суицид

Жүргізуші:
Ал ендігі кезекте қолдарыңыздағы қағаз майлықты алып, төрт бүктеп оң
жағын жыртыңыз, тағы да оң жағын, тағы да оң жағын, тағы да бүктеп оң жағын жыртыңыз. Енде қолыңыздағы қағаз майлықты ашып көріңіз. Қандай болды?
Бәріміздікі бірдей болды ма? Айналаңызға қараңыз. Міне, байқадыңыз ба? Мен бәріңізге бірдей нұсқау бердім, бірақ әрқайсыңыздікі әр түрлі. Осы сияқты бізге бәрімізге өмір сүру мүмкіндігі берілгенімен, әрқайсымыздың тағдырымыз әртүрлі.

«Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жинаған-терненін орынсыз шашпай, өзінің мақсат-мүдделері жөнінде достары және жақындарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады»-деген. Олай болса, өмірді бағалай білейік, жақсы өмір сүре білейік...

«Әр қазақ – менің жалғызым» деп Сабыр Адай айтпақшы, әр ұрпақтың жаман жақсы болса да Қазақ елінің ертеңі екенін ұмытпайық, көшеде, әйтпесе қоғамдық орындарда жаман істерімізді сәбилердің көріп, әлеуметтік желідегі жел сөздеріміз бен суреттерімізді балалардың өз әлінше қабылдап жүргенін естен шығармайқ. «Ұстаз – мектептің жаны, ұлттың болашағын тәрбиелеуші» – деген еді қазақ мектептерінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсарин. Әр оқушыға тек бір жапырақ қағаз толтырғандай емес, әйтпесе, сұрыптап, оң көз, сол көзбен бөле қарамай әр балаға тұлға ретінде тәрбие мен білімді қатар бергеніңіз абзал. Мұндайда әлемнің ұстазы, қазақтың ғұламасы Әбу-насыр Әл-Фарабидің адамға білімнен бұрын тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегенді естен шығармағаныңыз абзал.
Екіншіден, әр оқушыны сыйлаңыз, әр адамның сыйлағанын тыңдайтынын, құрметтегенін құрметтейтінін ұмыт қалдырмайық. Себебі сіздің шәкіртіңіздің деңгейі аз да болса, сіздің деңгейіңіздің өлшемі екенін ұмытпайық. Сырласа біліп, сырына қарай ақыл айтып отырсаңыз, ол бала өз өмірінен үміт үзбесі хақ.
Үшіншіден: баға қойғанда әділетті қойғаныңыз бәрінен маңызды, баға қоярда оның білімін ескеріңіз, оның кімі таныс дегенін ескермей. Жалған баға баланы болашақта жарға жығарын ұмыт қалдымағаныңыз абзал.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет